ХеппиДерм Форте

МНН: Декспантенол
Производитель: Фармацевтическая компания Здоровье ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты, способствующие нормальному рубцеванию
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020822
Информация о регистрации в РК: 18.09.2014 - 18.09.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 744.09 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

ХеппиДерм Форте

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған аэрозоль

Құрамы

1 баллонның ішінде

белсенді заттар: 2,5 г немесе 5 г декспантенол,

0,05 г немесе 0,1 г аллантоин,

қосымша заттар: Euxyl® PE 9010 (феноксиэтанолға шаққанда), DL- пантолактон, цетостеарил спирті, калий цетилфосфаты, глицерин, диметикон ДМ 100, тазартылған су, хладон 134а

Сипаттамасы

Препарат баллоннан шығар кезінде ақ түсті көбік түзеді

Фармакотерапиялық тобы

Аса қатты тыртықтануды емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды D03AX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Декспантенол терімен жылдам сіңіріледі, жасушаларда пантотен қышқылына айналады. Қанда пантотен қышқылы қан плазмасы протеиндерімен (негізінен β-глобулиндерімен және альбуминмен) байланысады. Пантотен қышқылы организмде метаболизденбейді және өзгермеген түрде шығарылады, дозаның 60-70% несеппен, қалғандары – нәжіспен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Біріктірілген препарат, әсері декспантенол және аллантоин қасиеттеріне негізделген.

Декспантенол – пантотен қышқылы суда еритін витаминінің синтетикалық туындысы. Декспантенолдың төмен молекулалық салмағы, гидрофилдігі және төменгі полярлығы оның терінің барлық қабаттарына өтуін мүмкін етеді. Декспантенол пантотен қышқылы тапшылығын толықтырады, қабынуға қарсы әсерге ие, регенерация үдерістерін көтермелейді. Пантотен қышқылы, іс жүзінде барлық метаболикалық үдерістерге қатысатын (трикарбон қышқылдары циклі, көмірсу, май және май қышқылдары алмасуы, фосфолипидтер, ақуыздар және т.б.) эссенциалды коэнзим А (СоА) компоненті болып табылады, оның ішінде тері регенерациясын көтермелейді және коллаген талшықтары төзімділігін арттырады. Бұл қышқылға қажеттіліктің жоғарылауы тері жабыны немесе тіндер зақымдануы кезінде байқалады.

Аллантоин – тұтқыр және кератолитикалық дәрі, қабынуға қарсы, тартатын әсер береді, эпидермис грануляциясын жұмсартады және стимуляциялайды, эпителийді регенерациялайды, ауырсынуды азайтады.

Қолданылуы

Тері мен шырышты қабықтың әр түрлі зақымдануларында, оның ішінде:

  • сыдырылулар, күйіктерде,

  • операциядан кейінгі асептикалық жараларда,

  • жазылуы қиын трансплантаттарда,

  • күнге күю және термиялық күйіктерде,

  • сулы бөртпе дерматоздары (дөрекі сулы бөртпе, жапырақ тәрізді сулы бөртпе, буллезді дерматит).

Жаралар мен күйіктерді емдеу кезінде препаратты регенерация сатысында (жара үдерісінің екінші фазасында) қолданады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Қолданар алдында баллонды бірнеше рет қаттырық сілку қажет. Қорғаныш қалпақшасын алу керек. Қондырғысын зақымданған жерге 10-20 см арақашықтықта таяу әкеліп, оны ақырындап басып, препаратты зақымданған бөлікке 1-2 секунд бойы біркелкі бүрку керек.

Тәулігіне бір немесе бірнеше рет қолданады. Емдеу ұзақтығы аурудың ағымына байланысты болады және дәрігермен жеке анықталады.

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек

- жергілікті аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • - препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • - экссудациясы мол жаралар.

  •  

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Сыртқа қолданғанда басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Баллонды бірінші пайдаланғанда газды бірнеше секунд бойы бүркуге болады, содан соң көбік пайда болады.

Препаратты ашық отқа жақын немесе қызып тұрған заттарға бүркуге болмайды.

Аэрозоль баллоны қысым астында болады, сондықтан жерге түсуден, соғылулардан және күн сәулесінің тікелей әсер етуінен қорғау керек, 25 °С-ден асатын температураға дейін қыздырмаған жөн.

Препарат қолданылған соң баллонды ашуға және жағуға болмайды.

Препаратты қолданғанда көзге жанасуын болдырмаған жөн, препаратты кездейсоқ көзге тигізіп алғанда, оны сумен мұқият жуып-шаю қажет.

Педиатрияда қолданылуы

Препарат педиатриялық тәжірибеде дәрігермен кеңесуден кейін қолданылады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде препаратты дәрігердің тағайындауы бойынша қолдануға болады. Лактация кезеңінде препаратты емшекпен қоректендіруден кейін сүт бездері терісіне жағады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Қолданылуы жөніндегі ұсынымдарды сақтаған кезде артық дозалану жағдайлары тіркелмеген.

Шығарылу түрі және қаптамасы

58,5 г немесе 117 г препараттан бүркігіші мен қорғаныш қалпақшасы бар көбік түзетін клапанымен алюминий аэрозоль баллондарда.

Бүркігіші мен қорғаныш қалпақшасы бар көбік түзетін клапанымен жинақталған 1 баллон медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

­Өндіруші

“Фармацевтикалық компания “Здоровье” ЖШҚ.

Украина, 61013, Харьков қ., Шевченко к-сі, 22.

Тіркеу куәлігінің иесі

«УкрФармЭкспорт» ЖШҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Фарм-Евро» ЖШС

050039, Алматы қ., Майлин к-сі, 72 үй, 34 пәтер

Тел.: +7(727) 271-10-17

Факс: +7(727) 271-84-97

E-mail: farmevro@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

086179941477976692_ru.doc 50.5 кб
933632621477977836_kz.doc 61.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники