Холрест

МНН: Розувастатина кальция (эквивалентно розувастатину)
Производитель: Майлан Лабораториз Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Rosuvastatin
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024567
Информация о регистрации в РК: 25.05.2020 - 25.05.2025

Инструкция

Саудалық атауы

Холрест

Халықаралық патенттелмеген атауы

Pозувастатин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 5 мг, 10 мг, 20 мг, 40 мг

Фармакотерапиялық тобы

Жүрек-қантамыр жүйесі. Липид-модификациялайтын препараттар. Липид-модификациялайтын препараттар, қарапайымдар. HMG-СоА-редуктаза тежегіштері. Pозувастатин.

АТХ коды С10АА07

Қолданылуы

- 18 жастан асқан ересектердегі бастапқы гиперхолестеринемияда (IIа типі: тұқым қуалайтын гетерозиготалы гиперхолестеринемияны да қоса) немесе аралас дислипидемияда (IIb типі) диетаға қосымша ретінде, тамақтануды түзету мен емнің дәрі-дәрмектік емес басқа әдістерінің (мысалы, дене жаттығулары, дене салмағын азайту) тиімділігі жеткіліксіз болғанда

- 18 жастан асқан ересектерде тұқым қуалайтын гомозиготалы гиперхолестеринемияны емдеу үшін, диетаға және қандағы липидтер деңгейін төмендетуге бағытталған басқа емдеу әдістеріне (мысалы, ТТЛП-аферез) қосымша ретінде, сондай-ақ, ол әдістердің тиімділігі жеткіліксіз болғанда

- алғашқы жүрек-қантамырлық құбылысқа бейімділігінің ықтималдылығы жоғары пациенттерде жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасы үшін, басқа қауіп факторларын түзетуге қосымша ретінде

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Розувастатин таблеткаларын:

- розувастатинге немесе қосымша компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерде,

- сарысудағы трансаминазалар белсенділігінің тұрақты жоғарылауын және қан сарысуындағы трансаминазалар белсенділігінің кез келген (ҚЖШ-мен салыстырғанда 3 еседен артық) жоғарылауын қоса, белсенді фазадағы бауыр аурулары кезінде,

- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде (креатинин клиренсі <30 мл/мин),

- миопатиясы бар пациенттерде,

- циклоспоринді бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде,

- жүктілік және лактация кезінде

- ұрпақ өрбітетін жастағы, контрацепцияның тиімді әдістерін пайдаланып жүрмеген әйелдерде

- 18 жасқа дейінгілерге қолдануға болмайды

40 мг дозасын миопатия/рабдомиолиз дамуының қауіп факторлары бар пациенттерге қолдануға болмайды.

Ондай факторларға жататындар:

- бүйректің орташа жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <60 мл/мин)

- гипотиреоз

- жеке немесе отбасылық анамнезде бұлшықет ауруларының болғандығы жөніндегі нұсқау

- анамнездегі ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштерін немесе фибраттарды қолдану аясындағы миоуыттылық

- алкогольді шамадан тыс пайдалану

- розувастатиннің плазмалық концентрациясының жоғарылауына алып келуі мүмкін жағдайлар

- азиялық нәсілді пациенттер

- фибраттарды бір мезгілде қолдану

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Дәрілік заттарды бірге қолданудың розувастатинге әсері

Тасымалдағыш ақуыздардың тежегіштері

Розувастатин ОАТР1В1 (гепатоциттердің статиндерді қармауына қатысатын органикалық аниондар тасымалының полипептиді) мен BCRP (эффлюкстік тасымалдағыш) қоса, белгілі бір тасымалдағыш ақуыздар үшін субстрат болып табылады. Розувастатинді тасымалдағыш ақуыздармен өзара әрекеттесудің есебінен розувастатиннің плазмадағы концентрациясын арттыратын дәрілік препараттармен бірге қолданғанда, миопатия қаупі жоғарылауы мүмкін (1 кестені қараңыз). 

Циклоспорин

Розувастатин мен циклоспоринді бір мезгілде қолданғанда розувастатиннің AUC мәні дені сау еріктілерде байқалған мәндерінен орташа алғанда 7 есе жоғарылайды (1 кестені қараңыз). Циклоспоринмен бір мезгілде ем қабылдап жүрген пациенттерге розувастатинді бірге қолдануға болмайды. Бір мезгілде қабылдау циклоспориннің плазмалық концентрациясына әсер етпейді.

Протеаза тежегіштері

Өзара әрекеттесуінің дәл механизмі белгісіз болғандықтан, АИТВ протеазасы тежегіштерін бір мезгілде қабылдау розувастатин экспозициясының елеулі жоғарылауына алып келуі мүмкін (1 кестені қараңыз). Мысалы, 10 мг розувастатинді дені сау еріктілерде құрамында АИТВ екі протеазасы бар (300 мг атазанавир/100 мг ритонавир) біріктірілген препаратпен бір мезгілде қолдануға жүргізілетін фармакокинетикалық зерттеу, шамамен розувастатиннің AUC(0-24) және Cmax мәндерінің сәйкесінше үш есе және жеті есе жоғарылауына алып келді. Сондықтан, розувастатинді және АИТВ протеазасының кейбір тежегіштерін бір мезгілде қабылдауды тек, розувастатин концентрациясының жоғарылауы мүмкіндігін ескере отырып, розувастатиннің дозасын тиісінше түзеткеннен кейін ғана тағайындау керек (1 кестені қараңыз).

Гемфиброзил және қандағы липидтер мөлшерін азайтатын басқа препараттар

Розувастатин мен гемфиброзилді бір мезгілде қолдану розувастатиннің Сmах пен AUC 2 есе жоғарылауына алып келеді. Спецификалық өзара әрекеттесуі бойынша деректерді негізге алсақ, фенофибраттармен фармакокинетикалық тұрғыдан елеуді өзара әрекеттесуі күтілмейді, фармакодинамикалық өзара әрекеттесуі мүмкін. Гемфиброзил, фенофибрат, басқа фибраттар және никотин қышқылының липидті төмендететін дозалары (көп дозалары немесе тәулігіне 1 г баламалы дозалары) ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда, олардың миопатия туғызуы мүмкіндігіне байланысты және монотерапия ретінде қолданғанда, миопатияның туындау қаупін арттырады. Фибраттармен бір мезгілде қолданғанда 40 мг дозасын қолдануға болмайды. Ондай пациенттерге препараттың 5 мг бастапқы дозасы ұсынылады.

Эзетимиб 

Розувастатин препаратын 10 мг дозада және эзетимибті 10 мг дозада бір мезгілде қолдану гиперхолестеринемиясы бар пациенттерде розувастатиннің AUC 1.2 есе жоғарылауымен қатар жүрді (1 кестені қараңыз). Розувастатин мен эзетимиб арасындағы өзара фармакодинамикалық әрекеттесуге байланысты, жағымсыз әсерлерінің туындау қаупінің артатындығын жоққа шығаруға болмайды.

Антацидтер

Розувастатин мен құрамында алюминий және магний гидроксиді бар антацидтер суспензияларын бір мезгілде қолдану, розувастатиннің плазмалық концентрациясының шамамен 50%-ға төмендеуіне алып келеді. Егер антацидтер розувастатинді қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң қолданылса, бұл әсерінің айқындығы әлсіздеу болады. Мұндай өзара әрекеттесуінің клиникалық маңыздылығы зерттелген жоқ.

Эритромицин

Розувастатин мен эритромицинді бір мезгілде қолдану розувастатиннің AUC 20%-ға және розувастатиннің Сmax 30%-ға азаюына алып келеді. Ондай өзара әрекеттесу эритромицинді қабылдаудан туындайтын, ішек моторикасының күшеюінің нәтижесінде туындауы мүмкін.

Р450 цитохромы ферменттері

Розувастатин Р450 цитохромы изоферменттерінің тежегіші немесе индукторы болып табылмайды. Бұдан өзге, розувастатин аталған изоферменттер үшін әлсіз субстрат болып табылады. Сондықтан, басқа дәрілік заттармен, розувастатиннің Р450 цитохромы қатысатын метаболизмі деңгейінде өзара әрекеттесуі күтілмейді. Розувастатиннің флуконазолмен (CYP2C9 және CYP3А4 изоферменттері тежегішімен) клиникалық тұрғыдан елеулі өзара әрекеттесуі байқалмады.

Розувастатиннің дозасын түзетуді қажет ететін дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі (1 кестені қараңыз)

Холрест препаратын розувастатинге экспозициясын арттыратын дәрілік заттармен бірге қолдану қажет болса, оның дозасын түзету керек. Егер экспозициясының 2 есе және одан да көп жоғарылағаны күтілсе, Розувастатин препаратының бастапқы дозасы тәулігіне 1 рет 5 мг құрауы тиіс. Сонымен қатар, розувастатин препаратының ең жоғарғы тәуліктік дозасын, розувастатинге күтілетін экспозиция розувастатинмен өзара әрекеттесетін дәрілік заттарды бір мезгілде тағайындаусыз қабылданған 40 мг дозасы үшін осындайдан аспайтындай қылып түзету керек. Мысалы, Розувастатин препаратының ең жоғарғы тәуліктік дозасы гемфиброзилмен бір мезгілде қолданғанда 20 мг (экспозициясының 1.9 есе жоғарылауы), ритонавирмен/атазанавирмен бір мезгілде қолданғанда – 10 мг (экспозициясының 3.1 есе жоғарылауы) құрайды.

1 кесте. Қатарлас емдеудің розувастатинге экспозицияға ықпалы (AUC, деректер азаюы тәртібімен келтірілген) – жарияланған клиникалық зерттеулердің нәтижелері

Қатарлас емдеу режимі

Розувастатинді қабылдау режимі

Розувастатиннің AUC өзгеруі *

Циклоспорин 75 - 200 мг тәулігіне 2 рет, 6 ай.

10 мг тәулігіне 1 рет, 10 күн

7.1 есе жоғарылайды

Атазанавир 300 мг/ритонавир 100 мг тәулігіне 1 рет, 8 күн

10 мг бір рет

3.1 есе жоғарылайды

Симепревир 150 мг тәулігіне 1 рет, 7 күн

10 мг бір рет

2.8 есе жоғарылайды

Лопинавир 400 мг/ритонавир 100 мг тәулігіне 2 рет, 17 күн

20 мг тәулігіне 1 рет, 7 күн

2.1 есе жоғарылайды

Клопидогрел 300 мг (жүктемелік дозасы), содан соң 24 сағаттан кейін 75 мг

20 мг бір рет

2 есе жоғарылайды

Гемфиброзил 600 мгтәулігіне 2 рет, 7 күн

80 мг бір рет

1.9 есе жоғарылайды

Элтромбопаг 75 мг тәулігіне 1 рет, 10 күн

10 мг бір рет

1.6 есе жоғарылайды

Дарунавир 600 мг/ритонавир 100 мг тәулігіне 2 рет, 7 күн

10 мг тәулігіне 1 рет, 7 күн

1.5 есе жоғарылайды

Типранавир 500 мг/ритонавир 200 мг тәулігіне 2 рет, 11 күн

10 мг бір рет

1.4 есе жоғарылайды

Дронедарон 400 мг тәулігіне 2 рет

Деректер жоқ

1.4 есе жоғарылайды

Итраконазол 200 мг тәулігіне 1 рет, 5 күн

Бір рет

1.4 есе жоғарылайды **

Эзетимиб 10 мг тәулігіне 1 рет, 14 күн

10 мг тәулігіне 1 рет, 14 күн

1.2 есе жоғарылайды **

Фосампренавир 700 мг/ритонавир 100 мг тәулігіне 2 рет, 8 күн

10 мг бір рет

Өзгеріссіз

Алеглитазар 0.3 мг, 7 күн

40 мг, 7 күн

Өзгеріссіз

Силимарин 140 мг тәулігіне 3 рет, 5 күн

10 мг бір рет

Өзгеріссіз

Фенофибрат 67 мг тәулігіне 3 рет, 7 күн

10 мг, 7 күн

Өзгеріссіз

Рифампин 450 мг тәулігіне 1 рет, 7 күн

20 мг бір рет

Өзгеріссіз

Флуконазол 200 мг тәулігіне 1 рет, 11 күн

80 мг бір рет

Өзгеріссіз

Эритромицин 500 мг тәулгіне 4 рет, 7 күн

80 мг бір рет

20%-ға төмендейді

Байкалин 50 мг тәулігіне 3 рет, 14 күн

20 мг бір рет

47%-ға төмендейді

* x есе өзгерісі ретінде келтірілген деректер, бірге қабылдау мен розувастатинді бөлек қабылдаудың қарапайым арақатынасы болып табылады. % өзгерісі түрінде келтірілген деректер, тек бір ғана розувастатинмен салыстырғандағы % айырмашылықты білдіреді.

** Розувастатиннің түрлі дозалары кезіндегі өзара әрекеттесулеріне бірнеше зерттеу жүргізілді, кестеде анағұрлым елеулі арақатынасы көрсетілген.

Розувастатинді қолданудың басқа препараттарға ықпалы

К дәруменінің антагонистері

К дәруменінің антагонистерін (мысалы, варфаринді) бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде розувастатинмен емдеуді бастау немесе препараттың дозасын арттыру Халықаралық Қалыптастырылған Қатынастың (ХҚҚ) жоғарылауына алып келуі мүмкін. Розувастатинді тоқтату немесе препараттың дозасын төмендету ХҚҚ азаюына алып келуі мүмкін. Ондай жағдайларда ХҚҚ бақылау ұсынылады.

Пероральді контрацептивтер/гормонорынбасушы ем

Розувастатин мен пероральді контрацептивтерді бір мезгілде қолдану этинилэстрадиолдың AUC мен норгестрелдің AUC сәйкесінше 26% және 34%-ға арттырады. Плазмалық концентрациясының мұндай жоғарылауы пероральді контрацептивтердің дозасын таңдаған кезде ескерілуі тиіс. Холрест препараты мен гормонорынбасушы емді бір мезгілде қолдануға қатысты фармакокинетикалық деректер жоқ, сәйкесінше, осы біріктірілімді қолданғанда да әсерінің ұқсас болатындығын жоққа шығаруға болмайды. Алайда, мұндай біріктірілімі клиникалық зерттеулер жүргізген кезде кеңінен қолданылған және пациенттерде жағымдылығы жақсы болған.

Дигоксин

Розувастатиннің дигоксинмен клиникалық тұрғыдан елеулі өзара әрекеттесуі күтілмейді.

Фузидий қышқылы

Розувастатиннің фузидий қышқылымен өзара әрекеттесуін зерттеулер жүргізілмеген. Фузидий қышқылын статиндермен бірге жүйелі түрде қолданғанда, рабдомиолизді қоса, миопатия қаупі жоғарылауы мүмкін. Бұл өзара әрекеттесуінің механизмі (фармакодинамикалық, фармакокинетикалық немесе біріктірілген екендігі) әлі анықталмаған. Рабдомиолиз жағдайлары (кей жағдайларда өлімге соқтыратын) туралы хабарланған. Ондай пациенттерді мұқият бақылау керек, және розувастатинді уақытша тоқтату қажеттілігі туындауы мүмкін.

Арнайы ескертулер

Бүйрек функциясына ықпалы

Розувастатинді жоғары дозаларда (әсіресе, 40 мг дозада), қабылдаған кейбір пациенттерде протеинурия байқалған. Протеинурия диагнозы индикаторлық жолақтардың көмегімен жүргізілетін несеп талдауы кезінде қойылған. Көпшілік жағдайларда, оның шығу тегі өзекшелік болып, өтпелі немесе интермиттирлейтін сипатты иеленген. Протеинурия салдарынан бүйректің жедел патологиясының дамығаны немесе созылмалы патологиясының үдегені болжанбаған. Тіркеуден кейінгі кезеңде бүйрек функциясының ауыр бұзылулары розувастатинді 40 мг дозада қабылдаған пациенттерде жиі байқалған. Препаратты осындай дозада қабылдап жүрген пациенттерді стандартты тексеру аясында, бүйрек функциясын бағалауды жүзеге асыру қажет.

Қаңқа бұлшықеттеріне ықпалы

Қаңқа бұлшықеттері тарапынан жағымсыз құбылыстар (мысалы, миалгия, миопатия (миозитті қоса), және сирек жағдайларда, рабдомиолиз препаратты кез келген дозаларда, әсіресе, көбіне 20 мг асатын дозаларда қабылдаған пациенттерде байқалған. Өте сирек жағдайда рабдомиолиз эзетимибпен және ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен қатарлас емдеу кезінде дамыған. Фармакодинамикалық өзара әрекеттесуін жоққа шығаруға болмайтын болғандықтан, аталған препараттарды бір мезгілде қолданғанда сақтық таныту керек. ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштерімен емдеген жағдайдағы сияқты, препаратты 40 мг дозада пайдаланғанда рабдомиолиздің даму жиілігі жоғары.

Креатинфосфокиназа (КФК) деңгейін анықтау

Қан сарысуындағы креатинкиназа деңгейін анықтауды қарқынды дене жүктемесінен кейін немесе креатинкиназа концентрациясы жоғарылауының басқа ықтимал себептері болған жағдайда жүргізбеу керек, өйткені ол нәтижелерді интерпретациялауды қиындатуы мүмкін. Егер креатинкиназаның бастапқы деңгейі едәуір жоғарыласа (қалыптың жоғарғы шегінен 5 есе жоғары), 5-7 күннен соң өлшеуді қайтадан жүргізу керек. Егер тестіні қайталағанда креатинкиназаның бастапқы деңгейі (қалыптың жоғарғы шегінен 5 еседен артық жоғары) расталса, емдеуді бастамаған дұрыс.

Емдеуді бастағанға дейін

ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштері сияқты, розувастатинді, миопатия (рабдомиолиз) дамуына бейім факторалары бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек: Ондай факторларға жататындар:

- бүйректің орташа жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <60 мл/мин)

- гипотиреоз

- пациентте немесе оның жақын туыстарында бұлшықет жүйесінің тұқым қуалайтын патологиясының көрсетілуі

- анамнездегі ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегішін немесе фибратты қабылдаумен байланысты миопатия

- алкогольді шамадан тыс пайдалану

- розувастатиннің плазмалық концентрациясының жоғарылауына алып келуі мүмкін жағдайлар

- азиялық нәсілді пациенттер

- фибраттарды бір мезгілде қолдану.

Препаратты ондай пациенттерге тағайындағанда, емнің ықтимал қаупі мен болуы мүмкін пайдасын мұқият салыстыру қажет. Бұдан өзге, клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады. Егер креатинкиназа деңгейі бастапқыда едәуір жоғарыласа (қалыптың жоғарғы шегінен 5 есе жоғары), розувастатинмен емдеуді бастауға болмайды.

Емдеу кезінде

Күтпеген жерден бұлшықет ауыруы, бұлшықет әлсіздігі немесе түйілулері пайда болған жағдайларда, әсіресе, дімкәстанумен және қызбамен біріксе, пациентке дереу дәрігерге хабарлау қажеттілігі туралы айту керек. Ондай пациенттерде КФК белсенділігіне мониторинг жүргізу керек. Егер КФК белсенділігі ҚЖШ-мен салыстырғанда 5 еседен артық жоғарыласа, немесе егер бұлшықет симптомдары күрт айқындалса және күнделікті жайсыздық туғызса (тіпті, егер КФК белсенділігі 5 есе төмен болса да) емдеуді тоқтату керек. Егер симптомдары жоғалса, және КФК белсенділігі нормаға қайтып келсе, препаратты немесе ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштерін азғантай дозаларда, дәрігердің мұқият қадағалауымен қайта қолдану мәселесін қарастыру керек. Рабдомиолиз симптомдары болмаған жағдайда, КФК дағдылы мониторингін жүргізу талапқа сай келмейді. Розувастатинді қоса, статиндермен емдеу кезінде немесе емдеуден кейін, иммунитет түрткі болған некроздайтын миопатия (IMNM) туралы сирек хабарламалар болды. IMNM клиникалық тұрғыдан бұлшықет әлсіздігімен және статиндермен емдеудің тоқтатылғанына қарамастан, сарысудағы креатинкиназа деңгейлерінің жоғарылауымен сипатталады.

Клиникалық сынақтарда розувастатин мен қатарлас емді қабылдаған пациенттердің азғантай санында қаңқа бұлшықеттері тарапынан жағымсыз әсерлердің көрініс беру жиілігінің артқанына дәлелдер болмаған. Дегенмен миозит пен миопатияның көрініс беру жиілігінің жоғарылауы ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегішерін гемфиброзилді қоса фиброн қышқылы туындыларымен бірге, циклоспоринді, никотин қышқылын, зеңге қарсы азолдық дәрілерді, протеаза тежегіштері мен макролидтік антибиотиктерді қабылдаған пациенттерде байқалған. ГМГ-КоА-редуктазаның кейбір тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда, гемфиброзил миопатия қаупін арттырады. Сондықтан, росувастатинмен және гемфиброзилмен біріктіріп емдеу ұсынылмайды. Росувастатинді фибраттармен немесе ниацинмен біріктіріп емдеу арқылы липидтер деңгейін ары қарай бақылаудың пайдасы ондай біріктірілімдерді қолданудың ықтимал қауіптеріне қарсы мұқият салыстырылуы тиіс. Фибраттармен бір мезгілде қолданғанда 40 мг дозасын қолдануға болмайды.

Розувастатинді фузид қышқылының жүйелі препараттарымен бір мезгілде және фузидин қышқылы туындыларымен емдеуді тоқтатқаннан кейін 7 күн бойы тағайындауға болмайды. Фузид қышқылын қолдану қажет деп саналған пациенттерде, статиндермен емдеуді фузидин қышқылы препараттарымен барлық емдеу курсы бойына тоқтату керек. Фузидин қышқылы мен статиндерді біріктіріп қабылдаған пациенттерде рабдомиолиз көрініс берген (соның ішінде, өлімге соқтырған кейбір жағдайларының да) жағдайлар туралы хабарланған. Күтпеген жерден бұлшықет ауыруы, бұлшықет әлсіздігі немесе түйілулері пайда болған жағдайда, пациентке дереу дәрігерге хабарлау қажеттілігі туралы айту керек. Статиндермен емдеуді фузидин қышқылының соңғы дозасын қабылдағаннан кейін жеті күннен қайта соң бастауға болады. Жекелеген жағдайларда, фузидий қышқылының жүйелі препараттарымен ұзақ уақыт емдеу қажет болса, мысалы, ауыр инфекцияларды емдеу үшін, розувастатин мен фузид қышқылын бір мезгілде қолдану мүмкіндігі тек жекелей және мұқият медициналық қадағалаумен қарастырылуы тиіс.

Розувастатинді миопатия туғызатын немесе бүйрек жеткіліксіздігінің дамуына бейім, рабдомиолизге қатысты екінші реттік жедел, ауыр жағдайы (мысалы, сепсис, гипотония, ауқымды операциялық араласым, жарақат, зат алмасудың ауыр бұзылулары, эндокриндік аурулар және электролит теңгерімінің бұзылулары, немесе бақыланбайтын құрысулар) бар пациенттерге тағайындамау керек.

Бауыр функциясына әсері

ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштері сияқты, розувастатинді алкогольді шамадан тыс пайдаланып жүрген және/немесе бауыр ауруы болған пациенттерде сақтықпен тағайындау керек.

Бауыр функциясы көрсеткіштерін анықтауды емдеу басталғанға дейін және емдеу басталғаннан кейін 3 айдан соң жүргізу ұсынылады. Егер қан сарысуындағы бауыр трансаминазаларының белсенділігі ҚЖШ 3 есе жоғары болса, препараттың дозасын азайту немесе қабылдауды тоқтату керек. Маркетингтен кейін қадағалау кезінде бауыр тарапынан ауыр бұзылулардың көрініс беру жиілігінің көрсеткіші (негізінен бауыр трансаминазалары деңгейлерінің жоғарылауы ретінде) 40 мг дозаларында жоғары.

Гипотиреоздан немесе нефроздық синдромнан туындаған салдарлы гиперхолестеринемиясы бар пациенттерде, негізгі ауруды росувастатинмен емдеу басталғанға дейін емдеу керек.

Нәсілдік ерекшелік

Фармакокинетикалық зерттеулер, еуропалықтармен салыстырғанда, азиялық нәсілді адамдарда розувастатиннің плазмадағы концентрациясының жоғарылағанын көрсетіп отыр.

Протеаза тежегіштері

Розувастатиннің жүйелі әсерінің жоғарылауы розувастатинді протеазаның түрлі тежегіштерімен бір мезгілде ритонавирмен біріктіріп қабылдаған пациенттерде байқалған. АИТВ инфекциясы бар, протеаза тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттерде розувастатинді пайдаланып липидтерді төмендетудің пайдасы, және розувастатинді тағайындағанда розувастатиннің плазмадағы концентрациясының жоғарылауы мүмкіндігін және протеаза тежегіштерін қабылдаған пациенттерде розувастатиннің дозасын титрлеу туралы мәселені қарастыру керек. Егер розувастатиннің дозасы түзетілмесе, протеазаның кейбір тежегіштерімен қатарлас қолдану ұсынылмайды.

Қосымша компоненттер

Розувастатин кальций таблеткаларының құрамында лактоза бар. Галактозаны көтере алмаушылық, Лапп лактазасы тапшылығы және глюкоза-галактоза мальабсорбциясы сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге бұл препаратты қабылдамау керек.

Өкпенің интерстициальді ауруы

Кейбір статиндерді, әсіресе, ұзақ уақыт бойы қолданғанда, өкпенің интерстициальді ауруының біран-саран жағдайлары туралы хабарланды. Аурудың көріністері ентігу, өнімсіз жөтел және жалпы ахуалдың нашарлауы (әлсіздік, дене салмағының төмендеуі және қызба) болуы мүмкін. Өкпенің интерстициальді ауруына күдіктенген жағдайда, статиндермен емдеуді тоқтату керек.

Қант диабеті

Кейбір деректер, статиндердің класс ретінде, қандағы глюкоза деңгейін арттыратынын, ал диабеттің даму қаупі жоғары кейбір пациенттерде гипергликемия деңгейіне дейін жоғарылауын туғызуы мүмкіндігін көрсетеді, ол кезде диабеттің сәйкесінше емін тағайындау қажет болады. Алайда, бұл қауіп статиндермен жағдайда қантамыр бұзылуларының даму қаупінің төмендеуімен салыстырылады, және сәйкесінше, статиндермен емдеуді тоқтатуға себеп болмауы тиіс. Қауіп бар (аш қарындағы глюкоза деңгейі 5,6-дан 6,9 ммоль/л дейін, ДСИ> 30 кг/м2, триглицеридтердің жоғарылығы, гипертония) пациенттер, ұлттық нұсқаулықтар қағидаларына сәйкес, клиникалық көрінісі бойынша да, биохимия бойынша да, бақылауда болуы тиіс.

Жүктілік және лактация кезеңі

Холрест препаратын жүктілік кезінде және емшек емізу кезеңінде қолдануға болмайды.

Ұрпақ өрбітетін жастағы әйелдер контрацепцияның талапқа сай әдістерін қолдануы тиіс.

Холестерин және холестерин биосинтезінің басқа да өнімдері шарана дамуы үшін маңызды, ГМГ-КоА-редуктаза тежелуінің ықтимал қаупі препаратты жүкті әйелдерде қолданудың пайдасынан асып түседі. Жануарларға жүргізілген зерттеулерден репродуктивтік уыттылығының расталуы шектеулі. Емдеу үдерісінде жүктілік диагнозы қойылған жағдайда, препаратты қабылдау дереу тоқтатылуы тиіс.

Розувастатин егеуқұйрықтарда емшек сүтіне өтеді. Розувастатиннің емшек сүтімен бөлініп шығуына қатысты деректер жоқ.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Холрест препаратының көлік құралын басқару және механизмдерді пайдалану қабілетіне әсерін зерттеу үшін зерттеулер жүргізілмеген. Автокөлік жүргізгенде немесе зейін қоюды қажет ететін жұмыс істеген кезде сақтық таныту керек, өйткені емдеу кезінде бас айналуы, әлсіздік туындауы мүмкін.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Емдеуді бастар алдында пациент холестерин деңгейін төмендететін стандартты диета ұстауы тиіс, ол емдеу кезінде де жалғаса беруі тиіс. Дозасы емнің мақсатына және пациенттің жауабына сәйкес жекелей, қолданыстағы келісілген нұсқауларды пайдалана отырып тағайындалуы тиіс.

Препаратты ішке, тәуліктің кез келген уақытында, ас ішуге байланыссыз қабылдайды.

Гиперхолестеринемияны емдеу

Препараттың ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегішімен ем қабылдаған пациенттер, сондай-ақ, бұрын статиндерді қабылдамаған адамдар үшін ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 5 мг немесе 10 мг құрайды. Бастапқы дозасын таңдағанда холестерин мөлшерінің деңгейін басшылыққа алу және жүрек-қантамыр асқынуларының ықтимал қаупін ескеру керек, сондай-ақ, жағымсыз әсерлердің дамуының ықтимал қаупін бағалау қажет. Қажет болған жағдайда, препаратты 4 апта қабылдаудан кейін дозасын арттыруға болады. 40 мг дозасын қабылдағанда жағымсыз әсерлер дамуы мүмкіндігіне байланысты, дозасын ең жоғарғы 40 мг дейін арттыруды тек, ауыр гиперхолестеринемиясы бар және жүрек-қантамыр асқынуларының қаупі жоғары (әсіресе, тұқым қуалайтын гиперхолестеринемия кезінде), 20 мг дозасын қабылдағанда емнің қалаған нәтижесіне қол жеткізе алмаған пациенттерде қарастыруға болады. Препаратты 40 мг дозада қабылдап жүрген пациенттің жай-күйін қадағалау ұсынылады. Сондай-ақ, 40 мг дозадағы Холрест препаратымен емдеуді дәрігердің қадағалауымен бастау керек.

Жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасы

Жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупін азайту үшін, препарат күніне 20 мг дозада қолданылады.

Препараттың егде жастағы адамдарда қолданылуы

Дозасын түзету қажет емес. Препараттың 70 жастан асқан пациенттер үшін ұсынылатын бастапқы дозасы 5 мг құрайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттердегі дозасы

Бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа дәрежелі бұзылуы бар пациенттерде дозасын түзету қажет емес. Бүйрек функциясының орташа бұзылулары бар (креатинин клиренсі <60 мл/мин) пациенттерде препаратты қабылдауды 5 мг дозасынан бастау ұсынылады. 40 мг дозасын бүйректің орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі кезінде препаратты кез келген дозаларында қолдануға болмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттердегі дозасы

Child-Pugh шкаласы бойынша бағасы 7 балл немесе одан төмен адамдарда розувастатиннің жүйелі экспозициясы жоғарыламаған. Child-Pugh шкаласы бойынша бағасы 8 және 9 балл пациенттерде жүйелі биожетімділігінің жоғарылағаны байқалған. Препаратты Child-Pugh шкаласы бойынша бағасы 9 балдан жоғары пациенттерде қолдану тәжірибесі жоқ. Холрест препаратын бауырдың белсенді фазадағы аурулары бар пациенттерге қолдануға болмайды.

Нәсілдік ерекшелік

Шығу тегі азиялық адамдарда препараттың жүйелі биожетімділігінің жоғарылауы тіркелген. Шығу тегі азиялық адамдар үшін препараттың ұсынылатын бастапқы дозасы 5 мг құрайды. Бұл топтағы пациенттерге 40 мг дозадағы Холрестпен емдеу қарсы көрсетілімді.

Генетикалық полиморфизм

Генетикалық полиморфизмнің кейбір, розувастатин экспозициясын арттыратын типтері белгілі. Генетикалық полиморфизмнің ондай типтері бар пациенттерде Холрест препаратының төменірек тәуліктік дозасы ұсынылады.

Миопатия дамуына бейімділігі бар пациенттердегі дозасы

40 мг дозадағы препаратты миопатия дамуына бейім факторлары бар пациенттерге тағайындауға болмайды. Пациенттердің аталған тобы үшін ұсынылатын бастапқы дозасы 5 мг құрайды.

Қатарлас ем

Розувастатин түрлі тасымалдағыш ақуыздардың (мысалы, OATP1B1 мен BCRP) субстраты болып табылады. Миопатияның (соның ішінде, рабдомиолиздің де) даму қаупі арта түседі розувастатинді, жоғарыда айтылған тасымалдағыш ақуыздармен өзара әрекеттесуінің нәтижесінде розувастатиннің плазмадағы концентрациясын арттыруға қабілетті кейбір препараттармен (мысалы, циклоспорин, сондай-ақ, протеазалардың кейбір тежегіштері, соның ішінде ритонавирдің атазановирмен, лопинавирмен және/немесе типранавирмен біріктірілімі) бір мезгілде қолданғанда арта түседі. Мүмкіндігінше, баламалы препараттарды қолдану, ал қажет болған жағдайда – розувастатинді уақытша тоқтата тұру мүмкіндігін қарастыру керек. Ондай дәрілік заттарды бірге қолданбауға болмайтын жағдайларда, біріктіріп емдеумен және розувастатиннің дозасын өзгертумен байланысты пайдасы мен қаупін мұқият қарастыру керек.

Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар

Розувастатинмен артық дозаланған кездегі арнайы емі немесе арнайы антидоты жоқ. Артық дозаланған жағдайда, асқазанды дер кезінде шаю және симптоматикалық ем ұсынылады, бауыр функциясы мен КФК белсенділігін бақылау, сондай-ақ, өмірлік маңызы бар ағзалар мен жүйелердің функцияларын демеп отыруға бағытталған шаралар қажет; гемодиализ тиімсіз.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

2 кесте. Клиникалық зерттеулер деректері мен маркетингтен кейінгі тәжірибенің негізіндегі жағымсыз реакциялар

Ағза жүйесінің класы

Жиі

Жиі емес

Сирек

Өте сирек

Белгісіз

Қан және лимфа жүйесі тарапынан

Тромбоцитопения

Иммундық жүйе тарапынан

Жоғары сезімталдық реакциялары, ангионевроздық ісінуді қоса

Эндокриндік жүйе тарапынан

Қант диабеті1

Психикалық бұзылыстар

Депрессия

Жүйке жүйесі тарапынан

Бас ауыруы, бас айналуы

Полинейропатия

Естен тану

Шеткері невропатия, ұйқы бұзылулары (соның ішінде, ұйқысыздық және түнгі шым-шытырықтар)

Респираторлық жүйе, кеуде және көкірекорта тарапынан

Жөтел, ентігу

Асқазан-ішек жолы тарапынан

Іш қатуы, жүрек айнуы, іш ауыруы

Панкреатит

Диарея

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан

Бауыр ферменттерінің жоғарылауы

Сарғаю, гепатит

Тері және теріасты тіндері тарапынан

Тері қышынуы, бөртпе, есекжем

Стивенс - Джонсон синдромы

Тірек-қимыл аппараты мен дәнекер тіндер тарапынан

Миалгия

Миопатия (миозитті қоса), рабдомиолиз

Артралгия

Сіңірлердің зақымданулары, кейде үзілумен асқынулары.

Иммунитет түрткі болған некроздайтын миопатия

Бүйрек және несеп шығару жүйесі тарапынан

Гематурия

Ұрпақ өрбіту жүйесі мен сүт бездері тарапынан

Гинекомастия

Организм тарапынан жалпылай және қолданылған аумақта

Астения

Ісінулер

1 Жиілігі қауіп факторларының (қанда аш қарындағы глюкоза деңгейі ≥ 5,6 ммоль/л, ДСИ> 30 кг/м2, триглицеридтердің жоғарылауы, бұрын болған гипертония) болуына немесе болмауына тәуелді болады.

ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштерін қолданғандағы сияқты, жағымсыз әсерлердің туындау жиілігі негізінен, дозаға тәуелді сипатты иеленеді.

Бүйрек тарапынан жағымсыз әсерлер

Импрегнацияланған субстратпен экспресс-сынама кезінде анықталған және негізінен, шығу тегі тубулярлық протеинурия, розувастатинді қабылдап жүрген пациенттерде көрініс беруі мүмкін. Несептегі ақуыз мөлшерінің болмауынан немесе іздік мөлшерлерінен ++ немесе одан да көп өзгерістері 10-20 мг препаратты қабылдап жүрген пациенттердің 1%-ынан азында, және 40 мг Холрест препаратын қабылдап жүрген пациенттердің шамамен 3%-ында байқалады. Несептегі ақуыз мөлшерінің болар болмас өзгеруі 20 мг дозасын қабылдағанда білінген. Көпшілік жағдайларда протеинурия азая түседі немесе емдеу үдерісінде жоғалып кетеді және туындағанын бүйректің жедел ауруын немесе бұрыннан бар ауруының үдегенін білдірмейді. Клиникалық сынақтар мен маркетингтен кейінгі тәжірибе деректерін шолудан қазіргі кезге дейін протеинурия мен бүйректің жедел немесе үдемелі ауруы арасындағы себеп-салдарлық байланыс анықталмады.

Гематурия розувастатинді қабылдаған пациенттерде байқалады, және клиникалық сынақтардың деректері, гематурияның көрініс беру жиілігі айтарлықтай төмен екендігін көрсетеді.

Қаңқа бұлшықеттері тарапынан жағымсыз әсерлер

Холрест препаратын барлық дозаларында қолданғанда және, әсіресе, препараттың 20 мг жоғары дозаларын қабылдағанда, тірек-қимыл аппаратына келесі әсерлері: миалгия, миопатия (миозитті қоса), сирек жағдайларда бүйректің жедел жеткіліксіздігімен немесе онсыз жүретін рабдомиолиз туралы хабарланды.

Креатинфосфокиназа (КФК) белсенділігінің дозаға тәуелді жоғарылауы розувастатинді қабылдаған пациенттердің болар-болмас санында байқалады. Көпшілік жағдайларда ол елеусіз, симптомсыз және уақытша болған. КФК белсенділігі жоғарылаған (қалыптың жоғарғы шегімен салыстырғанда 5 еседен артық) жағдайда емдеу тоқтатыла тұруы тиіс.

Бауыр тарапынан жағымсыз әсерлер

ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштерін қолданғандағы сияқты, розувастатинді қолдану аясында пациенттердің азғантай санында "бауыр" трансаминазалары белсенділігінің дозаға тәуелді жоғарылауы байқалады. Көпшілік жағдайларда олар елеусіз, симптомсыз және уақытша.

Кейбір статиндермен келесі жағымсыз әсерлер туралы хабарланған:

Сексуалдық дисфункция.

Әсіресе, препараттарды ұзақ уақыт қолданғанда, өкпенің интерстициальді ауруының бірен-саран жағдайлары туралы хабарланған.

Қолда бар деректердің негізінде, рабдомиолиздің, бауыр немесе бүйрек тарапынан ауыр бұзылулардың көрініс беру жиілігі (негізінен, бауыр трансаминазаларының жоғарылауын қоса) 40 мг дозасы кезінде жоғары.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау Ұлттық Орталығы» РМК ШЖҚ

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 5,0 мг, 10,0 мг, 20,0 мг немесе 40,0 мг розувастатинге баламалы розувастатин кальций;

қосымша заттар: микрокристалды целлюллоза, лактоза моногидраты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, кросповидон, жеңіл магний тотығы; магний стеараты, темірдің қызыл тотығы (Е 172).

5 мг дозасы үшін қабығы: Оpadry II yellow 32К520011.

10 мг, 20 мг, 40 мг дозалары үшін қабығы: Оpadry II Pink 32К540000.

құрамы

Оpadry II Pink 32К540000 құрамы: лактоза моногидраты, гипромеллоза, титанның қостотығы (Е 171), триацетин, күн батар түстес сары (Е 110), керемет қызыл (Е 129), индигокармин (Е 132).

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында «М» және келесі жағында «RS» өрнегі бар таблеткалар (5 мг дозасы үшін).

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында «М» және келесі жағында «RS1» өрнегі бар таблеткалар (10 мг дозасы үшін).

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында «М» және келесі жағында «RS2» өрнегі бар таблеткалар (20 мг дозасы үшін).

Сопақша пішінді, екі беті дөңес, қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында «М» және келесі жағында «RS4» өрнегі бар таблеткалар (40 мг дозасы үшін).

Шығарылу түрі және қаптамасы

14 таблеткадан ақ түсті, мөлдір емес поливинилхлоридтен, ламинацияланған Aclar және лакталған қатты алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1, 2, 4, 6 немесе 7 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Майлан Лабораториз Лимитед,

F-4, F-12, МИДК, Малегаон, Синнар, IN - 422 113, Үндістан

Тел.: +91-240-301-8801, факс +91-240-301-8777

Электронды поштасы: info.safety@mylan.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Майлан Лабораториз Лимитед, Хайдерабад, Үндістан

Тел./факс: +91-40-39258109

Электронды поштасы: info.safety@mylan.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«МЕДА Фармасьютикалз Швейцария ГмбХ» Қазақстан Республикасындағы өкілдігі: 050051 Алматы қ., Достық даңғ. 97, 8 кеңсе, тел.: +7 727 264-17-94, тел./факс: +7 727 264-17-71

Электронды поштасы: info.safety@mylan.com

Егер Сізге компанияның препаратын қолданумен, соның ішінде жүктілік немесе емшек емізу кезінде қолданумен байланысты, не болмаса, медициналық қателіктердің, дұрыс қолданбаудың, шамадан тыс пайдаланудың, артық дозаланудың, көрсетілімдері бойынша қолданбаудың нәтижесінде немесе кәсіби және кәсіби емес қызметпен байланысты ықпалдың, күдік тудырған инфекциялық агент жұқтырылуының немесе тиімділігінің болмауының салдарынан туындаған, сондай-ақ, сапасындағы ақаумен астасқан қандай-да бір жағымсыз реакциялар белгілі болса, бұл туралы фармакологиялық қадағалау үшін жауапты адамға, электронды мекенжайы info.safety@mylan.com бойынша хабарлау қажет.

Прикрепленные файлы

Холрест_Инструкция-8.docx 0.07 кб
Холрест_Инструкция-8.docx 0.07 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту