Фенистил® Пенцивир

МНН: Пенцикловир
Производитель: Новартис Фарма Продукционс ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Penciclovir
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№006111
Информация о регистрации в РК: 11.01.2013 - 11.01.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Фенистил® Пенцивир

Халықаралық патенттелмеген атауы

Пенцикловир

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 1 % крем, 2 г

Құрамы

1 г кремнің құрамында

белсенді зат - пенцикловир10 мг,

қосымша заттар: пропиленгликоль, ақ жұмсақ парафин, цетостерил спирті, сұйық парафин, цетомакрогол 1000, тазартылған су.

Сипаттамасы

Біртекті жылтыр ақ крем.

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын емдеуге арналған препараттар. Вирусқа қарсы препараттар. Пенцикловир.

АТХ коды D06ВВ06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сыртқа қолданғанда іс жүзінде жүйелік сіңірілуге ұшырамайды. Фенистил® Пенцивир кремін емдіктен көп есе асып түсетін концентрацияларда дені сау еріктілерде қолданғаннан кейін пенцикловирді қанда немесе несепте осы заманғы талдама әдістерімен айқындау мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Фенистил® Пенцивир кремі еріндегі ұшық жұқпасын (herpes labialis) сыртқа қолдану арқылы емдеуге арналған. Пенцикловир фармакологиялық белсенді зат емес, бірақ 1 және 2 типті Herpes simplex вирусымен және Varicella zoster вирусымен (желшешек вирусы) зақымданған жасушаларға ене отырып, пенцикловир фармакологиялық белсенділікке ие және жұқпаланған жасушаларда 12 сағат бойы сақталатын пенцикловир трифосфатқа жылдам трансформацияланады. Пенцикловир трифосфаты желшешек вирусымен жұқпаланған жасушаларда жартылай ыдырау кезеңі 9 сағат, 1 типті ұшық вирусымен жұқпаланған жасушаларда 10 сағат және 20 сағат 2 типті ұшық вирусымен жұқпаланған жасушаларда жүреді.

Пенцикловир трифосфаты вируспен жұқпаланған жасушаларда вирусты ДНҚ синтезі мен вирустар репликациясын келесі түрде басады: пенцикловир трифосфаты вирустың полимераза ДНҚ-мен он есе артық туыстастықа ие және сонысымен вирусты ДНҚ синтезін оның құрылымына кіріге отырып, іріктей бөгейді, осының нәтижесінде ДНҚ синтезі кезінде тізбектердің үзілуі орын алады.

Фенистил® Пенцивир кремін қолдану анағұрлым жылдам сауығуға, ерін терісінің зақымданған бөліктерінде регенерация үдерісін тездетіп, ауыру сезімдері қарқындылығын азайтуға, вирус жұқпасының берілу қаупі кезеңі қысқаруына әкеледі.

Қолданылуы

- ерін терісінің қайталанатын герпестік жұқпасында

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа

Ересектер және 12 жастан асқан балалар:

Кремді аздаған көлемде саусақ ұшына сығып шығарады да, ерін терісінің зақымданған жеріне әр 2 сағат сайын, 4 күн бойы жағады. Препаратпен емдеуді бастағаннан кейін 4 күннен соң жақсару белгілері байқалмаған жағдайда, препаратты қабылдауды тоқтатып, дәрігерге қаралған жөн. Емдеуді неғұрлым ерте, жұқпа дамуының алғашқы белгілері пайда болғаннан-ақ бастау керек. Әйтседе, ұшық дамуының папула немесе визикула (күлбіреуіктердің пайда болуы) дамуы сатысында да Фенистил® Пенцивир кремі ерін терісі зақымданған жерлерінің регенерация үдерісін жылдамдатады, ауыру сезімдерін азайтады, вирус жұқпаларының жұғу қаупі кезеңін қысқартады.

Жағымсыз әсерлері

Жиі

- препаратты қолданғаннан кейін бірден жаққан жерде күйдіруді, шымылдауды немесе ұюды сезіну

- гипестезия

- аса жоғары сезімталдық реакциялары, есекжем, аллергиялық дерматит (бөрту, қышу, күлдіреу, ісіну)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- пенцикловирге, фамцикловирге немесе препарат құрамына кіретін белсенді емес ингредиенттердің кез келгеніне жоғары сезімталдық

- 12 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фенистил® Пенцивир кремі үшін қандай да бір дәрілік өзара әрекеттесулер белгісіз.

Айрықша нұсқаулар

Егер емделушінің иммунитет жүйесі әлсіз болса немесе онда ұшық жұқпасының дамып келе жатқанына сенімділік болмаса, Фенистил® Пенцивир кремін қолданар алдында емдеуші дәрігермен кеңескен жөн. Кремді жағардан бұрын және одан кейін қолды жақсылап жуу қажет. Препаратты ерін терісінің ұшықпен зақымданған жерлеріне және ерін айналысындағы теріге ғана пайдалану керек. Кремді ауыздың, мұрынның шырышты қабықтарына немесе көз және жыныс мүшелері аймағына жағуға болмайды.

Жасалған емнің барынша жақсы әсеріне қол жеткізу үшін, тіптен жұқпа белгілері емдеудің бірінші-екінші күнінен соң жойылса да, Фенистил® Пенцивир кремін 4 күн бойы қолдана отырып, емдеудің толық курсын жүргізу қажет.

Жай-күйі нашарласа немесе ем жүргізудің 4 күнінен кейін жақсару байқалмаған кезде емдеуші дәрігерге көріну қажет.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезеңінде, егер анасы үшін күтілетін пайдасы ұрыққа төнетін қауіптен асып түсетін болса ғана, қатаң көрсетілімдер бойынша қолдануға болады. Бала емізу кезеңінде қолдану керек болғанда дәрігердің кеңесі қажет.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың көлік құралын басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне қандай да бір әсер етуі байқалмаған.

Артық дозалануы

Ішке кездейсоқ қабылдаған кезде пенцикловир организмде өте нашар қорытылады.

Алайда ауыз аймағында аса жоғары сезімталдық реакциялары туындауы мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

2 г препараттан тығыздығы жоғары бұрандалы полиэтилен қалпақшасы бар алюминий жарғақшамен бекітіліп жабылған алюминий сықпада.

1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

30 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Новартис Фарма Продукционс ГмбХ, Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

Новартис Консьюмер Хелс СА, Швейцария

Қаптаушы

Новартис Фарма Продукционс ГмбХ, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы «Новартис Фарма Сервисез АГ» филиалы

Алматы қ., Жамақаев к-сі, 155 А

тел. 8-800-080-0650 (телефон барлық стационарлық телефондар үшін Қазақстан Республикасы бойынша тегін)

факс: (727) 244-26-51

drugsafety.cis@novartis.com

 

4

 

Прикрепленные файлы

896505281477976921_ru.doc 49 кб
851614101477978077_kz.doc 74.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники