Хофитол (Таблетки)

МНН: Артишока листьев экстракт
Производитель: Лаборатории Роза-Фитофарма
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний желчевыводящих путей
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015564
Период регистрации: 25.05.2015 - 25.05.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Хофитол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - артишок (жапырақтарының құрғақ, сулы сығындысы ) 200,0 мг

қосымша заттар:магний трисиликаты, жүгері крахмалы желатинделген, тальк, магний стеараты, гуммилак (шеллак), канифоль, желатин, сахароза, кальций карбонаты, дисперсті бояғыш, карнауб балауызы,

полисорбат 80.

(дисперсті бояғыш құрамы: сахароза, темірдің сары, қара және қоңыр тотығы (Е 172), метилпарагидроксибензоат (Е 218), этилпарагидроксибензоат (Е 214)).

Сипаттамасы

Екі беті дөңес, дөңгелек, қоңыр түсті қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Бауыр және өт шығару жолдары ауруларын емдеуге арналған препарат.

Өт шығару жолдары ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды A05AХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Артишок сығындысының құрамында полифенольді заттар (лютеолин, цинарин, кофеин, хлороген және ферул қышқылдары), биофлавоноидтар, инулин, минералдар мен микроэлементтер, витаминдер, сесквитерпенлактондар секілді биологиялық белсенді заттар кешені болуына және препараттың әсері оның барлық компоненттерінің біріккен әсерімен туындауына байланысты, кинетикалық зерттеу жүргізу мүмкін емес; барлық компоненттерін маркерлер немесе биозерттеулер көмегімен анықтау мүмкін емес. Осы себепті препараттың барлық метаболиттері анықталмайды.

Фармакодинамикасы

Препараттың фармакологиялық әсері егістіктік артишоктың құрамына кіретін биологиялық белсенді заттар кешенімен өзара байланысты.

Фармакодинамикалық зерттеулер өт айдайтын, гепатопротекторлық, антиоксиданттық, жұмсақ несеп айдайтын, гипохолестеринемиялық әсерлерін көрсетеді.

Гидроксиметилглутарил-КоА-редуктазаның инсулинмен белсенділенуін арнайы бөгеу арқылы, лютеолин, цинарин, кофеин, хлороген және ферул қышқылдары секілді полифенольді заттардың кешенді әсері басқа инсулинге тәуелді құбылыстарға (сүт қышқылының синтезі секілді) әсер етпей, холестериннің биосинтезіне кедергі етеді.

Кофеин қышқылы патогенді зеңдік флорамен синтезделетін афлатоксиннің деңгейін төмендетеді.

Кофеин қышқылының туындысы болып табылатын, Хлороген қышқылы, ас қабылдағаннан кейін қанда глюкозаның босап шығуын баяулатады және бауыр гликогенолизін азайтып, глюкоза-6-фосфатазаны тежейді.

Кофеин қышқылының метилденген түрі және лигноцеллюлозаның компоненті болып табылатын ферул қышқылы, лигнинді полисахаридтермен байланыстырады. Ферул қышқылының туындысы сколимозид және скополетин артериялық қысымды қалпына келтіреді, қабынуға қарсы әсер иеленген, негізгі эндогенді антидепрессант – серотониннің деңгейін жоғарылатады.

Цинарин, цианидин, цианопикрин кофеин қышқылының күрделірек туындылары болып табылады, антиоксидантты, өт айдайтын, спазмалитикалық, гепатопротекторлық әсер иеленген, өттің шығуын арттырады, холестерин деңгейін төмендетеді.

Биофлавоноидтар лютеолин, апигенин, гесперидин, кверцетин мен рутин қабынуға қарсы әсерімен антиоксиданттар болып табылады.

Лютеолин мен апигенин көмірсулар метаболизміне ықпал етеді, ФНО-альфа қабынуға қарсы цитокиндердің және ИЛ-1бета, ИЛ-6, ИЛ-4, ИЛ-13 интерлейкиндердің өндірілуі мен сөлінісіне кедергі етеді.

Апигенин несеп қышқылының түзілуін бөгейді.

Гесперидин жалпы холестериннің құрамын, артериялық қысымды төмендетеді. Кверцетин гистаминнің синтезі мен сөлінісін баяулатады, липоксигеназа ферменті мен CYP3A4 цитохромын тежейді.

Артишоктың құрамындағы минералдар мен микроэлементтер: кальций, калий, магний, темір, аскорбин қышқылы, сондай-ақ каротин, В1 және В2 витаминдері, инулин зат алмасу үдерістерінің қалпына келуіне ықпал етеді.

Натрийге қатысты калийдің жоғары құрамы тұз алмасуына оң әсер етеді.

Инулин иммунды жүйені стимуляциялайды, минералдардың жұтылуын жоғарылатады (әсіресе кальцийдің), атеросклероз қаупін азайтады және көмірсу алмасуы гормондары - инсулин мен глюкагон деңгейін модулдейді.

Әсер ету механизмі жасушалық ақуыздарға инулин метаболизмі өнімінің әсерімен өзара байланысты.

Қандағы және бауырдағы триглицеридтер деңгейінің төмендеуі липогенді ферменттердің белсенділігі төмендеуі нәтижесінде бауырдан өте төмен тығыздықтағы липопротеин сөлінісінің азаюы арқылы жүреді.

Осы ферменттердің белсенділігі тікелей инулин метаболиттерімен тежелуі арқылы төмендейді.

Сесквитерпенлактондар бүйректің шумақтық сүзіліс қабілетін жақсартады, жұмсақ калийжинақтайтын диурездік әсер иеленген, диурез бен азоттық зат алмасудың ақырғы өнімдері мен бауыр детоксикациясы өнімдерінің шығарылуын күшейтеді.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында

- гипокинетикалық тип бойынша өт шығаратын жолдардың дискинезиясында

- созылмалы калькулезді емес холециститте

- созылмалы гепатитте

- созылмалы нефритте.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке.

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларда 2-3 таблеткадан күніне 3 рет асқа дейін.

6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға 1 таблеткадан күніне 3 рет асқа дейін.

Емдеу курсының ұзақтығы 2-3 апта.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну)

Жоғары дозаларда ұзақ уақыт қабылдағанда

- диарея

- іштің ауыруы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- өттас ауруы

- механикалық сарғаю

- бауыр, бүйрек, өт- және несеп шығаратын жолдардың жедел аурулары

- бауырдың созылмалы жеткіліксіздігі

- 6 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталған жоқ

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік кезінде қолдану анасына деген болжамды пайдасы ұрық үшін әлеуетті қаупінен жоғары болған жағдайда ғана мүмкін болады.

Лактация кезінде қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалану

Симптомдары: диарея, іштің ауыруы.

Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 таблеткадан ПВХ үлбірден немесе ПВХ/ПВДХ/ПЭ үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

2 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

30 таблеткадан ПВХ үлбірден немесе ПВХ/ПВДХ/ПЭ үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

6 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Лаборатории Роза-Фитофарма», Франция

68 рю Жан-Жак Руссо 75001 Париж, Франция

Тіркеу куәлігінің иесі

«Лаборатории Роза-Фитофарма», Франция

68 рю Жан-Жак Руссо 75001 Париж, Франция

Тұтынушылардан өнім сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасындағы «FIC MEDICAL» (ФИК МЕДИКАЛЬ) ЖШС өкілдігі, Төле би к-сі 69, 33 кеңсе, 050000, Алматы, Қазақстан

тел.: +7 (727) 272 93 08, факс: +7 (727) 272 90 25

e-mail: fic_kz@ficmedical.kz

 

Прикрепленные файлы

302377251477976527_ru.doc 54.5 кб
011456931477977695_kz.doc 59.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники