Фолиевая кислота (5 мг)

МНН: Фолиевая кислота
Производитель: Абди Ибрахим Глобал Фарм ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Folic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№122033
Период регистрации: 02.02.2016 - 02.02.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 26.23 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Фолий қышқылы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Фолий қышқылы

Дәрілік түрі

5 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 5 мг фолий қышқылы

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, магний немесе кальций стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, картоп крахмалы

Сипаттамасы

Жайпақ цилиндр тәрізді, сары түсті, бір жағында сызығы және екі жағында да ойығы бар дөңгелек таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Гемопоэз стимуляторлары. Фолий қышқылы және оның туындылары. Фолий қышқылы

АТХ коды В03ВВ01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Фолий қышқылы асқазан-ішек жолынан, негізінен он екі елі ішектен және аш ішектен жақсы сіңіріледі. Барлық тіндерге біркелкі таралады. Жұлын-ми сұйықтығында ішінара концентрацияланады. Плазмадағы ең жоғарғы концентрацияға ішке қабылдағаннан кейін 30-60 минут соң жетеді. Плазмада және бауырда глутамин қышқылымен байланысатын және кофермент болып табылатын 5-метилентетрагидрофолатқа метаболизденеді. Бауырда фолаттардың жалпы көлемінің шамамен 50 % шоғырланады. Шамамен 70% плазма протеиндерімен байланысады. Шумақтық сүзіліс арқылы несеппен шығарылады. 5 мг мөлшердегі доза несеппен 5 сағаттан соң шығарылады.

Фармакодинамикасы

В тобының дәрумені (ВС дәрумені, В9 дәрумені). Фолий қышқылы тапшылығының орнын толтырады.

Организмде коферментке (тетрагидрофолий қышқылы) айналады, ол мегалобласттардың дұрыс жетілуіне және нормобласттардың түзілуіне түрлі қажетті метаболизмдік үдерістерге қатысады. Фолий қышқылы тапшылығында қан түзудің мегалобласттық типі дамиды. Эритропоэзді көтермелейді, амин қышқылдарының (оның ішінде метионин, серин, глицин), нуклеин қышқылдарының, пуриндердің, пиримидиндердің синтезіне, холин, гистидин алмасуына қатысады. Жүктілік кезінде тератогенді және зақымдаушы факторлардың шаранаға әсеріне қатысты қорғағыш функциясын орындайды. Оған қоса, плацентаның дұрыс жетілуіне және қызмет етуіне ықпал етеді, оның ажырауын болдырмайды. Фолий қышқылы сперматозоидтардың жетілу үдерісінде маңызды рөл атқарады және еркектердің белсіздігінің профилактикасы ретінде қолданылуы мүмкін.

Қолданылуы

- фолий қышқылының тапшылығымен негізделген мегалобластты анемия

- макроцитарлық гиперхромды анемия

- пострезекциялық анемия

- ересек жастағы сидеробластты анемия

- дәрілік заттардан және иондаушы радиациядан туындаған анемия және лейкопения

- асқазан-ішек жолы ауруымен (спру, мальабсорбция синдромы, персистирлеуші диарея, бауыр жеткіліксіздігі, бауырдың алкогольдік циррозы) байланысты анемия

- жүктілердегі анемия

- шарананың жүйке түтігі ақауларының (анэнцефалия, гидроцефалия, ми жарығы, «жырық таңдай», «қоян жырық») дамуының, көпұрықты жүктіліктің, жүктілікті аяғына дейін көтере алмаудың профилактикасында

- лактация кезеңіндегі анемияның профилактикасы

- никотинге, алкогольге немесе дәрілерге тәуелділік аясындағы анемия

- фолий қышқылын антагонистермен (метотрексат, сульфаметаксазол – триметоприм біріктірілімі), құрысуға қарсы препараттармен (фенитоин, примидон, фенобарбитал) ұзақ уақыт емдеу

- полиневриттер және полинейропатиялар, оның ішінде алкогольді этиологиядағы

- фолий қышқылы тапшылығы теңгерімсіздігі немесе толыққанды емес тамақтану.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке қолданылады. Ересектерге:

- фолий қышқылының тапшылығымен негізделген мегалобластты анемияны емдеу үшін, ересектерге: тәулігіне 5 мг-ден 4 ай бойы, профилактикасы үшін - тәулігіне 2,5 мг. Емдеу курсы 20-30 күн. Бір айдан соң емдеу курсын қайталау керек. Препаратты ұзақ қолдану В12 дәрумен препаратымен (цианокобаламин) біріктіру ұсынылады.

- мальабсорбцияда, ішектің қабыну ауруларында және теңгерімсіз немесе толыққанды емес тамақтану жағдайында макроцитарлық анемияның профилактикасы және емдеу үшін тәулігіне 15 мг, спру ауруы бар пациенттерге – тәулігіне 5-15 мг;

- шаранада жүйке түтігінің ақаулары дамуының профилактикасы үшін – жоспарланған жүктілікке дейін 4 апта бойы тәулігіне 4,0 мг дейін және дәрігердің тағайындауымен жекелей қабылдауды жүктіліктің I триместрі ағымында жалғастыру керек.

- теңгерімсіз немесе толыққанды емес тамақтанумен байланысты фолий қышқылы тапшылығының профилактикасы үшін тәулігіне 2,5 - 5 мг.

Жоғарырақ демеуші дозалар алкоголизмнен зардап шегетін, сонымен қатар созылмалы инфекциялары бар және құрысуға қарсы препараттар қабылдайтын пациенттерге тағайындалуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

- болуы мүмкін: аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну, эритема, бронх түйілуі, анафилаксиялық реакциялар (шокты қоса))

- диспепсиялық құбылыстар, іш ауыруы

- қызба

Сирек:

- ұйқысыздық, құрысу дайындығының жоғарылауы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- пернициоздық анемия

- қатерлі жаңа түзілімдер

- кобаламин тапшылығы

- 12 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фенитоин әсерін азайтады (фенитоин дозасын ұлғайту талап етіледі).

Стероидты емес анальгетиктерді, құрысуға қарсы дәрілерді (фенитоин және карбамазепин), эстрогендерді, пероральді контрацептивтерді ұзақ қабылдау фолий қышқылына қажеттілікті ұлғайтады.

Антацидтер (оның ішінде Са2+, Al3+, Mg2+ препараттары), колестирамин, этил спирті, сульфасалазин және вальпрой қышқылы фолий қышқылының сіңуін төмендетеді.

Метотрексат, пириметамин, триамтерен, триметоприм дигидрофолатредуктазаны тежейді және фолий қышқылының әсерін төмендетеді.

Айрықша нұсқаулар

Гемодиализдегі пациенттер фолий қышқылының жоғары мөлшерін керек етеді.

Фолий қышқылы ұзақ уақыт, әсіресе жоғары дозаларда қолданғанда қандағы В12 дәруменінің концентрациясы төмендеуі мүмкін.

Препаратты ұзақ уақыт қолдануды В12 дәруменін (цианокобаламин) қабылдаумен біріктіру ұсынылады.

Жүктілікте және лактацияда қолдану

Жүктілік және лактация кезеңінде препарат ұсынылған дозаларда қолданылады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Ықпал етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: аллергиялық реакциялар болуы мүмкін. Ұзақ қолданғанда В12 гиповитаминозы дамуы мүмкін. Уытты әсерге фолий қышқылын 300 мг және одан жоғары дозаларда бір сәтте қолданғанда жетеді.

Емі: препаратты қолдануды тоқтату. Гемодиализ көмегімен шығарылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлорид үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

3 немесе 10 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан немесе қорапшалық картоннан жасалған қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауд., Өндірістік аймақ 282, тел.: +7 (727) 232-44-85

Тіркеу куәлігінің иесі

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС

Қазақстан Республикасы

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын, дәрілік зат қауіпсіздігінің тіркеуден кейінгі қадағалануына жауапты ұйымның мекенжайы

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауд., Өндірістік аймақ 282, тел.: +7 (727) 232-44-85,

электрондық поштасы: info@aigp.kz

 

Прикрепленные файлы

586554051477976325_ru.doc 56.5 кб
425140921477977514_kz.doc 65.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники