Ф лехса 1500 со вкусом апельсина

МНН: Глюкозамин
Производитель: Мега Лайфсайенцес Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Glucosamine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018603
Информация о регистрации в РК: 09.01.2012 - 09.01.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Ф лехса 1500 апельсин дәмімен

Халықаралық патенттелмеген атауы

Глюкозамин сульфаты

Дәрілік түрі

Ішке қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ

Құрамы

1 сашенің ішінде

белсенді зат –глюкозамин сульфаты калий хлориді секілді кристалды глюкозамин сульфаты, 1992,15 мг

(глюкозамин сульфатына баламалы) 1500 мг

қосымша заттар: сусыз декстроза ,  сусыз лимон қышқылы, сары сансет (Е 110), натрий хлориді, апельсин ұнтағы, сукралоза.

Сипаттамасы

Ашық қызғылт - сары түсті ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларын емдеуге арналған препарат.

Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар және басқалары.

АТЖ коды МО1АХ05

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Глюкозамин тұзы түрінде ішу арқылы қабылданған, глюкозаминнің 90%- ға жуығы аш ішекте сіңеді, қақпалық көктамырдан бауырға көшіріледі, тек 10% ағзадан нәжіспен шығарылады. Сондықтан глюкозамин сульфатының айтарлықтай бөлігі бауырда метаболизденеді. Глюкозаминнің, плазма ақуыздарымен метаболизденбейтін немесе байланыспайтын фракциясы негізінен 25% несеппен, 65% тыныс алатын ауамен шығарылады, ал қалған 10 % тіндерде жинақталады.

Фармакодинамикасы

Глюкозамин сульфаты протеогликандар мен хондроцит коллагенінің синтезін ынталандырады, сондай- ақ, коллагенді ыдырататын ферменттердің белсенділігін тежейді. Глюкозамин анальгетик болып табылмайды.

Қолданылуы

- остеоартриттер секілді буындардың дегенеративті ауруларында

- аяқ және қол буындары қимылының функциональді шектелуінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Бір сашенің ішіндегісін стакан суда ерітеді. Тәулігіне бір рет тамақтану кезінде ішке қабылдайды. Дене салмағы 75 кг асатын емделушілер үшін әдеттегі тәуліктік доза дене салмағына 20 мг/кг. Сондай-ақ бір уақытта несеп айдағыш дәрілер қабылдайтын науқастарға жоғары доза қабылдау көрсетілімде. Препараттың әсер ету тиімділігі қабылдағаннан кейін 4-6 аптада байқалады. Емнің ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.

Қатты ауырғанда Ф лехса препаратымен бірге қабынуға қарсы дәрілерді қабылдау ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

Әдетте, Ф лехса 1500 препаратымен емдеу емделушілермен жақсы көтерілімді. Жағымсыз әсерлері төменде көрсетілген:

- қыжыл, жүрек айнуы, диарея

- тері аллергиялық реакциялары

секілді асқазан-ішектік бұзылыстардың білінуімен сипатталады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- глюкозамин сульфатқа және препараттың басқа компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдықта

- балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

- бүйрек қызметінің айқын бұзылуында

- жүктілік және лактация кезеңінде

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Тетрациклиндердің сіңуін жоғарылатады, жартылай синтетикалық пенициллиндердің, хлорамфениколдың әсерін азайтады. Парацетамолмен, ҚҚСД және ГКС-пен сыйымды. Бір уақытта ҚҚСД- мен қабылдағанда соңғылардың қабынуға қарсы және ауыруды басатын әсерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты бронх демікпесінде және қант диабетінде сақтықпен қабылдау керек. Препаратты глюкозаға төзімділігі бұзылған, айқын бауыр жеткіліксіздігімен емделушілерде қолданғанда дәрігердің бақылауы керек.

Натрий құрамы төмен ем -дәмдегі емделуші сашенің әр пакетінде 20 мг натрий барын ескеруі керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшелері

Көлік механизмдерін басқару қабілетіне әсерлері анықталмаған

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары белгісіз.

Емі: артық дозаланған жағдайда асқазанды шаю, белгісіне қарай емдеу керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий фольгадан жасалған әр сашеге 1500 мг препарат ұнтағынан салынған.

30 сашеден мемлекеттік және орыс тіліндегі қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ және жарықтан қорғалған жерде 25 °C- ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау шарттары

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Мега Лайфсайенцес Лимитед

515/1 Моо 4, Сой 8, Өндірістік зона Бангпу Патана 3 Роуд

Фрекса, Мюанг Самутпракарн 10280, Таиланд

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Мега Лайфсайенцес Лимитед, Таиланд

Казақстан Республикасы аймағында өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР -дағы өкілдігі Алматы қ-сы, Сейфуллин к-сі, 531, 421кеңсе

тел./факс +7 (727) 2 72-63-99

e.mail: info@megawecare.com

 

Прикрепленные файлы

134696081477977174_ru.doc 60 кб
530898771477978341_kz.doc 56.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники