Цевикап

МНН: Аскорбиновая кислота
Производитель: Медана Фарма АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ascorbic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004333
Период регистрации: 14.07.2016 - 14.07.2021
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 390.54 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Цевикап

Халықаралық патенттелмеген атауы

Аскорбин қышқылы

Дәрілік түрі

Ішуге арналған 100 мг/мл тамшылар

Құрамы

1 мл (20 тамшыға жуық) препараттың құрамында

белсенді зат - 100 мг аскорбин қышқылы

қосымша заттар: сусыз глицерин, тазартылған су.

Сипаттамасы

Мөлдір, ашық-сары немесе сары сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобыВитаминдер. Аскорбин қышқылы, басқа препараттармен біріктірілімді қоса. Таза күйіндегі аскорбин қышқылы. Аскорбин қышқылы.

АТХ коды А11GA 01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін аскорбин қышқылы асқазан-ішек жолынан жақсы сіңіріледі. Аскорбин қышқылының 25%-ға жуығы қан плазмасының ақуыздарымен байланысады. Қаннан барлық дерлік тіндерге және биологиялық сұйықтықтарға (соның ішінде плацентарлық бөгет арқылы және бала емізетін әйелдердің сүтіне) тез енеді. Дені сау адамдардың қан плазмасында аскорбин қышқылының концентрациясы 0,8 – 1,5 мг/100 мл құрайды. Лейкоциттердегі және тромбоциттердегі концентрациясы эритроциттердегіге және плазмадағыға қарағанда жоғары. Тапшылық жағдайларда лейкоциттердегі концентрациясы кештеу және өте баяу төмендейді және тапшылыққа баға беруде плазмадағы концентрацияға қарағанда өте жақсы белгі ретінде қарастырылады.

Аскорбин қышқылы дегидроаскорбин қышқылының түзілуімен қайтымды түрде тотығады. Бір бөлігі аскорбат-2-сульфатты (белсенді емес) және қымыздық қышқылын түзе отырып метаболизденеді және несеппен бірге бөлініп шығады.

Аскорбин қышқылының бөлініп шығуы витамин үшін 1,5 мг/100 мл құрайтын бүйрек шегімен бақыланады. Шамадан тыс көлемде қабылданған С витамині өзгермеген түрде несеппен жылдам шығарылады.

 

Фармакодинамикасы

Цевикап – витаминдік дәрі, метаболизмдік әсері бар, адамның организмінде түзілмейді, тек тамақпен бірге түседі. Тотығу-тотықсыздану үдерістерін, көмірсу алмасуын, қан ұйығыштығын реттеуге қатысады; организмнің инфекцияларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Фенилаланин, тирозин, фолий қышқылы, норэпинефрин, гистаминнің, темір метаболизміне, көмірсуларды жоюға, липидтер, ақуыздар, карнитиннің синтезіне, иммунитет реакцияларына, серотониннің гидроксилденуіне қатысады, геминді емес темір сіңірілуін күшейтеді.

Антиагрегантты және антиоксиданты қасиеттері бар. Көптеген биохимиялық реакцияларда сутегі иондарының тасымалдануын реттейді, трикарбонды қышқылдар циклінде глюкозаның пайдаланылуын жақсартады, тетрагидрофолий қышқылының түзілуіне және тіндердің регенерациясына, стероидты гормондар, коллаген, проколлаген синтезіне қатысады.

Жасушааралық заттардың коллоидты жағдайын және қылтамырлардың қалыпты өткізгіштігін демейді (гиалуронидазаны бәсеңдетеді). Протеолиздік ферменттерді белсендіреді, хош иісті амин қышқылдары, пигменттер және холестерин алмасуына қатысады, бауырда гликоген жинақталуына ықпал етеді.

Тыныс алу ферменттерінің белсенділенуі есебінен оның уытсыздандыру және ақуыз түзетін функциясын күшейтеді, протромбин синтезін арттырады. Өт бөлінуін жақсартады, ұйқы безінің сыртқы секреторлық және қалқанша бездің инкреторлық функциясын қалпына келтіреді. Гистаминнің босап шығуын тежейді де, оның деградациясын жылдамдатады, простагландиндердің және басқа қабыну медиаторларының түзілуін және аллергиялық реакцияларды бәсеңдетеді.

Төмен дозаларда (тәулігіне 150-250 мг ішке) темір препараттарымен созылмалы уыттанғанда дефероксаминнің кешен түзетін функциясын жақсартады, бұл темір шығарылуының күшеюіне алып келеді.

Қолданылуы

Тиісті диетаны қолдану жеткіліксіз болып табылатын жағдайларда С витамині тапшылығының профилактикасында және емдеуде.

Қолдану тәсілі мен дозалары

3 жасқа дейінгі балаларға препаратты дәрігермен кеңескеннен кейін беру керек.

Ішуге арналған.

Дәрігердің басқа нұсқаулары болмаса:

- сәбилер мен 2 жасқа дейінгі балаларға: тәулігіне 5-8 тамшы, сусынға немесе тағамға қосыңыз;

- 2-ден 11 жасқа дейінгі балаларға: тәулігіне 10 тамшы

- 12-ден 17 жасқа дейінгі жасөспірімдерге: тәулігіне 15-20 тамшы.

Жағымсыз әсерлері

Препараттың жағымдылығы жақсы. Жағымсыз әсерлер жоғарғы дозаларда (тәулігіне 1 г артық) қолдану жағдайларына жатады.

Қан мен лимфалық жүйе тарапынан болатын бұзылу

Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназасы тапшы тұлғалар С витаминінің үлкен дозаларын қабылдағанда гемолиз дамуы ықтимал.

Ас қорыту жүйесі тарапынан болатын бұзылу

1 г немесе одан артық тәуліктік дозаларды қабылдағанда АІЖ тарапынан болатын симптомдар, мысалы, диарея туындауы мүмкін.

Аскорбин қышқылын жоғарғы дозаларда ұзақ қолдану дағдылануға себеп болуы мүмкін, бұл қолдануды тоқтатқаннан кейін тапшылыққа әкелуі мүмкін.

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан болатын бұзылу

Аскорбин қышқылын жоғарғы дозаларда қымыздық қышқылының несеппен шамадан тыс бөлінуіне, ураттар мен цитраттардың кристаллизациясына себеп болуы мүмкін, бұл несеп шығару жүйесінде тастардың түзілу қаупін жоғарылатады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- аскорбин қышқылына және/немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық;

- оксалатты несептас ауруы;

- темір жиналуының бұзылуы (гемохроматоз, талассемия, сидеробласттық анемия)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Мыс пен темірдің қосылыстарынан тұратын препараттармен, сонымен қатар химиялық сәйкессіздігіне байланысты тотықтандыратын қасиеттері бар дәрілермен біріктірілімде қолдануға болмайды. Аскорбин қышқылын 200 мг асатын дозаларда қолдану бір уақытта қабылданған темірдің АІЖ сіңірілуін күшейтеді.

Аскорбин қышқылын ацетилсалицил қышқылымен бір уақытта қабылдағанда аскорбин қышқылының бөлініп шығуы ұлғайғаны және ацетилсалицил қышқылының бөлініп шығуының азаюы байқалады.

Аскорбин қышқылы парацетамолдың жартылай шығарылуы кезеңін ұзартады, ал күніне 1 г асатын дозаларда үш циклды антидепрессанттардың, фенотиазин туындыларының және аминогликозидті антибиотиктердің әсер тиімділігін төмендетеді.

Аскорбин қышқылын В12 витаминімен (цианокобаламин) бір мезгілде қабылдау цианокобаламин тиімділігінің төмендеуіне себеп болуы мүмкін.

Аскорбин қышқылын қабылдау α‑токоферолдың плазмалық концентрациясын ұлғайтады, оған қоса токоферол аскорбин қышқылының концентрациясына ықпал етеді.

Аскорбин қышқылы бауыр метаболизмін өзгету жолымен дәрілік препараттардың емдік әсерлеріне ықпал етуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Үлкен дозаларда қолданылатын аскорбин қышқылы оксид тотықсыздандырғыш әдістермен жасалатын зертханалық зерттеулер нәтижелерін бұрмалауы мүмкін (мысалы, нәжісте жасырын қанның болуын зерттеу, қанда және несепте глюкоза мен креатинин концентрациясын анықтау).

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік кезеңінде қолдануға болады. Аскорбин қышқылының ұсынылатын тәуліктік дозасы жүкті әйелдерде (диетадағы дозаны қосқанда) 80 мг құрайды. Жүкті әйелдерге аскорбин қышқылын үлкен дозаларын қолдану жоғарғы дозалардың әсерінен болатын метаболизм үдерісінің индукциясы салдарынан жаңа туған нәрестелерде С гиповитаминозының дамуын туындатады.

Препаратты бала емізу кезеңінде қолдануға болады. Аскорбин қышқылының ұсынылатын тәуліктік дозасы бала емізетін әйелдерде (диетадағы мөлшерді қоса алғанда) 100 мг құрайды. Аскорбин қышқылының ана сүтіндегі мөлшері 30-55 мг/л құрайды, ол емшек еметін нәрестелер үшін жеткілікті. Нәрестелерде артық дозалану қаупіне байланысты аскорбин қышқылының үлкен дозаларын қолданудан аулақ болған жөн.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары туралы хабарламалар жоқ. Артық дозаланғанда бастапқы бүйрек аурулары бар адамдарда сұйықтықтың іркілуі, гипонатриемия және гипохлоремия болуы мүмкін.

Емі: симптоматикалық, қарқынды диурез.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 немесе 30 мл препараттан тамызғышы бар бұралатын қақпақпен тығындалған күңгірт шыны құтыларға салады.

1 құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Тығыз жабылған құтыда 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Жарықтан аулақ ұстаңыз.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Құтыны ашқаннан кейін – 6 ай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Өндіруші

«Медана Фарма» АҚ                                                                    

98-200 Серадз, В. Локетка көшесі, 10, Польша

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын, дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы,

Рашидов к-і, 81,

Телефон нөмірі: 7252 (561342)

Факс нөмірі: 7252 (561342)

Электрондық пошта: infomed@santo.kz

Прикрепленные файлы

979780361477976212_ru.doc 59 кб
698923741477977472_kz.doc 81 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники