Фолликулин-Здоровье
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Фолликулин-Здоровье
Халықаралық патенттелмеген атауы
Эстрон
Дәрілік түрі
Инъекцияға арналған майлы 0,1 % ерітінді
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - эстрон 1 мг,
қосымша зат – шабдалы майы.
Сипаттамасы
Ашық сары түсті мөлдір майлы ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы
Жыныс гормондары. Эстрогендер. Табиғи және жартылай синтетикалық эстрогендер. Эстрон.
АТХ коды G03CA07
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Препаратты бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін қан плазмасындағы эстронның жоғары деңгейі 4-5 күн бойы сақталады. Көбіне бауырда метаболизденеді (ішінара – өкпелерде, май тіндерінде), өтпен бірге шығарылады, ішекте кері сіңеді және портальді жүйе арқылы бауырға қайтадан түседі. Конъюгаттар түрінде, негізінен бүйректер арқылы шығарылады. Шығарылу жылдамдығы физиологиялық жағдайға (жүктілікке, овариальді-етеккір оралымының фазасына), жасқа және басқа да факторларға байланысты.
Фармакодинамикасы
Фолликулин-Здоровье – толық дамымаған жатырдың және салдарлық жыныстық белгілердің дамуын стимуляциялайтын эстрогендік дәрі. Эстрон – табиғи фолликулярлы гормон, әйелдің ұрпақ өрбіту жүйесінің қалыпты дамуын реттейді, жыныстық жетілу басталғаннан климактериялық кезеңі басталғанға дейін аналық безде түзіліп отырады. Әсері жыныс мүшелерінің, сүт бездерінің, гипоталамустың және гипофиздің эстрогенге сезімтал рецепторлары арқылы жүзеге асады. Арнайы эстрогендік әсер береді – эндометрий пролиферациясын (жатыр түтіктерінде, жатыр мойнында, қынапта, сыртқы жыныс ағзаларында, сүт бездерінің сыртқа шығаратын жолдарында), толық жетілмеген жағдайда жатырдың және салдарлық жыныстық белгілердің дамуын стимуляциялайды, климактериялық кезеңде немесе гинекологиялық операциялардан кейін жыныс бездері қызметінің жеткіліксіз болуына байланысты әйел организмінде пайда болатын бұзылулардың айқындылығын жояды немесе азайтады. Прогестеронмен бірге етеккір оралымын және ұрпақ өрбіту қызметін реттеуге қатысады.
Аз дозаларда фолликуланы стимуляциялайтын гормон секрециясын стимуляциялайды, үлкен дозаларда оны тежейді, сондай-ақ организмде суды және натрий иондарын іркіп қалады, эритропоэзді тежейді.
Гипохолестеринемиялық әсер береді, глюкозаның утилизациясын жақсартады, шеткергі тіндердің инсулинге сезімталдығын арттырады.
Қолданылуы
Аналық бездер қызметінің жеткіліксіздігінен болатын жағдайларда:
- алғашқы және салдарлық аменореяда
- жыныс ағзаларының гипоплазиясында және салдарлық жыныстық белгілер толық дамымағанда
- климактериялық және кастрациядан кейінгі бұзылуларда
- аналық бездің эстрогендік қызметінің төмендеуінен болатын бедеулікте
- босану қызметі әлсіз болғанда
- мерзімі асып кеткен жүктілікте
Қолдану тәсілі және дозалары
Бұлшықет ішіне тағайындайды. Дозаны әр адамға жекелей белгілейді.
Жыныс ағзалары және салдарлық жыныс белгілері толық дамымаған алғашқы аменорея. 1-2 ай және одан да көп уақыт бойы (жатыр едәуір үлкейгенге дейін) күн сайын немесе күнара 1-2 мл-нан тағайындайды. Содан кейін прогестерон тағайындайды (6-8 күн бойы бұлшықет ішіне күн сайын 5 мг). Қажет болған жағдайда гормонмен емдеу курсын қайталайды.
Салдарлық аменорея. 15-16 күн бойы күн сайын 1 мл-ден тағайындайды, кейін 6-8 күн бойы прогестерон тағайындайды. Тұрақты әсер болмаған жағдайда емдеу курсын қайталайды.
Аналық бездердің эстрогендік қызметінің төмендеуінен болған бедеулік. Етеккір аяқталғаннан кейін 15-16 күн бойы күн сайын 0,5-1 мл-ден тағайындайды, содан кейін көрсетілімдері бар болған жағдайда 6-8 күн бойы прогестерон тағайындайды. Емдеу курсын етеккір аяқталғаннан кейін жоғарыда айтылған мерзімдегідей қайталауға болады.
Климактериялық кезеңінің басталуы және овариэктомия себепші болатын функционалдық бұзылулар (депрессия, ангионевротикалық бұзылулар және басқалар). Күн сайын 0,5-1 мл-ден немесе 1-2 күннен кейін 10-15 инъекциялық курс тағайындайды. Емдеу курсын симптомдар қайта пайда болған жағдайда қайталайды. Мұндайда дозаларды климактериялық кезеңінің сатысына, симптоматикасының айқындылығына байланысты қатаң түрде жекелей таңдаған жөн (тиімді ең төмен дозаны таңдап алу қажет).
Босану қызметінің әлсіздігі және мерзімі асып кеткен жүктілік. Босануды стимуляциялайтын дәрілерді қолданудан 2-3 сағат бұрын 4-5 мл-ден тағайындайды.
Жағымсыз әсерлері
- бас ауыру, бас айналу, бас сақинасы, депрессия, көңіл-күйдің өзгеруі, аяқ бұлшықеттерінің құрысуы
- жанаспалы линзаға төзімділіктің төмендеуі
- жүректің айнуы, құсу, іштің желденуі және ауыруы
- ұзақ уақыт қолданған кезде іркілген сарғаю, натрий, кальций және су алмасудың бұзылуы
- дене салмағының, қан липидтері деңгейінің өзгеруі, глюкозаға төзімділіктің бұзылуы
- эритропения, тромбоэмболиялық аурулар қаупінің жоғарылауы
- либидоның өзгеруі, хлоазма (мелазма), сүт бездерінің ұлғаюы және аурушаңдығы, етеккіралды синдромы, сүт безі обырының пайда болу қаупінің жоғарылауы, эндометрий гиперплазиясы, эндометрий обырының пайда болу қаупінің артуы, қынаптық кандидоз, ұзақ қолданған жағдайда – жатырдан қан кету, аналық бездердің склерозы
- аллергиялық реакциялар, тері бөртпесі, қабақтың ісінуі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық
- сүт безінің обыры (анықталған, күдік туғызған немесе сыртартқыдағы)
- эндометрий обыры (анықталған, күдік туғызған немесе сыртартқыдағы)
- емделмеген эндометрий гиперплазиясы, жыныс ағзаларындағы және сүт бездеріндегі қатерсіз жаңа түзілімдер, мастопатия
- әйелдің жыныс ағзаларының қабыну аурулары
- этиологиясы анық емес қынаптық және жатырлық қан кетулер, жатырлық қан кетуге бейімділік
- климактериялық кезеңінің гиперэстрогендік фазасы
- бауыр және/немесе бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі, бауырдың белсенді аурулары немесе жуық арада болған бауыр аурулары, егер бауыр қызметінің көрсеткіштері қалыпты күйге оралмаса
- тромбофлебит және сыртартқыда қайталанған тромбоэмболиялар
- жүктілік (босану қызметінің әлсіздігін және мерзімі асып кеткен жүктілікті қоспағанда)
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Гипохолестеринемиялық, антиаритмиялық, гипотензиялық дәрілердің, диуретиктердің, антикоагулянттардың, үшциклдік антидепрессанттардың, глюкокортикоидтардың, қалқанша без гормондарының әсерін күшейтеді. Эстронның әсерін фолий қышқылы және қалқанша без препараттары күшейтеді, бедеулікті емдеу үшін қолданылатын эстрогенге қарсы дәрілік заттар (кломифен және басқалары), фенобарбитал, рифампицин және басқа да монооксигеназа индукторлары әлсіретеді. Ампициллин, левомицетин, тетрациклин, неомицин, сульфаниламидтер қандағы препарат концентрациясын төмендетеді; аскорбин қышқылы арттырады.
Айрықша нұсқаулар
Препаратпен емдеу дәрігердің бақылауымен жүргізіледі.
Препаратты артериялық гипертензияда, болып өткен тромбоэмболиялық ауруларда, эпилепсияларда, депрессияда (соның ішінде сыртартқыдағы), өт қабы ауруларында, отосклерозда абайлап тағайындайды.
Препаратты қолданар алдында сүт бездерін тексеруді қоса есептегенде жан-жақты жалпы медициналық және гинекологиялық тексерулерден өткен жөн. Осыған ұқсас зерттеулерді әрбір 6 ай сайынғы ем кезінде жүргізу қажет.
Емге дейін лейомиома, қант диабеті, холелитиаз, бас сақинасы, демікпе сияқты аурулары бар емделушілер дәрілік затты қабылдау кезеңі ішінде жан-жақты медициналық бақылауды қажет етеді.
Көру мен естудің жедел бұзылуларында, жедел тромбозда, флебит, өттің іркілуі немесе гепатит белгілері пайда болғанда препаратты қолдануды тоқтату қажет.
Артериялық қысым едәуір жоғарылағанда, бас сақинасына ұқсас бас ауыру пайда болғанда препаратты қабылдауды тоқтату қажет.
Жүйелік қызыл жегі, порфирия сияқты аурулар бар болған жағдайда, ұзақ уақыт төсек тартып жатып қалғанда, күрделі хирургиялық араласымдарда абайлап қолдану керек.
Препаратты бір еккіште басқа дәрілік заттармен араластырмаған жөн.
Педиатрияда қолданылуы
Балалық және жасөспірімдік шақта (сүйектің өсуі аяқталғанда) сүйек жүйесінің қызметінің бұзылуы мүмкін болғандықтан, препаратты сақтықпен қолданған жөн.
Жүктілік және лактация кезеңінде қолданылуы
Жүктілікте және босанғаннан кейінгі ерте кезеңде препаратты қолдануды тоқтатады. Лактация кезеңінде препаратты қолдану қажет болған жағдайда емшек емізуді тоқтата тұрған жөн.
Дәрілік заттың көлікті және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Емдеу кезінде бас айналудың пайда болуы мүмкін екендігіне байланысты көлікті басқарғанда және қауіпті қызмет түрлерін орындағанда сақ болу керек.
Артық дозалануы
Симптомдары: бас ауыру, жүректің айнуы күшейеді; ұзақ уақыт қолданғанда − жатырлық қан кету.
Емдеу: симптоматикалық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Шыны ампулаларда 1 мл-ден.
Ішінде пердесі бар картон қорапқа 10 ампула медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және кесетін керамикалық дискісімен бірге салынған.
Сындыратын сақинасы бар ампуладағы препаратты қаптаған кезде кесетін керамикалық дискіні салмауға болады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 8 ºС-ден 15 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды.
Кристалдар шөккен жағдайда, ампуланың ішіндегісін инъекция алдында қайнап тұрған су моншасында15 минуттан 20 минутқа дейін қыздыру керек. Егер кристалдар жоғалса және ерітінді мөлдір болса, ал (37±1) ºС-ге дейін салқындатқанда кристалдар қайтадан шөкпесе, препарат қолдануға жарамды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«“Здоровье” фармацевтикалық компаниясы» ЖШҚ
Украина, 61013, Харьков қ-сы, Шевченко к-сі, 22.
тел. (057) 757-0-777
факс (057) 714-96-20
Тіркеу куәлігінің иесі
«“Здоровье” фармацевтикалық компаниясы» ЖШҚ
Украина, 61013, Харьков қ-сы, Шевченко к-сі, 22.
тел. (057) 757-0-777
факс (057) 714-96-20
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Мекенжайы: «“Здоровье” фармацевтикалық компаниясы» ЖШҚ.
Украина, 61013, Харьков қ-сы, Шевченко к-сі, 22.
Телефон: (057) 714-96-22
Факс: (057) 714-96-22
Электронды поштасы: bronina@zt.kharkov.ua