Фолиспей (5 мг)

МНН: Фолиевая кислота
Производитель: Реплек Фарм Лтд Скопье
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Folic acid
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023574
Информация о регистрации в РК: 12.10.2023 - 12.10.2033

Инструкция

Саудалық атауы

Фолиспей

Халықаралық патенттелмеген атауы

Фолий қышқылы

Дәрілік түрі

5 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: 5 мг фолий қышқылы 10 % артықшылығымен (5.50 мг);

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, повидон, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий лаурилсульфаты, магний стеараты.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, қарқындылығы әр түрлі сары-қызғылт-сары түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Анемияға қарсы препараттар. В12 дәрумені және фолий қышқылы. Фолий қышқылы және оның туындылары. Фолий қышқылы.

АТХ коды BO3BB01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі

Фолий қышқылы асқазан-ішек жолдары арқылы, негізінен жіңішке ішектің проксимальді бөлігінен жылдам сіңеді. Ас фолаттарында кристалды фолий қышқылының биожетімділігінің шамамен жартысы бар екені анықталған. Фолаттың табиғи полиглутаматтары негізінен ыдырайды және 5-метилтетрагидрофолат (5MTHF) түзумен ішекте дигидрофолатредуктаза болып қалпына келеді. Фолий қышқылы порталдық қан айналымына терапиялық түрде түскенде өзгермейді, өйткені дигидрофолатредуктаздар қалпына келтіру үшін нашар қоректі орта болып табылады.

Таралуы

Қан айналымы жүйесі арқылы. 5MTHF табиғатта кездесетін фолий қышқылы плазмаға аса тәуелді. Фолий қышқылының негізгі жинақталу орны - бауыр; Ол сондай-ақ жұлынми сұйықтығында белсенді шоғырланады. Фолий қышқылы ана сүтіне өтеді.

Метаболизмі

Терапиялық тұрғыдан фолий қышқылы плазма және бауырда 5MTHF метаболизмдік белсенді түріне айналады. Фолий қышқылы үшін сондай-ақ энтерогепатикалық айналым жүзеге асырылады.

Шығарылуы

Фолий метаболиттері несеп арқылы шығарылады, ал организмнің талаптарынан жоғары фолий қышқылы несеппен өзгеріссіз шығарылады. Фолий қышқылы гемодиализбен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Фолий қышқылы В тобының дәрумені болып табылады. Ол фолий қышқылы тапшылығын емдеуде және профилактикаласында қолданылады.

Қолданылуы

Фолий қышқылы В тобының дәрумендері болып табылады және эритроциттердің қалыпты өндірілуі және жетілуі үшін қажет

  • фолий қышқылының тапшылығынан болған мегалобласты анемияда

  • асқазан-ішек жолдары ауруларымен байланысты анемияда (спру, мальабсорбция синдромы, персистирлеуші диарея, бауыр жеткіліксіздігі, бауырдың алкогольді циррозы)

  • макроцитарлы анемия немесе қатерлі анемияда

Фолий қышқылы анықталған мегалобласты анемияда, оның ішінде жаңа туылған нәрестелерде, қатерлі анемияда немесе шығу тегі этиологиясы белгісіз макроцитарлы анемияда гидроксикобаламиннің жеткілікті мөлшерімен пайдаланылмаса, дербес дәрі ретінде қолданылмауы қажет

  • никотинге, алкогольге немесе дәрілік тәуелділіктен болған анемияда

  • фолий қышқылының антагонистерімен (метотрексат, сульфаметаксазол - триметоприм бірлесуі), құрысуға қарсы препараттармен (фенитоин, примидон, фенобарбитал) ұзақ емдеуде

  • созылмалы гемолиздік жағдайларда немесе бүйрек диализінде фолий қышқылы тапшылығын профилактикасында

  • жүктілік кезіндегі фолий қышқылының жеткіліксіздігі

  • шаранада жүйке түтігінің ақауы дамуының (анэнцефалия, гидроцефалия, ми жарығы, «жарық таңдай», «қоян жырық»), көпұрықтық, жүктіліктің соңына дейін жетпеуінің профилактикасында

  • фолий қышқылы тапшылығымен теңгерілмеген немесе қанағаттанарсыз тамақтандыруда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке қабылданатын таблеткалар

Ересектер (егде адамдарды қоса):

  • фолато - тапшылықты мегалобласты анемияда: 4 ай бойы күнде 5 мг-нан; сіңірілу бұзылғанда күнделікті 15 мг-ға дейін қажет болуы мүмкін.

  • Дәрілік заттардан туындаған фолий қышқылының тапшылығында: 4 ай бойы күнде 5 мг-нан; сіңірілу бұзылғанда күнделікті 15 мг-ға дейін қажет болуы мүмкін.

  • созылмалы гемолитиздік жағдайларда немесе бүйрек диализінде профилактикасы үшін: әрбір ауруға байланысты әр 1-7 күн сайын 5 мг

  • шаранада жүйке түтігінің ақауы дамуының алдын алуда: бала көтеруден бұрын бастай отырып және алғашқы триместрде жалғастыру арқылы күнделікті 5 мг.

Жүктілік:

  • фолий қышқылының анықталған тапшылығында: күнделікті 5 мг, ұзақ уақыт бойы.

Балалар:

Кішкене балалар үшін бұдан лайықты дозаны қолдану керек.

  • фолий қышқылының жеткіліксіздігінен болған мегалобласты анемияда

  • 6-дан 18 жасқа дейінгі балаларға 4 ай бойы күнде 5 мг-нан; демеуші дозада әр 1-7 күн сайын 5 мг.

  • гемолиздік анемияда; зат алмасуы бұзылғанда:

  • 6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға 2,5 мг-5 мг-нан күніне бір рет.

  • 12-ден 18 жасқа дейінгі балаларға 5-10 мг-нан күніне бір рет.

  • бүйрек диализінде фолий қышқылы тапшылығының профилактикасында:

  • 6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға 250 мкг / кг (ең көбі 10 мг) күніне бір рет

  • 12-ден 18 жасқа дейінгі балаларға 5-10 мг күніне бір рет.

Жағымсыз әсерлер

Сирек (1/10,000-нан <1/1,000-ға дейін)

  • анорексия, жүрек айнуы, іштің кебуі және метеоризм

  • эритема, бөртпе, қышыну, есекжем, ентігу және анафилаксиялық реакциялардан (шокты қоса) тұратын аллергиялық реакциялар.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • кобаламиннің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерді фолий қышқылымен ұзақ емдеуге болмайды. Бұл ауыр қатерлі анемия немесе сонымен қатар қарт вегетариандықтарда кездесетін кобаламин тапшылығының өзге де тапшылығы. Қарт адамдарда фолий қышқылымен ұзақ емдеудің алдында кобаламиннің адгезиясына тест жүргізу ұсынылады. Осындай пациенттер фолий қышқылы 3 ай немесе ұзағырақ қабылдағанда кобаламинді невропатияны жеделдетеді. Емдеудің қысқа курстарында фолий қышқылын қолданудан зиян болмаған.

  • фолий қышқылы Эддисонның қатерлі анемиясында және B12 дәрумені тапшылығының басқа жағдайында жеке препарат ретінде қабылданбауы қажет, өйткені жұлын жеделге жуық бірлестірілген дегенерациясын туғызуы мүмкін.

  • мегалобласты анемия фолий қышқылы тапшылығы салдарынан маңызды асқынуы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, қатерлі ауруларда фолий қышқылын қолданбаған жөн.

  • белсенді ингредиентке немесе кез келген қосымша заттарға белгілі бір аса жоғары сезімталдықта.

  • 6 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Құрысуға қарсы дәрілермен: егер фолий қышқылының қоспаларын эпилепсияға қарсы дәрілерді (фенитоин, фенобарбитал және примидон) қолданудан болған фолий қышқылы тапшылығын емдеу үшін тағайындайтын болса, эпилепсияға қарсы қансарысуларының деңгейі төмендеуі мүмкін, ол кейбір пациенттердің құрысуларды бақылауын төмендетуін туындатады.

Бактерияға қарсы препараттар: хлорамфеникол және котримоксазол фолий қышқылының метаболизміне әсер етуі мүмкін.

Сульфасалазин: фолий қышқылының сіңірілуін азайтуы мүмкін.

Метотрексат: фолий қышқылы метотрексаттың уытты және терапиялық әсеріне ықпал етуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Фолий қышқылын фолатқа тәуелді ісіктері бар пациенттерге тағайындағанда сақ болған жөн.

Жүктілік

Фолий қышқылын жүктілік кезінде белгілі қолдануға болмайтын жағдайлар жоқ, фолий қышқылының қоспалары жүкті әйелдерге пайдалы.

Фолий қышқылының дәрілік емес тапшылығы немесе фолий қышқылының туа біткен ақаулары және невральді түтікшенің кейбір ақауларымен байланысты аномальді әдеттен тыс метаболизмі. Фолий қышқылының метаболизміне араласу немесе фолий қышқылы, құрысуға қарсы препараттардан және жүктіліктің ерте сатысындағы антинеопластардан туындаған тапшылық туа біткен аномалияларға әкеп соғады. Дәрумендердің немесе олардың метаболиттерінің болмауы күрт түсік тастау және құрсақішілік дамудың іркілуінің кейбір жағдайларының себебі болуы мүмкін.

Бала емізу

Фолий қышқылы организмнен ана сүтімен белсенді шығарылады. Ана сүтінде фолий қышқылының жинақталуы анасындағы фолий қышқылының тапшылығынан жоғары болады. Уыздағы фолий қышқылы деңгейі салыстырмалы төмен, бірақ лактацияға қарай дәруменнің концентрациясы артады. Фолий қышқылын қабылдаған ананың сүтін емген нәрестелерде ешқандай жағымсыз әсерлер байқалмаған.

Дәрілік заттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Жағдайлар байқалмаған.

Артық дозалануы

Симптомдары: аллергиялық реакциялар болуы мүмкін. Ұзақ уақыт қолданғанда В12 гипомитаминоз дамуы мүмкін.

Емдеу: препаратты қолдануды тоқтату. Гемодиализ арқылы шығарылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

2 пішінді ұяшықты қаптама мемлекеттік және орыс тіліндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші / Қаптаушы

REPLEK FARM Ltd. Skopje,

Козле көш.188,

1000 Скопье, Македония Республикасы

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Spey Medical Ltd.,

Линтон Хаус 7-12 Тависток Сквер,

Лондон, WC1H 9LT, Ұлыбритания

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы, байланыс деректері:

«Cepheus Medical» (Цефей Медикал) ЖШС: 050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Панфилов көш. 98, «OLD SQUARE» БО,

телефон: +7 (727) 300 69 71, +7 777 175 00 99 (тәулік бойы),

электронды поштасы: cepheusmedical@gmail.com

Прикрепленные файлы

Фолиспей_5_мг_рус.doc 0.07 кб
Фолиспей_5_мг_каз.docx 0.02 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники