Фурацилин (0.02 г)

МНН: Нитрофурал
Производитель: Ирбитский химико-фармацевтический завод ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Nitrofural
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015675
Период регистрации: 30.12.2015 - 30.12.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Фурацилин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Нитрофурал

Дәрілік түрі

0,02 г таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 0,02 г нитрофурал (фурацилин)

қосымша зат - 0,8 г натрий хлориді

Сипаттамасы

Сары немесе жасыл-сары түсті, бетіндегі бояуы біркелкі емес, жалпақ цилиндр пішінді сызығы және ойығы бар таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар. Нитрофуран туындылары. Нитрофурал.

АТХ коды D08АҒ01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Гистогематикалық бөгет арқылы оңай өтеді және сұйықтықтар мен тіндерге біркелкі таралады. Организмде негізгі айналу жолы нитротоптың қалыпқа келуі болып табылады. Бүйректер арқылы және ішінара өтпен бірге ішек саңылауына бөлініп шығады. Қолданғаннан кейін 6 сағаттан соң несепте ең жоғары қанығу деңгейіне жетеді.

Фармакодинамикасы

Фурацилин микробқа қарсы дәрі. Грамоң және грамтеріс бактерияларға (Staphylococcus spp., Streptococcus spp., Shigella dysenteria spp., Shigella flexneri spp., Shigella boydii spp., Shigella sonnei spp., Escherichia coli, Clostridium perfrigens, Salmonella spp. және басқалар) белсенді. Микроорганизмдер микробқа қарсы басқа дәрілерге (нитрофуран тобына жатпайтын) төзімді болған кезде тиімді. Зеңдік флорасының тіршілігін төмендетеді. Басқа химиотерапиялық дәрілердің әсер ету механизмінен күшті: микробтық флавопротеиндер 5-нитротопты қалпына келтіреді, түзілген жоғары реактивті амин туындылары ақуыздардың конформациясын, оның ішінде рибосомальдісін, және басқа макромолекулаларды өзгертіп, жасушаның тіршілігін жояды. Төзімділік баяу дамиды және жоғары дәрежеге жетпейді. Ретикулоэндотелиалды жүйенің сіңіргіш қабілетін арттырады, фагоцитозды күшейтеді.

Қолданылуы

  • терінің ұсақ зақымдарында (оның ішінде терінің сыдырылуы, тырналуы, жарылуы, тілінуі), іріңді жараларда, ойылуларда, ойық жараларда

  • ІІ және ІІІ дәрежелі күйіктерде

  • сыртқы құлақ жолындағы сыздауықта, сыртқы және ортаңғы құлақтың жедел қабынуында

  • мұрынның қосалқы қуыстарының іріңді-қабыну үдерісінде

  • баспада, стоматитте, гингивитте

Қолдану тәсілі және дозалары

Фурацилинді сыртқа 0,02 (1:5000) сулы немесе 0,066 (1:1500) спиртті ерітінділер түрінде қолданылады.

- іріңді жаралар, ойылуларда және ойық жараларда, ІІ және ІІІ дәрежелі күйіктер кезінде теріні алмастырып салу мен екінші рет тігуге грануляцияланған беткейді дайындау үшін жараны фурацилин сулы ерітіндісімен сулайды және дымқыл таңғышпен таңады.

- созылмалы іріңді отиттерде, сыртқы саңылау сыздауығында және мұрын маңының қуыстарындағы эмпиемаларда фурацилиннің спиртті ерітіндісін тамызу арқылы енгізеді

- жақтың жоғарғы тұсын (гайморалы) және басқадай мұрын маңының қуыстарын шаю үшін фурацилиннің сулы ерітіндісін пайдаланады

- баспа және стоматиттерде препараттың сулы ерітіндісімен шаюды тағайындайды.

Сулы ерітіндіні әзірлеу үшін 1 таблетка фурацилинді 100 мл дистилляцияланған суда ерітеді.

Спиртті ерітіндіні 70 этанолда (1 таблетка фурациллинді 100 мл 70 этил спиртінде ерітеді) дайындайды.

Отиттер кезінде – дене температурасына дейін жылытылған спиртті ерітіндіні күн сайын 5-6 тамшыдан сыртқы құлақ жолына тамызады.

Ауызды және тамақты шаю үшін – 20 мг-ден (1 таблетка) 100 мл қайнаған суда ерітеді.

Емдеу курсы 3-5 күннен аспау керек. Егер симптомдары сақталса дәрігерге қаралу ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар: терінің қышуы, дерматит

  • жүректің айнуы, құсу, диарея

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препаратқа жеке жоғарғы сезімталдықта

  • аллергодерматоздар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңінде

Жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға жол беріледі.

Дәрілік заттардың көлік құралдарын жүргізуге және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын жүргізуге және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне жағымсыз әсері туралы деректер жоқ.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полиэтиленді жабыны бар қағаздан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамаға салынған 10 таблеткадан

600 пішінді ұяшықсыз қаптаманы тең санымен медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 15ºС -ден 25 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босату шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Ирбит химиялық - фармацевтикалық зауыты» ААҚ, Ресей,

623856, Свердлов облысы, Ирбит қаласы, Киров көшесі, 172

Тіркеу куәлігінің иесі

«Ирбит химиялық - фармацевтикалық зауыты» ААҚ, Ресей

623856, Свердлов облысы, Ирбит қаласы, Киров көшесі, 172

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Ирбит химиялық - фармацевтикалық зауыты» ААҚ, Ресей,

623856, Свердлов облысы, Ирбит қаласы, Киров көшесі, 172

Тел/факс (34355) 3-60-90

Электронды поштасы: info@ihfz.ru

 

Прикрепленные файлы

864150641477976312_ru.doc 55.5 кб
745483871477977555_kz.doc 51 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники