Хлосоль (раствор для инфузий, Биохимик ОАО)

МНН: Калия хлорид, Натрия ацетата тригидрат, Натрия хлорид
Производитель: Биохимик ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Электролиты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013397
Информация о регистрации в РК: 07.08.2019 - 07.08.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Хлосоль

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған 200 мл және 400 мл ерітінді

Құрамы

1 литр ерітіндінің құрамында

белсенді заттар: натрий ацетаты тригидраты 3.6 г,

натрий хлориді 4.75 г,

калий хлориді 1.5 г,

қосымша заттар - инъекцияға арналған су 1л-ге дейін

Теориялық осмолярлығы ~ 291 мОсм/л

Сипаттамасы

Түссіз мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Плазма алмастыратын және перфузиялық ерітінділер.

Көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітінділер.

Су-электролиттік теңгерілімге әсер ететін ерітінділер

Электролиттер.

АТХ коды В05ВВ01

Фармакологиялық әсері

Фармакокинетикасы

Гемодинамикалық әсер. Гиповолемияны, қанның қоюлануын және метаболикалық ацидозды төмендетеді, қылтамырлық қан айналымды жақсартады, уытсыздандырғыш әсер көрсетеді.

Фармакодинамикасы

Біріктірілген тұзды ерітінді уытсыздандырғыш, плазма алмастырғыш, регидратациялайтын, диуретикалық, шокқа қарсы, антиагреганттық әсер көрсетеді. Гиповолемияны төмендетеді, қанның ұюына және метаболикалық ацидоздың дамуына кедергі келтіреді, диурезді күшейтеді, микроциркуляцияны жақсартады.

Қолданылуы

- дегидратацияда

- сусыздану аясындағы уыттануда (жедел шигеллезде, тағамдық токсикоинфекцияда, холерада).

Қолдану тәсілі мен дозалары

Көктамыр ішіне (сорғалатып және тамшылатып). Қолданар алдында ерітіндіні дене температурасына дейін қыздыру керек.

Препаратты тек орташа ауыр және ауыр жағдайларда қолданады (пероральді регидратацияға арналған ерітінділерді қабылдау мүмкін болмағанда). Дозаны және енгізу жылдамдығын су-электролиттік теңгерімді қалпына келтіруге қажетті, бірақ 1 л-ден кем емес мөлшерде көрсетілімдері мен емделуші жағдайына байланысты жекелей белгілейді. Аурудың ауыр түрлерінде Хлосольді 1-3 сағат бойы к/і сорғалатып енгізеді; содан соң ересектерге сорғалатып енгізуді 24-48 сағат ішінде минутына 40-120 тамшы жылдамдықпен тамшылатып енгізуге алмастырады.

Ауыр уыттануда ересектерге препаратты тәулігіне 2-3 л-ге дейінгі дозада басқа да дезинтоксикациялық препараттармен біріктірілімде енгізеді.

Препарат ерітіндісін нәжіс, құсу, несеп, тер арқылы жоғалған сұйықтық көлемін қалпына келтіруге қажетті мөлшерде енгізеді.

Енгізілген және жоғалған сұйықтық теңгерімі әр 6 сағат сайын анықталып отырады.

Жағымсыз әсерлері

  • ісінулер

  • тахикардия

  • қалтырау

  • гиперкалиемия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа аса жоғары сезімталдық

- гиперкалиемия

- алколоз

- созылмалы бүйрек және жүрек жеткіліксіздігі

- организмге көп мөлшердегі сұйықтық енгізуге қарсы көрсетілімдердің болуы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Коллоидты ерітінділермен (декстран препараттары, Калий хлориді + Кальций хлориді + Магний хлориді + Натрий гидрокарбонаты + Натрий хлориді + Повидон – 8 мың &, Желатин & және басқалар) үйлестіріп қолдануға болады; сондай-ақ, донор қанымен, эритромассамен, плазмамен және басқа да қан препараттарымен үйлесімді. Әдетте қолданылатын шокқа қарсы дәрілік заттардың, соның ішінде нейролептанальгезияға арналған препараттардың (фентанил, дроперидол), бензодиазепиндердің (диазепам мен басқалар), сонымен қатар, миорелаксанттардың (суксаметоний және басқалар), протеолиз тежегіштерінің (апротинин) және альфа-адреностимуляторлардың (допамин, эпинефрин) тағайындалуына кедергі келтірмейді.

Айрықша нұсқаулар

Жалпы жағдайда орташа айқындалған дегитратацияда тұзды ерітінділерді ішке енгізу көрсетілген және тек бұлай енгізу мүмкін болмағанда (белгілі бір себептермен) препараттарды парентеральді енгізеді.

Қолданар алдында ерітіндіні дене температурасына дейін қыздыру керек. Емді гематокрит және қан электролиттерінің концентрациясын, артериялық қысымды, электрокардиограмманы, диурезді бақылау арқылы жүргізеді. Гиперкалиемия қаупі төнгенде немесе өршігенде препаратты электролиттік теңгерім қалыпқа келгенге дейін Натрий ацетаты + Натрий хлориді & («Дисоль») ерітіндісімен алмастырады.

Жүктілік және лактация

Егер анасы үшін күтілетін пайдасы ұрық пен бала үшін күтілетін әлеуетті қауіптен жоғары болса препаратты қолдануға болады.

Автокөлік немесе басқа да механизмдерді басқарғанда реакция жылдамдығына әсер ету ерекшеліктері

Препаратты тек қана аурухана жағдайларында қолданғандықтан деректер жоқ.

Артық дозалануы

Симптомдары: калиймен уыттанудың ерте белгілері парестезия болып табылады. Кейде парадоксальді реакция – экстрасистола санының артуы байқалуы мүмкін.

Емі: гиперкалиемияда және кристаллоидты ерітінділерді енгізу қажеттілігінде препаратты «Дисольмен» алмастырады, глюкоза ерітінділерін, кальций препараттарын енгізу, симптоматикалық емдеу көрсетілген.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Резеңке тығындармен тығындалған және алюминий қалпақшалармен қаусырылған, қанға, инфузиялық және трансфузиялық препараттарға арналған 200 немесе 400 мл-ден, сыйымдылығы тиісінше 250 мл немесе 450 мл шыны бөтелкелерде.

Сыйымдылығы 250 мл-ден 24,28 бөтелке және сыйымдылығы тиісінше 450 мл 12, 15 бөтелке қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бөтелке санына сәйкес мөлшердегі нұсқаулықпен бірге жәшіктерге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 250 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

"Биохимик" ААҚ, Ресей Федерациясы, 430030, Саранск қ., Васенко к-сі, 15А

Тел./факс (8342) 47-36-48, 47-36-78.

Тіркеу куәлігінің иесі

"Биохимик" ААҚ, Ресей Федерациясы, Саранск қ.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы: «ЦентрАзияФарм» ЖШС, 050030, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сүйінбай д-лы, 290

тел. 727 290 27 80, 727 385 04 00, e-mail: register@caph.kz

Прикрепленные файлы

120635971477976681_ru.doc 54 кб
304748901477977813_kz.doc 54 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники