Цибор® 2500
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Цибор® 2500
Цибор® 3500
Халықаралық патенттелмеген атауы
Бемипарин натрий
Дәрілік түрі
Инъекцияға арналған ерітінді толтырылған дайын еккіште 2500 ХБ/0.2мл, 3500 ХБ/0.2мл
Құрамы
Бір еккіштің ішінде
белсенді зат - антифактор Xa 2500 ХБ немесе 3500 ХБ белсенділігіне баламалы бемипарин натрий**
қосымша зат - инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Түссізден ақшыл сары түске дейінгі механикалық қоспаларсыз мөлдір ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы
Қан түзілуіне және қанға әсер ететін препараттар. Тікелей антикоагулянттар. Бемипарин
АТХ коды B01AB12
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Бемипариннің фармакокинетикалық қасиеттері төменмолекулярлы гепарин үшін ДДҰ Бірінші халықаралық стандартын қолданумен (Биологиялық стандарттар мен бақылаудың ұлттық институты, NIBSC) амидолитикалық әдістің көмегімен плазмада антифактор Xa белсенділігін өлшеу жолымен анықталған.
Препараттың абсорбциясы мен шығарылуы бірінші қатардағы желілік кинетикамен сипатталады.
Абсорбциясы: Бемипарин натрий 96%-бен бағаланатын биожетімділігімен теріастылық инъекциядан кейін тез сіңеді. Плазмадағы антифактор Ха ең жоғары әсеріне препараттың 2500 ХБ және 3500 ХБ тең алдын алатын дозаларында, сәйкесінше 0,34 ± (0,08) және 0,45 ± (0,07) ХБ анти-Xa/мл белсенділіктің ең жоғары шыңымен, бемипариннің тері астылық инъекциясынан соң 2-3 сағаттан кейін жетеді. Анти-IIa-факторлық белсенділік жоғарыда сипатталған дозаларды тағайындағанда анықталмайды. 5000 ХБ, 7500 ХБ, 10000 ХБ и 12500 ХБ дозаларды енгізгенде плазмадағы антифактор ХА ең жоғары белсенділігіне сәйкесінше 0,54 ± (0,06), 1,22 ± (0,27), 1,42 ± (0,19) және 2,03 ± (0,25) ХБ антифактор Xa/мл белсенділіктің ең жоғары шыңымен, бемипариннің тері астылық инъекциясынан соң 3-4 сағаттан кейін жетеді. 7500 ХБ, 10000 ХБ және 12500 ХБ дозаларды енгізгенде 0,01 ХБ/мл тең Анти-IIa-факторлық белсенділік анықталды.
Шығарылуы: 2500 ХБ-дан 12500 ХБ дейінгі дозаларда енгізілетін бемипарин, шамамен 5 және 6 сағат аралығында жартылай шығарылу кезеңін иеленген, яғни, күніне бір рет тағайындалуы керек.
Қазіргі кезеңде адамда бемиприннің плазма ақуыздарымен байланысу қабілетін, метаболизмін және шығарылуын сипаттайтын деректер жоқ.
Фармакодинамикасы
Бемипарин натрий гепарин-натрийдің деполимеризациясы нәтижесінде, шошқа ішегінің шырышты қабатынан бөлініп алынған төменмолекулярлы гепарин болып табылады. Бемипариннің орташа молекулярлық салмағы (МС) шамамен 3600 дальтонды құрайды. МС 2000 дальтоннан кем молекулярлық тізбектің пайызы 35%-дан кемді құрайды. МС 2000-нан 6000 дальтонға дейінгі молекулярлық тізбектің пайызы 50 және 75% арасында ауытқиды. МС 6000 дальтоннан жоғары тізбектердің пайызы 15%-дан кемді құрайды.
Антифактор Xa белсенділігі құрғақ заттың миллиграмына 80-нен 120 ХБ дейін анти- Xa құрайды, ал анти-IIa-факторлық белсенділік құрғақ заттың миллиграмына 5-тен 20 ХБ дейін анти IIa құрайды. « Антифактор Xa белсенділік/анти-IIa-факторлық белсенділік» арақатынасы шамамен 8-ге тең.
Жануарларға жүргізілген тәжірибелерде бемипарин ұюға қарсы белсенділік және орташа геморрагиялық әсер көрсетті.
Бемипаринді адамда қолдану оның ұюға қарсы белсенділігін растайды және ұсынылған дозаны сақтағанда, қанның ұю уақытын айтарлықтай ұзартпайды.
Қолданылуы
Цибор® 2500
- хирургиялық операция өткерген емделушілерде тромбоэмболияның алдын алуда
- гемодиализ кезінде экстракорпоральді қанайналымында тромбтүзілуінің алдын алуда
Цибор® 3500
- ортопедиялық операция өткерген емделушілерде тромбоэмболияның алдын алуда
- гемодиализ кезінде экстракорпоральді қанайналымында тромбтүзілуінің алдын алуда
Қолдану тәсілі және дозалары
Сақтандыру:
Әртүрлі төменмолекулярлы гепариндер баламалы тиімділік иеленуі міндетті емес. Осыған байланысты, аталған кластың әрбір препараты үшін арнайы дозалау режимі мен тағайындау тәсілін сақтау керек.
Ересектер
Цибор® 2500
Көктамырлық тромбоэмболияның орташа қаупіндегі операциялық хирургиялық араласым
Хирургиялық араласым жүргізген күні оған дейін 2 сағат бұрын немесе кейін 6 сағаттан соң тері астына (т/а) 2500 ХБ анти Ха енгізу керек. Келесі күндері әрбір 24 сағат сайын т/а 2500 ХБ анти Ха енгізу керек.
Алдын алу емі дәрігердің шешімі бойынша емделушіде тромбоз қаупі пайда болғанда немесе оны иммобилизациялау кезінде тағайындалады. Әдетте, алдын алу емі хирургиялық араласымнан кейін тромбоэмболия қаупі төмендегенге дейін кем дегенде 7-10 күн жүргізілуі керек деп саналады.
Цибор® 3500
Көктамырлық тромбоэмболияның жоғары қаупіндегі операциялық ортопедиялық хирургиялық араласым
Хирургиялық араласым жүргізген күні оған дейін 2 сағат бұрын немесе кейін 6 сағаттан соң тері астына (т/а) 3500 ХБ анти Ха енгізу керек. Келесі күндері әрбір 24 сағат сайын т/а 3500 ХБ анти Ха енгізу керек.
Алдын алу емі дәрігердің шешімі бойынша емделушіде тромбоз қаупі пайда болған жағдайда немесе оны иммобилизациялау кезінде тағайындалады. Әдетте, алдын алу емі хирургиялық араласымнан кейін тромбоэмболия қаупі төмендегенге дейін кем дегенде 7-10 күн жүргізілуі керек деп саналады.
Гемодиализ кезінде экстракорпоральді қанайналымында тромбтүзілуінің алдын алуда:
Гемодиализдің қайталау сеанстарының ұзақтығы 4 сағаттан аспайтын және қан кету қаупі жоқ емделушілерде, гемодиализ кезінде экстракорпоральді қан айналымында тромбтүзілуінің алдын алуға диализ сеансының басында артериялық өзекшеге препаратты бір рет болюсты енгізу жолымен қол жетеді.
Дене салмағы 60 кг кем емделушілер үшін доза 2500 ХБ, ал дене салмағы 60 кг артық науқастар үшін - 3500 ХБ құрайды.
Балалар
Цибор® препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген. Сондықтан препаратты тағайындауға болмайды.
Егде жастағылар
Дозаны түзету қажет етілмейді.
Бауыр мен бүйректің функциясының бұзылуымен тұлғалар
Деректердің жеткіліксіз шамасы бемипариннің дозасын емделушілердің аталған тобында түзетуге қатысты ұсыныстар жасауға мүмкіндік бермейді.
Теріастылық инъекция техникасы
Алдын ала толтырылған еккіштер тікелей қолдану үшін дайын және теріастылық инъекция алдында стерилизациялауды талап етпейді. Циборды® теріастылық енгізгенде препарат іштің алдыңғыбүйір аймағына немесе белдің (талия) артқыбүйір аймағына оң және сол жағынан кезектестіріп теріасты-шелмай қабатына енгізіледі. Ине үлкен және сұқ саусақпен жиналатын тері қыртысына қиғаштап емес, перпендикулярлы (вертикальді) бар тереңдікке енгізіледі. Тері қыртысын босатпай, инъекция аяқталғанға дейін сақтау керек. Инъекция орнын уқалауға болмайды.
Жағымсыз әсерлері
Цибор® препаратын қабылдаған емделушілердің шамамен 15 % байқалған гематома және/немесе инъекция орнындағы экхимоз секілді жағымсыз әсерлері туралы жиі хабарланды.
Гепаринмен ұзақ уақыт емдеу остеопороздың дамуына әкелуі мүмкін.
Бемипаринді тағайындағанда жағымсыз әсерлер (ЖӘ) жиілігі басқа төменмолекулярлық гепариндерге қатысты хабарланған ЖӘ жиілігіне сәйкес келеді және төменде көрсетілген:
Өте жиі ( 1/10)
- инъекция орнындағы экхимоздар
- инъекция орнының ауыруы және гематома
Жиі ( 1/100 < 1/10)
- қан кету (тері жабындары, шырышты қабаттар, жаралар, асқазан-ішек жолдары, несепжыныс жолдары аймақтарында)
- трансаминазалар деңгейінің жеңіл қайтымды жоғарылауы (АСТ, АЛТ, гамма-ГТ)
Кейде ( 1/1,000 < 1/100)
- орташа қайтымды тромбоцитопения (ГИТ I тип)
- терінің аллергиялық реакциялары (есекжем, қышыма)
Сирек ( 1/10,000 < 1/1,000)
- ауыр тромбоцитопения (II тип)
- анафилактикалық реакциялар (жүрек айнуы, құсу, қызба, ентігу, бронхтүйілуі, көмейдің ісінуі, гипотензия, есекжем, қышыну)
- инъекция орнындағы терінің некрозы
- эпидуральді немесе жұлын-ми анестезиясы немесе люмбальді пункциядан кейін эпидуральді және жұлын-ми гематомасы. Бұл гематомалар ұзақ уақытқа немесе тұрақты салдануды қоса, әртүрлі дәрежедегі неврологиялық бұзылыстарға әкеледі.
Белгісіз (бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес)
- гиперкалиемия
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- бемипарин натрийге, гепаринге немесе шошқа тектес заттарға белгілі жоғары сезімталдық
- иммунологиялық шартталған, гепарин индукцияланған тромбоцитопенияға (ГИТ II) күдік немесе расталған сыртартқы
- қан ұюының бұзылуымен шартталған қан кету немесе қан кетудің жоғары қаупі
- бауыр және ұйқы безі функциясының ауыр бұзылуы
- соңғы 2 ай ішінде орталық жүйке жүйесі, көру немесе есту ағзаларына операциялық араласым немесе зақымдану
- гепарин индукцияланған тромбоцитопениямен бірге диссеминацияланған тамырішілік қанның ұю (ДТҚҰ) синдромы
- жедел және жеделге жуық бактериялық эндокардит
- қан кетудің жоғары қаупімен ағзалардың кез келген патологиясы (мысалы, белсенді пептикалық ойық жара, геморрагиялық инсульт, церебральді аневризма немесе церебральді неоплазия).
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Бемипариннің дәрілермен өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ, және аталған бөлімдегі ақпарат басқа төменмолекулярлық гепариндерге қатысты алынған деректерге негізделген.
Бемипаринді келесі медициналық препараттармен бір мезгілде тағайындау ұсынылмайды: K витаминінің антагонистері мен басқа антикоагулянттар, ацетилсалицил қышқылы және басқа салицилаттар және қабынуға қарсы стероидты емес препараттар, тиклопидин, клопидогрел және тромбоциттер агрегациясының басқа тежегіштері, жүйелі глюкокортикоидтар және декстран.
Барлық жоғарыда аталған препараттар олардың коагуляция және/немесе тромбоциттер функциясына қатысты әсерінің оның әсерімен қосындысы нәтижесінде бемипариннің фармакологиялық әсерін күшейтеді, осылайша қан кету қаупін жоғарылатады.
Егер препараттарды біріктіріп қолданбау мүмкін болмаса, Циборды® мұқият клиникалық және зертханалық бақылаумен тағайындау керек.
Қан сарысуында калийдің концентрациясын жоғарылататын дәрілік препараттарды қатар тағайындау, айрықша мұқият медициналық бақылаумен жүргізілуі керек.
Препараттың тиімділігінің төмендеуіне әкелетін, гепариннің көктамырішіне енгізілетін нитроглицеринмен өзара әрекеттесу әсері, бемипаринмен жағдайда жоққа шығарылмайды.
Айрықша нұсқаулар
Бұлшықетішілік инъекция жолымен енгізуге болмайды.
Гематоманың даму қаупіне байланысты, бемипаринмен емдеу кезінде басқа препараттарды бұлшықет ішіне енгізуден аулақ болу керек.
Бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігімен, бақыланбайтын артериялық гипертензиямен, сыртартқысында асқазанның және он екі елі ішектің ойық жаралы ауруымен, тромбоцитопениямен, бүйрек тасымен және/немесе несеп тас ауруымен, нұрлы қабық немесе тор қабықтың қантамырлық бұзылуларымен, сондай-ақ қан кетудің жоғары қаупімен басқа да кез келген органикалық бұзылыстармен емделушілерге препаратты тағайындағанда, емделушілерге жұлын-ми немесе эпидуральді анестезия немесе люмбальді пункция жасағанда сақтық шараларын сақтау керек.
Бемипарин, басқа да төменмолекулярлы гепариндер секілді, әсіресе қант диабетімен, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен, метаболикалық ацидозбен, плазмадағы калийдің жоғары концентрациясымен немесе калий сақтайтын препараттар қабылдайтын емделушілерде альдостеронның бүйрек үстілік секрециясын басуы мүмкін, ол гиперкалиемияға әкелуі мүмкін. Гиперкалиемияның даму қаупі емнің ұзақтығына пропорциональді жоғарылайды, бірақ аталған гиперкалиемия, әдетте қайтымды. Қауіп тобындағы емделушілерде бемипаринмен емді бастар алдында, әсіресе егер препаратпен емдеу жеті күннен асатын болса плазма электролиттерін анықтау және аталған параметрді емдеу барысында әлсін-әлсін бақылау керек.
Кейде гепаринмен емнің басында тромбоциттердің қайтымды белсенділігімен байланысты бірінші типтегі жеңіл қайтымды тромбоцитопения (тромбоциттер саны – 100000/мм3 және 150000/мм3 аралығында) байқалады. Әдетте аталған жағдай асқынуларды туындатпайды, сондықтан, бемипаринмен емді жалғастыруға болады.
Гепаринмен емдеуде сирек жағдайларда тромбоциттер саны 100 000/мм3 айтарлықтай төмен екінші типтегі ауыр, иммундық тромбоцитопения дамуы байқалады. Аталған реакция әдетте емнің 5-ші және 21-шы күндері аралығында пайда болады. Сыртартқысында гепаринмен индукцияланған тромбоцитопениямен емделушілерде бұл асқыну тезірек басталуы мүмкін.
Бемипаринмен емді бастамас бұрын тромбоциттерді есептеуді жүргізу ұсынылады; бұны емнің бірінші күні жүргізеді, ары қарай – препаратпен емді аяқтағаннан кейін үш-төрт күндік аралықпен үнемі жүргізеді. Бемипарин немесе басқа төмен молекулярлық гепариндер және/немесе гепарин болғанда, антитромбоцитарлық анденелердің барына in-vitro зерттеулердің оң немесе белгісіз нәтижелерімен қатар жүретін тромбоциттер саны айтарлықтай төмендеген жағдайда (30-дан 50%-ға дейін), бемипаринмен емді дереу тоқтату және баламалы ем тағайындау керек. Бемипаринді қолданғанда басқа гепариндерді тағайындағандай, кейде алдымен қызаратын немесе ауыратын эритематозды таңбалармен тері некрозы жағдайлары байқалған. Осындай жағдайларда бемипаринмен емді дереу тоқтату керек.
Гепаринді эпидуральді немесе жұлын-ми анестезиясын немесе люмбальді пункцияны жүргізумен біріктіріп алдын алу үшін қолдану сирек
жағдайларда эпидуральді немесе жұлын-ми гематомасының дамуына әкеледі, оның салдарынан ұзақ уақытқа немесе тұрақты салдану дамуы мүмкін. Гематоманың даму қаупі анестезия жасау үшін эпидуральді немесе жұлын-ми катетерін қолданғанда мысалы, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер, тромбоциттер агрегациясының тежегіштері немесе антикоагулянттар секілді қанның ұюына әсер ететін препараттарды қатар қолданғанда, сондай-ақ жарақаттық немесе бірнеше реттік пункцияда артады.
Алдын алатын дозада гепаринді соңғы рет енгізу мен эпидуральді немесе жұлын-ми катетерін енгізу немесе алу аралығындағы уақыт интервалы туралы шешім қабылдағанда препараттың сипаттамасын және емделушінің бейінін ескеру керек. Катетерді алып тастағаннан кейін бемипариннің келесі дозасын кем дегенде төрт сағаттан кейін енгізуге болады. Сондай-ақ бемипариннің келесі дозасын енгізу хирургиялық емшара аяқталғанға дейін кейінге қалдырылуы керек.
Эпидуральді немесе жұлын-ми анестезиясын жүргізу кезінде дәрігер антикоагулянттармен емді тағайындау туралы шешім қабылдағанда атап айтқанда арқаның ауыруы, сезімталдық пен моториканың бұзылуы (аяқтардағы әлсіздік және жансыздану) секілді неврологиялық бұзылыстар, сондай-ақ ішек және қуықтың дисфункциясының симптомдары мен белгілерін анықтау мақсатында жиі бақылауды қоса, ерекше сақтық шараларын сақтау керек. Орта буын медициналық қызметкерлері аталған белгілер мен симптомдарды анықтауға үйретілуі керек. Емделушілер аталған симптомдар пайда болғанда медициналық бикелер мен дәрігерлерге дереу хабарлау керектігі туралы хабардар болуы керек.
Эпидуральді немесе жұлын-ми гематомасына күдік туындағанда жұлынның декомпрессиясына дейін емдік шараларды қолданумен дереу диагнозды анықтау керек.
Дәрілермен сыйымдылығы
Цибор® препаратын сыйымдылығына зерттеулер жүргізілмегендіктен басқа дәрілік заттармен біріктіруге болмайды.
Утилизациялаудағы ерекше сақтық шаралары.
Препараттың қаптамасында бір рет қолдануға арналған доза бар. Қолданғаннан кейін қаптамада пайдаланылмай қалған қалдығын тастау керек. Егер қорғаныш үлбірі ашылған немесе зақымданған болса препаратты пайдалануға болмайды. Тек көрінетін бөлшектері жоқ мөлдір түссіз немесе аздап сарғыштау ерітіндіні пайдалану керек.
Пайдаланылмаған өнім және инъекциялық инелер жергілікті заңның талаптарына сәйкес утилизациялануы керек.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жануарларға жүргізілген зерттеулер бемипариннің қандай-да болмасын тератогендік әсерінің белгілерін анықтаған жоқ. Бемипаринді жүкті әйелдерде қолдануға қатысты клиникалық деректер шектеулі. Сондықтан жүкті әйелдерге препаратты сақтықпен тағайындау керек. Қазіргі кезеңде бемипариннің плацентарлық бөгет арқылы өтетін қабілеті туралы деректер жоқ. Бемипариннің ішке қабылданғаннан кейін сіңуінің мүмкіндігі төмен. Қазіргі кезеңде бемипариннің емшек сүтіне өтуіне қатысты жеткілікті деректер жоқ. Сондықтан Цибор® препаратын бала емізетін аналарға тағайындау қажет болған жағдайда олар препаратты қабылдау кезінде емшекпен қоректендіруге болмайтыны жөнінде ескертілуі керек.
Дәрілік закттың көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Цибор® көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Артық дозаланудың негізгі симптомы қан кету болып табылады. Қан кету пайда болған жағдайда бемипаринмен емді тоқтату туралы шешім геморрагияның ауырлығына және тромбоз қаупіне байланысты қабылдануы керек.
Аздаған геморрагиялар сирек арнайы емді қажет етеді. Айтарлықтай қан кетулер протамин сульфатын тағайындауды қажет етуі мүмкін.
Бемипаринді протамин сульфатымен бейтараптандыру антифактор Xa белсенділігінің төмендеуін және белсендірілген ішінара тромбопластиндік уақытқа әсерін зерттеу мақсатында in-vitro және in-vivo зерттеулерде тексерілген. 100 ХБ антифактор Xa протамин сульфатын 1,4 мг дозада көктамыр ішіне енгізгеннен кейін екі сағаттың ішінде протамин сульфаты бемипариннің антифактор Xa белсенділігінің ішінара төмендеуіне әкеледі.
Шығарылу түрі және қаптамасы
0.2 мл-ден I типті боросиликат шыныдан жасалған еккіштерде. 2 немесе 10 толтырылған еккіштен поливинилхлоридтен және қағаздан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
2,10 еккіштен (1,5 пішінді қаптама) медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
30о С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Ашқаннан кейін Цибор® препаратын дереу қолдану керек.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші/қаптаушы
«Рови Контракт Мэнюфекчеринг, С. Л.»
C/ Хулиан Камарийо, 35
28037 Мадрид, Испания
Тіркеу куәлігінің иесі
«Менарини Интернэшнл Оперейшнз Люксембург С. А.», Люксембург
Дистрибьюторы
Берлин-Хеми АГ (Менарини Групп),
Глиникер Вег 125
12489 Берлин, Германия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Берлин-Хеми АГ» АҚ ҚР өкілдігі
Телефон нөмірі: +7 727 2446183, 2446184, 2446185
Факс нөмірі: +7 727 2446180
Электрондық поштасы Kazakhstan@berlin-chemie.com