Цикломед
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Цикломед
Халықаралық патенттелмеген атауы
Циклопентолат
Дәрілік түрі
1% көз тамшы дәрісі
Құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат – 10 мг циклопентолат гидрохлориді,
қосымша заттар: бензалконий хлориді, динатрий эдетаты, натрий хлориді, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Мөлдір, түссіз ерітінді
Фармакотерапиялық тобы
Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Мидриатиктер. Холиноблокаторлар. Циклопентолат.
АТХ коды S01FA04
Фармакологиялық қасиеттері
Офтальмологияда жергілікті қолдануға арналған м-холинорецепторлары блокаторы. Мидриатикалық әсер береді, көзішілік сұйықтықтың ағып шығуын қиындатады, көзішілік қысымды жоғарылатады, аккомодация салдануын туындатады. Жүйелі әсер етуде сілекей, асқазан, бронх, тері бездерінің, ұйқы безінің секрециясын азайтады, АІЖ бұлшықеттерінің, өт жолдары мен өт қабы тонусын төмендетеді, тахикардияны туғызады, AV өткізгіштігін жақсартады. Жоғары дозаларда ми қыртысын қоздырады.
Жылдам әсер етеді, бірақ атропинге қарағанда ұзақтығы кемдеу. Ең жоғары әсері инстилляциядан кейін 75 минуттан соң дамиды. Аккомодацияның толық қалпына келуі әдетте 6-24 сағаттан соң, жеке жағдайдарда – бірнеше күннен кейін.
Қолданылуы
-
көз түбін зерттеу және рефракцияны анықтау диагностикасында
-
офтальмохирургияда катаракта экстракциясы кезінде қарашықты кеңейту үшін операция алдындағы дайындықта
-
көздің алдыңғы бөлімі қабыну ауруларын (эписклерит, склерит, кератит, иридоциклит, увеит) кешенді емдеуде
Қолдану тәсілі және дозалары
Конъюнктивальдық қапшыққа 1-2 тамшыдан тамыза отырып, жергілікті қолданылады.
Көз түбін тексеру – 10 минут сайын 1 тамшыдан 1-3 рет тамызады.
Балалар және жасөспірімдерде рефракцияны зерттеу - 15-20 минут сайын 1-2 тамшыдан 2-3 рет.
Көздің қабыну аурулары –1 тамшыдан күніне 3 рет, ауыр жағдайларда Цикломедті 1 тамшыдан әрбір 3-4 сағат сайын тамызуға болады.
Жүйелік сіңуді төмендету үшін емшара кезінде және одан кейін 2-3 минут бойы (әсіресе балаларда) мұрын мен жас шығару нүктесін қысу керек.
Жағымсыз әсерлері
-
тамызғаннан кейін конъюктиваның қызаруы, ашыту,
жайсыздықты сезіну, блефароконъюнктивит, нүктелі кератит
-
алғашқы глаукомасы бар науқастарда көзішілік қысымның
көтерілуі, фотофобия, көру жітілігінің төмендеуі, көздің тітіркенуі, гиперемия
Сирек жағдайларда жүйелік әсер етуінің байқалуы (әдетте балаларда)
-
әлсіздік, жүрек айнуы, бас айналуы, тахикардия, ұйқышылдық, ішек
атониясы, қуық атониясы, мазасыздық, елестеулер, жоғары белсенділік, уақыт және кеңістікті бағдарлаудың бұзылуы
Басқалары: терінің бөртуі, балалардағы іштің кебуі, шөлдеу немесе ауыздың кебуі, тахикардия, гиперпирексия, вазодилатация, несептің кідіруі, АІЖ перистальтикасының әлсізденуі, бездер сөлінісінің (тер, сілекей, ЛОР-мүшелері мен бронх шырышты қабықтарының) азаюы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- глаукомаға күдіктенгенде, глаукома
- нұрлы қабықтың musculus sphincter pupillae жарақаттан кейінгі парезі
- жүктілік және лактация кезеңі
- 8 жасқа дейінгі балаларға
Айрықша нұсқаулар
Конъюнктивальді қапшыққа ерітіндіні тамызғанда мұрын-жұтқыншаққа түсуіне жол бермеу үшін жас ағатын төменгі нүктені қысқан жөн. Цикломедтің нұрлы қабықтары қара-пигментті адамдарға тиімділігі аздау. Бұл адамдарға препаратты пайдаланған кезде қалдық аккомодация 2 – 4 диоптрийға жетуі мүмкін.
Балаларда аккомодацияның жартылай тұрақты немесе тұрақты түйілуінде циклоплегия үшін атропин сульфатын тамызу курсын пайдаланған дұрыс.
Атропин сульфатына сезімтал адамдар Цикломедке айқаспалы аллергиялар бермейді, ол осы санаттағы науқастарда қолдануға мүмкіндік береді.
Фотофобия пайда болғанда, көзді УК-сәулесінен қорғау үшін күннен қорғайтын көзілдірік кию қажет. Егер көзге тамызғаннан кейін 36 сағат бойы фотофобия және/немесе көздің қарауытуы кетпесе, дәрігермен кеңесу керек.
Егер қажет болса, 40 жастан асқан емделушілерге Цикломедті пайдалану көзішілік қысымды бақылауды және гониоскопия жүргізуді қажет етеді. Педиатрияда пайдалану
8 жастан асқан балаларға, Даун синдромы бар, спастикалық салдануы немесе церебральді бұзылулары бар, көзі ашық-көгілдір түсті балаларға (циклопентолат әсеріне жоғары сезімталдықпен сипатталады) сақтықпен тағайындау керек.
Сақтықпен
Егде жастағыларға; ішек бітелгенде; қуық асты безінің гиперплазиясында.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Емделушілерге автокөлікті басқаруға немесе күрделі техникамен, станоктармен немесе басқа да күрделі жабдықтармен жұмыс істеуге болмайды.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Цикломедтің әсерін симпатомиметиктер (мезатон) күшейтуі, М-холиномиметиктер (пилокарпин), холинэстераза тежегіштері, карбахолин төмендетуі мүмкін.
Артық дозалануы
Дәрігердің тағайындауын нақты орындаған жағдайда артық дозалануы байқалмаған.
Симптомдары: ұсынылған дозаларын арттырғанда немесе препаратты кездейсоқ ішке қабылдаған жағдайда терінің және шырышты қабықтың құрғауы, тахикардия, қозу, түсініксіз сөйлеу, шаршағыштық, жақын жерде орналасқан заттарды тани алмау, уақыт пен кеңістік бағдарсыздығы, көңіл-күйдің өзгеруі мүмкін; өте жоғары дозаларда – тыныс алудың салдануы және кома.
Емі: арнайы у қайтарғы – физостигминді балаларға 0,5 мг дозада көктамыр ішіне енгізеді, қажет болғанда (әсер болмаған кезде 5 минуттан соң) дозаны қайталайды (ең жоғары доза 2 мг аспауы керек); ересектерге у қайтарғыны 2 мг дозада енгізеді, әсері болмағанда 20 минуттан соң 1-2 мг дозада қайта енгізеді.
Шығарылу түрі және қаптамасы
1% көз тамшы дәрісі
5 мл препараттан пластик тамшылатқыш–құтыда.
1 тамшылатқыш құтыдан ішінде құтыны ашуға арналған құрылғысы бар бұрандалы қақпақшасымен және медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау шарттары
2 жыл
Құтыны ашқаннан кейінгі қолданылу кезеңі 1 ай.
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
СЕНТИСС ФАРМА Пвт. Лтд.
212/Д-1, Грин Парк, Нью Дели, Үндістан
Зауытта: Виллидж Кхера Нихла, Техсил Налагарх, р-н Солан, Химачал Прадеш 174 101, Үндістан
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
СЕНТИСС ФАРМА Пвт. Лтд., Үндістан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ., Бөгенбай батыр к-сі 132, 309 кеңсе
Тел./факс: +7 (7272) 96-45-99
Email: sentiss_kz@land.ru