Формидрон

МНН: Формальдегид
Производитель: Фармация 2010 ТОО
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003135
Период регистрации: 10.12.2015 - 10.12.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Формидрон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған сұйықтық

Құрамы

100 г препараттың құрамында

белсенді зат – формальдегид ерітіндісі (35%) 0.6 г

қосымша заттар: 95% этанол, әтір, тазартылған су.

Сипаттамасы

Хош иісі бар түссіз мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар

АТХ коды D08AХ

Фармакологиялық қасиеттері

Формидрон антисептикалық дәрілерге жатады. Микробтарға қарсы, антисептикалық, дезинфекциялайтын, паразиттерге қарсы және иісті кетіретін әсер етеді.

Қолданылуы

- табанның қатты тершеңдігі

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа қолдануға арналған

Сұйықтықтың аздаған мөлшерімен табанды тәулігіне 1-2 рет өңдейді.

Жағымсыз әсерлері

Сезімтал тері болса, жаққан жерінің тітіркенуі мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Дербес сезімталдық, жоғары сезімталдық және терінің қабыну аурулары.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препарат тек қана сыртқа қолдануға арналған. Сұйықтықты қолданған кезде көзге тигізбей қолдану қажет, түскен жағдайда - тез арада көзді жылы сумен шаяды.

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік, лактация кезеңі, балалар жасы

Қолданылмайды

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығару түрі және қаптамасы

50 мл-ден, 90 мл-ден мойны бұрандалы, полиэтилен тығынмен және бұралатын қақпақпен немесе нығыздағыш элементі бар полиэтилен қақпақпен тығындалған шынымассадан жасалған құтыда немесе әмбебап (алюминий) қақпақпен немесе дәрілік заттарға арналған мойны бұралатын қақпағы бар полиэтилен құтыда.

Құтылар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге тиісті шамада орама қағаздан жасалған бумаға немесе қораптық картон қорапқа немесе жылу ұстайтын полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картон жәшікке салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 300С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардан қорғау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндiрушi

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ.,

Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

Тіркеу куәлігінің иесі

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел./факс.: 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

751831771477976328_ru.doc 41 кб
083768631477977579_kz.doc 42.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники