Фталазол-Дарница

МНН: Фталилсульфатиазол
Производитель: Фармацевтическая фирма «Дарница» ЧАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Phthalylsulfathiazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015622
Период регистрации: 30.03.2015 - 30.03.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Фталазол-Дарница

Халықаралық патенттелмеген атауы

Фталилсульфатиазол

Дәрілік түрі

Таблеткалар 500 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат 500 мг фталазол (фталилсульфатиазол)

қосымша заттар: повидон, картоп крахмалы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, тальк, кальций стеараты.

Сипаттамасы

Жалпақ цилиндр пішінді, ойығы мен сызығы бар ақ немесе сәл сарғыш реңді ақ түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Диареяға қарсы препараттар. Ішектік микробтарға қарсы және қабынуға қарсы препараттар. Сульфаниламидтер. Фталилсульфатиазол.

АТХ коды А07А В02.

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат асқазан-ішек жолына баяу сіңеді, оның негізгі мөлшері ішек саңылауында іркіледі. Аш ішекте микробқа қарсы белсенділігі жоғары сульфатиазолды (норсульфазолды) түзе отырып ыдырайды.

Ішек флорасына қатысты өзіне тән бактериостатикалық белсенділігін ескеріп, сульфатизолдың ішекте түзілетін жоғары концентрациясы ішек жұқпаларында фталилсульфатиазолдың тиімді болуына ықпал етеді.

Фармакодинамикасы

Әсер ету ауқымы кең сульфаниламидтік препарат грамоң және грамтеріс микроорганизмдерге – ішек жұқпалары қоздырғыштарына қатысты белсенді. Бактериостатикалық әсер береді, бұл механизмі микроорганизмдердің өсу факторлары – пуриндер мен пиримидиндер синтезі үшін қажетті фолий және дегидрофолий қышқылдары синтезінің бұзылуына байланысты.

Қолданылуы

  • жедел дизентерияда (шигеллез), асқыну сатысындағы созылмалы дизентерияда;

  • колитте, энтероколитте, гастроэнтеритте;

  • ішекке операция жасаған кезде жұқпалы асқынулардың алдын алуда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Дәрігердің кеңесінсіз препаратты көрсетілген мерзімнен ұзақ қабылдауға болмайды!

Ересектерге және 6 жастан асқан балаларға ішке қолдану керек.

Ересектерге және 12 жастан асқан балалар.

Дизентерияның жедел түрінде: емдеудің алғашқы 2 күнінде – тәулігіне 6 г-ден (әр 4 сағат сайын 1 г ), 3-4-ші күні – тәулігіне 4 г-ден (әр 6 сағат сайын 1 г), 5-6-шы күні – тәулігіне 3 г-ден (әр 8 сағат сайын 1 г). Курстық доза 25-30 г құрайды.

Алғашқы емдеу курсынан кейін 5-6 күннен соң екінші курсын жүргізеді: алғашқы 2 күнінде – 4 сағат сайын 1 г-ден (түнде – 8 сағат сайын), барлығы тәулігіне 5 г; 3-4 күні – 4 сағат сайын 1 г-ден (түнге тағайындамайды), барлығы тәулігіне 4 г, 5-ші күні – 1 г-ден тәулігіне 3 рет (түнде берілмейді) барлығы тәулігіне 3 г. Курстық дозасы 21 г құрайды (аурудың жеңіл ағымы кезінде курстық дозаны 18 г дейін азайтуға болады).

Басқа ауруларды емдеген кезде препаратты алғашқы 2-3 күнде әр 4-6 сағат сайын 1-2 г-ден, одан кейінгі 2-3 күнде – 0,5-1 г-ден қолданады.

Ең жоғары дозалары: бір реттік – 2 г, тәуліктік – 7 г.

6-дан 12 жасқа дейінгі балалар.

Жедел дизентерия кезінде 6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға – қабылдауға 500-750 мг тәулігіне 4 рет. Емдеу курсы – 7 күнге дейін.

Басқа ауруларды емдеген кезде препаратты 1-ші күні тәулігіне дене салмағының 0,1 г/кг есебінен тағайындалады. Түнде үзіліс жасай отырып, әр 4 сағат сайын тең дозаларда қабылдайды. Одан кейінгі күндері әр 6-8 сағат сайын 250-500 мг-ден қабылдайды. Емдеу курсы – 7 күнге дейін.

Егер бала таблетканы жұта алмайтын болса, оны ұсатып, қайнатып салқындатылған аз мөлшердегі суда еріту керек.

Жағымсыз әсерлері

- бас ауыруы, бас айналу, көңіл-күйдің жабырқауы

- жүрек айнуы, құсу, іш өту, ауыз қуысының шырышты қабығының зақымдануы (стоматит, гингивит, глоссит), гастрит, холангит, гепатит, ішек микрофлорасының бәсеңдеуі салдарынан В тобы витаминдерінің (тиамин, рибофлавин, никотин қышқылы) жеткіліксіздігі

- конкременттердің түзілуі

- эозинофильді пневмония

- миокардит, цианоз

сирек:

- лейкопения, тромбоцитопения, агранулоцитоз, апластикалық анемия, эритроциттер гемолизі. Ұзақ уақыт қолданған кезде микробтық жасушалармен өндірілетін пантотен және птероиглютар қышқылы тапшылығы салдарынан анемия өршуі мүмкін.

өте сирек:

- уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы), ерін мен беттің аллергиялық ісіну болуы мүмкін, түйінді периартрит

- қызба, қышыну

аллергиялық және уытты-аллергиялық реакциялар:

- дәрілік аллергия, соның ішінде түйін тәрізді және көп пішінді экссудативті эритемаға дейінгі дәрілік аллергияның полиморфты бөртпе түріндегі тері көріністері

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • фталилсульфатиазолға, сульфаниламидті қатардың препараттарына және/немесе препараттың басқа компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық;

  • диффузиялық уытты зоб

  • қан жүйесі аурулары;

  • жедел гепатит;

  • гломерулонефрит, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

  • ішектің бітелуі

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 6 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Егер Сіз қандай да бір басқа дәрілік заттарды қабылдап жүрсеңіз, препаратты қабылдау мүмкіндігіне қатысты міндетті түрде дәрігермен кеңесіңіз.

Аурудың сипатына қарай Фталазол-Дарницаны антибиотиктермен үйлестіре қолдануға болады (микробтарға қарсы әсер етуінің күшеюі байқалады). Фталазол-Дарница препаратымен бір мезгілде жақсы сіңірілетін сульфаниламидтерді (сульфадимезин, этазол, этазол-натрий және т.б.) тағайындаған жөн. ПАСҚ, салицилаттар, дифенилмен (препараттың уытты әсерінің күшеюі), оксациллинмен (оксациллин белсенділігінің төмендеуі), нитрофурандармен (анемия мен метгемоглобинемияның даму қаупінің артуы), ерлер мен әйелдер жыныстық гормондары препараттарымен (жыныс бездері функциясының бәсеңдеуі), кальций хлориді және К витаминімен (қан ұйығыштығының төмендеуі) үйлеспейді.

Фталазол-Дарница препаратын энтеросорбенттермен және іш жүргізетін дәрілермен бір мезетте қолдануға болмайды.

Фталазол-Дарницаны құрамында ПАБҚ эфирлері бар препараттармен (прокаин, бензокаин, тетракаин) үйлестіре қабылдағанда бәсекелестік механизм бойынша сульфаниламидтің бактерияға қарсы белсенділігі жойылады.

Миелоуытты дәрілік заттар препараттың гематоуыттылығы білінуін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты қабылдар алдында дәрігермен кеңесіңіз!

Препаратты нефрозы, нефриті бар емделушілер сақтықпен қабылдау керек. В тобының витаминдерін Фталазол-Дарницамен бір мезетте қолданған жөн, өйткені ішек микрофлорасының бәсеңдеуіне байланысты осы топ витаминдерінің синтезі азаяды.

Егер ауру белгілері жоғалмаса немесе керісінше, денсаулық жағдайы нашарлай бастаса немесе жағымсыз әсерлер туындаса препаратты қолдануды тоқтата тұру керек және препаратты ары қарай қолданудың дұрыстығына қатысты дәрігер кеңесіне жүгіну керек.

Жүктілік және лактация

Фталилсульфатиазол плацента арқылы өтеді, ал жануарларға жүргізілген зерттеулерде оның ұрыққа жағымсыз әсер ететіні байқалған, сондықтан препаратты жүктілік кезеңінде қолданбайды.

Фталилсульфатиазол емшек сүтіне өтеді және балаларда ядролық сарғаюды, сондай-ақ, глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар балаларда гемолитикалық анемия туындатуы мүмкін, сондықтан препаратты емшекпен емізу кезеңінде тағайындамайды.

Балалар

Фталазолды 6 жасқа дейінгі балаларға тағайындамайды. Балаларда тек дәрігердің нұсқауымен қолданылады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат психомоторлық реакциялар жылдамдығына әсер етпейді, оны көлік құралын басқарғанда немесе қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істейтін тұлғаларға ұсынылған дозаларда қолдануға болады.

Артық дозалануы

Симптомдары: макроцитоз бен панцитопенияның өрбуі мүмкін, бұл фолий қышқылының тапшылығына негізделген. Фолий қышқылын немесе кальций фолинатын тағайындаған кезде мұның алдын алуға болады. Өзіне тән жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін.

Емі: препаратты тоқтату, асқазанды шаю, симптоматикалық ем.

Бүйрек жеткіліксіздігінде гемодиализ жүргізілуі мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Баспалы лакталған алюминий фольгадан және поливинилхлоридті немесе жарықтан қорғайтын үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

Пішінді ұяшықты қаптамаларды қорапшаға салмастан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың тиісті санымен бірге топтық қаптамаға салуға жол беріледі.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Фармацевтикалық фирма «Дарница» ЖАҚ, Украина

02093, Киев қ., Борисполь к-сі,13.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармацевтикалық фирма «Дарница» ЖАҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

телефон/факс: (+ 380 44) 207 73 27

е-mail: vigilance@darnitsa.kiev.ua

http://www.darnitsa.kiev.ua

 

Прикрепленные файлы

677026101477976500_ru.doc 57.5 кб
251783371477977658_kz.doc 70 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники