ФУЦИС® (таблетки, 100 мг)

МНН: Флуконазол
Производитель: Кусум Хелткер Пвт. Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Fluconazole
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№009766
Информация о регистрации в РК: 06.10.2021 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

ФУЦИС®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Флуконазол

Дәрілік түрі, дозалануы

50 мг, 100 мг, 150 мг, 200 мг таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған зеңге қарсы препараттар. Триазол туындылары. Флуконазол.

АТХ коды J02AC01

Қолданылуы

ФУЦИС® келесі зеңді инфекцияларда қолданылады:

ФУЦИС® ересектерде мына ауруларды емдеу үшін қолданылады:

- криптококктік менингит

- кокцидиоидомикоз

- инвазиялық кандидоздар

-шырышты қабықтардың кандидозы (орофарингеальді кандидозды, өңеш кандидозын қоса, кандидурия, тері - шырышты қабықтардың созылмалы кандидозы)

- егер ауыз қуысының гигиенасы немесе жергілікті ем жеткіліксіз болса ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозы (тіс протездерін пайдаланудан туындаған)

- жедел немесе қайталанатын қынап кандидозы (жергілікті ем қолдану мүмкін болмағанда)

- кандидозды баланит (жергілікті ем қолдану мүмкін болмағанда)

- табан, кеуденің, шап аумағының микозын қоса, дерматомикозы; сондай-ақ түрлі-түсті (кебек тәрізді) теміреткі және тері кандидозы (жүйелі ем қажет болған жағдайда)

- тырнақ дерматофитиясы (онихомикоз) (басқа заттар қолдану мүмкін болмағанда).

ФУЦИС®ересектерде мына ауруларда профилактика үшін қолданылады:

- қайталану қаупі жоғары науқастардағы криптококктік менингитте

-қайталану туындау қаупі жоғары АИТВ инфекциясын жұқтырған пациенттерде орофарингеальді кандидоз немесе өңеш кандидозында

- қынап кандидозының қайталанулары (жылына 4 және одан астам көріністері)

- ұзаққа созылған нейтропениясы бар пациенттерде (мысалы, химиялық ем қабылдап жүрген қатерлі гематологиялық ісігі бар науқастарда немесе гемопоэздік дің жасушалары трансплантацияланғаннан кейінгі пациенттер үшін) кандидоздық инфекцияларға.

ФУЦИС® 7-ден 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде мынадай ауруларды емдеу үшін қолданылады:

- шырышты қабықтардың кандидозын (ауыз-жұтқыншақ кандидозын, өңеш кандидозын) емдеу үшін,

-инвазиялық кандидоз,

-иммунитеті төмендеген пациенттердегі криптококктік менингитте және кандидоздық инфекцияларда профилактика үшін.

ФУЦИС® балаларда даму қаупі жоғары криптококктік менингиттің қайталануының алдын алу үшін демеуші ем ретінде қолданылуы мүмкін.

Емді сеппенің немесе басқа зертханалық зерттеулердің нәтижелері белгілі болғанға дейін бастауға болады; алайда, осы нәтижелер қолжетімді бола салысымен, инфекцияға қарсы емді тиісінше түзету қажет.

Зеңге қарсы дәрілерді дұрыс пайдалану жөніндегі ресми нұсқауларды ескеру керек.

Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- флуконазолға, құрылымы флуконазолға ұқсас азольді заттарға немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- флуконазолды тәулігіне 400 мг және одан көбірек дозада көп рет қолдану кезінде терфенадинді бір мезгілде қабылдау

- цизапридпен, астемизолмен, эритромицинмен, пимозидпен және хинидинмен бір мезгілде қабылдау, өйткені олар QT аралығын ұзартады және P450 (CYP) 3A4 цитохромы арқылы метаболизденеді

ұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы бар пациенттерге

- жүктілік және лактация кезеңі

- 7 жасқа дейінгі балалар

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Флуконазолды қолдану аясында бауыр функциясы көрсеткіштерінің бұзылуы; флуконазолды қолдану аясында беткейлік зеңдік инфекциялар және инвазиялықүйелі зеңдік инфекциялары бар науқастарда бөртпелердің пайда болуы; терфенадинді және флуконазолды тәулігіне 400 мг-ден аз дозада бір мезгілде қолдану; көптеген қауіп факторлары бар науқастарда әлеуетті проаритмиялық жағдайлар (жүректің органикалық аурулары, электролиттік теңгерімнің бұзылулары және осыған ұқсас бұзылулардың дамуына ықпал ететін қатар жүргізілетін ем).

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Төменде көрсетілген дәрілік заттармен біріктіріп қолдануға болмайды.

Цизаприд: флуконазол мен цизапридті бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде жүрек тарапынан жағымсыз реакциялардың, соның ішінде пируэт типті пароксизмальді қарыншалық тахикардияның дамығаны жөнінде мәлімделді. Бақыланған зерттеу нәтижелері тәулігіне 1 рет 200 мг флуконазолды және тәулігіне 4 рет 20 мг цизапридті бір мезгілде қолданудың қан плазмасында цизаприд деңгейінің едәуір жоғарылауына және  QT аралығының ұзаруына әкелгенін көрсетті. Флуконазол мен цизапридті бір мезгілде қолдануға болмайды.

Терфенадин:  зеңге қарсы азолды дәрілік заттарды терфенадинмен бір мезгілде қолданып жүрген пациенттерде QT аралығының ұзаруынан туындаған жүректің ауыр аритмияларының даму жағдайлары бар болғандықтан, осы препараттардың өзара әрекеттесулеріне зерттеулер жүргізілді. Бір зерттеу барысында тәулігіне 200 мг доза флуконазолды қолданғанда QT аралығының ұзаруы байқалған жоқ. Флуконазолды тәулігіне 400 және 800 мг дозаларда қолдануға қатысты басқа зерттеу деректері флуконазолды тәулігіне ≥400 мг дозада қабылдау осы препараттарды бір мезгілде қолданғанда қан плазмасында терфенадин деңгейін едәуір жоғарылататынын көрсетті. Тәулігіне ≥400 мг доза флуконазолды терфенадинмен біріктіріп қолдануға болмайды. Тәулігіне <400 мг доза флуконазолды терфенадинмен бір мезгілде қолданғанда пациенттің жағдайына мұқият мониторинг жүргізген жөн.

Астемизол: флуконазол мен астемизолды біріктіріп қолдану астемизолдың клиренсін төмендетуі мүмкін. Осыдан туындаған қан плазмасындағы астемизол концентрациясының жоғарылауы QT аралығының ұзаруына және сирек жағдайларда пируэт типті пароксизмальді қарыншалық тахикардияға әкеп соғуы мүмкін. Флуконазол мен астемизолды бір мезгілде қолдануға болмайды.

Пимозид:  тиісті in vitro және in vivo зерттеулері жүргізілмесе де, флуконазол мен пимозидті біріктіріп қолдану пимозид метаболизмінің бәсеңдеуіне әкелуі мүмкін. Қан плазмасында пимозид концентрациясының жоғарылауы QT аралығын ұзартуы және сирек жағдайларда пируэт типті пароксизмальді қарыншалық тахикардияның дамуына әкеп соғуы мүмкін. Флуконазол мен пимозидті бір мезгілде қолдануға болмайды.

Хинидин: тиісті in vitro және in vivo зерттеулері жүргізілмесе де, флуконазол мен хинидинді біріктіріп қолдану хинидиннің метаболизмінің бәсеңдеуіне әкеп соғуы мүмкін. Қан плазмасында хинидин концентрациясының жоғарылауы QT аралығын ұзартуы және сирек жағдайларда пируэт типті пароксизмальді қарыншалық тахикардияның дамуына әкеп соғуы мүмкін. Флуконазол мен хинидинді бір мезгілде қолдануға болмайды.

Эритромицин: флуконазол мен эритромицинді бір мезгілде қолдану кардиоуыттылықтың (QT аралығының ұзаруы, пируэт типті пароксизмальді қарыншалық тахикардия) даму қаупінің жоғарылауына әлеуетті түрде әкеп соғады және, соның салдары ретінде, жүректен кенет өліп кетуге әкелуі мүмкін. Флуконазол мен эритромицинді бір мезгілде қолдануға болмайды.

Флуконазолды және төменде көрсетілген дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Галофантрин: Флуконазол CYP3A4 бәсеңдеуі есебінен қан плазмасында галофантрин концентрациясының жоғарылауын туындатуы мүмкін. Флуконазол мен галофантринді бір мезгілде қолдану кардиоуыттылықтың (QT аралығының ұзаруы, пируэт типті пароксизмальді қарыншалық тахикардия) даму қаупінің жоғарылауына әлеуетті түрде әкеп соғады және соның салдары ретінде, жүректен кенет өліп кетуге әкелуі мүмкін. Осы дәрілік заттарды біріктіріп қолдануға жол бермеген жөн.

Амиодарон: Флуконазолды амиодаронмен бір мезгілде қолдану QT аралығының ұзаруымен қатар жүруі мүмкін. Екі препаратты, әсіресе жоғары дозалардағы (800 мг) флуконазолмен біріктірген кезде сақтық танытқан жөн.

Флуконазолды және төменде көрсетілген дәрілік заттарды біріктіріп қолдану сақтықты және дозаларды түзетуді қажет етеді.

Басқа дәрілік заттардың флуконазолға ықпалы. 

Рифампицин: Флуконазол мен рифампицинді бір мезгілде қолдану флуконазолдың AUC мәнінің 25%-ға азаюына және жартылай шығарылу кезеңінің 20%-ға қысқаруына әкелді. Сондықтан рифампицин қабылдап жүрген пациенттер үшін флуконазолдың дозасын жоғарылатудың мақсатқа лайықтылығын қарастырған жөн.

Өзара әрекеттесулеріне жүргізілген зерттеулер флуконазолды тамақпен, циметидинмен, антацидтермен бір мезгілде қабылдау немесе сүйек кемігін ауыстырып салу үшін әрі қарай бүкіл денені сәулелендіру флуконазолдың сіңуіне, оны ішу арқылы қолданғанда, клиникалық тұрғыдан маңызды ықпалының жоқтығын көрсетті.

Гидрохлоротиазид: Фармакокинетикалық өзара әрекеттесулерге жүргізілген зерттеулер флуконазол қабылдап жүрген дені сау еріктілерде гидрохлортиазидтің көп реттік дозаларын бір мезгілде қолдану соңғысының қан плазмасындағы концентрациясының 40%-ға жоғарылауына әкелгенін анықтады. Мұндай әрекеттесудің әсері диуретиктерді бір мезгілде қабылдап жүрген субъектілерде флуконазолдың дозалану режимін өзгертудің қажеттілігіне себеп болмауы тиіс.

Флуконазолдың басқа дәрілік заттарға ықпалы.  

Флуконазол P450 (CYP) цитохромының 2C9 изоферментінің күшті тежегіші және CYP3A4 изоферментінің орташа тежегіші болып табылады. Сондай-ақ флуконазол CYP2C19 изоферментінің де тежегіші болып табылады. Төменде сипатталған белгіленген/құжатты түрде дәлелденген өзара әрекеттесулерден басқа, флуконазолмен бір мезгілде қолданғанда CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 арқылы метаболизденетін басқа да қосылыстардың қан плазмасындағы концентрацияларының жоғарылау қаупі бар. Сондықтан препараттардың мұндай біріктірілімдерін сақтықпен қолданған жөн; мұндайда пациенттердің жағдайларын мұқият қадағалау қажет. Флуконазолдың ферменттерді бәсеңдететін әсері, жартылай шығарылу кезеңінің ұзақтығына байланысты, флуконазолды қолдануды тоқтатқаннан кейін 4–5 тәулік бойы сақталады.

Альфентанил:  400 мг доза флуконазолды және 20 мкг/кг доза альфентанилді вена ішіне бір мезгілде қолданғанда, CYP3A4 тежелуінен болуы мүмкін, дені сау еріктілерде AUC10 мәнінің екі есе артқаны байқалды.

Альфентанил дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Амитриптилин, нортриптилинФлуконазол амитриптилиннің және нортриптилиннің әсерін күшейтеді. Біріктірілген емнің бас кезінде және емдеуден кейін 1 аптадан соң 5-нортриптилиннің және/немесе S-амитриптилиннің концентрацияларын анықтау ұсынылады. Қажет болған кезде амитриптилин/нортриптилин дозасын түзеткен жөн.

Амфотерицин В: Иммунитеті қалыпты және төмен, инфекция жұқтырған тышқандарға флуконазол мен амфотерицин В бір мезгілде қолдану мынадай нәтижеге әкелді: C. аlbicans жүйелі инфекциясында зеңге қарсы аздаған аддитивті әсері білінді, бассүйекішілік Cryptococcus neoformans инфекцияларында өзара әрекеттесулер болған жоқ және A. fumigatus жүйелі инфекцияларында екі препараттың антагонизмі. Осы зерттеулер барысында алынған нәтижелердің клиникалық маңызы белгісіз.

Антикоагулянттар: Постмаркетингтік қолдану тәжірибесі зеңге қарсы басқа азолды дәрілерді қолданғанда да, флуконазол мен варфаринді бір мезгілде қабылдағанда да протромбин уақытының артуымен біріккен қан кетулердің (гематомалар, мұрыннан қан кету, асқазан-ішектік қан кетулер, гематурия және мелена) дамығаны жөнінде мәлімделгенін көрсетті. Флуконазол мен варфаринді бір мезгілде қолданғанда, CYP2С9 арқылы варфарин метаболизмінің бәсеңдеуі салдарынан, протромбин уақытының екі есе артуы байқалды. Кумаринді қатардың антикоагулянттары немесе индандионды антикоагулянттарды флуконазолмен бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде протромбин уақытын мұқият бақылаған жөн. Антикоагулянттың дозасын түзету қажет етілуі мүмкін.

Бензодиазепиндер (қысқа әсерлі), мысалы мидазолам, триазолам: Мидазоламды ішу арқылы қолданудан кейін флуконазолды тағайындау мидазолам концентрациясының едәуір жоғарылауына және психомоторлы әсерлердің күшеюіне әкелді. 200 мг доза флуконазолды және ішуге арналған 7,5 мг доза мидазоламды бір мезгілде қолдану AUC мәнінің және жартылай шығарылу кезеңінің, сәйкесінше, 3,7 және 2,2 есе артуына әкелді. Тәулігіне 200 мг доза флуконазолды және ішуге арналған 0,25 мг триазоламды қолдану триазоламның AUC мәнінің және жартылай шығарылу кезеңінің, сәйкесінше, 4,4 және 2,3 есе артуына әкелді. Флуконазол мен триазоламды бір мезгілде қолданғанда триазолам әсерінің көтермеленуі және ұзаққа созылуы байқалды.

Егер пациент флуконазолмен емделу курсынан өтіп жүрсе, бензодиазепиндермен емдеуді бір мезгілде тағайындау қажет, соңғысының дозасын төмендету және пациенттің жағдайын мұқият қадағалаған жөн.

Карбамазепин: Флуконазол карбамазепиннің метаболизмін бәсеңдетеді және қан сарысуында карбамазепин деңгейін 30%-ға арттырады. Карбамазепин тарапынан уыттылық біліністерінің даму қаупі бар. Карбамазепиннің дозасын, оның концентрациясының деңгейіне және препараттың әсеріне байланысты, түзету қажет болуы мүмкін.

Кальций өзекшелерінің блокаторлары: Кальцийдің кейбір антагонистері (нифедипин, исрадипин, амлодипин, верапамил және фелодипин) CYP3A4 ферментімен метаболизденеді. Флуконазол әлеуетті түрде кальций өзекшелері блокаторларының жүйелі экспозициясын арттыруы мүмкін. Жағымсыз рекциялардың дамуын мұқият қадағалау ұсынылады.

Целекоксиб: Флуконазолды (тәулігіне 200 мг) және целекоксибті (200 мг) бір мезгілде қолданғанда целекоксибтің Cmax және AUC мәндері, сәйкесінше, 68%-ға және 134%-ға артты. Целекоксиб пен флуконазолды бір мезгілде қолданғанда целекоксибтің дозасын екі есе төмендету қажет болуы мүмкін.

Циклофосфамид: Циклофосфамид пен флуконазолды бір мезгілде қолдану қан плазмасында билирубин мен және креатинин деңгейлерінің жоғарылауына әкеледі. Қан плазмасындағы билирубин мен креатинин концентрацияларының жоғарылау қаупін ескеріп, бұл препараттарды бір мезгілде қолдануға болады.

Фентанил:  Фентанил мен флуконазолдың ықтимал өзара әрекеттесуіне байланысты, фентанилмен уыттану салдарынан, өліммен аяқталған бір жағдай мәлімделді. Бұған қоса, дені сау еріктілердің қатысуымен жүргізілген зерттеулерде флуконазол фентанилдің элиминациясын едәуір баяулатқанын көрсетті. Фентанил концентрациясының жоғарылауы тыныстың тарылуына әкеп соғуы мүмкін. Тыныс алу жеткіліксіздігінің әлеуетті даму қаупі бар болғандықтан, пациенттің жағдайын мұқият қадағалаған жөн. Фентанил дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері: Флуконазолды және CYP3A4 арқылы метаболизденетін ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін (аторвастатин және симвастатин), немесе CYP2C9 арқылы метаболизденетін ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін (флувастатин) бір мезгілде қолдану миопатияның және рабдомиолиздің даму қаупін арттырады. Осы препараттарды бір мезгілде қолдану қажет болғанда миопатия және рабдомиолиз симптомдарының пайда болуына қатысты пациентті мұқият қадағалаған және креатинкиназа деңгейіне мониторинг жүргізген жөн. Креатинкиназа деңгейі жоғарылаған жағдайда, сондай-ақ миопатия/рабдомиолиз диагностикаланғанда немесе оған күдіктенгенде ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін қолдануды тоқтату керек.

Ибрутиниб: флуконазол сияқты CYP3A4 орташа тежегіштері ибрутинибтің плазмадағы концентрациясын арттырады және уыттылық қаупін жоғарылатуы мүмкін. Егер препараттарды біріктіріп қолдануға тура келсе, тежегішті қолдану кезеңінде ибрутинибтің дозасын тәулігіне бір рет 280 мг (екі капсулаға) дейін азайтыңыз және мұқият клиникалық мониторингті қамтамасыз етіңіз.

Ивакафтор: ивакафтормен, муковисцидозда трансжарғақша өткізгіштігінің реттегішімен бір мезгілде қолданғанда ивафактордың концентрациясы 3 есе және гидроксиметил-ивакафтордың концентрациясы (М1) 1,9 есе артты. Флуконазол және эритромицин сияқты CYP3A ферментінің орта тежегіштерін бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде ивакафтордың дозасын тәулігіне 150 мг-ге дейін төмендету ұсынылады.

Олапариб: CYP3A4 орташа тежегіштері, флуконазол сияқты, олапарибтің плазмадағы концентрациясын жоғарылатады. Бір мезгілде пайдалану ұсынылмайды. Егер препараттарды біріктіріп қолдануға тура келсе, олапарибтің дозасын тәулігіне екі рет 200 мг дейін азайту керек.

Иммуносупрессорлар (мысалы, циклоспорин, эверолимус, сиролимус және такролимус):

Циклоспорин: Флуконазол циклоспориннің концентрациясын және AUC мәнін едәуір арттырады. Тәулігіне 200 мг доза флуконазолды және тәулігіне 2,7 мг/кг доза циклоспоринді бір мезгілде қолданғанда циклоспориннің AUC мәнінің 1,8 есе артқаны тіркелді. Бұл препараттарды циклоспориннің дозасын концентрациясына байланысты төмендеткен жағдайда бір мезгілде қолдануға болады.

Эверолимусin vitro және in vivo зерттеулер жүргізілмесе де, флуконазол CYP3А4 бәсеңдету арқылы қан плазмасында эверолимустың концентрациясын арттыруы мүмкін.

Сиролимус: Флуконазол қан плазмасында сиролимустың концентрациясын CYP3A4 ферментімен және P-гликопротеинмен сиролимустың метаболизмін бәсеңдету жолымен арттыруы мүмкін. Бұл препараттарды сиролимустың дозасын концентрациясына және препараттың әсеріне байланысты түзеткен жағдайда бір мезгілде қолдануға болады.

Такролимус: Флуконазол, оны ішекте CYP3A4 ферментімен такролимустың метаболизмін бәсеңдету жолымен ішу арқылы қолданғанда, қан плазмасында такролимустың концентрациясын 5 есе арттыруы мүмкін. Такролимусты в/і қолданғанда фармакокинетикасында елеулі өзгерістер байқалған жоқ. Такролимустың жоғары деңгейі нефроуыттылықпен астасады. Ішу арқылы қолдануға арналған такролимустың дозасын такролимустың концентрациясына байланысты төмендеткен жөн.

Лозартан: Флуконазол лозартанның метаболизмін оның белсенді метаболитіне дейін (E3174) бәсеңдетеді, ол негізінен лозартанды қолданған кезде ангиотензин II рецепторларына антагонизмімен жүзеге асады. Пациенттерде АҚ ұдайы мониторингілеуді жүзеге асыру ұсынылады.

Метадон: Флуконазол қан плазмасында метадонның концентрациясын арттыруы мүмкін. Метадонның дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар: Флуконазолмен бір мезгілде қолданғанда, флурбипрофенді ғана қолданған кездегі ұқсас көрсеткіштермен салыстырғанда, флурбипрофеннің Cmax және AUC мәндері, сәйкесінше, 23 және 81%-ға жоғарылады. Флуконазолды рацемиялық ибупрофенмен (400 мг) бір мезгілде қолданғанда, тек рацемиялық ибупрофенді қолданған кездегі ұқсас көрсеткіштермен салыстырғанда ибупрофеннің фармакологиялық белсенді S–(+) изомерінің Cmax және AUC мәндері, сәйкесінше, 15 және 82%-ға жоғарылады.

Арнайы зерттеулер жүргізілмесе де, флуконазол CYP2C9 арқылы метаболизденетін басқа да ҚҚСП-тің (мысалы, напроксеннің, лорноксикамның, мелоксикамның, диклофенактің) жүйелік экспозициясын арттыруға әлеуетті түрде қабілетті. ҚҚСП-пен байланысты жағымсыз реакцияларға және уытты біліністерге жиі мониторинг жасауды жүзеге асыру ұсынылады. ҚҚСП дозасын түзету керек болуы мүмкін.

Фенитоин: Флуконазол бауырда фенитоинның метаболизмін бәсеңдетеді. 200 мг флуконазолды және 250 мг фенитоинды в/і көп рет бір мезгілде қолдану фенитоинның AUC24 75%-ға және Сmin 128%-ға артуына әкелді. Осы дәрілік заттарды бір мезгілде қолданғанда фенитоинның уытты әсерінің дамуының бар-жоқтығын анықтау үшін қан плазмасында фенитоинның концентрациясына мониторинг жүргізген жөн.

Преднизон: Бауыр трансплантациясынан кейін пациентте преднизонды қолдану аясында флуконазолмен 3 айлық емдеу курсын тоқтатқаннан кейін бүйрекүсті безі қыртысының жедел жеткіліксіздігінің даму жағдайлары жөнінде мәлімделді. Флуконазолды қолдануды тоқтату CYP3A4 белсенділігінің жоғарылауына әкелуі мүмкін, бұл преднизонның метаболизмін жылдамдатты. Флуконазол мен преднизонды ұзақ уақыт бойы біріктіріп қолданған пациенттерді, флуконазолды тоқтатқаннан кейін бүйрекүсті безі қыртысы жеткіліксіздігінің дамуына жол бермеу мақсатында, мұқият қадағалаған жөн.

Рифабутин: Флуконазол қан плазмасында рифабутиннің концентрациясын арттырады, ол рифабутиннің AUС мәнінің 80%-ға артуына әкеледі. Флуконазол мен рифабутинді бір мезгілде қолданғанда увеиттің даму жағдайлары жөнінде мәлімделді. Дәрілік заттардың осындай біріктірілімін қолданған кезде рифабутиннің уытты әсерінің симптомдарын ескерген жөн.

Саквинавир: Флуконазол бауырда саквинавирдің метаболизмін CYP3A4 ферментімен бәсеңдету және P-гликопротеинді тежеу жолымен саквинавирдің AUC және Cmax  мәндерін, сәйкесінше, шамамен 50%-ға және 55%-ға арттырады. Саквинавирмен/ритонавирмен өзара әрекеттесулері зерттелген жоқ, сондықтан олар айқынырақ болуы мүмкін. Саквинавирдің дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Сульфонилмочевина туындылары: Дені сау еріктілерге бір мезгілде қолданған кезде флуконазол сульфонилмочевинаның ішуге арналған туындыларының (хлорпропамид, глибенкламид, глипизид және толбутамид) сарысудан жартылай шығарылу кезеңін ұзартады. Флуконазолмен бір мезгілде қолданғанда қандағы глюкозаға жиі бақылау жүргізу және сульфонилмочевина туындыларының дозасын тиісінше төмендету ұсынылады.

Теофиллин: Препараттардың өзара әрекеттесуіне жүргізілген плацебо-бақыланатын зерттеулерде 14 күн бойы 200 мг флуконазолды қолдану қан плазмасындағы теофиллиннің орташа клиренсінің 18%-ға төмендеуіне әкелді. Теофиллинді жоғары дозаларда қолданып жүрген немесе басқа себептерге байланысты теофиллиннің уытты біліністерінің даму қаупі жоғарылаған пациенттерді, флуконазолды қолданған кезде теофиллиннің уытты әсерлерінің белгілерін анықтау тұрғысынан, мұқият қадағалаған жөн. Уыттылық белгілері пайда болған кезде емдеуді өзгерту керек.

Тофацитиниб: тофацитинибті флуконазолмен бірге қолданған кезде тофацитинибтің әсері ұлғаяды, олар CYP3A4 орташа басылуына, және CYP2C19 күшті басылуына (мысалы, флуконазол) әкеледі, сондықтан осы препараттармен біріктіргенде тофацитинибтің дозасын күніне бір рет 5 мг дейін азайту ұсынылады.

Қабіршөп алкалоиды: ФУЦИС® қабіршөп алкалоидының (мысалы, винкристин және винбластин) плазмалық деңгейлерін арттыруы және, CYP3A4-ке тежегіш әсеріне байланысты, нейроуыттылыққа әкелуі мүмкін.

А дәрумені:  Клиникалық тәжірибеде трансретиной қышқылын (A дәруменінің қышқылдық түрі) және флуконазолды бір мезгілде қабылдаған пациентте мидың жалған ісігі түріндегі ОЖЖ тарапынан жағымсыз реакциялардың пайда болғаны хабарланды, ол флуконазолды тоқтатқаннан кейін жойылған. Бұл дәрілік заттарды бір мезгілде қолдануға болады, бірақ ОЖЖ тарапынан жағымсыз реакциялардың даму қаупін есте ұстау керек.

Вориконазол (CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 изоферменттерінің тежегіші): вориконазолды (алғашқы күні әрбір 12 сағат сайын 400 мг-ден, содан кейін 2,5 күн бойы әрбір 12 сағат сайын 200 мг) және флуконазолды алғашқы күні (400 мг, содан кейін 200 мг-ден 4 күн бойы әрбір 24 сағат сайын) ішке бір мезгілде қолдану дені сау 8 волонтер-еркекте вориконазолдың концентрациясының және AUC мәнінің, сәйкесінше, 57%-ға (90% C1: 20%, 107%) және 79%-ға (90% C1: 40%, 128%) артуына әкелді. Бұл әсер дозаны және/немесе препараттардың кез келгенін қабылдау санын азайтқан кезде сақталатынын көрсетті. Вориконазолды флуконазолдан кейін бірден қабылдағанда вориконазолмен астасқан жағымсыз реакцияларға мониторинг жүргізу ұсынылған.

Зидовудин: Флуконазол зидовудиннің Сmax және AUC мәндерін, сәйкесінше, 84 және 74%-ға арттырады, бұл ішу арқылы қолданған кезде зидовудин клиренсінің шамамен 45%-ға төмендеуінен болады. Флуконазолмен біріктіріп қолданғаннан кейін зидовудиннің жартылай шығарылу кезеңі де шамамен 128%-ға ұзарды. Дәрілік заттардың осындай біріктірілімін қолданып жүрген пациенттерді, зидовудинді қолданумен байланысты жағымсыз реакциялардың дамуына қатысты, бақылауға алған жөн. Зидовудиннің дозасын төмендетудің мақсатқа лайықтылығын қарастыруға болады.

Азитромицин:  дені сау 18 ерікті қатысқан ашық рандомизацияланған үш жақты айқаспалы зерттеу барысында азитромициннің және флуконазолдың, сәйкесінше, 1200 және 800 мг дозаларын бір мезгілде бір реттік ішу арқылы қолданғанда, олардың бір-бірінің фармакокинетикасына ықпалына баға берілді. Ешқандай маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.

Оральді контрацептивтер: біріктірілген оральді контрацептивтерді және флуконазолдың көп реттік дозасын бірге қолдануға кинетикалық екі зерттеу жүргізілді. Флуконазолдың 50 мг дозасында гормондардың деңгейіне елеулі әсерлері байқалмады, бірақ тәулігіне 200 мг дозада этинил эстрадиолдың және левоноргестрелдің AUC мәндері, сәйкесінше, 40%-ға және 24%-ға артты. Сонымен, флуконазолды осындай дозаларда көп реттік қолдану біріктірілген оральді контрацептивтердің тиімділігіне ықпалын тигізуі екіталай.

Арнайы сақтандырулар

Бастың шаш өскен бөлігінің микозы

Балаларда бастың шаш өскен бөлігінің микозын емдеу үшін флуконазолды зерттеу нәтижелері бойынша, флуконазолдың тиімділігі гризеофульвиндегі осындайдан аспайды, және тиімділігінің жалпы көрсеткіші <20% құрайды. Сондықтан ФУЦИС®-ті бастың шаш өскен бөлігінің микозын емдеу үшін қолданбаған жөн.

Криптококкоз 

Басқа жерге орныққан криптококкозды (мысалы, өкпе криптококкозын және тері криптококкозын) емдеу үшін флуконазолдың тиімділігіне айғақтамалар жеткіліксіз, сондықтан мұндай ауруларды емдеу үшін дозалау жөнінде нұсқаулар жоқ.

Терең эндемиялық микоздар

Эндемиялық микоздардың паракокцидиоидомикоз, тері-лимфалық споротрихоз және гистоплазмоз сияқты басқа түрлерін емдеу үшін флуконазолдың тиімділігіне айғақтамалар жеткіліксіз, сондықтан мұндай ауруларды емдеу үшін дозалау жөніндегі нұсқаулар жоқ.

Несеп шығару жүйесі 

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде ФУЦИС® препаратын сақтықпен қолданған жөн.

Бүйрекүсті безі қыртысы жеткіліксіздігі

Кетоконазол бүйрекүсті безі қыртысы функциясының жеткіліксіздігіне әкеп соғатыны белгілі, бұны флуконазолға да қатысты айтуға болады, бірақ әрдайым емес. Преднизонмен бір мезгілде қолданумен байланысты бүйрекүсті безі қыртысы жеткіліксіздігі «Дәрілермен өзара әрекеттесуі» тармағында сипатталған.

Гепатобилиарлы жүйе

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде ФУЦИС®-ті сақтықпен қолданған жөн. ФУЦИС® препаратын қолдану сирек жағдайларда, негізінен негізгі ауыр сырқаттары бар пациенттерде, өліммен аяқталуды қоса, ауыр гепатоуыттылықтың туындауымен астасты. Гепатоуыттылықтың дамуы флуконазолды қолданумен астасқан жағдайларда, оның препараттың жалпы тәуліктік дозасына, емдеу ұзақтығына, пациенттің жынысына және жасына айқын байланыстылығы байқалған жоқ. Әдетте флуконазолдан туындаған гепатоуыттылық емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтымды.

Флуконазолды қолданғанда бауырдың функционалдық сынамаларының нәтижелерінде ауытқулар білінген пациенттерді бауырдың ауырырақ зақымдануының дамуына қатысты мұқият бақылауға алған жөн.

Пациенттерді бауырға күрделі ықпал еткенін айғақтауы мүмкін симптомдар (айқын астения, анорексия, үнемі жүректің айнуы, құсу және сарғаю) жөнінде хабардар ету керек. Мұндай жағдайда флуконазолды қолдануды дереу тоқтату және дәрігерден кеңес алу керек.

Жүрек-қантамыр жүйесі

Кейбір азолдар, соның ішінде флуконазол да, ЭКГ-де QT аралығының ұзаруымен астасады. Флуконазол калий өзекшесінің түзеткіш ағынын (Ikr) тежеу арқылы QT аралығының ұзаруын туғызады. QT аралығының басқа дәрілік заттар (амиодарон сияқты) туғызған ұзаруы P450 (CYP) 3A4 цитохромының тежелуі есебінен күшеюі мүмкін.

Тіркеуден кейінгі бақылауларда флуконазол препаратын қолданғанда  QT аралығы ұзаруының және пируэт типті пароксизмальді қарыншалық тахикардияның өте сирек жағдайлары жөнінде мәлімделді. Мұндай мәлімдемелер жүректің органикалық зақымданулары, электролиттік алмасудың бұзылуы және өзгерістерге әкелуі мүмкін басқа дәрілік заттарды бір мезгіде қолдану сияқты көптеген қауіп факторлары біріккен, ауыр сырқаттары бар пациенттерге қатысты болды.

Гипокалиемиясы және жүректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер өмірге қауіп төндіретін қарыншалық аритмиялар туындауының жоғары қаупіне ұшырайды.

ФУЦИС®-ті аритмиялардың даму қаупі бар пациенттерге сақтықпен қолданған жөн. QT аралығын ұзартатын және P450 цитохромының (CYP) 3A4 изоферментінің жәрдемімен метаболизденетін дәрілік заттармен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Галофантрин

Галофантрин CYP3А4 ферментінің субстраты болып табылады және ұсынылған емдік дозаларда QT аралығын ұзартады. Галофантринді және флуконазолды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Дерматологиялық реакциялар

Флуконазолды қолданған кезде Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролиз сияқты эксфолиативті тері реакцияларының дамығаны жөнінде сирек мәлімделді. ЖИТС бар пациенттер көптеген дәрілік заттардың қолданған кезде ауыр тері реакцияларына бейімірек болады. Егер беткейлік зеңді инфекциялары бар пациентте флуконазолды қолданумен байланысты болуы мүмкін бөртпелер пайда болса, препаратты әрі қарай қабылдауды тоқтатқан жөн. Егер инвазиялық/жүйелік зеңді инфекциялары бар пациенттің терісінде бөртпелер пайда болса, оның жағдайын мұқият қадағалау керек, ал буллезді бөртпелер немесе полиморфты эритемалар дамыған жағдайда флуконазолды қолдануды тоқтатқан жөн.

Аса жоғары сезімталдық

Сирек жағдайларда анафилаксиялық реакциялардың дамығаны жөнінде мәлімделді.

Р450 цитохромы

Флуконазол CYP2C9 ферментінің күшті тежегіші және CYP3А4 ферментінің орташа тежегіші болып табылады. Сондай-ақ флуконазол CYP2C19 ферментінің де тежегіші. ФУЦИС®-ті және CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 қатысуымен метаболизденетін, емдік аясы тар препараттарды бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттердің жағдайын бақылап отырған жөн.

Терфенадин

Терфенадинді және флуконазолды тәулігіне <400 мг дозада бір мезгілде қабылдағанда пациенттің жағдайын мұқият қадағалау керек.

Қосымша заттар.

ФУЦИС® таблеткасы құрамында лактоза моногидраты бар. Галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы және глюкоза және галактоза мальабсорбциясы сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге бұл препаратты қабылдауға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Обсервациялық зерттеулердің нәтижелері жүктіліктің бірінші триместрі кезінде флуконазол қабылдаған әйелдерде өздігінен болатын түсіктің жоғары қаупін көрсетті.

Анасы кокцидиоидомикозды емдеу үшін флуконазолдың жоғары (күніне 400 - 800 мг) дозаларымен үш ай бойы немесе одан ұзағырақ ем қабылдаған жаңа туған нәрестелерде туа біткен көптеген ауытқулар (соның ішінде брахицефалия, құлақ қалқаны дисплазиясы, алдыңғы еңбектің аса ұлғаюы, ортан жіліктің қисаюы және иық-шынтақ синостозы) тіркелді. Флуконазолды қолдану мен осы жағдайлар арасындағы өзара байланыс белгісіз. Жануарларға жүргізілген зерттеулер дәрілік заттың репродуктивті уыттылығын көрсетті.

Күтілетін пайдасы қаупінен едәуір жоғары болатын жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезінде флуконазолды стандартты дозаларда және қысқа мерзімдік ем үшін пайдаланбау керек.

Өмір үшін қаупі зор инфекция жағдайларын қоспағанда, жүктілік кезінде флуконазолды үлкен дозаларда және/немесе ұзақ қолдануға болмайды.

Емшек сүтіндегі ФУЦИС® концентрациясы оның қан плазмасындағы концентрациясынан төмен. Флуконазолдың 150 мг немесе одан азырақ стандартты дозасын бір реттік қабылдаудан кейін емшек емізуді жалғастыруға болады.

Бірақ флуконазолды көп реттік қолданудан немесе үлкен дозаларын қабылдаудан кейін емшек емізуді жалғастыру ұсынылмайды.

Өмір үшін қауіпті инфекцияларды емдеу жағдайларын қоспағанда, жүктілік кезінде флуконазолды үлкен дозаларда және /немесе ұзақ емдеуге қолданбау керек.

Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Флуконазолдың көлік құралдарын басқару немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпалына зерттеу жүргізілмеген. Флуконазолды қолданған кезде бас айналудың немесе құрысулардың дамуы мүмкін екені жөнінде пациенттерге мәлімдеу керек. Мұндай симптомдар дамыған кезде көлік құралдарын басқару немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу ұсынылмайды.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалану режимі

Флуконазолдың тәуліктік дозасы зеңді инфекцияның түріне және ауырлығына байланысты. Препаратты көп рет қолдану қажет болғанда инфекцияларды емдеуді зеңді инфекциялар белсенділігінің клиникалық және зертханалық біліністері жойылғанша жалғастырған жөн. Емдеу ұзақтығының жеткіліксіздігі белсенді инфекциялық үдерістің қайта жаңғыруына әкеп соғуы мүмкін.

Ересектер

Қолданылуы

Дозалары

Емдеу ұзақтығы

Криптококкоз

Криптококктік менингитті емдеу

Екпінді доза: 1-ші күні  400 мг. Кейінгі доза:

тәулігіне 200–400 мг

Әдетте кем дегенде 6–8 апта. Өмірге қауіп төндіретін инфекцияларда дозаны 800 мг-ге дейін арттыруға болады

Криптококктік менингиттің даму қаупі жоғары пациенттерде оның қайталануына жол бермеу үшін демеуші ем ретінде

Тәулігіне 200 мг

Тәулігіне 200 мг дозаны қолданған кездегі емдеу ұзақтығы шектелмеген

Кокцидиоидоз

 

Тәулігіне 200–400 мг

Пациенттің жағдайына байланысты 11–24 ай немесе одан ұзағырақ. Инфекциялардың кейбір түрлері, әсіресе менингитті емдеу үшін тәулігіне 800 мг дозаны қолдану мақсатқа сай болуы мүмкін

Инвазиялық кандидоздар

 

Екпінді доза: 1-ші күні   800 мг. Кейінгі доза:

тәулігіне 400 мг

Әдетте кандидемияны емдеудің ұсынылатын ұзақтығы қан сеппелерінің алғашқы теріс нәтижесінен және кандидемия белгілері мен симптомдары жойылғаннан кейін 2 аптаны құрайды.

Шырышты қабықтардың кандидозы

Ауыз-жұтқыншақтың кандидозы

Екпінді доза: 1-ші күні   200–400 мг.

Кейінгі доза:

тәулігіне 100–200 мг

7–21 күн (ауыз-жұтқыншақ кандидозының ремиссиясына қол жеткізгенге дейін).

Ауыр иммун тапшылығы бар пациенттер үшін емдеу ұзақтығын арттыруға болады

Өңештің кандидозы

Екпінді доза: 1-ші күні   200–400 мг.

Кейінгі доза:

тәулігіне: 100–200 мг

14–30 күн (өңеш кандидозының ремиссиясына қол жеткізгенге дейін).

Ауыр иммун тапшылығы бар пациенттер үшін емдеу ұзақтығын арттыруға болады.

Кандидурия

Тәулігіне 200–400 мг

7–21 күн. Ауыр иммун тапшылығы бар пациенттер үшін емдеу ұзақтығын арттыруға болады.

Созылмалы атрофиялық кандидоз

Тәулігіне 50 мг

14 күн

Терінің және шырышты қабықтардың созылмалы кандидозы

Тәулігіне 50–100 мг

28 күнге дейін. Ауыр инфекциясы немесе иммун тапшылығы бар пациенттер үшін емдеу ұзақтығын арттыруға болады.

АИТВ-нің даму қаупі жоғары пациенттерде шырышты қабықтардың кандидозының қайталануының алдын алу

Ауыз-жұтқыншақтың кандидозы

Аптасына 3 рет тәулігіне 100–200 мг немесе 200 мг

Иммунитеті созылмалы төмендеген пациенттер үшін шектеусіз уақыт ішінде

Өңештің кандидозы

Аптасына 3 рет тәулігіне 100–200 мг немесе 200 мг

Иммунитеті созылмалы төмендеген пациенттер үшін шектеусіз уақыт ішінде

Генитальді кандидоз

Жедел қынап кандидозы

Жедел кандидозды баланит

150 мг

бір рет

Қайталанатын қынап кандидозының емі және

профилактикасы (жылына 4 немесе одан астам жағдайлары).

3 күнде 1 рет 150 мг.

Барлығы 3 доза қабылдау керек (1-ші, 4-ші және 7-ші күндері).

Содан кейін 150 мг –ден аптасына 1 рет демеуші доза қабылдау керек

Демеуші доза: 6 ай

Дерматомикоз

- табан микозы - тегіс тері микозы - шаптың дерматомикозы- терінің кандидоздық инфекциялары

150 мг аптасына 1 рет

немесе тәулігіне 1 рет

50 мг

2–4 апта; Табан микозын емдеу 6 аптаға дейін жалғасуы мүмкін

- түрлі-түсті теміреткі

300-400 мг аптасына бір рет

1-3 апта;

тәулігіне 1 рет 50 мг

2-4 апта;

-дерматофиттік онихомикоз

150 мг аптасына бір рет

Емді инфекция жұқтырған тырнақтың орнына жаңа сау тырнақ өскенше жалғастыру керек.

Қолдағы тырнақтың өсуіне әдетте 3-тен 6 айға дейінгі уақыт, үлкен бақайдың дені сау тырнақ өсуіне тиісінше 6-дан 12 айға дейінгі уақыт керек.

Алайда өсу жылдамдығы пациенттерде әртүрлі және жасына байланысты болуы мүмкін. Ұзақ созылмалы инфекцияны оң нәтижемен емдегеннен кейін, кейде тырнақтар пішіні өзгеріссіз қалады.

Кандидозды инфекцияның профилактикасы

 

200–400 мг

Емдеуді күтілетін нейтропенияның дамуынан бірнеше күн бұрын бастаған және нейтрофилдер саны >1000/мм3 артқаннан кейін 7 күн бойы жалғастырған жөн.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы пациенттер

Бүйрек жеткіліксіздігінің белгілері болмаған кезде препарат әдеттегі дозада қолданылады.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

ФУЦИС® өзгермеген белсенді зат түрінде көбінесе несеппен шығарылады. Бір реттік қолданғанда дозаны түзету қажет емес. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде (балаларды қоса) препаратты көп реттік қабылдау қажет болғанда емнің 1-ші күні белгілі бір көрсетілімдердегі күн сайынғы ұсынылатын дозаға байланысты бастапқы 50–400 мг дозаны қолданған жөн.Екпінді дозадан кейін тәуліктік дозаны (көрсетілімдеріне байланысты) төмендегі кестеге сәйкес есептеген жөн:

Креатинин клиренсі, мл/мин

Ұсынылған дозадағы үлесі,%

>50

100%

≤50 (диализсіз)

50%

Жүйелі диализ

100 % (әрбір диализден кейін)

Жүйелі диализде жүрген пациенттер әрбір диализден кейін ұсынылатын дозаны 100% қабылдауы тиіс. Диализ жүргізілмейтін күні пациент креатинин клиренсіне байланысты түзетілген дозаны қабылдауы тиіс.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

ФУЦИС®-ті бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттерге сақтықпен қолданған жөн, өйткені флуконазолды пациенттердің осы санатына қолдану жөнінде ақпарат жеткіліксіз.

Балалар (7-ден 17 жасқа дейін)

Балаларда ең жоғары тәуліктік 400 мг дозадан асырмаған жөн.

Ересектерде емдеу ұзақтығы басқа да ұқсас инфекциялардағы сияқты клиникалық және микологиялық жауабына байланысты. ФУЦИС® тәулігіне 1 рет қолданылады.

Бүйрек функциясы бұзылған балаларға препаратты дозалау үшін «Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер» қараңыз. Бүйрек жеткіліксіздігі бар балаларда флуконазолдың фармакокинетикасы зерттелген жоқ.

Қолданылуы

Дозалары

Ұсынымдары

Шырышты кандидоз

Бастапқы:

6 мг/кг/тәулігіне

Кейінгі:

3 мг/кг/тәулігіне

Бастапқы дозаны қанда препараттың қажетті деңгейіне тез жету үшін бірінші күні қолдануға болады

Инвазивті кандидоз

Криптококкты менингит

6-12 мг/кг/тәулігіне

Инфекцияның ауырлығына байланысты

Балаларда қайталану қаупі жоғары криптококкты менингит қайталануының профилактикасына арналған демеуші ем

6 мг/кг/тәулігіне

Инфекцияның ауырлығына байланысты

Иммунитеті төмен пациенттерде кандидоз қайталануының

профилактикасы

3-12 мг/кг/тәулігіне

Индукцияланған нейтропенияның дәрежесі мен ұзақтығына байланыстыресектерден қараңыз)

Жасөспірімдер (12-ден 17 жасқа дейін):

Дене салмағына және пубертатты дамуына байланысты дәрігер қандай дозаның пациент үшін (ересектер немесе балалар үшін) оңтайлы екендігіне баға беруі керек. Клиникалық деректер балаларда, ересектермен салыстырғанда, флуконазолдың клиренсі жоғары екендігін көрсетеді. Ересектерде 100, 200 және 400 мг дозаны және балаларда 3, 6 және 12 мг /кг дозаларды қолдану салыстырмалы ұқсас жүйелі экспозицияға әкеледі.

Педиатриялық популяцияда генитальді кандидозға қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Егер жасөспірімдерде (12-ден 17 жасқа дейін) генитальді кандидозды емдеу міндетті болса, дозалануы ересектердегі сияқты болуға тиіс.

Енгізу әдісі және жолы

Ішке қабылдауға арналған. Таблеткаларды тұтастай әрі тамақ ішуге байланыссыз жұту керек.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі. Флуконазолдың артық дозалануы жөнінде мәлімдемелер бар; бір мезгілде елестеулер және параноидальді мінез-құлық жөнінде де мәлімделді.

Емі: симптоматикалық демеуші ем жүргізу, қажет болған жағдайда асқазанды шаю керек.

Флуконазол несеппен шығарылады, сондықтан қарқындатылған диурез препараттың шығарылуын жылдамдатуы мүмкін. Ұзақтығы 3 сағаттық гемодиализ сеансы плазмадағы флуконазол деңгейін шамамен 50%-ға төмендетеді.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозаларын өткізіп алғанда қажет болатын шаралар

Егер осының алдында препаратты қабылдауды өткізіп алған болса, қосарлы дозаны қабылдауға болмайды.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар

Дәрілік препаратты қабылдамай тұрып алдымен дәрігерден немесе фармацевтен кеңес алыңыз.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда (қажет болса) қабылдау керек шаралар

Мәлімделген өте жиі жағымсыз реакциялар (>1/10) бас ауыру, құрсақ қуысының ауыруы, диарея, жүректің айнуы, құсу, қан плазмасында АлАТ, АсАТ және СФ деңгейлерінің жоғарылауы және бөртпе болып табылады.

Мынадай жағымсыз реакциялар келесі жиілікпен байқалды: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10), жиі емес (≥1/1000, <1/100), сирек (≥1/10 000, <1/1000), өте сирек (<1/10 000) және жиілігі белгісіз (қолда бар деректермен баға беру мүмкін емес).

Ағзалар жүйесінің класы

Жиі

Жиі емес

Сирек

Белгісіз

Қан жүйесі және лимфа жүйесі тарапынан

 

Анемия

Агранулоцитоз, лейкопения, тромбоцитопения, нейтропения

Иммундық жүйе тарапынан

 

 

Анафилаксия

Метаболизмдік және алиментарлық бұзылулар

 

Тәбеттің нашарлауы

Гиперхолестеринемия, гипертриглицеридемия, гипокалиемия

Психикалық бұзылулар

 

Ұйқысыздық, ұйқышылдық

 

Жүйке жүйесі тарапынан

Бас ауыру

Құрысулар, парестезиялар, бас айналу, дәмнің бұзылуы

Тремор

Есту және тепе-теңдік мүшелері тарапынан

 

Вертиго

 

Жүрек тарапынан

 

 

Пируэт типті пароксизмальді қарыншалық тахикардия, QT аралығының ұзаруы

АІЖ тарапынан

Құрсақ қуысының ауыруы, құсу, диарея, жүректің айнуы

Іш қату, диспепсия, метеоризм, ауыздың құрғауы

 

Гепатобилиарлы бұзылулар

АлАТ, АсАТ, СФ деңгейлерінің жоғарылауы.

Холестаз, сарғаю, билирубин деңгейінің жоғарылауы.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі, гепатоцеллюлярлы некроз, гепатит, гепатоцеллюлярлы зақымдар

Тері және тері асты тіндері тарапынан

Бөртпе

Дәрі-дәрмектік дерматит*, есекжем,қышыну, қатты терлеу

Уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, жедел жайылған экзантематозды пустулез, эксфолиативті дерматит, ангионевроздық ісіну, беттің ісінуі, алопеция

Эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен дәрілік реакция (DRESS-синдром)

Тірек-қимыл аппараты және дәнекер тіндер тарапынан

 

Миалгия

 

Жалпы бұзылулар және енгізген жердегі реакциялар

 

Қатты қажу, дімкәстік, астения, қызба

 

* тіркелген дәрілік эритеманы қоса

Балалар

Балалардың қатысуымен жүргізілген клиникалық зерттеулер барысындағы жағымсыз реакциялардың жиілігі мен сипаты және зертханалық талдаулар нәтижелерінің қалыптан ауытқулары ересектердегі осындайларға ұқсас.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препарат құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 50 мг, 100 мг, 150 мг немесе 200 мг флуконазол,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза РН102, лактоза моногидраты, повидон К 30, тальк, магний стеараты, натрий кроскармеллозасы, натрий крахмалы гликоляты, изопропил спирті.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ақ, жиектері қиғаш, дөңгелек, бір жақ бетінде сындыру сызығы бар таблеткалар.

Шығарылу түрі және қаптамасы

4, 7 таблетка (50 мг дозада) немесе 4, 10 таблетка (100 мг дозада), 1, 4, 7 таблетка (150 мг дозада), 4, 10 таблетка (дозада) 200 мг) поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1 пішінді ұяшықты қаптамада медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

4 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәліметтер

Кусум Хелткер Пвт. Лтд.,

СП 289 (А), РИИКО Индл. ареа, Чопанки, Бхивади (Радж.), Үндістан.

Телефон: +91-1493-516561

Факс: +91-1493-516562

Электронды пошта: info@kusum.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Кусум Хелткер Пвт. Лтд.,

СП 289 (А), РИИКО Индл. ареа, Чопанки, Бхивади (Радж.), Үндістан.

Телефон: +91-1493-516561

Факс: +91-1493-516562

Электронды пошта: info@kusum.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Дәрі-Фарм (Қазақстан)» ЖШС, Алматы қ., Қажымұқан көшесі, 22/5, «Хан Тәңірі» БО, Қазақстан

Тел/факс: 8(727) 295-26-50 

Электронды пошта: phv@kusum.kz

Прикрепленные файлы

ЛВ_Фуцис_таблетки_авг_2021.docx 0.1 кб
Фуцис_табл_каз_ЛВ_таблети.doc 0.25 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту