Фторурацил ФаРес® (Фторурацил)

МНН: Фторурацил
Производитель: Тимоорган Фармация ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Fluorouracil
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025806
Информация о регистрации в РК: 19.05.2022 - 19.05.2027

Инструкция

Саудалық атауы

Фторурацил ФаРес®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Фторурацил

Дәрілік түрі, дозасы

Вена ішіне енгізуге арналған ерiтiндi, 50 мг/мл; 5 мл (250 мг), 10 мл (500 мг), 20 мл (1000 мг)

Фармакотерапиялық тобы

Антинеопластикалық және иммуномодуляциялайтын препараттар. Антинеопластикалық препараттар. Антиметаболиттер. Пиримидин аналогтары. Фторурацил.

АТХ коды L01BC02

Қолданылуы

  • тік және тоқ ішектің обыры

  • асқазан обыры

  • ұйқы безі обыры

  • өңеш обыры

  • сүт безі обыры

  • бастың және мойынның жалпақ жасушалы обыры

Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • әсер етуші затқа немесе препараттың құрамына кіретін кез келген қосымша затқа аса жоғары сезімталдық

  • сүйек кемігінің бәсеңдеуі (мысалы, бұрын жүргізілген химиотерапиядан және/немесе сәулелік емнен кейін)

  • қан көрінісіндегі күрделі өзгерістер

  • бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі

  • жедел инфекциялар

  • жеткіліксіз тамақтану

  • қан кету

  • стоматит

  • ауыз қуысы мен асқазан-ішек жолындағы ойық жаралар

  • ауыр диарея

  • бүйрек функциясының ауыр бұзылулары (плазма билирубинінің деңгейі > 85 мкмоль/л)

  • дигидропиримидиндегидрогеназа ферменті белсенділігінің толық болмауы

  • жақында жүргізілген емдеу немесе бривудинді бір мезгілде тағайындау

  • 18 жасқа дейінгі балалар

  • жүктілік және бала емізу

Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары

Фторурацил ФаРеспен жұмыс істеу кезінде цитоуытты дәрілермен жұмыс істеу кезінде қажетті барлық сақтық шараларын сақтау қажет.

Фторурацил ФаРеспен жұмыс істегенде препараттың терімен және шырышты қабықтармен жанасуынан аулақ болу қажет. Фторурацилдің мутагендік және карциногендік ықтимал әсеріне байланысты медициналық қызметкерлер препаратпен жұмыс істеу кезінде барлық сақтық шараларын қабылдауы тиіс. Енгізу үшін ерітінділерді сұйылту және дайындау асептикалық жағдайда жүргізілуі тиіс, медициналық қызметкерлер медициналық қолғаппен, бетпердемен, қорғаныш көзілдірікпен және қорғаныш киімімен жұмыс істеуі тиіс. Жұмыс орнында тік ламинариялық ауа ағыны болуы керек. Жүкті медицина қызметкерлері Фторурацил ФаРеспен жұмыс істемеуі керек. Қалған пайдаланылмаған препарат пен қалдықтарды медициналық мекемеде қабылданған ережелерге сәйкес жою керек.  

Дәрілік заттың бір құтысы бір рет қолдануға арналған. Құтының барлық қалған ішіндегісін жою қажет. 9 мг/мл (0,9%) натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісінде немесе 50 мг/мл (5%) глюкоза ерітіндісінде сұйылтқаннан кейін препарат бөлме температурасында сақтау кезінде 24 сағат ішінде химиялық және физикалық тұрғыдан тұрақты. Егер препаратты сұйылту стандартты асептикалық жағдайларда жүргізілсе, препарат ерітінділерін бөлме температурасында (25°С аспайды) жарықтан қорғалған жерде 24 сағаттан артық сақтауға болады. Алайда, микробиологиялық тұрғыдан препарат ерітіндісін дереу пайдаланған дұрыс. Егер препарат дереу пайдаланылмаса, медицина қызметкерлері сақтау ұзақтығы мен шарттары үшін жауапты болады.

Төмен температурада сақтау кезінде тұнба пайда болуы мүмкін. Сондықтан қолданар алдында препаратты тұнбаның бар-жоғына тексеру қажет. Төмен температураның әсерінен тұнба пайда болған жағдайда, ерітіндіні қолданар алдында 40 °С – 60 °С дейін қыздырып, қатты сілкіп, содан кейін бөлме температурасына дейін салқындату керек. Бұл процедура препараттың сапасына әсер етпейді.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Пациенттердің жалпы жағдайын нашарлататын немесе сүйек кемігінің функциясын бәсеңдететін барлық дәрілік препараттар Фторурацил ФаРестің уыттылығын арттыруы мүмкін.

Фторурацил сәулелік емнің тері уыттылығын арттыруы мүмкін.

Фолин қышқылы фторурацилдің тимидилатсинтетазамен байланысуын арттырады. Бұл фторурацил белсенділігінің күшеюіне ықпал етеді. Фторурацил белсенділігінің осы күшеюінің клиникалық көрінісі кейде өліммен аяқталатын ауыр диареямен көрінетін асқазан-ішек уыттылығының жоғарылауы және терең миелосупрессия болып табылады. Өлім жағдайлары, әсіресе фторурацилді фолин қышқылымен бірге аптасына бір рет 600 мг/м2 дозада бір рет болюстік енгізуден кейін артқаны туралы хабарланды.

Циметидин мен интерферондар плазмадағы фторурацил концентрациясын арттыруы мүмкін.

Фторурацил мен левамизолды бір мезгілде тағайындау көбінесе гепатоуытты әсерлерге, көбінесе сілтілі фосфатаза, трансаминазалар және билирубин деңгейінің жоғарылауына әкеледі.

Фторурацил мен метронидазолды бір мезгілде тағайындау организмнен фторурацилдің шығарылуының елеулі баяулауына әкеледі, бұл оның плазмадағы концентрациясының жоғарылауына және уыттылықтың күшеюіне әкеледі. Сондықтан, осы препараттарды бір мезгілде тағайындаудан аулақ болу керек.

Бір зерттеудің деректері бойынша циклофосфамидпен, метотрексатпен, фторурацилмен және тамоксифенмен біріктірілген ем сүт безі обыры бар әйелдерде тромбоэмболия қаупінің жоғарылауына әкелді.

Тиазидті диуретиктер цитостатиктердің миелосупрессиялық әсерін арттыруы мүмкін. Бұл әсер сүт безінің обыры бар әйелдер CMF хаттамасы бойынша химиотерапия және тиазидті диуретиктер қабылдаған бір зерттеуде байқалды.

Винорелбин мен фторурацилдің фолин қышқылымен біріктірілімін бір мезгілде енгізу өліммен аяқталатын ауыр мукозитті туындатуы мүмкін.

Жекелеген жағдайларда левамизолмен біріктірілімде фторурацил немесе фторурацил енгізілген варфарин алатын пациенттерде ХҚҚ (протромбиндік уақыт) төмендеуі байқалды.

Билирубин мен 5-гидроксииндолсіркесу қышқылын (5-ОИСҚ) анықтау олардың деңгейінің жоғарылауын немесе жалған оң нәтиже көрсетуі мүмкін.

Гемцитабин фторурацилмен жүйелік жүктемені арттыруы мүмкін.

Дигидропиримидиндегидрогеназа ферменті фторурацилдің метаболизмінде маңызды рөл атқарады. Нуклеозидті аналогтар, мысалы, бривудин, қан плазмасындағы фторурацилдің немесе басқа фторпиримидиндердің елеулі жоғарылауын туындатуы мүмкін және осының салдарынан олардың уыттылығын арттыруы мүмкін.

Бривудин: бривудиннің фторпиримидиндермен (капецитабин, фторурацил, тегафур) клиникалық елеулі өзара әрекеттесуі сипатталған, ол бривудиннің дигидропиримидиндегидрогеназа ферментінің белсенділігін бәсеңдету салдарынан пайда болады. Бұл өзара әрекеттесу фторпиримидиндердің уыттылығын арттырады және өлімге әкелуі мүмкін. Сондықтан бривудинді фторпиримидиндермен бір мезгілде тағайындауға болмайды. Фторурацил ФаРесті бривудинмен емдеу аяқталғаннан кейін кемінде 4 аптадан соң енгізуге болады, ал бривудинді қабылдау Фторурацил ФаРесті соңғы енгізгеннен кейін 24 сағаттан соң басталуы тиіс.

Қолжетімді болса, фторпиримидиндегидрогеназа ферментінің белсенділігін фторпиримидиндермен ем басталғанға дейін анықтау қажет болуы мүмкін.

Фенитоин мен фторурацилді бір мезгілде тағайындағанда плазмадағы фенитоин концентрациясының және фенитоин уыттылығының жоғарылауы туралы хабарланды.

Фторурацилдің белсенділігі мен уыттылығы басқа цитоуытты препараттармен (мысалы, циклофосфамид, винкристин, метотрексат, цисплатин, доксорубицин), интерферон-альфа немесе фолин қышқылымен бір мезгілде тағайындалғанда артуы мүмкін.

Басқа миелосупрессиялық препараттармен бірге тағайындағанда препараттардың дозасын төмендету қажет. Алдыңғы және бір мезгілде сәулелік ем Фторурацил ФаРес дозасын төмендетуді талап етуі мүмкін. Антрациклиндермен бір мезгілде тағайындағанда олардың кардиоуытты әсерлері артуы мүмкін.

Фторурацил ФаРеспен емдеу кезінде аминофеназон, фенилбутазон және сульфонамидтер тағайындауға болмайды.

Аллопуринолды бір мезгілде енгізу Фторурацил ФаРестің уыттылығын да, тиімділігін де төмендетуі мүмкін.

Фторурацил ФаРестің тиімділігі хлордиазепоксид, дисульфирам, гризеофулвин және изониазидті бір мезгілде қабылдау арқылы төмендеуі мүмкін.

Фторурацил мен митомицинді бір мезгілде енгізгенде гемолиздік-уремиялық синдромның (ГУС) дамуы туралы хабарланды. 

Фторурацил иммундық жүйенің белсенділігін басады, сондықтан иммундық жауапты бұзады. Тірі вакциналармен вакцинация вирустың репликациясын арттыруы мүмкін, сондықтан тірі вакциналармен вакцинациялау Фторурацил ФаРес енгізумен бір мезгілде жүргізілмеуі тиіс. Фторурацил ФаРес қабылдайтын пациенттер полиомиелитке қарсы вакцинациядан өткен адамдармен байланысудан аулақ болу керек.

Үйлесімсіздіктер

Фторурацил ФаРесті тек 9 мг/мл (0,9%) натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінде немесе 50 мг/мл (5%) глюкоза ерітіндісінде сұйылту қажет. Фторурацил ФаРесті басқа дәрілік заттармен бір инфузияда араластыруға болмайды.

Фолин қышқылы

Фторурацил ФаРесті тұнба түзілуі мүмкін болғандықтан кальций фолинатымен бір құтыда араластыруға болмайды. Фторурацил 4 °C, 23 °C немесе 32 °C температурада араластырылған кезде 5% декстроза ерітіндісінің болуына қарамастан 20 мг/мл концентрациядағы кальций фолинатымен үйлесімсіз екендігі көрсетілді.

Фторурацилдің мынадай дәрілік заттармен үйлесімсіздігі туралы хабарламалар бар: цисплатин, цитарабин, диазепам, доксорубицин, дроперидол, филграстим, галлий нитраты, лейковорин, метотрексат, метоклопрамид, морфин, ондансетрон, винорелбин және парентеральді тамақтану.

Арнайы сақтандырулар

Кардиоуыттылық

Фторпиримидиндер тобынан препараттарды енгізумен байланысты кардиоуыттылыққа миокард инфарктісі, жүрек жеткіліксіздігі, аритмия, миокардиттер, кардиогендік шок, кенеттен өлім және электрокардиограммадағы өзгерістер (QT аралығы ұзаруының сирек жағдайларын қоса) кіреді. Бұл асқынулар болюстік инъекциялар алатын пациенттермен салыстырғанда фторурацилдің ұзартылған инфузиясын алатын пациенттерде жиі дамиды. Анамнезінде коронарлық артерия ауруларының болуы жүрек тарапынан асқынулардың даму қаупінің факторы болуы мүмкін. Кеуде аймағында ауыру сезімі бар пациенттерге немесе анамнезінде жүрек аурулары бар пациенттерге барлық қажетті емдеу-диагностикалық шараларды жүргізу ұсынылады. Фторурацил ФаРеспен ем кезінде жүрек функциясына тұрақты мониторинг қажет. Ауыр кардиоуыттылық дамығанда Фторурацил ФаРес енгізуді тоқтату қажет.

Энцефалопатия

Фторурацил ФаРес енгізумен байланыстыратын энцефалопатияның даму жағдайлары (оның ішінде гипераммоний лейкоэнцефалопатиясы) туралы хабарламалар бар. Энцефалопатияның белгілері мен көріністері өзгерген ментальді статус, сананың шатасуы, бағдарсыздану, кома және атаксия болып табылады. Жоғарыда аталған симптомдардың кез келгені дамыған кезде Фторурацил ФаРес енгізуді дереу тоқтата тұру және қандағы аммиак деңгейін анықтау қажет. Қандағы аммиак деңгейі жоғары болған жағдайда оны төмендетуге бағытталған емді бастау қажет.

Бауыр және/немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге Фторурацил ФаРесті аса сақтықпен енгізу қажет. Бүйрек және/немесе бауыр функциясы бұзылған пациенттерде гипераммониемияның және онымен байланысты энцефалопатияның даму қаупі жоғары.

Дигидропиримидиндегидрогеназа (ДПД) ферментінің тапшылығы

Фторурацилді енгізгенде күтпеген ауыр уыттылық (мысалы, стоматит, диарея, шырышты қабықтардың қабынуы, нейтропения және нейроуыттылық) дигидропиримидиндегидрогеназа ферментінің тапшылығымен байланыстырады. Фторурацилдің деградация процесіне қатысатын дигидропиримидиндегидрогеназа ферментінің белсенділігі төмен немесе белсенділігі жоқ пациенттерде Фторурацил ФаРес енгізген кезде дамитын ауыр өмірге қауіп төндіретін немесе өлімге әкелетін жағымсыз реакциялардың даму қаупі жоғары. ДПД ферментінің тапшылығы бар пациенттерді алдын ала анықтау мүмкін болмаса да, ДПД ферментінің белсенділігінің толық немесе іс жүзінде болмауын туындатуы мүмкін (зертханалық жолмен анықталған, DPYD генінің локусында гомозиготалы мутациялары немесе белгілі бір гетерозиготалы біріктірілімнің мутациялары бар пациенттерде (мысалы, DPYD*2A, c.1679t>G, c.2846a>T және C.1236g>A/HapB3 нұсқалары) өмірге қауіпті және өлімге әкелетін уытты реакциялардың даму қаупі жоғары екені белгілі және Фторурацил ФаРесті қабылдамауы керек. Фторурацилдің ең төмен дозалары ДПД ферментінің тапшылығы бар пациенттерге енгізу үшін қауіпсіз болуы мүмкін екендігі дәлелденбеген. DPYD генінің гетерозиготалы аллельдерінің белгілі бір нұсқалары бар пациенттерде (DPYD*2A, c.1679T>G, c.2846A>T және c.1236G>A/HapB3 нұсқалары бар) фторпиримидиндермен емдеу кезінде ауыр уыттылықтың даму қаупі жоғары.

Еуропалық нәсіл өкілдеріндегі DPYD геніндегі гетерозиготалы DPYD*2A генотипінің жиілігі c.2846a>T үшін 1% - 1.1%, c.1236g>A/HapB3 нұсқасы үшін 2.6 - 6.3% және с.1679t>g үшін 0.07 - 0.1% құрайды. Осы аллельдерді сәйкестендіру үшін фторпиримидиндермен емнің уыттылық қаупі жоғары пациенттерді анықтау мақсатында генотиптеу жүргізу ұсынылады. Осы аллельдердің басқа нәсілдік топтағы пациенттерде кездесу жиілігі туралы деректер шектеулі. Ауыр уыттылықтың дамуының жоғары қаупімен байланысты болуы мүмкін гендердің басқа сирек мутацияларының барын жоққа шығаруға болмайды. ДПД ферменті белсенділігінің ішінара тапшылығы бар (DPYD генінде осындай гетерозиготалы мутациялар бар) және жүргізілген емнің пайдасы қауіпінен жоғары (фторпиримидиндер жоқ препараттармен емді назарға ала отырып) пациенттер емнің уыттылығына байланысты препарат дозаларының өзгеруімен ерекше сақтықпен және жиі мониторинг жүргізумен жүргізілуі тиіс. Ондай пациенттерде ауыр уытты реакциялардың дамуын болдырмау үшін емді препараттың төмендетілген бастапқы дозаларынан бастау қажет. Арнайы тестілер арқылы анықталатын ДПД ферментінің ішінара тапшылығы бар пациенттерге фторурацилдің белгілі бір дозаларын ұсыну үшін деректер жеткіліксіз. DPYD*2A, c.1679T>G нұсқасының мутациясымен жағымсыз әсерлердің жоғары қаупі байланысты екендігі туралы хабарламалар бар. Сондай-ақ ем тиімділігіне қатысты препарат дозасын төмендетудің салдары анық емес. Сондықтан ауыр уыттылық көріністері болмаған кезде пациенттің жағдайына мұқият мониторинг жүргізгенде препарат дозасы арттырылуы мүмкін. ДПД ферментінің тапшылығымен астасқан аллельдерді тестілеудің теріс нәтижелері бар пациенттерде емнің ауыр жағымсыз әсерлерін дамыту қаупі жоғары болуы мүмкін. Фторурацил алатын ДПД ферментінің жасырын тапшылығы бар пациенттерде, сондай-ақ DPYD генінің ерекше нұсқаларына тест нәтижесі теріс пациенттерде артық дозалану түріндегі уыттылықтың өмірге қауіпті көріністері дамуы мүмкін. 2-4 дәрежелі уыттылық дамығанда Фторурацил ФаРес енгізуді дереу тоқтату керек. Уытты көріністер дамуының басталуын, олардың ұзақтығы мен ауырлығын бағалау негізінде емді толық тоқтату мүмкіндігін қарастыру қажет.

Фторурацил/фолин қышқылы:

Фолин қышқылы, әсіресе егде жастағы немесе әлсіреген пациенттерде фторурацил уыттылығының қаупін арттыруы мүмкін. Ең жиі дозаны шектейтін жағымсыз әсерлер лейкопения, мукозит, стоматит және/немесе диарея болып табылады. Егер фолин қышқылы мен фторурацил бір мезгілде енгізілсе, уытты әсерлер дамыған кезде фторурацил дозасы фторурацил фолин қышқылынсыз енгізілгенге қарағанда көп мөлшерде төмендетілуі тиіс.

Фторурацил мен фолин қышқылын бірге енгізуді олардың ауырлығына қарамастан, асқазан-ішек уыттылығы көріністері бар пациенттерге олар толық жойылғанға дейін бастамаған жөн.

Диарея асқазан-ішек уыттылығының көріністеріне жататындықтан, диареясы бар пациенттер симптомдар толық жойылғанға дейін қатаң бақылауда болуы тиіс, өйткені өліммен аяқталумен жағдайдың тез нашарлау қаупі бар. Диарея немесе стоматит дамыған кезде Фторурацил ФаРес дозасын симптомдар толық жойылғанша төмендету қажет. Уытты реакциялардың даму қаупі әсіресе егде жастағы немесе әлсіреген пациенттерде жоғары. Сондықтан ондай пациенттерді емдеуде ерекше сақтық қажет.

Егде жастағы пациенттерде және бұрын сәулелік ем қабылдаған пациенттерде емдеуді фторурацилдің төмендетілген дозаларымен бастау ұсынылады.

Фторурацилмен және фолин қышқылымен біріктірілген ем алатын пациенттерде кальций деңгейіне бақылау жүргізу және қажет болған жағдайда кальций препараттарын тағайындау қажет.

Төменде көрсетілген уытты реакциялар пайда болған жағдайда Фторурацил ФаРес енгізуді дереу тоқтату қажет:

Емдеу кезінде лейкоциттер деңгейінің тез төмендеуі немесе лейкоцитопенияның (лейкоциттер деңгейі <3500/мкл), тромбоцитопенияның (тромбоциттер деңгейі <100000/мкл), стоматиттің, эзофагофарингиттің, мукозиттің, диареяның, ойық жараланудың және асқазан-ішек жолдарының шырышты қабаттары қанағыштығының, организмнің кез келген бөліктерінен қан кетулердің, бақыланбайтын құсудың, сондай-ақ басқа да ауыр жағымсыз әсерлердің (мысалы, неврологиялық және кардиологиялық уыттылықтың) дамуы.

Қан көрсеткіштері қалыпқа келгеннен кейін (лейкоциттер деңгейі кемінде 3500/мкл, тромбоциттер кемінде 100000/мкл), Фторурацил ФаРес енгізу, қажет болған жағдайда, жоғарыда аталған уыттылықтың басқа көріністері болмаған жағдайда, неғұрлым төмен дозаларда жалғастырылуы мүмкін.

Асқазан-ішектің шырышты қабығының зақымдануы зақымдану дәрежесіне сәйкес келетін көлемде симптоматикалық емді қажет етеді, мысалы, жоғалған сұйықтық көлемін толтыру. Жеңіл дәрежелі диареяны диареяға қарсы препараттармен емдеуге болады.

Фторурацил ФаРеспен емдеуді бастар алдында және емдеу кезінде жиілігі пациенттердің жалпы жағдайына, фторурацилдің дозасына және қатарлас емге байланысты төмендегі физикалық және зертханалық тексерулер жүргізу қажет:

  • Ауыз қуысы мен жұтқыншақта ойық жараланудың бар-жоғын күнделікті тексеру;

  • Фторурацилді әрбір енгізер алдында қанның пішінді элементтерін сандық анықтауға жүргізілетін қан талдауы;

  • Бауыр мен бүйректің функциялық белсенділігінің көрсеткіштері.

Пероральді антикоагулянттар қабылдайтын пациенттерде Фторурацил ФаРесті монотерапияда немесе левамизолмен біріктірілімде енгізу халықаралық қалыптасқан қатынастың (ХҚҚ) тұрақты бақылауымен жүргізілуі тиіс.

Гемцитабин организмде фторурацилдің іркілуіне ықпал етеді.

Дигидропиримидиндегидрогеназа ферменті фторурацилдің метаболизмінде маңызды рөл атқарады. Нуклеозидті аналогтар, мысалы, бривудин плазмадағы фторурацил немесе басқа фторпиримидиндер концентрациясының қатты жоғарылауын туындатуы және осылайша уытты реакцияларды күшейтуі мүмкін. Сондықтан Фторурацил ФаРесті бривудинмен емдеу аяқталғаннан кейін 4 аптадан ерте емес уақытта енгізуге болады.

Мүмкіндігінше Фторурацил ФаРесті енгізер алдында ДПД ферментінің белсенділігін анықтау қажет. Бривудинді фторурацил қабылдайтын пациенттерге кездейсоқ тағайындағанда Фторурацил ФаРес уыттылығын төмендету бойынша барлық шараларды қабылдау қажет. Жүйелі инфекциялар мен дегидратацияның профилактикасы бойынша шараларды жүргізу үшін дереу госпитализация қажет.

Бривудинді фторпиримидиндермен, мысалы, фторурацилмен бір мезгілде тағайындамаған жөн. Осы препараттарды бір мезгілде тағайындағанда уыттылықтың өліммен аяқталуға дейін елеулі артуы мүмкін. Сондықтан Фторурацил ФаРесті бривудинмен емдеу аяқталғаннан кейін кемінде 4 аптадан кейін енгізуге болады. Бривудинмен емдеу Фторурацил ФаРестің соңғы дозасын енгізгеннен кейін 24 сағаттан соң басталуы тиіс.

Бривудинді фторурацил қабылдайтын пациенттерге кездейсоқ тағайындағанда Фторурацил ФаРес уыттылығын төмендету бойынша барлық шараларды қабылдау қажет. Жүйелі инфекциялар мен дегидратацияның профилактикасы бойынша шараларды жүргізу үшін дереу госпитализация қажет.

Фенитоинді Фторурацил ФаРеспен еммен бір мезгілде қабылдайтын пациенттерге оның қандағы деңгейінің ықтимал жоғарылауы салдарынан фенитоин деңгейін тұрақты анықтау қажет.

Фторурацил ФаРестің құрамында натрий гидроксиді бар, бұл ретте натрий құрамы 1 мл-де 23 мг (1 ммольден) аспайды.

Фертильділік

Фторурацил мутагенді болуы мүмкін. Фторурацил ФаРеспен ем алатын ер адамдар емдеу курсы бойы және ол аяқталғаннан кейін 6 ай бойы сақтануы тиіс.

Жүктілік

Фторурацил ФаРесті жүктілік кезінде тағайындауға болмайды. Бала туу жасындағы әйелдер жүктіліктің басталуын болдырмау үшін сенімді контрацепция әдістерін пайдалануы қажет. Фторурацил ФаРеспен ем кезінде жүктілік туындаған жағдайда әйелдерге медициналық-генетикалық кеңеске жүгіну керек. Жүктілік кезінде Фторурацил ФаРес енгізу қарсы көрсетілімді. Бұл фолин қышқылымен бірге жүргізілетін Фторурацил ФаРеспен емге де қатысты.

Бала емізу

Фторурацил ФаРесті лактация кезеңінде тағайындамаған жөн. Бұл Фторурацил ФаРестің фолин қышқылымен бірге тағайындалуына да қатысты.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Фторурацил ФаРеспен ем кезінде жүрек айну мен құсудың жиі дамуы салдарынан пациенттерге көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару ұсынылмайды.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Фторурацил ФаРеспен емдеу стационар жағдайында химиотерапия жүргізу тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен немесе стационардың бақылауымен жүргізілуі тиіс. Фторурацилдің дозалары мен енгізу тәсілдері айтарлықтай өзгеретіндігіне байланысты, мұнда дозалау режимдері бойынша жалпыланған нұсқаулар ұсынылады. Дозалау режимі туралы толығырақ ақпарат онкологиялық ауруларды емдеудің мамандандырылған хаттамаларында бар.

Дозалау режимі

Монотерапия

Егер Фторурацил ФаРес монотерапия режимінде қолданылса, ол әдетте 370-400 мг/м2 дене беткейінің ауданына шаққандағы (ДБА) дозада (кейде ең жоғары дозаларда) әртүрлі аралықтармен және енгізу тәсілдерімен енгізіледі.

Біріктірілген ем

Басқа цитостатикалық препараттармен біріктірілімде Фторурацил ФаРес әртүрлі дозаларда және әртүрлі енгізу тәсілдерімен енгізіледі. Әдетте препарат хаттамаға кіретін басқа цитостатикалық препараттарға қатысты белгілі бір жүйелілікпен вена ішіне 500-ден 600 мг/м2 ДБА дейінгі дозада енгізіледі.

Препараттың нақты дозасы ауруды емдеудің ең жақсы нәтижелерін көрсеткен химиотерапия хаттамасының негізінде анықталады.

Ересектер

Фторурацил ФаРес монотерапия режимінде де, біріктірілген химиотерапия хаттамаларының құрамында да қолданылады.

Тоқ және тік ішектің жергілікті таралған немесе метастаздық обыры

Емнің келесі режимдері ұсынылады:

Емнің екі айлық хаттамасы

Әр 2 апта сайын келесі екі күн ішінде (курстың 1-ші және 2-ші күндері) фолин қышқылын вена ішіне енгізгеннен кейін 200 мг/м² ДБА дозасында фторурацил 400 мг/м² ДБА дозасында вена ішіне болюсті енгізеді, кейіннен 22 сағат ішінде 600 мг/м² ДБА дозасында фторурацил инфузиясын ұзартады.

Апталық емдеу хаттамасы

Аптасына бір рет фолин қышқылының екі сағаттық инфузиясы басталғаннан кейін бір сағаттан соң 500 мг/м² ДБА фторурацил 500 мг/м² ДБА дозасында вена ішіне болюсті түрде енгізіледі. Емнің курсы содан кейін екі апталық үзіліспен 6 апта сайынғы енгізуден тұрады.

Айлық емдеу хаттамасы

Келесі бес күн ішінде кейіннен 425 мг/м² ДБА дозасында фторурацилді вена ішіне болюстік енгізумен фолин қышқылының болюстік инъекциясы (20 мг/м2 ДБА дозасында) жүргізіледі; бұл курс әрбір 4–5 апта сайын қайталанады.

Келесі бес күн ішінде фолин қышқылының болюстік инъекцияларынан кейін (200 мг/м2 ДБА дозасында) фторурацил 370 мг/м2 ДБА дозасында енгізіледі. Бұл курс әр 4 апта сайын қайталанады.

Химиотерапия курстарының санын емдеуші дәрігер жүргізілетін емдеу және оның төзімділігіне жауаптың негізінде анықтайды. Апталық және айлық хаттамалар бойынша емдеу кезінде біріктірілген химиотерапия әдетте 6 курс ішінде жүргізіледі.

Фолин қышқылымен біріктірілімде фторурацилдің дозалау режимін өзгерту

фолин қышқылымен біріктірілімде тағайындағанда пациенттің жағдайына, жүргізілетін емге жауабына және емдеудің уыттылығына қарай фторурацил дозасын немесе енгізу аралықтарын өзгерту қажет болуы мүмкін. Бұл ретте фолин қышқылының дозасын төмендетудің қажеті жоқ.

Бастапқы ісікті түбегейлі алып тастағаннан кейін III сатыдағы (T1-4 N1-2) тоқ ішектің обыры (адъювантты ем)

Емнің келесі режимдері ұсынылады:

Емнің апталық хаттамасы

Фторурацил фолин қышқылының екі сағаттық инфузиясы басталғаннан кейін бір сағаттан соң 500 мг/м2 ДБА дозасында 6 апта бойы аптасына бір рет 500 мг/м2 ДБА дозасында вена ішіне болюсті енгізіледі. Химиотерапияның 6 циклін әр алты апталық курс арасында екі апталық үзіліспен жүргізу ұсынылады. Дозалау режимдерінің өзгеруіне немесе емді тоқтатуға қарамастан, емдеу ұзақтығы бір жылдан аспауы тиіс.

Фолин қышқылының 'төменгі дозасымен’ ем хаттамасы

Келесі бес күн ішінде фторурацил 425 мг/м2 ДБА дозасында вена ішіне болюсті түрде фолин қышқылын жалпы алғанда 6 курс бойы 20 мг/м2 ДБА дозасында вена ішіне болюсті енгізгеннен кейін бірден енгізіледі. Бұл курс 4 және 8 аптадан кейін, содан кейін әр 5 апта сайын қайталанады.

Уытты реакциялар дамығанда фторурацилдің дозалау режимін өзгерту қажет болуы мүмкін.

Гематологиялық уыттылық себебінен емді тоқтату керек

лейкоциттер < 3500/мкл немесе тромбоциттер < 100000/мкл

Емді лейкоциттер деңгейі жоғарылаған (≥ 3500/мкл) және тромбоциттер деңгейі жоғарылаған (≥100000/мкл) сәтке дейін тоқтата тұру

лейкоциттер < 2500/мкл немесе тромбоциттер < 75000/мкл

Лейкоциттер деңгейі жоғарылаған (≥ 3500/мкл) және тромбоциттер деңгейі жоғарылаған (≥ 100000/мкл) сәтке дейін, бірақ кемінде 3 аптаға дейін емді тоқтата тұру.

Асқазан-ішек уыттылығының себебінен емді тоқтату

Жеңілден орташа ауырлыққа дейінгі стоматит және / немесе жеңіл диарея (тәулігіне 2 дефекация)

Көрсеткіштер қалпына келгенге дейін емді тоқтата тұру

Ауыр стоматит және/немесе ауырлығы орташа және ауыр дәрежедегі диарея (тәулігіне 3-6 дефекация)

Көрсеткіштер қалпына келгенге дейін емді тоқтата тұру - бірақ кемінде 3 аптаға

Асқазан-ішектен қан кету, жүдететін диарея (тәулігіне≥ 7 дефекация) ± эксфолиативті дерматит

Емді тоқтату керек!

Бастапқы ісікті түбегейлі алып тастағаннан кейін II (T3-4) және III (T1-4 N1-2) сатыдағы тік ішектің обыры (адъювантты ем)

Біріктірілген химиялық сәулелі ем құрамында фторурацил емдеудің бірінші және бесінші апталарының 1-ші және 5-ші күндерінен бастап сәулелендіру жүргізілгенге дейін 500 мг/м2 ДБА дозасында вена ішіне болюсті енгізіледі. Сәулелік емнің кейінгі курстары барысында фторурацил емдеудің тоғызыншы және он үшінші апталарының 1-ші күнінен 3-ші күніне дейін, содан кейін 450 мг/м2 ДБА дозасында венаішілік болюстік инъекция түріндегі сәулелік ем аяқталғаннан кейін 4-ші және 8-ші апталарда аптаның 1-ші күнінен 5-ші күніне дейін енгізіледі.

Ұйқы безінің жергілікті таралған обыры

Фторурацил монотерапия режимінде 400-500 мг/м2 ДБА бір реттік тәуліктік дозада венаішілік болюсті инъекция түрінде немесе 1000 мг/м2 дозада ұзартылған венаішілік инфузия түрінде енгізіледі.

Асқазанның жергілікті таралған обыры

Фторурацил монотерапия режимінде бір реттік 500-600 мг/м2 ДБА дозасында венаішілік болюсті инъекция түрінде енгізіледі.

Өңештің жергілікті таралған обыры

Цисплатинмен біріктірілімде фторурацил циклдің 1-5 күндері аралығында 1000 мг/м2 ДБА дозасында 24 сағаттық венаішілік инфузия түрінде енгізіледі, ол әрбір 3-4 апта сайын қайталанады.

Цисплатинді фторурацилмен химиялық сәулелі ем құрамында қолдану жөніндегі нұсқауларды мамандандырылған нұсқаулықтарда қарау қажет.

Сүт безінің жергілікті таралған және/немесе метастаздық обыры

Біріктірілген химиотерапия құрамында вена ішіне енгізуге арналған фторурацилдің бір реттік тәуліктік дозасы 500-600 мг/м2 ДБА (CMF, FAC режимдері) құрайды.

Сүт безінің бастапқы инвазивті обыры (адъювантты ем)

Біріктірілген химиотерапия құрамында вена ішіне енгізуге арналған фторурацилдің бір реттік тәуліктік дозасы 500-600 мг/м2 ДБА (CMF, FEC, FAC режимдері) құрайды.

Бастың және мойынның жалпақ жасушалы обыры

  • Операция жасалмайтын жергілікті таралған ісіктері бар бұрын емделмеген пациенттерде:

Біріктірілген химиялық сәулелік емнің құрамында (цисплатин мен фторурацил біріктірілімімен бірге сәулелік ем) фторурацил циклдің 1-ші күнінен 5-ші күніне дейін 1000 мг/м2 дозада 24 сағат бойы ұзартылған инфузия түрінде енгізіледі, ол әрбір 3-4 апта сайын қайталанады.

  • Қайталанатын ісіктері мен басқа орындарда метастаздары бар пациенттерде:

Пациенттердің жалпы жағдайына және қатарлас аурулардың болуына байланысты фторурацил цисплатинмен (курстар әр 3 апта сайын қайталанады) бірге циклдің 1-ші күнінен 5-ші күніне дейін 1000 мг/м2 ДБА дозасында 24 сағат бойы ұзартылған инфузия түрінде немесе карбоплатинмен біріктірілімде циклдің 1-ші күнінен 4-ші күніне дейін (әр 3 апта сайын қайталанады) енгізіледі.

Емді тоқтату, дозаны азайту

Төмендегі уыттылық көріністері дамыған кезде Фторурацил ФаРеспен емдеу дереу тоқтатылуы тиіс:

  • лейкоцитопения (< 2500/мкл)

  • тромбоцитопения (< 75000/мкл)

  • стоматит, эзофагит

  • құсуға қарсы дәрілерді қабылдаумен бақыланбайтын құсу

  • диарея

  • асқазан-ішек жолындағы ойықжаралану және қан кету

  • басқа да қан кетулер

  • неврологиялық бұзылулар

  • кардиологиялық бұзылулар

Лейкоциттер (> 3500/мкл) және тиісінше тромбоциттер (> 100000/мкл) деңгейі қалпына келгеннен кейін, егер жоғарыда аталған уыттылықтың басқа белгілері болмаған жағдайда, неғұрлым төмен дозаларда қажет болса, емдеу жалғастырылуы мүмкін.

Балалар

Балалар Фторурацил ФаРесті 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындамаған жөн.

Бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігінің болуы Фторурацил ФаРес дозасын төмендетуді қажет етпейді. Бір мезгілде бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі болған кезде Фторурацил ФаРес дозасын, ал ауыр жағдайларда – үштен бір бөлігіне немесе жартысына азайту қажет.

Енгізу тәсілі:

Фторурацил ФаРес вена ішіне болюсті немесе ұзартылған инфузия арқылы енгізіледі.

Енгізу ұзақтығы:

Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды. Бұл емдеу хаттамасына байланысты. Ісіктің жүргізілетін емге жауабы болмаған, ауру үдеген немесе емдеуді жалғастыруға мүмкіндік бермейтін ауыр уытты реакциялар болмаған жағдайда препаратты енгізуді тоқтату қажет.

Назар аударыңыз:

Енгізу үшін препараттың мөлдір түссіз немесе сәл сарғыш ерітінділерін ғана пайдалану қажет. 15 0С төмен температурада препарат ерітіндісі кристалдануы мүмкін. Бұлыңғыр ерітінділерді немесе тұнба пайда болған ерітінділерді пайдалануға болмайды. Препараттың жаңа дайындалған ерітінділерін ғана пайдалану қажет.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары: лейкоцитопения, тромбоцитопения, стоматит, эзофагофарингит, мукозит, диарея, асқазан-ішек жолының шырышты қабығының ойық жаралануы және қанағыштығы, құсу.

Емі: жоғалған сұйықтық көлемін толтыру, диареяға қарсы және құсуға қарсы препараттарды тағайындау.

Гематологиялық көрсеткіштерді бақылау артық дозаланғаннан кейін 4 апта ішінде жүргізіледі. Фторурацил ФаРестің фолин қышқылымен бірге артық дозалануы жағдайында фторурацилдің артық дозалануына байланысты симптоматикалық ем жүргізу қажет.

Назар аударыңыз:

Дигидропиримидиндегидрогеназа ферментінің тапшылығы бар пациенттерде фторурацилдің стандартты дозалары күрделі уытты реакциялардың дамуына әкеледі. Фторурацил ФаРесті дигидропиримидиндегидрогеназа ферменті тапшылығы бар пациенттерге тағайындауға болмайды. Фторурацил ФаРесті енгізуге ауыр уытты реакциялар дамыған жағдайларда пациенттерге осы ферменттің белсенділігін анықтау қажет.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Төменде көрініс табу жиілігіне байланысты градацияға сәйкес жағымсыз реакциялар келтірілген: өте жиі (1/10); жиі (1/100, <1/10); жиі емес ( (1/1000, <1/100); сирек ( 1/10000, </1000); өте сирек (< 1/10000, жекелеген хабарламаларды қоса), белгісіз (жиілігін қолда бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес).

Әрбір жиілік тобында жағымсыз құбылыстар күрделілігінің кему тәртібімен ұсынылған.

Инфекциялық асқынулар

Өте жиі

  • инфекциялар

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

  • миелосупрессия, лейкопения, нейтропения және тромбоцитопения

Жиі

  • агранулоцитоз, панцитопения, анемия, фебрильді нейтропения

Иммундық жүйе

Жиі емес

  • анафилаксиялық шоктың дамуына дейінгі аллергиялық реакциялар, қызба

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар

Жиі

  • гиперурикемия

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

  • шаршау, жалпы әлсіздік, ұйқышылдық және апатия

Жиі

  • атаксияны қоса, лейкоэнцефалопатия, жедел церебральді синдром, дизартрия, сананың шатасуы, бағдардан адасу, миастения, афазия, құрысулар немесе кома

Жиі емес

  • нистагм, бас айналу, паркинсонизм симптомдары, пирамидалық жеткіліксіздік, бас ауыру және эйфория

Өте сирек

  • ишемиялық инсульт (митомицинмен немесе цисплатинмен біріктіріп қолданғанда)

Белгісіз

  • гипераммоний энцефалопатиясы

Көру ағзалары тарапынан бұзылулар

Жиі емес

  • оптикалық неврит, диплопия, көз көргіштігінің төмендеуі, көз қарығу, конъюнктивит, кейде ойық жараланумен байқалатын, блефарит, көрудің көмескіленуі, көз жасы жолдарының фиброзы, көз моторикасының бұзылуы, көп мөлшерде жас ағу

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

  • ишемияға немесе кардиомиопатияға, стенокардияға тән ЭКГ өзгерістері

Жиі емес

  • миокард инфарктісі (жекелеген жағдайларда өліммен аяқталған), аритмия, жүректің созылмалы жеткіліксіздігі, миокардит (жағдайларда өліммен аяқталған), төс артының ауыруы, солжақ қарыншаның дисфункциясы, кардиогендік шок

Өте сирек

  • жүректің тоқтауы

Белгісіз

  • перикардит

Тыныс алудың бұзылуы

Жиі

  • бронх түйілуі

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

Өте жиі

  • жүрек айну, құсу, тәбеттің төмендеуі, стоматит, эзофагит (төстің артындағы күйдіріп-ашыту сезімімен), фарингит (дисфагиямен), проктит (сулы диареямен)

Жиі емес

  • геморрагиялы диареямен байқалатын ішек қабырғасының терең зақымдануы, дегидратация, сепсис (кейде кенеттен басталады және өмірге қауіп төндіреді), бауыр жасушаларының зақымдануы

Өте сирек

  • бауыр некрозы (кейбір жағдайларда өліммен аяқталады)

Белгісіз

  • холецистит

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар

Өте жиі

  • тіпті толық алопеция дамығанға дейін шаштың түсуі, дерматит, дизестезиямен және қызарумен, ісінумен, ауырумен, алақанның және табанның қабыршықтануымен байқалатын алақан-табан синдромы (алақан-табан синдромы фторурацилді болюсті венашілік енгізуге қарағанда ұзартылған инфузия кезінде жиірек дамиды)

Жиі

  • құрғақ және жарылған тері

Сирек

  • есекжем, фотосезімталдық, терінің гиперпигментациясы немесе тері пигментінің жоғалуы, тырнақтардың диффузиялы өзгерістері (пигменттің өзгеруін, онхолизисті, тырнақ дистрофиясын, тырнақ ұясының ауыруы мен қалыңдауын, паронихияны қамтитын)

Өте сирек

  • экзантема (жиі қышыну, денедегі және аяқ-қолдағы макулопапулезді бөртпе түрінде)

Сүйек-бұлшықет жүйесі және дәнекер тін тарапынан бұзылулар

Жиі емес

  • мұрын сүйегінің некрозы

Несеп шығару жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі емес

  • бүйрек жеткіліксіздігі

Репродукциялық жүйе мен сүтбездер тарапынан бұзылулар

Жиі емес

  • сперматогенездің немесе овуляцияның бұзылуы.

Жекелеген жағымсыз әсерлердің сипаттамасы

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

Миелосупрессия тереңдігі енгізу тәсіліне (вена ішіне болюсті немесе вена ішіне ұзартылған инфузия) және фторурацилдің дозасына байланысты. Нейтропения фторурацилдің толық дозасын болюстік енгізгенде емнің әрбір курсынан кейін дамиды. Әдетте нейтропения надирге емнің 9-шы және 14-ші күндері арасында, кейде емнің 20-шы күнінен ерте емес жетеді. 30-шы күннен кейін лейкоциттер деңгейі қалпына келеді. Жоғарыда аталған барлық сақтық шараларын қолдану қажет.

Фторурацилмен емнің салдарынан сүйек кемігінің бәсеңдеуі инфекциялардың жоғары жиілігіне және жаралардың баяу жазылуына әкелуі мүмкін.

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан асқынулар әдетте емнің бірінші курсы ішінде дамиды және келесі курстарда қайталанады. Жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде стенокардия немесе миокард инфарктісі даму қаупі жоғары. Стенокардия, миокард инфарктісі және жүректің созылмалы жеткіліксіздігі дамыған кезде осы жағдайларды стандартты емдеуді бастау қажет.

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Лейкоэнцефалопатияның дамуы туралы хабарламалар бар, ол препаратты тоқтатқаннан кейін қайтымды болып табылады.

Дигидропиримидиндегидрогеназа ферментінің тапшылығы бар пациенттерде лейкоэнцефалопатияның даму қаупі жоғары. Диффузиялық өлшенген МРТ лейкоэнцефалопатияны диагностикалауға көмектеседі.

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

Асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз әсерлер фторурацилмен емнің аясында жиі дамиды және кейде өмірге қауіпті сипатта болуы мүмкін. Асқазан-ішектің ауыр уыттылығы дамыған кезде Фторурацил ФаРес енгізуді тоқтату қажет. Фторурацил туындатқан шырышты қабықтың зақымданулары асқазан-ішек жолының кез келген бөлігінде кездеседі және дисфагияның дамуына, төс артының күйдіріп-ашытуына, сулы диареяға және проктитке әкеледі. Стоматит, миелосупрессия емес, фторурацилдің ұзартылған инфузиясын жүргізу кезінде дозаны шектейтін фактор болып табылады. Стоматит фторурацилдің 350 мг/м2 жоғары дозаларында бір – үш апта емдеуден кейін өте жиі дамиды (50% жағдайда).

Жүрек айну мен құсу көбінесе емнің басында дамиды. Егер олар құсуға қарсы препараттармен емделмесе, Фторурацил ФаРесті енгізуді тоқтату қажет.

Фолин қышқылымен біріктіріп енгізгенде

Тұтастай алғанда, Фторурацил ФаРестің қауіпсіздік бейінінен индукцияланған уыттылықтың күшеюі себебінен фторурацилді енгізу үшін таңдалған емдеу режиміне байланысты.

Айлық ем хаттамасында

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

Өте жиі

  • құсу және жүрек айну

Жалпы бұзылулар және енгізу орнындағы реакциялар

Өте жиі

  • шырышты қабықтардың ауыр зақымдануы

Уыттылықтың басқа көріністерінің күшеюі (мысалы, нейроуыттылық) болмайды.

Апталық ем хаттамасында

Эндокриндік жүйе тарапынан бұзылулар

Өте сирек

  • еркін тироксин (Т4) және тиреотропты гормонның жоғарылауынсыз және гипертироидизмнің клиникалық көріністерінсіз жалпы тироксин (Т4) және жалпы триодотиронин (Т3) деңгейінің жоғарылауы

Қантамырлық бұзылулар

Жиі емес

  • тромбофлебит

Өте сирек

  • мұрыннан қан кету, гипотензия

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

Өте жиі

  • госпитализацияны қажет ететін және өлімге әкелетін ауырлау диарея және дегидратация

Клиникалық зерттеулер деректері бойынша

Өте сирек

  • фторурацилмен емдеу варфаринмен емдеу аясында жүргізілген жағдайларда протромбин уақытын ұзарту.

Күмәнді жағымсыз реакциялар туралы хабарлау

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат – 50 мг фторурацил

қосымша заттар – натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.

1 мл ерітіндінің құрамында 23 мг (1 ммоль) кем натрий бар.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Түссізден сәл сарғыш түске дейінгі мөлдір ерітінді, іс жүзінде бұлыңғыр емес және бөгде бөлшектері жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл (250 мг), 10 мл (500 мг), 20 мл (1000 мг) препараттан резеңке хлорбутилді силикондалған тығынмен тығындалған және «flip off» типті полипропилен дискісі бар алюминий қалпақшамен бұралып жабылған I класты гидролиздік түссіз құтыда. 1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15°С-ден төмен емес және 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сұйылтқаннан кейінгі сақтау мерзімі: Дайындалған препарат ерітіндісін жарықтан қорғалған жерде бөлме температурасында (25°С-ден жоғары емес) 24 сағаттан асырмай сақтау керек.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәліметтер

Тимоорган Фармации ГмбХ, Шиффграбен 23, 38690 Гослар, Германия

тел.: +49 5324 7701 0, факс: +49 5324 7701 30

эл. пошта: info@thymoorgan.de

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы және қаптаушы

Фарма Ресорсиз ГмбХ, Домайерштрассе 29/31, 31785, Хамельн, Германия. Телефон: +49 5151 609960, электронды пошта: info@pha-res.com.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«медак фарма» ЖШС, Алматы, 050060, Гагарин даң-лы 309, 55-кеңсе, телефон, факс: +7 7273962037, эл. пошта: info_kaz@medac.de

Прикрепленные файлы

ИМП_каз_Фторурацил_DL_spec_2022.04_.26_.docx 0.06 кб
ИМП_рус__чист_Фторурацил_ФаРес_DL_spec_2022.04_.26_.docx 0.07 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники