Целестодерм-В® с Гарамицином® (мазь)

МНН: Бетаметазон, Гентамицин
Производитель: Шеринг-Плау Лабо Н.В.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Бетаметазон в комбинации с антибиотиками
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015520
Период регистрации: 29.12.2014 - 29.12.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Гарамицин® қосылған Целестодерм-В®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Жақпамай

Құрамы

1 г жақпамайдың құрамында

белсенді заттар: 1.22 мг бетаметазон валераты (1 мг бетаметазонға баламалы), 1.00 мг немесе 1000 ХБ гентамицин (гентамицин сульфаты түрінде),

қосымша заттар: сұйық парафин, ақ жұмсақ парафин

Сипаттамасы

Көзге көрінетін механикалық қоспалары жоқ, жұмсақ, біркелкі, ақ немесе сәл сарғыштау жақпамай.

Фармакотерапиялық тобы

Антибиотиктермен біріктірілген белсенді глюкокортикостероидтар. Антибиотиктермен біріктірілген бетаметазон.

АТХ коды D07СС01

Фармакологиялық қасиеттері

Гарамицин® қосылған Целестодерм-В® - әсері құрамындағы компоненттері арқылы жүзеге асатын біріктірілген препарат.

Бетаметазон валераты қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және қантамырларын тарылтатын жергілікті әсер береді. Қабынуға қарсы әсері A2 фосфолипазаның тежелуімен, кейін қабынуға қарсы медиаторлардың — ПГ және лейкотриендердің пайда болуының басылуымен, жасушалық жарғақшалардың, соның ішінде лизосома жарғақшаларының тұрақтануымен жүзеге асады. Бетаметазон валераты лизосомальді ферменттердің шығуына жол бермейді және қабыну ошағында олардың концентрациясын төмендетеді. Нейтрофилдердің және макрофагтардың қабыну ошағына миграциясын және олардың фагоцитарлы белсенділігін тежейді. Микроциркуляцияны жақсартады, қантамырлардың өткізгіштігін төмендетеді, қылтамырлардың вазоконстрикциясын тудырады, сұйықтықтың экссудациясын азайтады.

Аллергияға қарсы әсері аллергия медиаторлары синтезі мен секрециясының төмендеуі, сенсибилизацияланған толық жасушалары мен базофилдерінен гистаминнің және биологиялық тұрғыдан белсенді басқа да заттардың босап шығуының тежелуі, айналымдағы базофилдер санының азаюы, лимфоидты және дәнекер тіндері пролиферациясының басылуы, Т- және B-лимфоциттер, толық жасушалар санының азаюы, эффекторлы жасушалардың аллергия медиаторларына сезімталдығының төмендеуі, антиденелердің пайда болуының басылуы, организмнің иммундық жауабының өзгеруі нәтижесінде дамиды.

Гентамицин – аминогликозидтер тобына жататын, әсер ету ауқымы кең антибиотик. Грамтеріс бактерияларға: көкіріңді таяқша, энтеробактер аэрогенез, ішек таяқшалары, тұрпайы протей және пневмониялық клебсиелла; грамоң бактерияларға: алтын түстес стафилококк (коагулазо-позитивті, коагулазо-жағымсыз және кейбір пенициллиназо-өндіруші штамдар) қарсы әсері белсенді. Қабыну медиаторларының және цитокиндердің босап шығуын тежейді, арахидон қышқылының метаболизмін азайтады, липокортиннің түзілуін индукциялайды.

Қолданылуы

- кортикостероидтық емге сезімтал және гентамицинге сезімтал микроорганизмдерден екінші қайтара болған жұқпамен асқынған тері ауруларында:

  • экземада

  • дерматитте (жанаспалы – аллергиялық компонентсіз, себореялы, күн сәулесінен, эксфолиативті)

  • нейродерматитте, атопиялық дерматитте

  • баздануда

  • псориазда

  • аногенитальді және қарттықтан болатын қышынуда

Қолдану тәсілі және дозалары

Гарамицин® қосылған Целестодерм-В® жақпамайын зақымданған жерге күніне 2 рет – таңертең және кешкісін жұқа етіп жаққан жөн.

Тағайындалғаннан басқаша болатын қолдану жиілігін, және емдеу ұзақтығын дәрігер, сырқаттың ауырлығын есепке ала отырып, белгілеуі керек. Жеңіл жағдайларда күніне бір рет қолдану жеткілікті болып табылады, өте ауыр зақымдануда жиірек қолдану қажет болуы мүмкін.

Емдеу ұзақтығы зақымдану дәрежесіне, орналасуына, және жүргізілетін емге емделушінің реакциясына байланысты болады. Емдеу тиімсіз болғанда 3-4 апта ішінде ауруға қайтадан диагностика жүргізу керек.

Жағымсыз әсерлері

- күйдіру сезімі

- терінің тітіркенуі

- терінің қышуы, құрғауы

- терінің асқын сезімталдығы, бөртпе, терінің түссізденуі

- гипопигментация

- фолликулит

- гипертрихоз

- безеу тәрізді бөртпелер

- периоральді дерматит

- аллергиялық жанаспалы дерматит

- тері мацерациясы

- екінші қайтара пайда болатын жұқпа

- тері атрофиясы

- стрийлер

- тері бөртпесі

- терінің тітіркенуі: қышу, эритематозды бөртпелер (гентамициннің әсері)

Балаларда қолданылуы

- гипофиз-гипоталамус-бүйрекүсті безі жүйесі қызметінің төмендеуі

- Кушинг синдромы

- өсудің кідіруі, дене салмағын қосуда қалыс болу

- еңбегінің ісінуімен, бас ауырумен, көру жүйкелері дискісінің екі жақты ісінуімен (іркілген ұштық симптомы) қоса қабаттасатын бассүйекішілік қысымның жоғарылауы (бетаметазонның әсері)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың қандай да болсын бір компонентіне жоғары сезімталдық

- 1 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Гарамицин® қосылған Целестодерм-В® жақпамайының басқа препараттармен өзара әрекеттесуі байқалған жоқ. Алайда оны басқа жақпамайлармен немесе кремдермен, атап айтқанда құрамында аниондық беткейлік белсенді заттары бар, цетилпиридиний хлоридінің әсерін әсерсіздендіретін заттармен бір мезгілде қолдануға болмайды. Гарамицин® қосылған Целестодерм-В® жақпамайын жүрек гликозидтерімен біріктіріп қолданған кезде олардың әсері күшейеді; диуретиктермен біріктіріп қолданған кезде калийдің шығарылуы артады; гипогликемизирлеуші препараттармен, ішу арқылы қабылданатын антикоагулянттармен бірге қолданғанда олардың әсерлері бәсеңдеуі мүмкін.

Гарамицин® қосылған Целестодерм-В® препаратымен бір мезгілде немесе емдеу курсын аяқтағаннан кейін микробтарға қарсы және отонефроуытты әсер ететін басқа да препараттарды тағайындамаған жөн.

Айрықша нұсқаулар

Гарамицин® қосылған Целестодерм-В® препараты офтальмологияда қолдануға арналмаған.

Егер препаратты қолданған кезде тітіркену немесе жоғары сезімталдық байқалса, емдеуді тоқтатқан және науқасқа басқа емді таңдаған жөн. Антибиотиктерді жергілікті қолданған кезде кейде сезімтал емес микрофлораның, оның ішінде зеңді микробтардың, өсуі байқалады. Тітіркену, асқын сезімталдық немесе супержұқпа дамыған кезде емдеуді тоқтату және тиісті ем тағайындау қажет.

Гентамициннің жүйелік сіңуі дененің ауқымды бетіне орнымен қолданғанда, әсіресе ұзақ уақыт емдегенде немесе терінің тұтастығы бүлінген жағдайда жоғары болады. Мұндай жағдайларда гентамициннің жүйелік сіңуіне байланысты жағымсыз құбылыстар пайда болуы мүмкін. Осындай жағдайларда, әсіресе балаларды емдеген кезде, тиісті сақтық шараларын сақтаған жөн.

Жүйелік глюкокортикостероидтардың кез келген жағымсыз әсерлері, бүйрекүсті безі қыртысы қызметінің басылуын қоса есептегенде, жергілікті глюкокортикостероидтарды қолданған кезде, әсіресе балаларда білінуі мүмкін.

Жергілікті глюкокортикостероидтардың жүйелік сіңуі оларды ұзақ уақыт қолданғанда, оларды дененің ауқымды бетіне қолданғанда немесе окллюзиялық таңғыштарды қолданған кезде жоғарылайды. Тиісті сақтық шараларын, әсіресе балаларды емдеген кезде, ұстану қажет.

Гентамицинмен емдеу терінің транзиторлы тітіркенуімен (қышу, эритема) қоса қабаттасуы мүмкін, ол көп жағдайларда емдеуді тоқтатуды қажет етпейді.

Педиатрияда қолданылуы

Балалар, жасы үлкен емделушілерге қарағанда, гипоталамо-гипофизарлы-адренал жүйесі қызметінің басылуын тудыратын жергілікті глюкокортикостероидтардың әсеріне өте сезімтал болуы мүмкін. Бұл балаларда, дене беті ауданы мен дене салмағының арақатынасы шамасының үлкен болуы салдарынан, сіңуінің өте жоғары болуымен байланысты.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жергілікті глюкокортикостероидтарды жүкті әйелдерге қолданудың қауіпсіздігі анықталған жоқ. Препараттардың осы тобы жүктілік кезінде тек қана әйел үшін мүмкін болатын пайдасы ұрық үшін мүмкін болатын қаупінен басым болған жағдайда қолданылады. Жүктілік кезінде осы топқа жататын препараттарды жиі, үлкен дозаларда немесе ұзақ қолданбаған жөн.

Кортикостероидтарды жергілікті қолдану жүйелік сіңу арқылы олардың емшек сүтінде пайда болуына әкелетін-әкелмейтіндігі жөнінде деректер жоқ. Емшек емізуді немесе препарат қабылдауды тоқтату жөніндегі шешімді, анаға препаратты қолдану қажеттілігін ескере отырып, қабылдаған жөн.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Анықталған жоқ

Артық дозалануы

Симптомдары: жергілікті глюкокортикостероидтарды шамадан тыс немесе ұзақ уақыт қолдану гипофизарлы-бүйрекүсті безі жүйесі қызметін төмендетуі мүмкін, ол бүйрекүсті безі қыртысының екінші қайтара пайда болатын жеткіліксіздігіне және гиперкортицизм симптомдарының, Кушинг синдромын қоса есептегенде, дамуына себепші болуы мүмкін. Гентамициннің бір реттік артық дозалануы қандай да бір симптомдардың пайда болуымен қоса жүрмейді. Тиісті дозадан жоғары дозаларда ұзақ қолдану сезімтал емес флораның, соның ішінде зеңді микробтардың, едәуір өсуіне әкеп соқтыруы мүмкін.

Емі: симптоматикалық ем. Жедел ағымды гиперкортикоидтық симптомдар әдетте қайтымды. Қажет болған кезде электролиттік тепе-теңдіктің бұзылуына ем жүргізген жөн. Созылмалы уытты әсер дамыған жағдайда глюкокортикостероидтарды біртіндеп тоқтату керек.

Сезімтал емес флора, соның ішінде зеңдік, едәуір өскен жағдайда бактерияларға қарсы немесе зеңге қарсы тиісті ем жүргізген жөн.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 г препараттан іші лак жабынымен қапталған және жарғақшаны тесуге арналған істігімен бұрандалы пластмасса қақпақшасы бар алюминий сықпада.

1 сықпа медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Шеринг-Плау Лабо Н.В., Бельгия

Тіркеу куәлігінің иесі

Шеринг-Плау Сентрал Ист АГ, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Шеринг-Плау Сентрал Ист АГ компаниясының Қазақстандағы өкілдігі, Алматы қ., Достық д-лы, 38, "Кең Дала" бизнес орталығы, 5 қабат

Тел. +7(727)330-42-66

Факс +7(727)321-60-47

e-mail: dpoccis2@merck.com

 

 

Прикрепленные файлы

943978611477976559_ru.doc 65.5 кб
634005871477977723_kz.doc 68 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники