Хлоргексидина биглюконат (0,05%) ( Нурер ТОО)

МНН: Хлоргексидин
Производитель: Нурер ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Chlorhexidine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003370
Информация о регистрации в РК: 29.11.2011 - 29.11.2016

Инструкция

Саудалық атауы

Хлоргексидин биглюконат

Халықаралық патенттелмеген атауы

Хлоргексидин

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 0,05% ерітінді

Құрамы

1 литр препараттың құрамындабелсенді зат - хлоргексидин биглюконаты 2,5 г 20 % концентратқосымша зат – тазартылған су

Сипаттамасы

Иіссіз, түссіз мөлдір немесе аздап бозаңданған сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және зарарсыздандырғыш препараттар. Бигуанидтер және амидиндер.АТЖ коды D08ÀС02

Фармакологиялық қасиеттері

Антисептикалық дәрі. Препарат грамтеріс және грамоң бактериялардың вегетатиті түріне, сондай-ақ ашытқы, дерматиттер мен липофильдік вирустарға қатысты белсенді, бактерияның қастауышына температура жоғарылаған кезде әсер етеді. Теріге зақым келтірмей тазартады және зарарсыздандырады.

Қолданылуы

Венерологиялық аурулардың (сифилис, соз, трихомоноз, хламидиоз, ұшық) алдын алу үшін. Сондай-ақ антисептикалық дәрі ретінде гинекологияда және акушерлікте қолданылады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Хлоргексидин биглюконатын алдын алу дәрісі ретінде несеп шығарғаннан кейін және гениталийді сабынсыз жылы сумен өңдеуден кейін қолдану керек. Құты ішіндегісін инесіз еккіштің көмегімен еркектерге (2-3 мл), әйелдерге (1-2) несеп шығару өзегіне және қынапқа 2-3 минутқа енгізу керек. Сондай-ақ балтыр, қасаға, жыныс мүшелерінің ішкі беткейлерінің терісін өңдеу керек. Емшарадан кейін 2 сағаттай нәжіс шығармау керек. Алдын алу дәрісін жыныстық қатынастан кейін 2 сағаттан кешіктірмей қолдану керек.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар - терінің құрғауы, қышыма, дерматит, қол терісінің жұмсаруы, фотосенсибилизация.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- хлоргексидинге жоғары сезімталдықта- дерматиттер Сақтықпен балаларға, жүктілікте, лактация кезеңінде.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бейтарап ортада қолданылады: рН 5-8 кезінде белсенділігіндегі айырмашылық айтарлықтай емес, рН 8-ден артық кезде шөгінді отырады. Йод препараттарымен бір мезгілде қолданған кезде дерматиттер дамуы мүмкін. Фармацевтикалық тұрғыдан сабынмен, сілтілермен сыйымсыз. Этанол препараттың тиімділігін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Коньюктиваны өңдеу үшін және дене қуыстарын шаю, тереңдеген жараларды, күюлерді өңдеу үшін хлоргексидин ерітінділерін пайдаланбау керек. Байқаусызда көз шырышы қабатына түскен жағдайда жылдам және сумен мұқият шаю керек. Бактерицидтік әсері температураның жоғарылауымен күшейеді. 100°С-ден жоғары температурада препарат ішінара ыдырайды. Артық дозаланғандаАнықталмағанШығарылу түрі және қаптамасыПолиэтиленді қақпақпен бұралып жабылған полиэтиленді тамшылатқыш-құтыда 100 мл-ден. 70 құтыдан және 70 данадан мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге топтық ыдысқа салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.Босатылу шарттарыРецептісізӨндіруші«Нурер» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Маметов к-сі, 3-үйтел: 8(727)2712712 факс, 271-11-86, эл. пошта nurer_7@mail.ru.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Нурер» ЖШС, Қазақстан РеспубликасыҚазақстан Республикасы аумағында өнім сапасына қатысты тұтынушылардан шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:«Нурер» ЖШС, Алматы қ-сы, Маметов к-сі, 3-үйтел: 8(727)2712712 факс, 271-11-86, эл. пошта nurer_7@mail.ru.

Прикрепленные файлы

590530161477977200_ru.doc 46.5 кб
297362091477978361_kz.doc 49 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники