Цефавора®

МНН: Боярышника плоды, Гинкго Билоба, Омела
Производитель: Цефак КГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие лекарственные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016823

Инструкция

Саудалық атауы

Цефавора®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Тамшылар, 50 мл

Құрамы

100 г препараттың құрамында

белсенді заттар: Ø 1.3 г Гинкго билоба, Ø 2.7 г ақ омела, Ø 7.5 г долана,

қосымша зат - шарап ликері.

Сипаттамасы

Шарап иісі және дәмі бар охра түсті мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да дәрілік препараттар. Басқа да емдік өнімдер.

Басқа да емдік препараттар.

АТХ коды V03AX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Цефавора® препараты гомеопатиялық дәрі болып табылады. Цефавора® препаратының әсері гинкго билоба, ақ омела және долана тәрізді құрамдас дәрілік өсімдіктердің тұтастай әсері болып табылады, сондықтан фармакокинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Цефавора® препаратының фармакологиялық қасиеттері, оның құрамдастарына кіретін белсенді заттарға байланысты.

Гинкго билоба (балауса жапырақтар): стандартталған экстаркт құрамы 40 ингредиенттен астам, олардың негізгісі флавонды гликозидтер – проаптоцианоидтер, кверцетин, кемпферол, изорамнетин (24%), терпендік бірігулер (6%), гинкголидтер және билобалидтер, сондай-ақ кальций, фосфор, тимин, калий тұзы, фитостерин, аспарагин, маргенин болып табылады.

Флавонды гликозидтер аниоксидантты әсері бар, фосфолипидті жасушалы жарғақшалардың зақымдануының алдын алады, ми қан айналымын, миды оттегімен және глюкозамен қамтамасыз етуді жақсартады, макроэргтер жасушаларында жинақталуына, оттегінің және глюкозаның іске асуын жоғарылатуға, ОЖЖ медиаторлар үдерісінің қалпына келуіне ықпал етеді. Босап шығуына, қайталап сіңуіне және нейромедиаторлардың (норадреналиннің, дофаминнің, ацетилхолиннің) катаболизміне және олардың жарғақша рецепторларымен байланысу қабілетіне әсер етеді.

Гинкголидтер және билобалидтер қан тамырлар қабырғасының серпімділігін жоғарылатады, қан тамырлар қабырғасының өткізгіштігін (ми деңгейіне де, шеткері деңгейге де ісінуге қарсы әсерін) азайтады, қан тамырларын кеңейтетін қасиетке ие, қабыну реакцияларын бәсеңдетеді, тромбтардың түзілуіне кедергі болады, бронхтың тарылуын болдырмайды.

Ақ омела: балауса бұтақ құрамында олеанол және урсол қышқылы, холин және оның туындылары (пропионилхолин және ацетилхолин), алкалоид вискотоксин, гликозид вискальбин; сондай-ақ шайыр, тритерпен сапониндері, аминдер (норвискальбин, вискальбин, тирамин, фенилэтиламин), инозит, витаминдер (каротин, С витамині) бар; жеміс-жидектерде құрамында олеин, линол және пальмитин қышқылы, каучук, шайыр заттары, каротин, С витамині бар майлы май байқалған. Ақ омела артериялық қысымды төмендетеді, жүрек қызметін күшейтеді, тамырларды кеңейтеді, орталық жүйке жүйесінің қозғыштығын азайтады. Гипотензиялық әсер сопақша мидың тамыр қозғалтқыш ортаның жұмысын төмендетуге байланысты.

Долана (жаңадан пісіп жетілген жеміс) жемісте әртүрлі биологиялық белсенді заттар жинақталған және сорбитті, холинді, фруктозаны, эфир майын, қышқыл қатарларын қоса, оның ішінде кратег қышқылы, В, С тобының витаминдері, каротин, майлы майдың 30%-нан астам қоспалары бар. Долана кардиотонустық әсерге ие: миокардтың жиырылуын күшейтеді, бірақ оның қозғыштығын азайтады; коронарлы тамырлардың және ми тамырларының қан айналымын жақсартады, жүрек гликозидтерінің әсеріне жүрек бұлшықеттерінің сезімталдығын жоғарылатады, орталық жүйке жүйесінің қозғыштығын төмендетеді, ойлау және физикалық шаршағыштықты қайтарады.

Қолданылуы

Мынадай симптомдары бар қан айналымының бұзылуын кешенді емдеуде: бас айналу, құлақтың шуылдауы, қол немесе аяқтың шаншуы және аяқтың мұздауын сезіну.

Осы гомеопатиялық дәріні көрсетілген қолдану аймағына пайдалану тек қана гомеопатиялық тәжірибеге негізделеді. Бұл аурулардың ауыр түрлері кезінде клиникалық құжатталған ем қолданылады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге 20-30 тамшыдан күніне 3-4 рет.

Цефавора® тамшысының дәмі жағымды болғандықтан, сұйылтылмаған күйінде қабылдауға болады.

Емдеу ұзақтығын дәрігер жекелей анықтайды – орташа алғанда 2 ай.

Дәрігердің кеңесінсіз ұзақ уақыт бойы қабылдауға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Бар симптомдары уақытша нашарлауы (бастапқы реакциясы) мүмкін. Мұндай жағдайларда емдеуді тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі

- алкоголизм

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Белгісіз

Гомеопатиялық дәрілік заттардың әсеріне пациенттің өмір салтындағы әдеттегі зақымдаушы факторлар және қоздырғыш дәрілер жағымсыз ықпал етуі мүмкін екендігі гомеопатияда белгілі.

Айрықша нұсқаулар

Препарат құрамында 20 % (көлемі/көлемі) алкоголь болуына байланысты, оны маскүнемдер және бауыр ауруымен зардап шегетін адамдар қабылдамауы тиіс, тек дәрігермен кеңескеннен соң ғана қолданылуы мүмкін.

Бұл дәрілік заттың құрамында глюкоза және фруктоза бар. Сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі проблемалары бар пациенттер Цефавора® препаратын қабылдамауы тиіс.

Егер шағымдануы емдеуге қарамастан 7 күннен аса сақталатын болса, немесе өзінің жай-күйін сезінуі нашарлаған жағдайда дәрігердің кеңесі қажет. Жаңа шағымдары (бұрын байқалмаған) туындағанда, препаратты қабылдау тоқтатылуы тиіс.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Құрамында алкогольдің болуы көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі мүмкін (потенциал негізінде әртүрлі реакциялар жекелей әрбір пациентке қарастырылуы тиіс).

Артық дозалануы

Қазіргі кезде артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 мл препараттан полиэтилен тамшылатқышы және ақ полиэтилен қақпағы бар қоңыр шыныдан жасалған дөңгелек құтыда.

Құтыға заттаңба жапсырылады.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге жиналмалы картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Құтыны ашқаннан кейін 3 ай.

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Cefak KG, Ostbahnhofstr. 15, D-87437 Kempten, Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

Cefak KG, Ostbahnhofstr. 15, D-87437 Kempten, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«AVITA (АВИТА)» ЖШС, 050040, Алматы қ., Сейфуллин к-сі, 458-460/95, 315 кеңсе,

телефон/факс 8/727/2794732

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)

«AVITA (АВИТА)» ЖШС, 050040, Алматы қ., Сейфуллин к-сі, 458-460/95, 315 кеңсе,

телефон/факс 8/727/2794732

электрондық пошта: infoavita@mail.ru

Прикрепленные файлы

534275381477975733_ru.doc 24.38 кб
491977341477977444_kz.doc 54.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники