Фуросемид (40 мг) (Furosemide)

МНН: Фуросемид
Производитель: Борисовский завод медицинских препаратов Открытое акционерное общество
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Furosemide
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021301
Информация о регистрации в РК: 07.12.2020 - 07.12.2030
Номер регистрации в РБ: 23/02/42
Информация о регистрации в РБ: 25.05.2016 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Предельная цена закупа в РК: 1.07 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Фуросемид

Халықаралық патенттелмеген атауы

Фуросемид

Дәрілік түрі

40 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – фуросемид – 40 мг;

қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, крахмал 1500, ішінара желатинделген жүгері крахмалы, магний стеараты.

Сипаттамасы

Ойығы бар, жайпақ цилиндрлі, ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

«Ілмектік» диуретиктер. Сульфаниламидті диуретиктер. Фуросемид.

АТХ коды С03СА01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Абсорбциясы жоғары, ішке қабылдағаннан кейін қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрация 1 сағаттан соң байқалған.

Биожетімділігі – 60-70 %. Салыстырмалы таралу көлемі – 0,2 л/кг. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы – 98 %. Плацентарлық кедергі арқылы өтіп, емшек сүтімен бөлінеді. Бауырда метаболизденеді. Нефронның проксимальді бөлігінде болатын аниондарды тасымалдау жүйесі арқылы бүйрек өзекшелерінің саңылауына секрецияланады.

60-70 % бүйректермен бөлінеді, қалған бөлігі – ішекпен. Жартылай шығарылу кезеңі – 0,5-1 сағат.

Фармакодинамикасы

«Ілмектік» диуретик; дереу басталатын қысқа мерзімдік диуретикалық әсерді шақырады. Диуретикалық әсері дозаға байланысты. Ішке қабылдағанда әсер етуінің басталуы 30-60 минуттан соң, жоғары шегіне 1-2 сағаттан соң жетеді, әсер ету ұзақтығы 2-3 сағат (бүйрек қызметі төмен кезде – 8 сағатқа дейін).

Негізінен Генле ілмегінің өрлемелі бөлігінің жуан сегментінде натрий және хлор иондарының қайта сіңірілуін бәсеңдетеді. Фуросемид айқын натрийуретикалық, хлоруретикалық әсер етеді, калий, кальций, магний иондарының шығарылуын арттырады.

Жүрек жеткіліксіздігі кезінде ірі көктамырларды кеңейту арқылы жүрекке алдыңғы жүктеменің төмендеуіне әкеледі. Ең жоғарғы гемодинамикалық әсеріне препараттың әсер етуінің екінші сағатына қарай жетеді, ол жасушааралық сұйықтықтың және айналымдағы қан көлемінің азаюымен, көктамырлық тамырлардың тонусын төмендетумен байланысты. Натрий хлоридінің шығарылуының артуы, вазоконстрикторлы әсерге қантамырларының тегіс бұлшықеттерінің реакциясының төмендеуі және айналымдағы қан көлемінің азаюы нәтижесінде гипотензивті әсер етеді.

Қолданылуы

- жүрек немесе бүйректік шығу тегімен ісінулерде

- шығу тегі бауырлық ісінуде (калий жинақтаушы дәрілермен біріктірілімде)

- өкпе ісінуінде

- ми ісінуінде

- жедел сол жақ қарыншалық жеткіліксіздікте

- гипертониялық кризде (жекелей немесе басқа гипотензиялық дәрілермен біріктірілімде )

- артериялық гипертензияда

- гипернатриемияда, гиперкальциемияда, гипермагниемияда

- тиазидті несеп шығаратын дәрілерге қарсы көрсетілім болған жағдайда, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде (немесе креатинин клиренсі 30 мл/ минуттан төмен)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке, таңертеңгісін тамақтануға дейін сумен бірге ішу керек. Дозалау режимін клиникалық жағдайды, емделушінің жасын ескере отырып жекелей анықтайды. Емдеу үдерісінде емделуші жағдайының динамикасына және диуретикалық жауаптың ауқымына байланысты дозалау режимін түзетеді.

Ішке қабылдаған кезде ересектерге арналған бастапқы доза тәулігіне 20-80 мг құрайды.

6 жастан бастап балаларға бір реттік доза 1-2 мг/кг құрайды.

Балаларға арналған ең жоғарғы бір реттік доза 4мг/кг. Емдеу курсын дәрігер белгілейді.

Жағымсыз әсерлері

- артериялық гипотензия, ортостатикалық гипотензия, коллапс, тахикардия, аритмиялар

- бас айналуы, бас ауыруы, бұлшықеттің әлсіздігі, балтыр бұлшықетінің тартылуы (тетания), парестезиялар, апатия, адинамия, әлсіздік, енжарлық, ұйқышылдық, сананың шатасуы

- көрудің және естудің нашарлауы

- анорексия, ауыздың кеберсуі, шөлдеу, жүрек айнуы, құсу, диарея, іш қатуы, холестатикалық сарғаю, панкреатиттің асқынуы, бауыр энцефалопатиясы, трансаминазалардың жоғарылауы

- олигурия, несептің жедел іркілуі (қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы кезінде), интерстициальді нефрит, гематурия, белсіздік

- пурпура, есекжем, эксфолиативті дерматит, мультиформалы эритема, васкулит, некроздалған ангиит, терінің қышынуы, қалтырау, қызба, фотосенсибилизация, анафилактикалық шок

- лейкопения, тромбоцитопения, агранулоцитоз, апластикалық анемия

- гиповолемия, дегидратация (тромбоздың және тромбоэмболияның даму қаупі), гипокалиемия, гипонатриемия, гипохлоремия, гипокальциемия, гипомагниемия, метаболикалық алкалоз

- қанда креатининнің және мочевинаның жоғарылауы

Метаболикалық бұзылулар: гипергликемия, гиперхолестеринемия, гиперурикемия, глюкозурия.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- фуросемидке жоғары сезімталдық

- ануриямен жедел бүйрек жеткіліксіздігі (шумақтық сүзілу көлемі 3-5 мл/мин. төмен)

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі, бауыр комасы

- уретра стенозы, жедел гломерулонефрит, несеп шығару жолының таспен обструкциясы

- прекоматозды жағдай, гипергликемиялық кома

- гиперурикемия

- подагра

- қалпына келмейтін митральді немесе аортальді стеноз

- орталықтық көктамырлық қысымның жоғарылауы (10 мм с. б.жоғары), идиопатиялық гипертрофикалық субаортальді стеноз, артериялық гипотензия

- жедел миокард инфаркті

- жүйелі қызыл жегі

- панкреатит

- су-электролитті алмасудың бұзылуы (гиповолемия, гипонатриемия, гипокалиемия, гипохлоремия, гипокальциемия, гипомагниемия)

- дигиталистік уыттану

- жүктіліктің бірінші триместрі, лактация кезеңі

- 6 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ұсынылмайтын біріктірілімдер

Фуросемид пен хлоралгидратты біріктіріп қабылдау ұсынылмайды.

Аминогликозидтердің отоуыттылығы және басқа да отоуытты препараттар фуросемидті бір мезгілде қолданған кезде күшеюі мүмкін. Осындай біріктірілімдерден аулақ болған жөн, өйткені осы кезде пайда болатын естудің бұзылуы қайтымсыз болуы ықтимал. Бұл біріктірілімдерді тек өмірлік көрсеткіштер бойынша қолдануға болады.

Айрықша сақтықты талап ететін біріктірілімдер.

Егер цисплатинмен емдеген кезде фуросемидтің көмегімен қарқынды диурезге жету қажет болса, бүйрек қызметі қалыпты және сұйықтықтың тапшылығы болмаған кезде соңғысы төменгі дозада (40 мг-ге дейін) тағайындалуы мүмкін. Ондай болмағанда цисплатиннің нефроуыттылық әсері күшеюі мүмкін.

Фуросемид литийдің шығарылуын төмендетеді, осының салдарынан жүрекке және жүйке жүйесіне литийдің уытты әсері күшейеді. Бұл біріктірілімдерді алып жүрген емделушілерде литий деңгейін мониторингілеу керек.

Фуросемидпен емдеу ауыр гипотензияға және бүйрек қызметінің нашарлауына, ал жекелеген жағдайларда – жедел бүйрек жеткіліксіздігінің дамуына, әсіресе ангиотензин-өзгертуші ферменттері (АӨФ) тежегіштерін немесе ангиотензин ІІ антагонистерінің рецепторларын (сартандарды) алғашқы қабылдаған немесе жоғары дозаларда тағайындаған кезде әкелуі мүмкін. Фуросемидті тоқтату, не болмаса оның дозасын АӨФ тежегіштерін немесе сартандарды қолданғанға дейін 3 күн бұрын азайту керек.

Фуросемидті рисперидонмен біріктіргенде абайлап қолдану керек, өйткені егде жастағы емделушілерде өлім жоғары болуы мүмкін. Бір мезгілде қолдану қажеттілігі бұл біріктірілімдердің пайдасы мен қаупін ескере отырып негізделуі тиіс. Дегидратация бар болған кезде өлім қаупі жоғарылайды.

Фуросемидтің және басқа дәрілік заттардың елеулі өзара байланысуы

Ацетилсалицил қышқылын қоса қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді (ҚҚСД), бір мезгілде тағайындау фуросемидтің әсерін төмендетуі мүмкін. Дегидратациясы немесе гиповолемиясы бар емделушілерде ҚҚСД жедел бүйрек жеткіліксіздігін тудыруы мүмкін. Салицилаттардың уытты әсері артуы мүмкін.

Фенитоинмен бір мезгілде тағайындаған кезде фуросемидтің тиімділігін төмендетуі мүмкін.

Глюкокортикостероидтарды, карбеноксолонды, қызыл мияны және іш жүргізгіштерді ұзақ уақыт бойы көп мөлшерде, бір мезгілде қолданған кезде гипокалиемия күшеюі мүмкін. Гипокалиемия немесе гипомагниемия жүрек гликозидтеріне және QT аралығын ұзартуға әкелетін дәрілік заттарға миокардтың сезімталдығын жоғарылатуы мүмкін.

Артериялық қысымды төмендететін дәрілік заттың әсері (антигипертензивті, диуретикалық және басқа препараттар) фуросемидпен бір мезгілде пайдаланған кезде күшеюі мүмкін. Пробенецидті, метотрексатты және өзекшелік сөлініс арқылы шығарылатын дәрілік заттарды бір мезгілде пайдалану фуросемидтің тиімділігін азайтуы мүмкін. Фуросемид бұл дәрілік заттардың шығарылуының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Қан сарысуында олардың деңгейінің артуы және жағымсыз әсерлердің даму қаупі жоғарылауы мүмкін.

Гипогликемиялық дәрінің және тамыр тарылтқыш аминдердің (эпинефриннің/адреналиннің, норэпинефриннің/норадреналиннің) тиімділігі әлсіреуі, ал теофиллиннің және кураре тәрізді дәрілер – күшеюі мүмкін.

Фуросемид нефроуытты препрараттардың бүйректі зақымдайтын әсерін күшейтуі мүмкін. Фуросемидпен және жекелеген цефалоспориндермен жоғары дозада бір мезгілде ем алып жүрген емделушілерде бүйрек қызметі нашарлауы мүмкін.

А циклоспоринін және фуросемидті бір мезгілде қолданған кезде фуросемид-индуцирлеу гиперурикемия салдарынан екіншілік подагралық артриттің даму қаупі артуы және циклоспоринмен туындаған ураттардың бүйректермен шығарылуы нашарлауы мүмкін.

Фуросемидті рентгенконтрастылы дәрілермен үйлестіріп пайдаланған кезде нефропатияның даму қаупі жоғары емделушілер жоғары дәрежеде бүйрек қызметінің бұзылуына бейім келеді.

Тиазидтермен бір мезгілде пайдаланған кезде фотосезімталдық реакциясы дамуы мүмкін. Фуросемидті қабылдаған кезде күтпеген жерден фотосезімталдық реакциясы пайда болған жағдайда емдеуді тоқтату ұсынылады. Егер қайталап енгізу қажет болса, ультракүлгін сәулеленуінен немесе күн инсоляциясынан аулақ болған жөн.

Айрықша нұсқаулар

Курстық емдеу аясында артериялық қысымды, қан плазмасындағы электролиттер (оның ішінде Na+, Ca2+, K+, Mg2+) құрамын, қышқыл-негіз жағдайын, азот қалдығының құрамын, креатининді, несеп қышқылын, бауыр қызметін кезең-кезеңімен бақылау керек және қажет кезінде емдеуге тиісінше түзету жүргізу керек.

Сульфаниламидке және сульфонилмочевина туындыларына жоғары сезімталдығы бар емделушілер фуросемидке айқаспалы сенсибилизацияға ие болуы мүмкін.

Фуросемидті жоғары дозада тағайындаған кезде гипонатриемия дамуын және метаболикалық алкалозды болдырмау үшін ас тұзын пайдалануды шектемеген жөн.

Гипокалиемияның алдын алу үшін калий препараттарын немесе калий жинақтағыш диуретиктерді (спиронолактонды) бір мезгілде тағайындау, сондай-ақ калийге бай емдәмді ұстану ұсынылады.

Бауыр жеткіліксіздігі, бауыр циррозы аясында асцит бар науқастарға дозалау режимін таңдау стационар жағдайында жүргізу керек (су-электролитті теңгерімнің бұзылуы бауыр комасының дамуын туғызуы мүмкін). Плазма электролиттерінің құрамына ұдайы бақылау көрсетілімде.

Азотемия және олигурия күшейген немесе пайда болған кезде бүйректің ауыр үдемелі ауруымен науқастарда емдеуді тоқтату ұсынылады. Қант диабетімен немесе глюкозаға төзімділігі төмен науқастарда қанда және несепте глюкоза деңгейін кезең-кезеңімен бақылау талап етіледі.

Ес-түссіз жағдайдағы, қуық асты безі қатерсіз гиперплазиясы, несепағардың қысылуы немесе гидронефрозы бар науқастарда несеп бөлінуін бақылау керек (несептің жедел іркілуі мүмкін).

Ұзақ уақыт бойы қабылдау гиповолемияға әкелуі мүмкін.

Құрамында лактозаның болуына байланысты, бұл дәріні туа біткен галактоземиясы, глюкоза және галактоза мальабсорбция синдромы, лактаза тапшылығы жағдайында қолдануға болмайды.

Жүктілік кезінде, лактация кезеңінде қолданылуы

Жүктіліктің II – III триместрінде фуросемидті өмірлік көрсеткішке байланысты қолдануға болады.

Лактация кезеңінде әйелдерде емшек сүтімен бөлінеді, осыған байланысты емдеу кезеңінде бала емізуді тоқтату керек.

Көлік және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері

Жоғары назарды және жылдам психомоторлық реакцияларды талап ететін қауіпті қызмет түрлерімен айналысудан аулақ болу керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: артериялық қысымның төмендеуі, коллапс, шок, гиповолемия, дегидратация, гемоконцентрация, аритмиялар, ануриямен жедел бүйрек жеткіліксіздігі, тромбоз, тромбоэмболия, ұйқышылдық, сананың шатасуы, салдану, апатия, гипокалиемия және гипохлоремиялық алколоз.

Емі: су-тұз теңгерімін және қышқыл-негіз жағдайын түзету, айналымдағы қан көлемін толықтыру, белгісіне қарай емдеу. Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 немесе 25 таблеткадан салынған.

2 пішінді ұяшықты қаптамада 25 таблеткадан немесе 5 пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.

25 таблеткадан пішінді ұяшықты қаптамаларды қорапшаға салмай қаптауға болады.

Медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтар саны қаптамалар санына сәйкес келуі керек.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы,

Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қаласы, Чапаев көшесі, 64/27, тел/факс 8-(10375177)744280.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы.

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қаласы, Чапаев көшесі, 64/27, тел/факс 8-(10375177) 744280,

электрондық поштасы market@borimed.com

Прикрепленные файлы

029862461477976544_ru.doc 79.5 кб
843028171477977715_kz.doc 91 кб
20_11_42_s.pdf 0.68 кб
20_11_42_p.pdf 0.52 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ