Хайкал Форте

МНН: Кальция глубионат
Производитель: Медикал Юнион Фармасьютикалс Ко.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Кальция глубионат
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014418
Период регистрации: 24.12.2015 - 24.12.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Хайкал Форте

Халықаралық патенттелмеген атауы

Кальций глубионаты

Дәрілік түрі

Шәрбат

Құрамы

Шәрбаттың әр 5 мл құрамында

белсенді заттар: 115 мг кальций 1.8 г кальций глюбионаты түрінде (0.6 г кальций глюконат моногидраты және 1.2 г кальций лактобионат дигидраты),

қосымша заттар: натрий сахарині, бензой қышқылы, лимон қышқылының моногидраты, глицерин, сахароза, бұрыш жалбызы майы, Тутти Фрутти дәмдік үстемесі, тазартылған су.

Сипаттамасы

Жеміс хош иісі мен жағымды тәтті дәмі бар, түссізден ақшыл саман тәріздес-сары түске дейінгі мөлдір ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Минералдық үстемелер. Кальций препараттары. Кальций глубионаты

АТХ коды A12AA02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Кальцийдің сіңуі (әдетте организмге келіп түскеннің 30-40%) жіңішке ішекте жүреді. Қан плазмасындағы шектік концентрациясына 1,2–1,3 сағаттан соң жетеді. Кальций сіңгеннен кейін сүйекте және тіс тіндерінде (организмде барлық кальцийдің 99% дейін) жинақталады, қалған кальций жасуша сырты және ішінің сұйықтығында, не болмаса иондалған, биологиялық белсенді түрде (өтуі жасушалық жарғақша арқылы), не болмаса ақуыздармен байланысқан түрде немесе органикалық және органикалық емес қышқылдармен кешенде таралады. Кальций глюконаты бауырда метаболизденеді. Кальций организмнен ішек және бүйрек арқылы шығарылады. Тәуліктік шығарылуы 1,5-тен 15 ммольге дейін ауытқып отырады және тәуліктік ырғаққа (көбінесе таңғы сағатта), гормондар деңгейіне, қышқылды-негізгі жай-күйге, тағам сипатына (көмірсулар кальцийдің шығарылуын күшейтеді) байланысты өзгереді Кальций плацентарлық кедергі арқылы өтеді және емшек сүтімен бөлініп шығады. Кальций биожетімділігі сүт қышқылды өнімдер, жануарлар ақуыздары жақсартады, ал оны — тағамдық талшықтар, алкоголь, кофеин, шамадан тыс май төмендетеді (ерімейтін қосылыстар түзіледі).

Фармакодинамикасы

Хайкал Форте Шәрбатының құрамында кальций глубионаты бар, әртүрлі аурулар және жай-күйлер кезінде (оның ішінде жарақатты) оның балалар мен ересектерде тапшылығы жағдайында организмге жеңіл ионданатын түрдегі кальций жеткізеді, сондай-ақ кальций - тапшылығы жағдайы басталуынан сақтандырады. Хайкал Форте құрамында пропилен гликоль консерванты болмайды. Препарат жүрек қызметі тұрақтылығын демеуде жүйке өткізгіштігі үдерісін және қаңқа және тегіс бұлшық етінің жиырылуын реттеу үшін, сүйек тіндерінің қалыптасуы және тістердің минералдануы үшін, сондай-ақ қан ұюы үшін қажетті кальций иондарының тапшылығын толтырады. Кальций сонымен қатар қылтамырлар өткізгіштігін төмендетеді, қабыну реакцияларының дамуын болдырмайды, аллергияға қарсы әсер етеді және организмнің инфекцияларға төзімділігін арттырады.

Қолданылуы

- остеопороз кезінде сүйектің минералсыздануын баяулату үшін негізгі емге қосымша ретінде

- остеопорозда емдеудің басқа тиімді әдістерін қолдануға болмайтын кезде сүйектің минералсыздануын баяулату үшін негізгі емге қосымша ретінде

- жеткіліксіз қоректенуді түзетуде немесе кальций қажеттілігі жоғары болған жағдайда қосымша кальций көзі ретінде

- неонатальді гипокальциемияда

Қолдану тәсілі және дозалары

Организмде кальций тапшылығының дәрежесіне байланысты жеке тағайындайды. Хайкал Фортенің сіңірілуін жоғарылату үшін оны тамақтануға дейін тағайындау керек. Неонатальді гипокальциемияда: күніне 1 кг салмаққа 1,85 мл. Балаларға: күніне 1-2 ас қасық. Ересектерге: күніне 1-2 ас қасық.; постменопаузалық кезеңде күніне 1-3 ас қасық. Препаратты ұзақ уақыт және жоғары дозада дәрігердің бақылауымен қолдану керек.

Жағымсыз әсерлері

Препараттың әдетте жағымдылығы жақсы.

- болуы мүмкін: жүрек айну, ауыздың құрғауы, шөлдеу, іштің ауыруы сүйектің ауыруы, шөлдеу, полиурия, бұлшықет әлсіздігі, ұйқышылдық немесе сананың шатасуы, құсу, іш қату, олар әдетте өздігінен немесе препарат дозасын төмендеткеннен кейін қайтады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- гиперкальциемия (гиперпаратиреоз, D витаминінің артық дозалануы, плазмоцитома, сүйек метастазасы сияқты декальцинацияланған ісіктер)

- айқын гиперкальциурия

- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі

- сыртартқыда несептас ауыруының болуы

- атеросклероз

- тромбозға бейімділік

- галактоземия немесе лактоза жеткіліксіздігі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

- Кальцийдің жоғары дозасы верапамил және басқа да кальций өзектері блокаторларының тиімділігін төмендетуі мүмкін.

- Жоғары дозада кальцийді пероральді қабылдау оймақгүл препараттарының аритмогендік әсерін жоғарылатуы мүмкін.

- Фуросемид және басқа да ілмектік диуретиктер кальцийдің бүйрек арқылы шығарылуын жоғарылатады, тиазидті диуретиктер кальцийдің несеппен шығарылуын кідіртеді, бұл гиперкальциемияның туындау қаупін арттырады.

- Кальций глюбионат шәрбаты бір мезгілде қабылдағанда тетрациклиндер, бифосфонаттар, фенитоин, фтор препараттарының сіңуін азайтады. Сондықтан кальций мен осы препараттарды қабылдау арасындағы аралық 3 сағат болуы тиіс.

Айрықша нұсқаулар

Кальций препаратын бүйрек функциясының бұзылуы және организмде D витамині ұлғаюымен қатар жүретін аурулары бар емделушілерге сақтықпен тағайындау керек. Көрсетілген жағдайда қан плазмасында кальций концентрациясын тұрақты бақылау қажет.

Бірқатар аурулар АІЖ-дан кальцийдің сіңуіне және оның қан сарысуындағы деңгейіне әсер етеді. Кальций сіңуінің төмендігі жедел және созылмалы бүйрек аурулары кезінде, гломерулонефритте, нефроуыттылық синдромда, ішінара гастрэктомияда және жіңішке ішектің үлкен сегменттерінің резекциясынан кейін байқалады. Оның сіңірілуінің жоғары болуы D гипервитаминозында, қалқансерік бездер гиперфункциясында, остеопорозда, идиопатиялық гиперкальциурия және ерте жастағы гиперкальциемияда байқалады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Гиперкальциемия ықтималдығы кальций және D витаминін бірге қолданатын жүкті әйелдерде ұлғаяды. Хайкал Фортенің өз құрамында

D витамині жоқ, сондықтан жүкті әйелдерде гиперкальциемияның біліну мүмкіндігі аз. Кальциймен эпидемиологиялық зерттеулер ұсынылған дозада (ересектер үшін көрсетілген дозада) пайдаланғанда ұрыққа төнетін тератогендік қаупі ұлғаятындығын көрсетпеген. Дегенмен құрамында кальций бар препараттарды қабылдағанда кальцийдің емшек сүтіне шығарылуы мүмкін, оның концентрациясының жаңа туған нәрестеге қандай болсын жағымсыз әсер етуіне жеткілікті болу мүмкіндігі аз.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анорексия, шөлдеу, полиурия, жүрек айну, құсумен білінетін артық дозаланған жағдайда гиперкальциемия дамуының пайда болуы салдарынан дәрігердің көмегі қажет.

Емі: дәрігер келгенге дейін кальций және D витаминін қабылдауды тоқтата тұру және организмге көп мөлшерде сұйықтықтың болуын қамтамасыз ету керек. Жедел артық дозалануды емдеу симптоматикалық. Міндетті және шұғыл шаралардың бірі дәрімен уланған сәттен бастап өткен уақытқа қарамастан сүңгі арқылы асқазанды шаю болып табылады.

Сүңгіні енгізу мүмкін болмаған кезде науқасқа судың көп мөлшерін беріп, көмейді саусақпен баса отырып, механикалық жолмен тітіркендіріп құстырту керек. Дұрысы ішекті сифонды клизма, не болмаса тұзды іш жүргізгіштер (400-500 мл суда 20-30 г магний сульфаты немесе натрийді) беру арқылы ішекті дәріден ертерек босатқан жөн.

Артық дозаланғанда ілмектік диуретиктер (мысалы, фуросемид), глюкокортикостероидтар (преднизолон, дексаметазон) қолданылуы мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 мл препараттан бұрандалы алюминий қалпақшасы мен дозалауға арналған мөлдір өлшеуіш ыдысы бар янтарь түсті пластмасса құтыға салынған. Әр құтыға өздігінен желімденетін заттаңба жапсырылады.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 30 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Құтының алғашқы ашылуынан кейін препарат 1 ай ішінде пайдаланылуы тиіс.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Медикал Юнион Фармасьютикалс», Египет.

36, Мохамед Хасан Эль-Гамаль к-сі, 6-шы аудан, Наср Сити, Каир 11471, А/ж 7010.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Медикал Юнион Фармасьютикалс», Египет

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Медикал Юнион Фармасьютикалс» компаниясының ҚР өкілдігі.

Мекенжайы: Алматы қ. 050040, Шашкин к-сі 36-а,  1 пәтер;

тел./факс: 8(727) 263 56 00;

эл. поштасы: office@mupkz.com

 

Прикрепленные файлы

175687071477976336_ru.doc 58 кб
529407081477977588_kz.doc 63.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники