Фолиевая кислота (1 мг, Технолог ЧАО)

МНН: Фолиевая кислота
Производитель: Технолог ЧАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Folic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№023597
Информация о регистрации в РК: 19.11.2021 - 19.11.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Фолий қышқылы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Фолий қышқылы

Дәрілік түрі

1 мг, 5 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: фолий қышқылы – 1 мг немесе 5 мг;

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, желатинделген крахмал, магний стеараты.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, жоғарғы және төменгі беткейі тегіс, шеттері қиғашталған, ашық сарыдан сары түске дейінгі бір қабатты таблеткалар. Таблеткалардың бетінде аздаған теңбілдердің болуына жол беріледі. Үлкейткіш шынымен сынатын жерінде салыстырмалы біркелкі құрылымы көрінеді

(1 мг доза үшін).

Дөңгелек пішінді, жоғарғы және төменгі беткейі тегіс, шеттері қиғашталған, сарыдан күңгірт-сары түске дейінгі бір қабатты таблеткалар. Таблеткалардың бетінде аздаған теңбілдердің болуына жол беріледі. Үлкейткіш шынымен сынатын жерінде салыстырмалы біркелкі құрылымы көрінеді (5 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Анемияға қарсы дәрілер. Фолий қышқылы және оның туындылары. Фолий қышқылы

АТХ коды В03В В01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Фолий қышқылы асқазан-ішек жолынан, көбінесе он екі елі және жіңішке ішектерден жақсы және толық сіңеді. Ол барлық тіндерде біркелкі таралып, жұлын-ми сұйықтығында таңдамалы шоғырланады. Қан плазмасындағы концентрациясы жоғары деңгейіне ішу арқылы қолданудан кейін 30-дан 60 минутқа дейінгі уақытта жетеді.

Плазмада глютамин қышқылымен байланысатын белсенді зат 5-метилтетрагидрофолатқа метаболизденеді және кофермент түзеді. Бауырда жалпы фолий қышқылы қорының 50% жуығы сақталады. Қан плазмасында ақуыздармен 70% жуығы байланысады. Гломерулярлы сүзіліс арқылы несеппен шығарылады. Фолий қышқылы 5 мг дозасын қабылдаудан кейін 5 сағаттан соң несеппен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Препаратты қабылдаудан кейін фолий қышқылы әртүрлі метаболизм үдерістеріне қатысатын кофермент функциясын орындайтын тетрагидрофолатқа дейінгі қалпына түседі. Ол мегалобласттардың қалыпты жетілуі мен нормобласттар түзілуі үшін қажет. Эритропоэзді көтермелейді және холин алмасуға атсалысып, амин қышқылдары (соның ішінде метионин, серин, глицин және гистидин), нуклеин қышқылдары, пуриндер, пиримидиндер синтезіне қатысады. Тератогенді факторлар әсеріне қатысты қорғаныс функциясын орындайды. Бұдан бөлек, плацентаның қалыпты жетілуіне және жұмыс істеуіне ықпал етеді.

Фолий қышқылы сперматозоидтардың жетілу үдерісінде маңызды рөл атқарады және оны еркек белсіздігін емдеуге пайдалануға болады.

Фолий қышқылының тапшылығында қан түзілуінің мегалобласт типі дамиды, жүкті әйелдерде бұл шаранада туа біткен кемістіктердің (жүйке түтікшесінің ақауы, гидроцефалия) дамуына себеп болуы мүмкін. Фолий қышқылы тапшылығының маңызды салдары зақымданған тіндерді қалпына келтіру қабілетінің азаюы болып табылады.

Қолданылуы

- анемияны емдеу және оның профилактикасы

- шаранада туа біткен кемістіктердің даму профилактикасы

- фолий қышқылы антагонистерімен, құрысуға қарсы препараттармен ұзақ уақыт емдеу

- теңестірілмеген немесе қанағаттанғысыз тамақтанумен байланысты фолий қышқылының тапшылығы

- полиневриттер және полинейропатиялар, соның ішінде алкогольдік этиологияда

Қолдану тәсілі және дозалары

Препарат ішке қабылданады.

Емдік мақсатта ересектер мен бала емізу кезеңіндегі әйелдерге тәулігіне 5 мг дейін тағайындалады. Емдеу курсы 20-30 күнге созылады. 1 айлық үзіліспен 2-3 курстан өтуге кеңес беріледі. Препаратты ұзақ уақыт бойы қолдануды В12 (цианокобаламин) дәруменін қабылдаумен біріктіру ұсынылады.

Жүктілікті жоспарлайтын және қауіп тобында болатын әйелдерге шаранадағы туа біткен жүйке түтікшесі ақауларының даму профилактикасы үшін жүктілік басталар алдында 4 апта бойы 5 мг тағайындалады және жүктіліктің алғашқы 3 айы бойына жалғастырылады.

Теңестірілмеген немесе қанағаттанғысыз тамақтанумен байланысты фолий қышқылы тапшылығының даму профилактикасында – тәулігіне 1-5 мг. Емдеу курсы – 20-30 күн.

Емдеу курсын 1 айдан соң қайталау ұсынылады.

Мегалобластты анемияда 4 ай бойы тәулігіне 5 мг фолий қышқылы тағайындалады.

Спру, макроцитарлы анемия, мальабсорбция, ішектің қабыну ауруларына бар пациенттерге, целиакияда тәулігіне 5-15 мг қабылдау ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

Препараттың жағымдылығы жақсы.

Асқазан-ішек жолы тарапынан: анорексия, жүрек айну, іштің кебуі, метеоризм, ауыздың кермек татуы.

Иммундық жүйе тарапынан: аса жоғары сезімталдық реакциялары, эритема, бөртпе, қышыну, есекжем, ентігуді қоса, анафилаксиялық реакциялар, шокты қоса.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- фолий қышқылына немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- қатерлі жаңа түзілімдер, қатерлі анемиялар

- жете емделмеген кобаламин тапшылығы

- 18 жасқа дейінгі балаларға

- лактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

- В12 тапшылықты (пернициозды) анемия

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фолий қышқылы қан плазмасында фенобарбитал, фенитоин және примидон концентрациясын төмендетіп, сол арқылы эпилепсия ұстамаларының туындау ықтималдығын арттыруы мүмкін. Хлорамфеникол мен котримоксазол фолат метаболизміне ықпал етуі мүмкін. Сульфасалазин фолий қышқылының сіңірілу деңгейін азайтуы мүмкін. Фолий қышқылы метотрексаттың уытты және емдік әсеріне ықпал ете алады. Бактерияға қарсы препараттар фолат метаболизміне ықпал етуі мүмкін. Этанол мен аспирин фолий қышқылының элиминациясын арттыруы мүмкін. Фолаттар литий тиімділігін арттырады. Азоттың шала тотығы фолий қышқылының жедел тапшылығын туғызуы мүмкін.

Флюороурацилмен бір мезгілде біріктірмеген дұрыс. Құрамында алюминий немесе магний бар антацидті препараттар фолий қышқылының сіңірілуін азайтуы мүмкін, сондықтан пациенттерге антацидтерді фолий қышқылын қолданудан кейін 2 сағаттан соң қабылдауға кеңес беріледі.

Фолий қышқылы ішекте мырыш сіңуін азайтуы мүмкін. Фолий қышқылының тапшылығын ішуге арналған контрацептивтер, туберкулезге қарсы препараттар, алкоголь, фолий қышқылының антагонистері, пириметамин, триамтерен, триметоприм, сульфаниламидтер сияқты дәрілік заттар туындатуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Препарат анемиялар этиологиясы анықталмаған пациенттерге абайлап тағайындалады, өйткені фолий қышқылы аурудың гематологиялық көріністерін жақсарту арқылы, осы орайда неврологиялық асқынулардың үдеуіне жол берумен қатерлі анемияның диагностикалануын кедергілеуі мүмкін. Пернициозды анемия жағдайында препаратты тек цианокобаламинмен бірге қолдану қажет.

Қанда цианокобаламин концентрациясының төмендеу қаупіне орай фолий қышқылын, әсіресе, жоғары дозаларда ұзақ уақыт қабылдау ұсынылмайды.

Таблеткалар құрамында лактоза бар, сондықтан сирек тұқым қуалайтын галактозасы, ауыр лактазалық жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге оларды қолдану ұсынылмайды.

Егде жастағы пациенттер үшін ұзақ мерзімді емді бастар алдында кобаламин сіңірілуіне тест өткізу қажет.

Дәрілік зат төмен дозаларын ұсынуға болатын дені сау жүкті әйелдерге арналмаған, бірақ фолий қышқылының тапшылығы бар жүктілерге немесе жүйке түтікшесі ақауларының қайталану қаупі бар әйелдерге тағайындау қажет.

Жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолдану

Жүктілікті жоспарлайтын немесе қауіп тобында болатын әйелдерге шаранадағы туа біткен кемістіктердің: жүйке түтікшесі ақауларының (гидроцефалия, ми жарықтары, «жарық таңдай», «жырық ерін») даму профилактикасы үшін ұсынылатын дозаларында қолдану көрсетілген.

Препаратты бала емізу кезеңінде ұсынылатын дозаларында қолдануға болады. Фолий қышқылы емшек сүтіне өтеді.

Фолий қышқылының тапшылығы немесе фолий қышқылы метаболизмінің бұзылуы туа іткен ақаулардың және жүйке түтікшесінің кейбір ақауларының туындауымен байланыстырылады. Жүктіліктің ерте мерзімдерінде кейбір дәрілік заттардың, мысалы, құрысуға қарсы, ісікке қарсы препараттардың әсер ету салдарынан болатын фолий қышқылы метаболизміне немесе фолий қышқылының тапшылығына араласулар туа біткен аномалияларға алып келуі мүмкін.

Дәруменнің немесе оның метаболиттерінің жетіспеуі өздігінен болатын аборттың және құрсақ ішіндегі даму кідірісінің туындауына да ықпал етуі мүмкін.

Балалар

Балаларға қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Талапқа сай қолданғанда фолий қышқылы автокөлікті басқару немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары тіркелмеген. Өте көп дозаларда қолдану пациентке зиян келтірмеуі тиіс.

Шығарылу түрі және қаптамасы

1 мг және 5 мг таблеткалар.

Медициналық препараттар мен дәрілік заттарға арналған полимер контейнерде 50 таблеткадан.

Медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге 1 полимер контейнерден картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Технолог» жекеменшік акционерлік қоғамы.

20300, Украина, Умань қаласы, Черкасск облысы, Мануильский к-сі, 8.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«Технолог» жекеменшік акционерлік қоғамы.

20300, Украина, Умань қаласы, Черкасск облысы, Мануильский к-сі, 8.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:

«L-Фарма» ЖШС

050061, ҚР, Алматы қ., «Тастақ-1» ы/а, 3 үй

тел.: (727) 374-88-75, факс: 374-88-72

elfarma@rambler.ru

 

6

 

Прикрепленные файлы

Фолиевая_кислота_рус.doc 0.08 кб
Фолиевая_кислота_каз.doc 0.09 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники