Хумира® (40 мг/0.8 мл)

МНН: Адалимумаб
Производитель: Веттер Фарма Фертигунг ГмбХ и Ко. КГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Adalimumab
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021522
Период регистрации: 22.07.2015 - 22.07.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Предельная цена закупа в РК: 241 285 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Хумира®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Адалимумаб

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 40 мг/0,8 мл ерітінді

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді зат - 40 мг адалимумаб,

қосымша заттар: маннит, лимон қышқылы моногидраты, натрий цитраты, динатрий гидрофосфаты дигидраты, натрий дигидрофосфаты дигидраты, натрий хлориді, полисорбат-80, инъекцияға арналған су, натрий гидроксиді.

Сипаттамасы

Бөгде қосылыcтардан бос дерлік мөлдірден бозаңданатын түске дейінгі сулы ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Иммуносупрессанттар. Альфа-ісіктердің некроз факторы тежегіштері. Адалимумаб.

АТХ коды L04А В04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі

Хумира препаратын дені сау 59 еріктіге тері астына бір рет 40 мг енгізгеннен кейін адалимумаб сіңірілуі мен таралуы баяу болып, енгізуден кейін шамамен 5 күннен соң қан сарысуындағы орташа жоғары шекті концентрациясына жетеді. Адалимумабтың орташа абсолютті биожетімділігі үш зерттеу жүзінде есептелген 40 мг дозада бір рет тері астына енгізгеннен кейін 64 % құрады.

Таралуы және шығарылуы

Көктамыр ішіне бір рет 0,25 мг/кг-ден 10 мг/кг дейінгі дозаларда енгізілгеннен кейін адалимумаб фармакокинетикасы бірнеше зерттеулерде зерттелген. Таралу көлемі (Vss) 4,7 л-ден 6,0 л дейін құрады, одан адалимумабтың тамырлық және тамырдан тыс кеңістік арасында шамамен бірдей таралатыны көрінеді. Адалимумаб әдетте 12 мл/сағаттан аспайтын клиренспен баяу шығарылады. Жартылай шығарылуының орташа терминалдық кезеңі 10-нан 20 тәулікке дейінгі диапазонда болып, шамамен 2 аптаны құрады. Клиренсі мен жартылай шығарылу кезеңі зерттелген дозалар диапазонында салыстырмалы түрде өзгеріссіз қалды, ал көктамыр ішіне және тері астына енгізгеннен кейінгі терминалдық жартылай шығарылу кезеңі ұқсас болды. Ревматоидты артритке шалдыққан пациенттердегі адалимумаб концентрациясы синовиальді сұйықтықта қан сарысуындағы деңгейінен 31-96 % құрады.

Тепе-тең жағдайдағы адалимумаб фармакокинетикасы

Ревматоидты артриті (РА) бар пациенттерге 2 аптада 1 рет 40 мг дозадағы Хумира препаратын тері астына енгізгеннен кейін адалимумаб жинақталуы жартылай шығарылу көрсеткішіне негізделіп жорамалданды. Тепе-тең концентрациялары 5 мкг/мл-ден бастап (метотрексатты қатарлас қолданусыз), 8-9 мкг/мл дейін (метотрексатпен) құрады. Қан сарысуындағы адалимумаб концентрациялары тепе-тең жағдайда 2 аптада 1 рет немесе апта сайын тері астына енгізілген 20, 40 және 80 мг дозаға пропорционал дерлік арта түсті. Ұзақ мерзімді зерттеулерде (2 жылдан астам) клиренстің уақыт өтуімен өзгеруі анықталмаған.

Псориазға шалдыққан пациенттерде орташа тепе-тең концентрациясы 2 аптада 1 рет 40 мг дозадағы адалимумабпен монотерапия кезінде 5 мкг/мл құрады.

1200-ден аса пациенттегі деректердің қауымдық фармакокинетикалық талдауында бір мезгілде метотрексат қолданудың адалимумабтың көріністі клиренсіне өз меншікті ықпалын (CL/F) жүзеге асыруы анықталған («Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуін» қараңыз). Күтілгендей, денеге салмақ қосумен және адалимумабқа қарсы антиденелер қатысуымен адалимумабтың көріністі клиренсінің жоғарылау үрдісі байқалды.

Дені сау еріктілерде және РА бар пациенттерде адалимумаб фармакокинетикасы ұқсас болды. Әртүрлі жынысты және алуан нәсілді тұлғаларда фармакокинетикасының ерекшеліктері білінбеген.

Фармакодинамикасы

Хумира препараты (адалимумаб) – бұл құрамында адамда тек пептидті бірізділіктерде болатын рекомбинантты адам моноклональді антиденесі (IgG1). Хумира препараты фагтық көріністеу технологиясы бойынша жасалған, ол адамға ғана тән ауыр және жеңіл IgG1 тізбектерінің ауытқымалы аумақтарын алуға мүмкіндік берді, ал олар ісік некрозы факторына (ІНФ) қатысты өзіндік ерекшелігін, сондай-ақ адамның ауыр IgG1 тізбегін және капп-типті жеңіл тізбектерінің бірізділігін танытады. Адалимумаб ісік некрозының ерігіш факторымен (альфа- ІНФ) жоғары дәрежелі тектестікпен және спецификалы байланысады, бірақ лимфотоксинмен (бета-ІНФ) емес. Хумира препараты сүт қоректілер жасушалары экспрессияланатын жүйеде рекомбинантты ДНҚ алу арқылы өндіріледі. Молекулалық салмағы 148 килодальтонға жуық 1300 амин қышқылынан тұрады.

Адалимумаб альфа-ІНФ-мен спецификалы байланысып және альфа-ІНФ биологиялық әсерлерін бейтараптандырып, оның жасуша беткейіндегі ІНФ p55 және p75 рецепторларымен өзара әрекеттесуін бөгейді. ІНФ – бұл организмнің қалыпты қабыну және иммундық реакцияларына қатысатын эндогенді цитокин. ІНФ жоғары деңгейлері ревматоидты артритке (РА), ювенильді ревматоидты артритке (ЮРА), псориазды артритке (ПсА) және шорбуынданатын спондилитке (ШС) шалдыққан пациенттердің синовиальді сұйықтығынан табылады. ІНФ осы ауруларға тән болатын патологиялық қабыну дамуында және буындар тіндерінің ыдырауында маңызды рөл атқарады. ІНФ жоғары деңгейлері псориазды түйіндақтардан да табылады. Хумира препаратын түйіндақты псориазы бар пациенттерде қолдану эпидермистің қалыңдауын және қабынған жасушалармен инфильтрациялануын азайта алады. Осы фармакодинамикалық әсерлер мен Хумира препараты өзінің клиникалық тиімділігін танытатын механизм (-дер) арасындағы өзара байланыс белгісіз.

Адалимумаб лейкоциттер көшуіне жауапты адгезия молекулалары (IC50 1-2 х 10-10 М тұсындағы ELAM-1, VCAM-1 және ICAM-1) концентрацияларын өзгертумен қоса, альфа-ІНФ индукциялайтын немесе реттейтін биологиялық жауап реакцияларын да түрлендіреді.

РА бар пациенттерде Хумира препараты, бастапқы параметрлермен салыстырғанда, жедел фазадағы қабыну көрсеткіштері деңгейлерінің (С-реактивті ақуыздың (СРА), эритроциттер мен сарысулық цитокиндердің (IL-6) шөгу жылдамдығының) тез азаюына әкелді. CРА деңгейлерінің төмендеуі ювенильді ревматоидты артриті (ЮРА), Крон ауруы және ойық жаралы колиті бар пациенттерде де Крон ауруына шалдыққан пациенттердің тоқ ішегінде лейкоцитарлық антиген (HLA-DR) және миелопероксидаза (МРО) сияқты қабыну маркерлері мен альфа-ІНФ экспрессиясының едәуір азаюымен қатар байқалды. Сонымен бірге, Хумира препараты тағайындалғаннан кейін шеміршек ыдырауының негізінде жатқан тіндердің қайта пішінделуін туындататын матрикстік металлопротеиназалар (MMP-1 және MMP-3) сарысулық деңгейлерінің төмендеуі байқалды. РА, псориазды артрит (ПсА) пен шорбуынданатын спондилитке (АС) шалдыққан науқастарда ауырлығы әлсізден орташа дәрежеге дейінгі анемия мен лимфоцитопения, сондай-ақ нейтрофильдер мен тромбоциттер санының көбеюі жиі байқалады. Хумира препаратын қолданғанда, әдетте, созылмалы қабынудың гематологиялық көрсеткіштерінің жақсаруы байқалады.

Қолданылуы

Ревматоидты артрит

Хумира препараты (метотрексатпен біріктірілімде) көрсетілген:

- метотрексатты қоса, ауру ағымын модификациялайтын ревматизмге қарсы препараттарға тиісті жауап болмағанда ересек пациенттердегі белсенділігі орташа және жоғары дәрежедегі ревматоидты артритті емдеу,

- метотрексатпен алдын ала ем алмаған ересектерде белсенді және үдемелі ревматоидты артриттің ауыр түрін емдеу.

Хумира препаратын метотрексатты көтере алмайтын немесе метотрексат қолданылатын емді жалғастыру мүмкін емес жағдайда монотерапия режимінде қолдануға болады.

Хумира препараты метотрексатпен біріктіріп қолданғанда рентгенографиямен расталған буындар зақымдануының үдеу жиілігінің төмендеуін және функционалдық статустың жақсаруын көріністеді.

Псориазды артрит (ПсА)

Хумира препараты псориазды артриті бар ересек пациенттердегі белсенді артрит белгілері мен симптомдарын азайту үшін; аурудың симметриялық полиартикулярлы түріне шалдыққан пациенттерде рентгенографиялық өлшенген шеткергі буындар зақымдануының үдеуін баяулату үшін және функционалдық жағдайын жақсарту үшін көрсетілген.

Хумира препаратын бөлек немесе метотрексатпен немесе ауруды модификациялайтын ревматизмге қарсы басқа препараттармен (DMARD) бірге қолдануға болады.

Аксиальді спондилоартрит

Шорбуынданатын спондилит (ШС)

Хумира препараты белсенді шорбуынданатын спондилиті бар ересек пациенттерде аурудың белгілері мен симптомдарын азайту үшін көрсетілген.

Рентгенографиялық емес аксиальді спондилоартрит (АС рентгенографиялық расталмайтын аксиальді спондилоартрит)

Хумира препараты белсенді рентгенографиялық емес аксиальді спондилоартриті бар ересек пациенттерде ауру белгілері мен симптомдарын азайту үшін көрсетілген.

Крон ауруы (КА)

Хумира препараты белсенділігі орташа және жоғары дәрежедегі Крон ауруына шалдыққан ересек пациенттерде дәстүрлі ем тиімсіз болғанда, сондай-ақ инфликсимаб қолдануға клиникалық жауабын жоғалтқан немесе соңғысына көтере алмаушылық танытқан пациенттерде ауру белгілері мен симптомдарын азайту үшін, клиникалық ремиссияны индукциялау және қолдау үшін көрсетілген.

Ойық жаралы колит (ОК)

Хумира препараты кортикостероидтармен және/немесе 6-меркаптопуринмен немесе азатиопринмен емдеу қамтылатын дәстүрлі ем клиникалық жауап бермеген немесе көтере алмаушылық құбылысын берген немесе бастапқыда қарсы көрсетілімді болған ересек пациенттерде белсенділігі орташа және жоғары дәрежедегі ойық жаралы колитті емдеу үшін көрсетілген.

Түйіндақты псориаз (ТП)

Хумира препараты фототерапия қамтылатын басқа жүйелі ем нұсқаларын қолдану медициналық қарсы көрсетілімдері болуынан немесе асқынулардың дамуынан, тиімсіздігінен мақсатқа сай келмейтін орташа ауыр немесе ауыр түйіндақты псориазға шалдыққан ересек пациенттерді емдеу үшін көрсетілген.

Педиатрияда

Ювенильді ревматоидты артрит (ЮРА)

Полиартикулярлы ювенильді идиопатиялық артрит

Хумира препараты белсенділігі орташа және жоғары дәрежедегі полиартикулярлы артритке шалдыққан 4 жастан бастап және одан үлкен балаларда (2 жастан бастап Хумира препаратын құтыдағы шығарылымы түрінде қолдануға болады) ауру белгілері мен симптомдарын азайту үшін көрсетілген.

Хумира препаратын метотрексатпен бірге немесе монотерапия түрінде қолдануға болады.

Энтезит-байланысты артрит

Хумира препараты дәстүрлі емге талапқа сай жауап бермеген немесе оның көтерімсіздігін көріністеген 6 жастан бастап және одан үлкен пациенттерде белсенді энтезит-байланысты артритті емдеуге көрсетілген.

Крон ауруы (КА)

Хумира препараты белсенділігі жоғары дәрежедегі Крон ауруына шалдыққан 6 жастан бастап және одан үлкен балаларда дәстүрлі ем тиімсіз болғанда ауру белгілері мен симптомдарын азайту үшін, клиникалық ремиссияны индукциялау және қолдау үшін көрсетілген.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ревматоидты артрит, псориазды артрит және аксиальді спондилоартрит (шорбуынданатын спондилит және рентгенографиялық емес аксиальді спондилоартрит)

Ересектерге ұсынылған дозасы тері астына 2 аптада 1 рет 40 мг құрайды. Хумира препаратымен ем кезінде метотрексат, глюкокортикоидтар, салицилаттар, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар, анальгетиктер немесе ауруды модификациялайтын ревматизмге қарсы басқа препараттар (DMARD) қолдануды жалғастыруға болады.

Метотрексат қолданбайтын РА бар кейбір науқастарда тері астына препаратты аптасына 1 рет 40 мг дейін енгізу жиілігін арттыру өзін-өзі ақтауы мүмкін.

Крон ауруы

Ремиссияны индукциялауға ұсынылатын бастапқы дозасы 80 мг (1 күні) құрайды, кейіннен 2 апта өткенде теріастылық доза 40 мг дейін (15 күні) азайтылады. Егер клиникалық жауапты тезірек алу қажет болса, бастапқыда 1-ші күні 160 мг қолданылады (бір күнде 40 мг-ден төрт инъекция немесе екі күн қатарынан 40 мг-ден екі инъекция түрінде енгізіледі), одан кейін 2 апта өткенде (15 күні) тері астына 80 мг доза қолданылады.

2 апта өткенде (29 күні) 2 аптада 1 рет тері астына 40 мг дозада демеуші ем басталады. Хумира препаратымен ем кезінде аминосалицилаттар, кортикостероидтар және/немесе иммуносупрессанттар (мысалы, 6-меркаптопурин мен азатиоприн) қолдануды жалғастыруға болады.

Клиникалық жауап азайғанда кейбір пациенттерге препарат енгізу жиілігін тері астына аптасына 1 рет 40 мг дейін арттыру қажет болуы мүмкін.

Емдеудің 4-ші аптасында клиникалық жауапқа жетпеген кейбір пациенттерге демеуші емді 12 аптаға дейін жалғастырған жөн. Осы мерзім аралығында клиникалық жауабы байқалмайтын пациенттерде емді жалғастыру қажеттілігін мұқият қайта қарау керек.

Демеуші ем кезінде кортикостероидтар дозасын клиникалық тәжірибеге сүйеніп азайтуға болады.

Ойық жаралы колит

Белсенділігі орташа және ауыр дәрежелі ойық жаралы колиті бар ересек пациенттерге ұсынылған бастапқы дозасы 0 аптада 160 мг (дозаны бір күнде 4 инъекция түрінде немесе екі күн қатарынан күніне 2 инъекциядан енгізуге болады) және 2 апта өткенде 80 мг (2 апта) құрайды. Бастапқы емнен кейін ұсынылған доза 2 аптада 1 рет теріастылық инъекция түрінде 40 мг құрайды. Хумира препаратымен ем кезінде аминосалицилаттар, кортикостероидтар және/немесе иммуносупрессанттар (мысалы, 6-меркаптопурин мен азатиоприн) қолдануды жалғастыруға болады.

Демеуші ем кезінде кортикостероидтар дозасын клиникалық практикаға сүйеніп азайтуға болады.

Клиникалық жауап азайғанда кейбір пациенттерге препарат енгізу жиілігін тері астына аптасына 1 рет 40 мг дейін арттыру қажет болуы мүмкін.

Клиникалық жауапқа 2-8 апта емделу кезінде жетуге болады. Хумира препаратымен емді емдеудің алғашқы 8 аптасында клиникалық жауапқа жеткен пациенттерде ғана жалғастыруға болады.

Түйіндақты псориаз

Ересектерге ұсынылған бастапқы доза 80 мг құрайды, 1 апта өткенде тері астына 40 мг қолданылады. Демеуші ем – 2 аптада 1 рет тері астына 40 мг.

Педиатрияда

Ювенильді ревматоидты артрит (ЮРА)

Полиартикулярлы ЮРА түріне шалдыққан 2-ден 12 жасқа дейінгі балалар үшін ұсынылған Хумира препаратының дозасы дене беткейі ауданына байланысты болады және ең жоғары дозаға 24 мг/м2 дейін болады:

20 мг (2-ден 4 жасқа дейінгі балалар үшін) 2 аптада 1 рет, тері астына;

40 мг (4 - тен 12 жасқа дейінгі балалар үшін) 2 аптада 1 рет, тері астына.

Бір рет енгізуге арналған препарат ерітіндісінің көлемі, төмендегі кестеде көрсетілгендей, пациенттің бойы мен дене салмағы негізінде есептеледі.

1 кесте. ЮРА бар сәбидің бойы мен дене салмағына сай Хумира препаратының мл дозасы

Бойы

(см)

Дене салмағы (кг)

10

15

20

25

30

35

40

45

50

55

60

65

70

80

0,2

0,3

0,3

0,3

     

 

     

 

 

90

0,2

0,3

0,3

0,4

0,4

0,4

     

 

     

100

0,3

0,

0,3

0,4

0,4

0,4

0,5

0,5

     

 

 

110

0,3

0,3

0,4

0,4

0,4

0,5

0,5

0,5

0,5

0,6

0,6

   

120

0,3

0,4

0,4

0,4

0,5

0,5

0,5

0,6

0,6

0,6

0,6

0,7

0,7

130

 

0,4

0,4

0,5

0,5

0,5

0,6

0,6

0,6

0,6

0,7

0,7

0,7

140

 

0,4

0,4

0,5

0,5

0,6

0,6

0,6

0,7

0,7

0,7

0,7

0,8*

150

   

0,5

0,5

0,6

0,6

0,6

0,7

0,7

0,7

0,7

0,8*

0,8*

160

   

0,5

0,5

0,6

0,6

0,7

0,7

0,7

0,8*

0,8*

0,8*

0,8*

170

     

0,6

0,6

0,6

0,7

0,7

0,8*

0,8*

0,8*

0,8*

0,8*

180

     

 

0,6

0,7

0,7

0,8*

0,8*

0,8*

0,8*

0,8*

0,8*

* Ең жоғары бір реттік дозасы - 40 мг (0,8 мл)

ЮРА полиартикулярлы түріне шалдыққан 13 жастан бастап және одан үлкен жасөспірімдерге препарат дозасы дене беткейі ауданына байланыссыз 2 аптада 1 рет 40 мг құрайды.

Энтезит-байланысты артрит

Хумира препаратының энтезит-байланысты артритке шалдыққан 6 жастан бастап және одан үлкен пациенттерге ұсынылатын дозасы теріастылық инъекция арқылы екі аптада бір рет қолданылатын адалимумабтың ең жоғары бір реттік 40 мг дозасымен дене беткейі ауданына 24 мг/м2 құрайды. Инъекция көлемі пациенттің бойы мен дене салмағының негізінде таңдалады (1 кесте).

Клиникалық жауапқа, қолда бар деректерге сай, әдетте емнің 12 аптасының ішінде жетуге болады. Аталған мерзім ішінде емдеуге жауабы байқалмайтын пациенттерде емді жалғастыру қажеттілігін қайта қарау керек.

Хумира препаратымен ем кезінде метотрексат, глюкокортикоидтар, салицилаттар, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар, анальгетиктер қолдануды жалғастыруға болады.

Хумира препаратын ЮРА бар 2 жастан кіші балаларда қолдану зерттелмеген.

Крон ауруы

Дене салмағы 40 кг-ден аз балаларға:

ұсынылған бастапқы доза (1 күні) 40 мг құрайды, кейіннен теріастылық доза 2 апта өткенде 20 мг дейін азайтылады (15 күні). Егер тезірек клиникалық жауап алу қажет болса, бастапқыда 1-ші күні 80 мг қолданады (бір күнде 40 мг-ден екі инъекция түрінде енгізіледі), содан кейін 2 апта өткенде (15 күні) тері астына 40 мг доза қолданылады.

2 апта өткенде (29 күні) 2 аптада 1 рет демеуші емді тері астына 20 мг дозада бастайды.

Клиникалық жауап азайғанда кейбір пациенттер 20 мг препаратты аптасына 1 рет тері астына енгізумен жиілігін арттыруды қажет етуі мүмкін.

Дене салмағы 40 кг және одан астам балаларға:

ұсынылған бастапқы доза (1 күні) 80 мг құрайды, кейіннен теріастылық доза 2 апта өткенде 40 мг дейін азайтылады (15 күні). Егер тезірек клиникалық жауап алу қажет болса, бастапқыда 1-ші күні 160 мг қолданады (бір күнде 40 мг-ден төрт инъекция түрінде немесе екі күн қатарынан 40 мг-ден екі инъекция түрінде енгізіледі), одан кейін 2 апта өткенде (15 күні) тері астына 80 мг доза қолданылады.

2 апта өткенде (29 күні) 2 аптада 1 рет тері астына 40 мг дозада демеуші ем басталады.

Клиникалық жауап азайғанда кейбір пациенттерге препаратты аптасына 1 рет тері астына 40 мг енгізу жиілігін арттыру керек болуы мүмкін.

12 апта ішінде клиникалық жауабы байқалмаған пациенттерде емді жалғастыру қажеттілігін қайта қарау керек.

Хумира препаратын Крон ауруы бар 6 жасқа толмаған балаларда қолдану зерттелмеген.

40 мг аз дозада енгізу үшін Хумира препаратын құтыдағы шығарылымы түрінде қолданады.

Егде жастағы тұлғалар

Хумира препаратының клиникалық зерттеулерінде 10,3% пациент 65 жастан асқан және 2,2% - 75 жаста және одан үлкен болды. Осы екі топтағы тиімділік айырмасы байқалмаған. Аталған топ үшін дозаны түзету қажет емес.

Препаратты енгізуге дайындау

Хумира препараты дәрігердің қадағалауымен қолданылады. Дәрігер нұсқауы бойынша тері астына енгізу техникасына тиісінше үйретілген соң пациенттер препаратты өз бетінше немесе отбасы мүшелерінің біреуі, досы және т.б. енгізе алады.

Өз бетінше енгізу үшін ұсынылатын бөліктер – сан мен іш. Инъекция орындарын үнемі ауыстырып отырған дұрыс. Препаратты терісі сезімтал, қанталап тұрған, терісі қызарған немесе қатайып кеткен жерлерге енгізуге болмайды.

Парентеральді қолдануға арналған кез келген басқа препараттар сияқты, енгізер алдында ерітіндіде бөгде бөлшектер, түс және мөлдірлік өзгерісінің бар-жоғын қарап тексеру қажет.

Хумира препаратын кез келген өзге дәрілік заттармен бір еккіште немесе құтыда араластыруға болмайды.

Қолданудан кейін пайдаланылмаған ерітінді мен еккішті қолданымдағы нұсқауларға сәйкес жою қажет.

Пациенттер немесе олардың ата-аналары пациенттің ақпараттық картасымен танысып шығуы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Клиникалық зерттеулер барысында

Хумира препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі бұрынғы және ұзаққа созылатын РА, ЮРА, сондай-ақ ПсА, аксиальді спондилоартрит (АС және рентгенографиялық емес аксиальді спондилоартрит), КА, ЖК және псориазға шалдыққан 8198 пациенттің қатысуымен 60 ай және одан да ұзақ уақытқа созылған клиникалық зерттеулерде зерттелген.

Төменде Хумира препаратын қолданған 5343 пациент және бақыланған кезең ішінде плацебо немесе салыстыру препаратын қолданған 3148 пациент қатысқан негізгі бақыланатын зерттеулер кезінде алынған деректер берілген.

Негізгі клиникалық зерттеулер барысында Хумира препаратын алған 6,1 % пациент пен бақылау тобындағы 5,7% пациент жағымсыз реакцияларға орай емделуді тоқтатты.

Бақыланатын клиникалық зерттеулерде адалимумаб қолдану барысында байқалған ең жиі жағымсыз реакциялардың бірі ретінде енгізген жердегі реакциялар шамамен 14 % пациентте болуы мүмкін екені күтіледі.

2 кестеде РА, ЮРА, ПсА, аксиальді спондилоартрит (АС және рентгенографиялық емес аксиальді спондилоартрит), КА, ЖК немесе псориазға шалдыққан пациенттерде клиникалық зерттеулерде байқалған себеп-салдарлы байланысы болуы мүмкін жағымсыз реакциялар берілген. Жағымсыз реакциялар организмнің ағзалары мен жүйелеріне қарай және пайда болу жиілігі бойынша (≥ 1/10 – өте жиі, ≥1/100-ден ˂1/10 дейін – жиі; ≥ 1/1000-нан ˂1/100 дейін – жиі емес, ≥1/10000-нан ˂1/1000 дейін – сирек) орналасқан.

2 кесте

Организм ағзалары мен жүйелері

Жиілігі

Жағымсыз реакциялар

Инфекциялар және инвазиялар*

өте жиі

тыныс жолдарының инфекциялары (тыныс жолдарының төменгі және жоғарғы бөлімдерінің инфекцияларын, пневмония синусит, фарингит, ринофарингит, герпес вирусы туғызған пневмонияны қоса);

 

жиі

жүйелі инфекциялар (сепсис, кандидоз және тұмауды қоса) ішек инфекциялары (вирустық гастроэнтеритті қоса), тері және жұмсақ тіндердің инфекциялары (паронихия, целлюлит, импетиго, некрозды фасциит, белдемелі герпес), құлақ инфекциялары, ауыз қуысы инфекциялары (қарапайым герпес, ауыз қуысы герпесін және тіс инфекцияларын қоса), жыныс ағзаларының инфекциялары (зеңді вульвовагинитті қоса), несеп шығару жолдарының инфекциялары (пиелонефрит, зеңді инфекцияларды қоса), буындар инфекциялары;

 

жиі емес

оппортунистік инфекциялар (кокцидиоиодомикоз, гистоплазмоз және mycobacterium avium кешені инфекцияларын қоса) және туберкулез, неврологиялық инфекциялар (вирустық менингитті қоса), көз инфекциялары, бактериялық инфекциялар.

Қатерсіз және қатерлі жаңа түзілімдер (кисталар мен полиптерді қоса)*

жиі

қатерсіз жаңа түзілімдер, тері обыры, меланоманы қоспағанда (базальді-жасушалы карциноманы және жалпақ жасушалы карциноманы қоса);

жиі емес

лимфома**, паренхиматозды ағзалардың жаңа түзілімдері (сүт безі обырын, өкпе ісігін және қалқанша без ісігін қоса),

меланома**.

Қан жүйесі және лимфа жүйесі тарапынан бұзылыстар*

өте жиі

лейкопения (нейтропения мен агранулоцитозды қоса), анемия;

жиі

тромбоцитопения, лейкоцитоз;

жиі емес

идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура;

сирек

панцитопения.

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар*

жиі

аса жоғары сезімталдық, аллергия (маусымдық аллергияны қоса).

Зат алмасу, метаболизм бұзылулары

өте жиі

қандағы липидтер деңгейінің жоғарылауы;

жиі

гипокалиемия, гиперурикемия, қан плазмасындағы натрий концентрацияларының қалып шегінен ауытқулары, гипокальциемия, гипергликемия, гипофосфатемия, дегидратация.

Психикалық бұзылыстар

жиі

көңіл-күй өзгерістері (депрессияны қоса), үрейлену, мазасыздық.

Неврологиялық бұзылыстар*

өте жиі

бас ауыру;

жиі

парестезия (гипестезияны қоса), бас сақинасы, жүйке түбіршектерінің қысылуы;

жиі емес

тремор; нейропатия

сирек

жайылған склероз.

Көру ағзасы тарапынан бұзылулар

жиі

көру өткірлігінің бұзылуы, конъюнктивит, блефарит, көз ісінуі;

жиі емес

диплопия.

Есту ағзасы және вестибулярлы аппарат тарапынан бұзылыстар

жиі

вертиго;

жиі емес

кереңдік, құлақтың шыңылдауы.

Кардиальді бұзылулар*

жиі

тахикардия;

жиі емес

аритмия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі;

сирек

жүректің тоқтап қалуы.

Қантамырлық бұзылыстар

жиі

артериялық гипертензия, қан кернеулері, гематома;

жиі емес

артериялар окклюзиясы, тромбофлебит, қолқа аневризмасы.

Тыныс алу жүйесінің, кеуде қуысы және көкірек ортасының ағзалары тарапынан бұзылулар

жиі

жөтел, демікпе, диспноэ;

жиі емес

өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы, интерстициальді өкпе ауруы, пневмонит.

Асқазан-ішек бұзылыстары

өте жиі

іштің ауыруы, жүрек айну және құсу;

жиі

асқазан-ішектен қан кету, диспепсия, гастроэзофагеальді рефлюкс, құрғақ синдром (Шегрен синдромы);

жиі емес

панкреатит, дисфагия, беттің ісінуі.

Гепатобилиарлы жүйе бұзылыстары*

өте жиі

бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы;

жиі емес

холецистит және холелитиаз, билирубин деңгейінің жоғарылауы, бауыр стеатозы.

Тері және тері асты шелі тарапынан өзгерістер

өте жиі

бөртпе (эксфолиативті бөртпені қоса);

жиі

қышыну, есекжем, экхимоздар (пурпураны қоса), дерматит (экземаны қоса), онихоклазия, қатты тершеңдік;

жиі емес

түнгі тершеңдік, тыртықтар.

Тірек-қозғалыс жүйесі және дәнекер тін тарапынан бұзылулар

өте жиі

қаңқа-бұлшықет ауыруы;

жиі

бұлшықеттер түйілуі (қан плазмасындағы креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауын қоса);

жиі емес

рабдомиолиз; жүйелі қызыл жегі.

Несеп шығару жүйесі тарапынан бұзылыстар

жиі

гематурия, бүйрек жеткіліксіздігі;

жиі емес

никтурия.

Ұрпақ өрбіту жүйесі және сүт бездері тарапынан бұзылыстар*

жиі емес

эректильді дисфункция.

Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі реакциялар

өте жиі

енгізген жердегі реакциялар (енгізген жердегі қызаруды қоса);

жиі

кеуденің ауыруы, ісіну;

жиі емес

қабыну.

Зертханалық зерттеулер

жиі

Қан ұю жүйесінің бұзылуы (ішінара белсенділенген тромбопласт уақытының (ІБТУ) ұзаруын қоса), аутоантиденелерге оң тестілер (екі тізбектік ДНҚ-ға антиденелерді қоса), қан плазмасындағы лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы.

Жаралар, уланулар, медициналық емшаралардың асқынулары*

жиі

баяу жазылу.

* - толығырақ ақпаратты «Қолдануға болмайтын жағдайлар», «Қолданылу ерекшеліктері» немесе «Жағымсыз әсері» бөлімдерінен табуға болады.

** - ашық зерттеулер кезеңін қоса.

Балалар

Әдетте, балаларда туындаған жағымсыз реакциялар жиілігі мен сипаты жағынан ересек пациенттерде байқалған жағымсыз реакцияларға ұқсас болды.

Енгізген жердегі реакциялар

Хумира препаратын алған ересектер мен балаларда бақыланатын клиникалық зерттеулерде, бақылау тобындағы 7,6 % пациентпен салыстырғанда, 13,6 % жағдайда енгізілген жерде реакциялар (эритема және/немесе қышыну, қан құйылу, ауыру немесе ісіну) дамыды. Реакциялардың көпшілігі жеңіл болды, әрі жалпы препаратты тоқтатуды талап етпеді.

Инфекциялар

Бақыланатын клиникалық зерттеулерде ересектер мен балалардағы инфекциялар деңгейі Хумира препаратын алған пациенттер тобында 1,52/пациент жылын, ал пациенттерді бақылау тобында 1,45/пациент жылын құрады. Күрделі инфекциялар деңгейі Хумира препаратын алған пациенттер тобында 0,04/пациент жылын, ал бақылау тобында 0,03 пациент жылын құрады.

Көбінесе бұл назофарингит, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары және синусит болды. Пациенттердің көпшілігі сауыққан соң Хумира препаратын қолдануды жалғастырды.

Бақыланатын және ашық клиникалық зерттеулерде ересектер мен балаларда ауыр инфекциялардың (өліммен аяқталуы сирек): туберкулездің (соның ішінде милиарлы және өкпеден тыс орналасқан) және инвазиялық оппортунистік инфекциялардың (диссеминацияланған гистоплазмоз, пневмоцисттік пневмония, аспергиллез, листериоз) дамуы хабарланды.

Жаңа түзілімдер және лимфопролиферация бұзылыстары

Адалимумабтың клиникалық зерттеулері кезінде ЮРА бар 249 балада қатерлі жаңа түзілімдер байқалмаған (655,6 пациент-жыл).

Қосымша, Крон ауруы бар 192 баладағы клиникалық зерттеуде қатерлі жаңа түзілімдер байқалмаған (258,9 пациент-жыл).

Хумира препаратының 12 апта бойы бақыланатын зерттеулері кезінде (лимфома мен терінің меланомалы емес обырын қоспағанда) белсенділігі орташадан жоғары дәрежеге дейінгі РА бар ересек пациенттерде, ПсА, аксиальді спондилоартрит (АС және рентгенографиялық емес аксиальді спондилоартрит), КА, ЖК және псориазға шалдыққан пациенттерде жаңа түзілімдер деңгейі (95% сенім аралығы), бақылау тобындағы 2828 пациенттер арасында 1000 пациент жылына келетін 5,1 (2,4-10,7) деңгеймен салыстырғанда, Хумира препаратын қабылдаған 4622 пациент арасында 1000 пациент жылына 6,0 (3,7-9,8) құрады (орташа емдеу ұзақтығы Хумира препараты үшін 5,1 ай және бақылау тобындағы пациенттер үшін 4 ай).

Терінің меланомалы емес обырының деңгейі (95% сенім аралығы) Хумира препаратын қабылдаған пациенттер арасында 1000 пациент жылын 9,7 (6,6-14,3), ал бақылау тобындағы пациенттер арасында 1000 пациент жылын 5,1 (2,4-10,7) құрады. Келтірілген тері обырының пайда болу жағдайларының арасында жалпақ жасушалы карцинома (95% сенім аралығы) Хумира препаратын қабылдаған пациенттер арасында 1000 пациент жылын 2,6 (1,2-5,5), ал бақылау тобындағы пациенттер арасында 1000 пациент жылын 0,7 (0,1-5,2) құрады.

Лимфомалар деңгейі (95% сенім аралығы) Хумира препаратын қабылдаған пациенттер арасында 1000 пациент жылын 0,7 (0,2-3,0), ал бақылау тобындағы пациенттер арасында 1000 пациент жылын 1,5 (0,4-5,8) құрады.

Жаңа түзілімдердің байқалатын деңгейі (лимфома мен терінің меланомалы емес обырын қоспағанда) бақыланатын зерттеулерде, сондай-ақ ашық кезеңнің жалғасатын және аяқталған зерттеулерінде шамамен 8,8/1000 пациент жылын құрады. Терінің меланомалы емес обырының байқалатын деңгейі шамамен 10,3/1000 пациент жылын, ал лимфомалар деңгейі шамамен 1,4/1000 пациент жылын құрады. Осы зерттеулердің орташа ұзақтығы шамамен 3,4 жыл құрап, Хумира препаратын кем дегенде 1 жыл бойы алған 5727 пациентті қамтиды немесе ем басталғаннан бір жыл ішінде жаңа түзілімдер пайда болғандарда емнің 24568/пациент жылынан аса құрайды.

Аутоантиденелер

I – V фазадағы ревматоидты артриттің клиникалық зерттеулері барысында пациенттерге аутоантиденелердің бар-жоғына бірнеше рет қан талдауы жасалды. Осы бақыланатын зерттеулерде Хумира препаратын қабылдаған 11,9% пациентте және плацебодағы 8,1% пациентте антинуклеарлы антиденелердің оң титрлері туралы хабарланды, емдеудің белсенді мониторингінде 24 аптада теріс титрлер байқалды.

Екі пациентте (клиникалық сынақтар кезінде Хумира препаратын алған РА, ПСА және АС бар 3989 пациенттен) емдеуді тоқтатқаннан кейін жоғалған жегі тәріздес синдром белгілері (алғаш анықталған) дамыды. Бірде-бір пациентте люпус-нефрит немесе орталық жүйке жүйесінің зақымданулары дамымаған. Хумира препаратын ұзақ уақыт қолданудың аутоиммундық аурулар дамуына ықпал етуі белгісіз.

Псориаз

Хумира препараты қамтылатын ІНФ-блокаторлармен емдеу аясында пустулезді псориаз бен алақан-табан псориазын қоса, псориаз пайда болған жаңа жағдайлар жөнінде, сондай-ақ псориаз ағымы нашарлаған жағдайлар хабарланған. Пациенттердің көпшілігі иммуносупрессанттарды (мысалы, метотрексат, кортикостероидтар) қатар алды. Осы пациенттердің кейбірін ауруханаға жатқызу қажет болды. Көптеген пациенттерде ІНФ-альфа блокаторын тоқтатудан соң псориаз ағымының жақсаруы байқалды. Кейбір пациенттерде әртүрлі ІНФ блокаторлар қолдануға қайта жасалған әрекеттен кейін қайталану байқалды. Ауыр жағдайларда, сондай-ақ егер псориаз ағымының жақсаруы байқалмаса немесе нашарлауы байқалса, жергілікті емдеуге қарамастан, Хумира препаратын қолдануды тоқтату мәселесін қарастыру керек.

Бауыр ферменттерінің белсенділігі

3 фазада бақыланатын клиникалық зерттеулерде (екі аптада 1 рет тері астына 40 мг) 4-тен 104 аптаға дейін созылған бақылау кезеңіндегі ревматоидты артрит пен псориазды артритке шалдыққан пациенттерде жоғарғы қалып шегінен 3 немесе одан көп есе асып кететін АЛТ жоғарылауы Хумира препаратын алған 3,7% пациентте және бақылау тобындағы 1,6% пациентте байқалды. Осы зерттеулерде пациенттердің көбі бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауын туғызатын дәрілер (мысалы, ҚҚСП, метотрексат) қабылдағандықтан, Хумира препараты мен бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы арасындағы өзара байланыс белгісіз.

3 фазада бақыланатын клиникалық зерттеулерде тиісінше, (1-ші және 15 күні, бастапқы доза 160 мг және 80 мг немесе 80 мг және 40 мг, ал артынан екі аптада 1 рет 40 мг), Крон ауруы бар пациенттерде 4-тен 52 аптаға дейін созылатын бақылау кезеңінде жоғарғы қалып шегінен 3 немесе одан да көп есе асып кететін АЛТ жоғарылауы екі топта да 0,9% пациентте байқалды.

3 фазада бақыланатын клиникалық зерттеулерде тиісінше, (1-ші және 15 күні, бастапқы доза 160 мг және 80 мг, артынан екі аптада 1 рет 40 мг) ойық жаралы колитке шалдыққан пациенттерде 1-ден 52 аптаға дейін созылатын бақылау кезеңінде жоғарғы қалып шегінен 3 немесе одан да көп есе асып кететін АЛТ жоғарылауы Хумира препаратын алған 1,5% пациентте және бақылау тобындағы 1,0% пациентте байқалды.

3 фазада бақыланатын клиникалық зерттеулерде (бастапқы доза 80 мг, артынан екі аптада 1 рет 40 мг) түйіндақты псориазға шалдыққан пациенттерде 12-ден 24 аптаға дейін созылатын бақылау кезеңінде жоғарғы қалып шегінен 3 немесе одан да көп есе асып кететін АЛТ жоғарылауы екі топта да 1,8% пациентте байқалды.

3 фазада бақыланатын клиникалық зерттеулерде (екі аптада 1 рет 40 мг) аксиальді спондилоартритке (АС және рентгенографиялық емес аксиальді спондилоартрит) шалдыққан пациенттерде 12-ден 24 аптаға дейін созылатын бақылау кезеңінде жоғарғы қалып шегінен 3 немесе одан да көп есе асып кететін АЛТ жоғарылауы Хумира препаратын алған 2,1 % пациентте және бақылау тобындағы 0,8% пациентте байқалды.

3 фазада бақыланатын клиникалық зерттеуде полиартикулярлы ЮРА түріне шалдыққан 4-тен 17 жасқа дейінгі пациенттерде және энтезитпен астасқан артриті бар 6-дан 17 жасқа дейінгі пациенттерде жоғарғы қалып шегінен 3 немесе одан да көп есе асып кететін АЛТ жоғарылауы Хумира препаратын алған 6,1 % пациентте және бақылау тобындағы 1,3% пациентте байқалды. Көпшілік жағдайларда бұл реакция метотрексатпен біріктірілген адалимумабпен емге туындады.

3 фазадағы клиникалық зерттеуде ЮРА полиартикулярлы түріне шалдыққан 2-ден 4 жасқа дейінгі пациенттерде ондай реакция байқалмаған.

3 фазадағы клиникалық зерттеуде Крон ауруына шалдыққан балаларда дене салмағына екі есе дозалау режимінің тиімділігі мен қауіпсіздігі бағаланып, кейіннен ем ұзақтығының 52 аптаға дейін созылуымен дене салмағына сай дозалау режиміне дейін келтірілген (дене салмағы < 40 кг балалар үшін: бастапқы доза (1 күні) - 80 мг, сосын 40 мг (15 күні), демеуші доза (29 күні және кешірек) – аурудың ауырлық дәрежесіне қарай 20 мг немесе 10 мг; дене салмағы > 40 кг балалар үшін: бастапқы доза (1 күні) - 160 мг, артынан 80 мг (15 күні), демеуші доза (29 күні және кейінірек) – аурудың ауырлық дәрежесіне қарай 40 мг немесе 20 мг), жоғарғы қалып шегінен 3 немесе одан да көп есе асып кететін АЛТ жоғарылауы 2,6 % (5/192) пациентте байқалған, олардың 4-і Хумира препаратын иммуносупрессанттарды бір мезгілде қолдану аясында алған.

Клиникалық сынаққа алынған пациенттердегі барлық көрсетілімдер үшін АЛТ көтерілуі симптомсыз және емді жалғастыру кезіндегі көпшілік жағдайларда өтпелі болды. Постмаркетингтік бақылау кезінде ІНФ блокаторларын, соның ішінде адалимумаб алған науқастардағы бауыр жеткіліксіздігін қоса, күрделі бауыр реакциялары туралы өте сирек хабарланды. Адалимумабпен себеп-салдарлы байланысы анықталмаған күйде қалды.

Азатиоприн/6-меркаптопуринмен бір мезгілде қолдану

Клиникалық зерттеулерде азатиоприн/6-меркаптопуринмен бір мезгілде Хумира препаратымен ем алған Крон ауруына шалдыққан ересек пациенттерде жаңа түзілімдер мен ауыр инфекциялар түріндегі жағымсыз реакциялардың пайда болу жиілігі, Хумира препаратымен монотерапияда жүрген пациенттермен салыстырғанда, жоғары болды.

Постмаркетингтік бақылау кезінде немесе IV фазадағы клиникалық зерттеулерде хабарланған қосымша жағымсыз реакциялар (3 кесте).

Осы ақпарат өз алдына келіп түскендіктен, олардың жиілігі мен себеп-салдарлы байланысын бағалау үнемі мүмкін бола бермейді.

3 кесте.

Организм ағзалары мен жүйелері

Жағымсыз реакциялар

Инфекциялар және инвазиялар

Дивертикулит

Қатерсіз, қатерлі және анықталмаған жаңа түзілімдер (кисталар мен полиптерді қоса)*

гепатолиенальді Т-жасушалы лимфома, лейкоз, Меркель карциномасы (терінің нейроэндокринді карциномасы)

Иммундық жүйе тарапынан бұзылу*

анафилаксия, саркоидоз

Неврологиялық бұзылыстар*

демиелинизациялаушы бұзылулар (мысалы, көру жүйкесінің невриті, Гийен-Барре синдромы), инсульт

Тыныс алу жүйесінің, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар

өкпе эмболиясы, плевралық жалқық, өкпе фиброзы

Асқазан-ішек бұзылыстары*

ішектің тесілуі

Гепатобилиарлы жүйе бұзылыстары*

В гепатитінің қайта белсенділенуі, бауыр жеткіліксіздігі, гепатит

Тері және тері асты шелі тарапынан өзгерістер

тері васкулиті, Стивенс-Джонсон синдромы, ангионевротикалық ісіну, псориаз ағымының нашарлауы немесе жаңа жағдайлары (соның ішінде алақан-табандық пустулезді псориаз), мультиформалы эритема, алопеция

Тірек-қозғалыс жүйесі және дәнекер тін тарапынан бұзылулар

жегі тәріздес синдром

Жүрек-қантамырлық бұзылыстар

миокард инфарктісі

Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі реакциялар

пирексия

Жағымсыз әсерлері

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- адалимумабқа немесе препараттың қандай да бір басқа компонентіне жоғары сезімталдық

- белсенді туберкулез немесе сепсис сияқты басқа да ауыр инфекциялар және оппортунистік инфекциялар («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

- орташа-ауыр және ауыр жүрек жеткіліксіздігі (NYHA бойынша III/IV класы) («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Клиникалық зерттеуге қатысқан РА бар пациенттерде (21 пациент) Хумира препараты мен метотрексат бір мезгілде қолданылғанда қан сарысуындағы метотрексат концентрациясының бейіндерінде ешқандай статистикалық мәнді өзгерістер табылмаған. Алайда метотрексат бір рет және бірнеше рет қолданылғанда адалимумаб клиренстері, тиісінше, 29% және 44% азайды. Сондықтан Хумира препаратын немесе метотрексат дозаларын өзгерту қажет емес.

Хумира препараты мен басқа препараттар (метотрексатпен емес) арасындағы өзара әрекеттесу зерттелмеген. Клиникалық зерттеулерде Хумира препаратын DMARD препараттарымен (сульфасалазин, гидрохлорохин, лефлуномид және алтын препараттары), глюкокортикоидтармен, салицилаттармен, қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен немесе анальгетиктермен қолданылғанда клиникалық мәнді өзара әрекеттесу байқалмаған.

Айрықша нұсқаулар

Биологиялық препараттардың қолданылуын бақылауды жақсарту мақсатында енгізілген препараттың саудалық атауын, серия нөмірін анық тіркеу қажет.

Инфекциялар

Ауыр инфекциялар: бактериялық, микобактериялық, инвазиялық зеңді (диссеминацияланған немесе экстрапульмональді гистоплазмоз, аспергиллез, кокцидоидомикоз), вирустық, паразиттік немесе басқа да оппортунистік инфекциялар ІНФ блокаторларын қолданған пациенттерде байқалды. Хумира препараты қамтылатын ІНФ антагонистерін қолдану кезінде сепсистің, сирек сипатта туберкулез, кандидоз, листериоз, легионеллез және пневмоцисттік инфекцияның дамуы жөнінде де хабарланған. Клиникалық зерттеулерде басқа да күрделі инфекциялар: пневмония, пиелонефрит, сепсистік артрит және септицемия байқалды. Дамыған инфекцияларға шалдыққан (соның ішінде өліммен аяқталған) пациенттердің ауруханаға жатқызылғаны жөнінде хабарламалар болды. Ауыр инфекциялардың көпшілігі иммуносупрессиялық дәрілерді қолданудың және негізгі аурудың аясында дамыды. Созылмалы немесе шоғырланған инфекцияларды қоса, инфекция үдерісі белсенді пациенттерде инфекция бақылауға алынғанша Хумира препаратын қолдануға болмайды. Туберкулезбен ауыратын науқаспен байланыста болған немесе туберкулезге шалдығу деңгейі жоғары елдерден немесе микозға қатысты (гистоплазмоз, кокцидоидомикоз немесе бластомикоз) эндемиялық аймақтардан оралған пациенттерде Хумира препаратын қолдану басталғанша пайда/қауіп арқатынасын бағалау керек («Басқа да оппортунистік инфекцияларды» қараңыз). Басқа ІНФ антагонистерін қолдану кезіндегідей, инфекцияның (соның ішінде туберкулез) даму мүмкіндігін есепке алып, Хумира препаратымен емдеуге дейін, ем кезінде және одан кейін пациенттерді мұқият қадағалау керек. Толық тексеруден өткізу көлемін орындап, Хумира препаратымен емделу кезінде жаңа инфекция дамыған пациенттерді мұқият бақылау қажет. Ауыр инфекция немесе сепсис кезінде емдеу тоқтатылады және инфекция толық бақылауға алынғанша микробқа қарсы немесе зеңге қарсы тиісті препараттар қолданылады. Рекуррентті инфекциялары бар пациенттерде немесе инфекцияның даму бейімділігін арттыратын преморбидті жай-күйлерде Хумира препаратын ерекше сақтықпен қолдану керек.

Туберкулез

Хумира препаратымен ем алған пациенттерде өкпелік және өкпелік емес түрлерін (яғни, диссеминацияланған туберкулёз) қоса, жаңа туберкулёз инфекциясы дамыған және қайта белсенділенген жағдайлар хабарланды. Хумира препаратымен ем басталғанша пациенттер белсенді және белсенді емес («жасырын») туберкулез тұрғысынан тиянақты тексерілуі тиіс. Тексеруде туберкулезге шалдыққан пациенттің сыртартқысына толық баға беру немесе белсенді туберкулезбен науқас адамдармен байланыста болу мүмкіндігі және бұрын жүргізілген немесе қатарлас иммуносупрессиялық ем жөніндегі мәліметтер қамтылуы тиіс. Барлық пациенттерге ем басталғанша терінің туберкулин тестісі (Манту сынамасы) мен кеуде қуысы рентгенографиясын жасаған жөн. Жасырын туберкулезді диагностикалау жүргізілгенде диаметрі 5 мм немесе одан артық тығызданудың (папула) болуы (бұрын жүргізілген БЦЖ вакцинациясын есептемегенде) терінің туберкулин тестісінің оң нәтижесі болып саналады. Туберкулезге шалдығу деңгейі жоғары елдерден оралған немесе белсенді туберкулезі бар науқаспен тығыз байланыста болған пациенттерде анықталмаған жасырын туберкулездің болуы мүмкін екенін ескеру керек. Егер белсенді туберкулез диагностикаланса, Хумира препаратымен ем жүргізілмеуі тиіс. Жасырын туберкулез жағдайында Хумира препаратымен ем басталар алдында спецификалық профилактикалық емін жүргізген жөн. Туберкулез инфекциясы дамуының қауіп факторлары бар пациенттерде Хумира препаратымен ем басталар алдында туберкулезге қарсы ем қолдану қажеттілігін таразылаған жөн, бірақ жасырын туберкулезге тест жасалғанда теріс нәтиже алғандарда және сыртартқысында жасырын немесе белсенді туберкулёз болған пациенттерде тиісінше емдеу расталмауы мүмкін. Мұндай пациенттердегі туберкулезге қарсы емдеуді бастау жөніндегі шешім фтизиатрмен кеңесуден және жасырын туберкулездің даму қатерін және туберкулезге қарсы емдеу қауіпсіздігін бағалаудан соң қабылданады. Жасырын туберкулезді спецификалық емдеу Хумира препаратымен ем алатын пациенттердегі туберкулездің қайта белсенділену қатерін азайтады. Туберкулёздің профилактикалық еміне қарамастан Хумира препаратымен ем алатын пациенттерде қайта белсенділену жағдайлары туындады. Белсенді туберкулез жағдайлары Хумира препаратын алған, жасырын туберкулез инфекциясына жасалған скрининг нәтижелері теріс пациенттерде де дамыды, ал кейбір пациенттерде белсенді туберкулёз сәтті емделгеннен кейін ІНФ блокаторларымен емдеу кезінде туберкулёз дамыды. Хумира препаратын қолдану кезінде, әсіресе, жасырын туберкулезге жасалған тестілердің жалған-теріс нәтижелерін алу мүмкіндігін ескеріп (мысалы, ауыр науқастарда және иммунитеті төмендеген пациенттерде), пациенттерді белсенді туберкулез белгілері мен симптомдарының болуына қатысты қарап тексеру керек.

Барлық пациенттерге Хумира препаратымен емдеу кезінде немесе одан кейін туберкулезді еске салатын белгілер/симптомдар (мысалы, тұрақты жөтел, дене салмағының кемуі, субфебрильді температура, апатия) білінгенде дәрігерден кеңес алу қажет екені ескертілуі тиіс.

Басқа оппортунистік инфекциялар

Хумира препаратымен емделу кезінде оппортунистік инфекциялардың, соның ішінде инвазиялық зеңді инфекциялардың дамуы хабарланды. Кейде мұндай инфекциялар дер мезгілінде диагностикаланбаған, бұл емнің кеш басталуына әкелді, ал кейде өліммен аяқталды. ІНФ блокаторларымен ем алған пациенттер гистоплазмоз, кокцидоидомикоз, бластомикоз, аспергиллез, кандидоз және басқалары сияқты күрделі зеңді инфекциялардың дамуына бейім болып келеді. Барлық пациенттерді қызба, дімкәстану, дене салмағының кемуі, қатты тершеңдік, жөтел, ентігу және/немесе өкпедегі инфильтраттар немесе күрделі жүйелі ауру белгілері (шокпен немесе онсыз) дамығанда оппортунистік инфекциялар қоздырғыштарын анықтау тұрғысынан дереу тексеру керек.

Микозға қатысты эндемиялық аймақтарда тұратын немесе болатын пациенттерде жүйелі зеңді инфекциялардың тиісті симптомдары білінгенде инвазиялық зеңді инфекциялардан күдіктену керек. Гистоплазмоз немесе басқа да инвазиялық зеңді инфекциялардың жоғары даму қаупі бар болғандықтан, қоздырғыш анықталғанша зеңге қарсы сынақтық ex juvantibus емін жүргізген жөн. Кейбір пациенттерде гистоплазмоз антигені немесе антиденелерін анықтаған тест нәтижелері тіпті белсенді инфекция тұсында да теріс болуы мүмкін. Қажет болса, мұндай науқастарда зеңге қарсы сынақтық ем қолдану туралы шешімді зеңді инфекцияның даму қатеріне, сондай-ақ зеңге қарсы ем қолданудан болатын қауіпке берілген бағаны ескеріп, дәрігер-микологпен кеңесуден кейін қабылдау керек. Ауыр зеңді инфекция дамығанда инфекция симптомдары жойылып кеткенше ІНФ-альфа блокаторын қолдануды тоқтату ұсынылады.

В гепатитінің қайта белсенділенуі

ІНФ-альфа блокаторларын қолдану осы вирустың тұрақты иеленушісі болып табылатын пациенттерде В гепатиті вирусының (ВГВ) қайта белсенділенуімен байланысты болды. Кейбір жағдайларда ІНФ блокаторларымен емдеу аясында ВГВ қайта белсенділенуі өліммен аяқталды. Көпшілік жағдайларда пациенттер иммундық жүйені бәсеңдететін басқа да медициналық препараттарды бір мезгілде алған, бұл ВГВ қайта белсенділенуіне ықпал етуі мүмкін. ІНФ блокаторларын қолдану басталғанша ВГВ бойынша қауіп тобындағы пациенттерді тексеруден өткізу керек. ВГВ тасымалдаушы пациенттерге ІНФ-альфа блокаторларын сақтықпен тағайындап, ал тағайындалған жағдайда – емдеу кезінде және емді тоқтатқаннан кейін бірнеше ай ішінде ВГВ қайта белсенділену белгілері мен симптомдарының пайда болуын мұқият қадағалау керек. Тасымалдаушыларда ІНФ-альфа блокаторларымен бір мезгілде ВГВ қайта белсенділенуінің профилактикасына арналған вирусқа қарсы препараттар қолдану тиімділігі мен қауіпсіздігіне қатысты деректер жоқ. ВГВ қайта белсенділенуінде Хумира препаратымен емдеуді тоқтатып, вирусқа қарсы тиімді ем және тиісті демеуші ем тағайындау керек.

Неврологиялық бұзылыстар

ІНФ-альфа блокаторлары, соның ішінде Хумира препараты қолданылғанда, орталық жүйке жүйесін демиелинизациялайтын аурулар (жайылған склероз, көру жүйкесінің невриті) және шеткергі жүйке жүйесін демиелинизациялайтын аурулардың (Гийен-Барре синдромын қоса) клиникалық симптомдары және/немесе рентгенологиялық белгілері пайда болған немесе өршіген бірлі-жарым жағдайлар хабарланды. Орталық және шеткергі жүйке жүйесінің демиелинизация бұзылулары бар пациенттерде Хумира препаратын қолданудың пайда/қаупін мұқият бағалау ұсынылады. Бұл бұзылулардың кез келгені туындаған жағдайда Хумира препаратын қолдануды тоқтату туралы шешім қабылдау керек. Бұл бұзылулардың кез келгені туындаған жағдайда Хумира препаратын қолдануды тоқтату туралы шешім қабылдау керек.

Қатерлі жаңа түзілімдер

ІНФ-альфа блокаторларының бақыланатын клиникалық зерттеулерінде ІНФ-альфа блокаторын алған пациенттер арасындағы қатерлі жаңа түзілімдердің дамуы жөнінде бақылау тобындағы пациенттер арасындағыдан жиірек хабарланды. Алайда бақылау тобындағы пациенттердің шағын іріктелуі және зерттеулер ұзақтығының жеткіліксіздігі белгілі бір қорытындылар жасауға мүмкіндік бермейді. Оның үстіне, бұрыннан келе жатқан белсенділігі жоғары РА бар пациенттерде лимфоманың пайда болу қаупі артады, бұл қауіптің бағалануын қиындатады. Хумира препаратының ұзаққа созылатын ашық клиникалық зерттеулерінде қатерлі жаңа түзілімдер пайда болуының жалпы жиілігі осындай жас, жыныс және нәсіл ерекшелігіне тән параметрлері бар жалпы қауымда күтілуі мүмкін жиілікке ұқсас. Алайда ІНФ антагонистерімен емделетін пациенттерде лимфомалардың немесе басқа да қатерлі жаңа түзілімдердің ықтималды даму қаупін жоққа шығаруға болмайды.

ІНФ-альфа блокаторларымен ем алған балалар мен жасөспірімдер арасында өліммен аяқталатын қатерлі жаңа түзілімдер дамыған жекелеген жағдайлар хабарланды. Осы жағдайлардың шамамен жартысы – ходжкиндік және ходжкиндік емес лимфомалар қамтылатын лимфомалар. Басқа жағдайлар қатерлі жаңа түзілімдердің алуан түрлерінде болды, олардың арасында, әдетте, иммуносупрессиямен байланысты болатын қатерлі жаңа түзілімдердің сирек жағдайлары хабарланды. Қатерлі жаңа түзілімдер, орта есеппен, 30 ай емделуден кейін туындады. Пациенттердің көпшілігі бір мезгілде иммуносупрессанттар қабылдады. Бұл хабарламалар постмаркетингтік бақылау тұсында алынып, реестрлер мен постмаркетингтік есептер қамтылатын әртүрлі көздерден келіп түсті.

Постмаркетингтік тәжірибеде өте сирек адалимумаб қолданған пациенттерде гепатолиенальді Т-жасушалы лимфоманың (өте екпінді ағыммен сипатталатын және әдетте өліммен аяқталатын сирек типті лимфома) дамуы хабарланды. Осы пациенттердің көпшілігі бұрын ішектің қабыну ауруларын емдеуге арналған азатиопринмен немесе 6-меркаптопуринмен біріктірілген инфликсимабпен ем алған. Азатиоприн немесе 6-меркаптопуринді Хумира препаратымен бір мезгілде қолданудың әлеуетті қаупі тиянақты бағалануы тиіс. Гепатолиенальді Т-жасушалы лимфоманың дамуы мен адалимумаб қолдану арасындағы себеп-салдарлы байланыс түсініксіз күйде қалады.

Сыртартқысында қатерлі жаңа түзілімдері бар пациенттерде Хумира препаратын қолдану немесе қатерлі жаңа түзілім дамыған пациенттерде емді жалғастыруға қатысты зерттеулер жүргізілмеген. Бұл осындай науқастарда Хумира препаратын қолдану туралы шешім қабылданғанда ескерілу керек. Барлық пациенттерде, әсіресе, сыртартқыдағы қарқынды иммуносупрессиялық ем кезінде немесе PUVA-ем жүргізілген псориазы бар пациенттерде Хумира препаратын қолдануға дейін және қолдану кезінде меланомалы емес тері обырының бар-жоғын анықтау керек.

Постмаркетингтік тәжірибеде ревматоидты артрит, сондай-ақ басқа да көрсетілімдерде ІНФ-альфа блокаторларын қабылдауға байланысты жедел және созылмалы лейкемия жағдайлары хабарланды. Ревматоидты артритке шалдыққан пациенттер, жалпы қауымға қарағанда, тіпті ІНФ-альфа-блокаторларымен емделмесе де, лейкемияның дамуына қатысты жоғары қауіп тобында (іс жүзінде екі есе) болуы мүмкін.

Қазіргі сәтте адалимумаб қолданудың ішек дисплазиясы немесе обырының даму қаупіне ықпал ету-етпеуі белгісіз. Ішек дисплазиясы немесе обыры жоғары дамитын қауіп тобына кіретін ойық жаралы колиті бар (мысалы, ойық жаралы колит ұзаққа созылатын немесе алғашқы склероздаушы холангиті бар пациенттер) немесе сыртартқысында ішек дисплазиясы немесе обыры болған барлық пациенттер ем басталар алдында және бүкіл ауру барысында дисплазияның болуына қатысты ұдайы тексеруден өткізілуі тиіс. Тексеруде колоноскопия мен биопсия қамтылуы тиіс.

Аллергия

Клиникалық зерттеулер кезінде Хумира препаратымен байланысты күрделі аллергиялық реакциялар сирек туындады. Хумира препараты енгізілгеннен кейін анафилаксияны қоса, күрделі аллергиялық реакциялар хабарланды. Анафилаксиялық реакция немесе басқа күрделі аллергиялық реакция туындағанда Хумира препаратын қолдануды дереу тоқтатып, тиісті емдеуді бастау қажет.

Гематологиялық бұзылыстар

ІНФ блокаторларын қолдану кезінде панцитопения, апластикалық анемияның дамуы жөнінде сирек хабарланды. Хумира препаратын қолдану кезінде (себеп-салдарлы байланысы түсіндірілмеген) клиникалық мәні бар цитопенияның (тромбоцитопения, лейкопения) дамуы хабарланды. Барлық пациенттер Хумира препаратын қолдану аясында қан ауруларына тән белгілер немесе симптомдар (мысалы, үнемі ысыну, қанталаулар, қан кету, терінің және шырышты қабықтардың бозаруы) білінгенде шұғыл дәрігермен кеңесу қажеттілігі жөнінде ескертілген болуы тиіс. Пациенттерде қан тарапынан күрделі ауытқулар расталғанда Хумира препаратын қолдануды тоқтату қажеттілігін қарастыру керек.

Биологиялық DMARDs немесе ІНФ антагонистерімен бір мезгілде қолдану

Клиникалық сынақтар кезінде анакинра мен этанерсепт қатарлас қолданылғанда күрделі инфекциялар байқалды, этанерсепт монотерапиясымен салыстырғанда, олардың емдік артықшылықтары болмаған. Этанерсепт пен анакинрамен біріктіріп емдеу кезінде байқалған жағымсыз құбылыстар сипатына сүйенсек, анакинра мен ІНФ-альфа блокаторын біріктіргенде де осындай уыттану дамуы мүмкін. Сондықтан Хумира препараты мен анакинраның біріктірілімі ұсынылмайды.

Инфекция қатерінің болжамды жоғарылауына және басқа да әлеуетті фармакологиялық өзара әрекеттесулерді негізге алғанда, адалимумабты басқа биологиялық DMARDs (мысалы, анакинра мен абатацепт) немесе басқа ІНФ-альфа антагонистерімен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Иммуносупрессия

Хумира препаратының клиникалық зерттеулері кезінде РА бар 64 пациентте баяу типтегі аса жоғары сезімталдық бәсеңдеген, иммуноглобулиндер деңгейлері төмендеген немесе эффекторлық Т- және В-жасушалары, сондай-ақ NK-жасушалар|, моноциттер/макрофагтар және нейтрофильдер саны өзгерген жағдайлар байқалмаған.

Вакцинация

Пациенттерге, тірі вакциналар қолдануды қоспағанда, Хумира препаратын қолдану кезінде вакцинация жасауға болады. Хумира препаратын алған пациенттерде тірі вакциналармен инфекциялардың салдарлы берілуіне қатысты деректер жоқ.

ЮРА бар пациенттер үшін, мүмкіндігінше, Хумира препаратымен емдеу басталғанша қажетті екпелердің бәрін күнтізбеге сай өткізу ұсынылған.

Адалимумаб әсеріне жатыр ішінде ұшыраған сәбилерге жүкті кезінде анасына жасалған адалимумабтың соңғы инъекциясынан кейін 5 ай ішінде тірі вакциналар қолдану ұсынылмайды.

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (СЖЖ)

Хумира препаратын созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдану зерттелмеген, дегенмен басқа ІНФ-альфа блокаторымен жүргізілген клиникалық зерттеулерде, алғаш анықталған СЖЖ мен СЖЖ ағымының өршуін қоса, СЖЖ-мен байланысты жағымсыз құбылыстар жиілігінің жоғарылауы хабарланды. Хумира препаратымен емделіп жүрген пациенттерде СЖЖ үдеген жағдайлар да хабарланған. Хумира препаратын жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде олардың жай-күйін мұқият бақылаумен абайлап қолдану керек («Жағымсыз реакцияларды» қараңыз).

Аутоиммундық үдерістер

Хумира препаратымен емдеу аутоантиденелер туындауына түрткі болуы мүмкін. Хумира препаратын ұзақ уақыт қолданудың аутоиммундық аурулар дамуына ықпал етуі белгісіз. Жегілік синдромды еске салатын симптомдар білінгенде Хумира препаратымен емдеуді тоқтату қажет.

Емді үзу

Қолда бар деректер Хумира препаратын 70-күндік немесе одан көп үзілістен соң қайта қолданудың емді тоқтатуға дейін болған дәл сондай клиникалық жауап пен қауіпсіздік бейінінің жаңғыруына әкелетінін айғақтайды.

Балалар

«Қолданылуы» және «Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қараңыз.

ЮРА тұсында 2 жастан асқан балалардың қатысуымен клиникалық зерттеулер жүргізілген. Еккіштегі 2-ден бастап 4 жасқа дейінгі балаларға қажетті дозаны анықтау қиын екендіктен, Хумира препаратының құтылардағы басқа дәрілік түрі қолданылады.

2 жасқа толмаған балалардағы қауіпсіздігі мен тиімділігін растайтын деректер жоқ.

Егде жастағы тұлғалар

Хумира препаратын алған 65 жастан үлкен пациенттерде күрделі инфекциялардың даму жиілігі жасы кіші пациенттердегіден жоғары. Жалпы, клиникалық зерттеулерге 65 жастағы және одан асқан 10,3 % пациент қатысты, олардың 2,2 % шамасы  75 жастағы және одан асқан пациенттер. Егде жастағы пациенттерде инфекциялардың даму жиілігінің жоғары екеніне орай, осы жас санатындағы пациенттерге Хумира препаратын сақтықпен қолдану қажет.

Жүктілік және лактация кезеңі

Хумира препаратын жүктілік кезеңінде қолдануға қатысты клиникалық деректер шектеулі, дегенмен де, жүкті кезінде адалимумаб алған әйелдерден жаңа туған нәрестелердің қан сарысуына адалимумаб плацента арқылы өтуі мүмкін. Демек, бұл балаларда инфекция жұқтыру қаупі жоғары болуы ықтимал. Адалимумаб әсеріне жатыр ішінде ұшыраған сәбилерге жүкті кезінде анасына жасалған адалимумабтың соңғы инъекциясынан кейін 5 ай ішінде тірі вакциналар қолдану ұсынылмайды.

Адалимумабтың адамның сүтімен экскрециялануы немесе жұтқаннан кейін сіңуі белгісіз. Иммуноглобулиндердің емшек сүтімен шығарылуын ескеріп, әрі күрделі жағымсыз реакциялардың туындауы мүмкін екеніне орай, Хумира препаратымен емдеу аяқталғаннан кейін бес ай бойы емшекпен қоректендіру ұсынылмайды. Бала емізуді тоқтату немесе емдеуді тоқтату туралы шешім ана үшін емнің маңыздылығын ескеріп барып қабылданады.

Босану

Хумира препаратының босануға әсер етуі жөнінде деректер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Хумира көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне мардымсыз ықпал етуі мүмкін. Хумира препаратын қолдану вертиго пайда болуын немесе көру өткірлігінің бұзылуын туғызуы мүмкін («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз).

Артық дозалануы

Адам үшін Хумира препаратының ең жоғары көтерімді дозасы анықталмаған. Адалимумабтың клиникалық зерттеулерінде дозаны шектейтін уыттану жағдайлары болмаған. Пациенттерге 10 мг/кг дейінгі көптеген дозалары енгізілген, ол артық дозалануға байланысты уыттану белгілерімен қатар жүрмеген. Артық дозалану жағдайында жағымсыз реакциялардың қандай да бір белгілері немесе симптомдарының пайда болуына қатысты пациентті қадағалап, дереу тиісті симптоматикалық ем жүргізу қажет.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Резеңке тығынмен және жұлып алынатын бастырмасы бар алюминий қалпақшамен тығындалған бір рет қолдануға арналған шыны құтыда 0,8 мл препараттан.

1 жинақта 1 құты, 1 стерильді еккіш, 1 стерильді ине, құтыға арналған 1 стерильді адаптер, 70 % изопропилді спирт сіңдірілген 2 сүрткі болады.

Жинақ ішкі картон қорапқа салынған. 2 жинақтан сыртқы картон қорабымен медициналық қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге, сондай-ақ пациенттің медициналық қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпараттық карта түріндегі нұсқаулық қосымшасы болуы мүмкін.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық картон қаптамасында, 2-ден 8 °С-ге дейінгі температурада (тоңазытқышта) сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Веттер Фарма-Фертигунг ГмбХ және Ко. КГ, Германия/ Vetter Pharma-Fertigung GmbH & Co. KG, Germany

Серия шығарылымына жауапты

Эббви Биотекнолоджи ГмбХ, Германия/ AbbVie Biotechnology GmbH, Germany (Max-Planck-Ring 2, 65205 Wiesbaden, Germany)

Тіркеу куәлігінің иесі

Эббви Биофармасьютикалс ГмбХ, Швейцария / AbbVie Biopharmaceuticals GmbH, Switzerland.

Мекенжайы: Neuhofstrasse 23, 6341 Baar, Switzerland.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасындағы AbbVie Biopharmaceuticals GmbH компаниясының өкілдігі: Алматы қ., 050044, Сәтпаев к-сі 30A/1,

«Тенгиз Тауэрс» ТК, 97 кеңсе, тел. +7 727 222 14 18, факс. +7 727 398 94 88,

эл. поштасы: kz_ppd_pv@abbvie.com.

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың қауіпсіздігіне тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйымның мекенжайы: Қазақстан Республикасындағы AbbVie Biopharmaceuticals GmbH компаниясының өкілдігі: Алматы қ., 050044, Сәтпаев к-сі 30A/1,

«Тенгиз Тауэрс» ТК, 97 кеңсе, тел.: +7 727 222 14 18, факс: +7 727 398 94 88, эл. поштасы: kz_ppd_pv@abbvie.com

 

Хумира® (Humira®)

бір рет қолдануға арналған құтыдағы 40 мг/0,8 мл инъекцияға арналған ерітінді, өндіруші – Веттер Фарма-Фертигунг ГмбХ және Ко. КГ, Германия, серия шығарылымына жауапты – Эббви Биотекнолоджи ГмбХ, Германия препаратының медициналық қолдануы жөніндегі нұсқаулыққа

ҚОСЫМША

ИНЪЕКЦИЯНЫ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ САЛУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ

1) Дайындау

  • Сіздің препаратты қандай мөлшерде (көлемде) енгізу керегін білетініңізге көз жеткізіңіз.

  • Қолыңызды мұқият жуыңыз.

  • Картон қаптамадан бір еккіш, бір құты қондырмасы, бір құты, екі спиртті сүрткі және бір ине бар бір қорапты алыңыз. Егер картон қаптамада келесі инъекцияға арналған жинақ бар тағы бір қорап қалса, оны дереу тоңазытқышқа салыңыз.

  • Қорапта көрсетілген препараттың жарамдылық мерзімін тексеріңіз. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін жинақты ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.

  • Мына заттарды таза беткейге қойыңыз, осы сатыда оларды жеке қаптамасынан ШЫҒАРМАҢЫЗ.

  • Көлемі 1 мл бір еккіш (1)

  • Құтыға арналған бір адаптер (2)

  • Хумира®, инъекцияға арналған ерітінді препаратының бір құтысы (3)

  • Екі спиртті сүрткі (4)

  • Бір ине (5)

Прикрепленные файлы

927594681477976410_ru.doc 438 кб
471383211477977610_kz.doc 471 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники