Хлоргексидина биглюконат (0,05 %)

МНН: Хлоргексидин
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Chlorhexidine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№021145
Период регистрации: 12.01.2015 - 12.01.2018
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 66.28 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Хлоргексидин биглюконаты

Халықаралық патенттелмеген атауы

Хлоргексидин

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған ерітінді 0,05 %

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді зат – хлоргексидин биглюконаты 20 % ерітіндісі 0,25 мл (0,05 г)

қосымша зат – тазартылған су

50 мл препараттың құрамында

белсенді зат – хлоргексидин биглюконаты 20 % ерітіндісі 0,125 мл (0,025 г)

қосымша зат – тазартылған су

Сипаттамасы

Түссіз, мөлдір немесе сәл бозаңданатын сұйықтық, иісі жоқ.

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және зарарсыздандырғыш препараттар. Бигуанидтер және амидиндер. Хлоргексидин.

АТХ коды D08AC02

Фармакологиялық қасиеттері

Антисептикалық дәрі. Препарат грамтеріс және грамоң бактериялардың вегетативті түрлеріне, сондай-ақ ашытқыларға, дерматофиттер мен липофильді вирустарға қатысты белсенді, бактерия спораларына тек жоғары температурада әсер етеді. Теріні зақымдануын туындатпай, тазалайды және зарарсыздандырады.

Қолданылуы

- жанасудан кейін венералогиялық аурулардың алдын алуда (мерез, соз, трихомониаз, хламидиоз, генитальді герпес).

- гинекология және акушерлікте антисептикалық дәрі.

Қолдану тәсілі және дозалары

Хлоргексидин биглюконаты жанасудан кейінгі алдын алуда жыныстық қатынастан кейін 2 сағаттан кешіктірмей, несеп шығарудан және гениталийді сабынсыз жылы сумен өңдеуден кейін қолдану қажет. Құты ішіндегісінің инесі жоқ еккіштің көмегімен ерлердің несеп шығару өзегіне 2-3 мл, әйелдерге 1-2 мл және 2-3 минутқа қынапқа 5-10 мл енгізу керек. Сондай-ақ сан, қасаға сүйек, жыныс мүшелері ішкі беткейлерінің терісін өңдеу қажет. Ем-шарадан кейін 2 сағ. ішінде несеп шығарудың болмағаны жөн.

Әйелдерге қынапты бүркіп шаю үшін құтының түбіне басу арқылы медициналық қызметкерлердің қатысуымен 2-3 минутқа 5-10 мл ерітіндісін бүрку керек.

Жағымсыз әсерлері

  • терінің құрғауы және қышуы

  • дерматит

  • қол терісінің жабысқақтығы

  • аллергиялық реакциялар

  • фотосенсибилизация.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • хлоргексидинге жоғары сезімталдық

  • дерматиттер

Балаларда, жүктілікте, лактация кезеңінде сақ болу керек.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бейтарап ортада қолданылады: рН 5-8 кезінде белсенділігіндегі айырмашылығы көп емес, рН 8-ден асқанда шөгінді түзіледі. Йод препараттарымен бір мезгілде қолданған кезде дерматиттер дамуы мүмкін. Сабынмен, сілтілермен фармацевтикалық үйлесімсіз. Этанол препараттың тиімділігін күшейтеді. Хлорамфениколға, канамицинге, неомицинге, цефалоспоринге бактериялардың сезімталдығын жоғарылатады.

Құрамында катион тобы (бензалконий хлориді, цетримоний бромиді) бар препараттармен үйлесімді.

Айрықша нұсқаулар

Конъюнктиваны өңдеу үшін және дене қуыстарын шаю, терең жараларды, күйіктерді шаю үшін хлоргексидин ерітіндісін пайдаланбаған дұрыс. Көздің шырышты қабығына түскен жағдайда, оны тез арада сумен мұқият жуу керек. Бактерицидтік әсері ерітінді температурасының жоғарылауымен күшейеді. 100°С асатын температурада препарат ішінара бүлінеді.

Жүктілік және лактация кезеңі

Аллергиялық реакциялардың даму қаупіне байланысты бала емізетін аналар мен жүкті әйелдерге сақтықпен қолдану керек!

Қолдану тәжірибесі болмауына байланысты балаларға қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: препаратпен артық дозалану жөнінде деректер жоқ.

Емі: кездейсоқ ішке түссе, сіңірілмейді, мұндай жағдайда сүтті, шикі жұмыртқаны, желатинді немесе судың көп мөлшерін пайдалана отырып асқазанды шаю және адсорбенттер қабылдау керек: 10-20 таблетка белсендірілген көмір. Қажет болғанда симптоматикалық ем жүргізу керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 және 50 мл-ден бұрандалы полиэтилен қақпағы бар полиэтилен тамшылатқыш-құтыда.

100 құтыдан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың сәйкес санымен гофрланған қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан, Алматы қ., Б. Бұлқышев к-сі, 4е

Тіркеу куәлігінің иесі

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Алматы қ.,

Б. Бұлқышев к-сі, 4е

тел./факс +7727233-27-58

E-mail: farm-4@mail.ru

 

4

Прикрепленные файлы

394753051477976519_ru.doc 50 кб
958889881477977675_kz.doc 62 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники