Цинарикс форте

МНН: Артишока листьев экстракт
Производитель: Монтавит Гес. м.б. Х
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний желчевыводящих путей
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021216
Период регистрации: 03.03.2015 - 03.03.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Цинарикс форте

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар, 600 мг

Құрамы

Бip таблетканың құрамында

белсенді зат – 600 мг 80% бөрікгүл жапырақтары сығындысына баламалы 750 мг бөрікгүл жапырақтарының құрғақ сығындысы,

қосымша заттар: мальтодекстрин, сусыз коллоидты кpeмний, тазартылған тальк, төмен орын басқан гидроксипропилцеллюлоза, магний стеараты,

қабықтың құрамы: гуммиарабик, сахароза, тазартылған тальк, титанның қостотығы (Е171), эудрагит Е 12,5, метилцеллюлоза, кальций карбонаты, повидон, сусыз коллоидты кpeмний, 85% глицерол, монтангликоль балауызы DAB.

Сипаттамасы

Ұзынша пішінді, екі жағы дөңес, жылтыр, тегіс беткейімен, ақ түсті қабықпен қапталған таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Өт шығару жолдары ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды АО5АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Фармакологиялық белсенді кофеойлхин қышқылдарының, мысалы, хлороген қышқылы, кофеин қышқылы (оның метаболиттері) және лютеолин (флавоноид) үшін сіңу механизмдері белгісіз. Қан плазмасындағы кофеин қышқылының ең жоғары концентрациясы препаратты ішке қабылдағаннан кейін 6-7 сағаттан соң байқалады. Хлороген қышқылының 33%-ы және кофеин қышқылының 100%-ы ішке қабылдағаннан кейін сіңеді.

Хлороген қышқылы асқазанда гидролизденеді, және кофеин қышқылы мен хин қышқылын түзеді. Метаболиттері несеппен бөлінеді. Кофеин қышқылы негізінен шумақтық сүзілу арқылы бөлінеді.

Фармакодинамикасы

Бөрікгүл жапырақтары сығындысының негізгі әсерін құрайтын ингредиенттер кофеойлхин қышқылы (CQAs), флавоноидтер (мысалы, лютеолин) және сесквитерпен лактондары болып саналады. CQAs өт сөлінісін арттырады, сонымен қатар диспепсияға оң ықпал етеді. Өт айдағыш әcepiне бөрікгүл сығындысын ішкеннен кейін 30 минуттың ішінде жетеді. Лютеолин арқылы асқын липидемияға қарсы әсер етеді, ол холестерин биосинтезін елеулі түрде басады. Эксперименттік жұмыстарда бауыр жасушасы жарғақшасының тотығудан зақымдануын болдырмау салдарынан бауыр жасушаларына қатысты CQAs қорғаушы қасиеті бар екені көрсетілген.

Қолданылуы

- диспепсиялық бұзылыстарда (өт шығарудың бұзылуымен байланысты жүрек айнуы, метеоризм)

  • майды төмендететін емдәмді демеу үшін

  • майлы және мол тамақ ішкеннен кейін ас қорытылуын демеу үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге және 12 жастан үлкен жасөспірімдерге тамақтану кезінде судың көп мөлшерін іше отырып күніне 2 рет 1 таблеткадан.

Емнің ұзақтығын әр адамға жекелей және емдеуші дәрігер анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

  • абдоминальді түйілумен аздаған диарея

  • жүрек айнуы, қыжыл

  • аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • әсер етуші затқа немесе препарат құрамына кіретін басқа да компоненттерге жоғары сезімталдық

  • өт жолдарының бітелуі, холангит, холелитиаз

  • бауырдың ауыр дисфункциясы, гепатит

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 12 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

  • фруктоза/галактозаны көтере алмаушылық, Лапп лактаза тапшылығы, галактоза-глюкоза мальабсорбциясы

Айрықша нұсқаулар

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшелігі

Әсер етпейді

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

15 таблеткадан поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

"Монтавит Гес.м.б.Х», Австрия

Тіркеу куәлігінің иесі

"Монтавит Гес.м.б.Х», Австрия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Sabipharm» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы, Бектұров 104.

Тел/Факс: 8(727)262 32 33, email: sabipharm@yandex.ru

Прикрепленные файлы

400386461477976560_ru.doc 45 кб
465514671477977724_kz.doc 61.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники