Фолиевая кислота №50 (1 мг, Марбиофарм ОАО)

МНН: Фолиевая кислота
Производитель: Марбиофарм ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Folic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020488
Информация о регистрации в РК: 26.11.2019 - 26.11.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Фолий қышқылы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Фолий қышқылы

Дәрілік түрі

1мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - фолий қышқылы 1 мг,

қосымша заттар: сахароза (қант), декстроза моногидраты (глюкоза моногидраты), стеарин қышқылы, тальк.

Сипаттамасы

Жалпақ цилиндр пішінді, ойығы бар, ақшыл сары түстен сары түске дейінгі таблеткалар. Сары түсті елеусіз теңбілдері болуы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Гемопоэз стимуляторлары. В12 витамині және фолий қышқылы. Фолий қышқылы және оның туындылары. Фолий қышқылы.

АТХ коды В03ВВ01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Дәрілік зат түрінде тағайындалған фолий қышқылы, асқазан-ішек жолында жақсы әрі толығымен, көбінесе 12-елі ішектің жоғары бөлігінде сіңеді (тіпті тропикалық спру аясындағы мальабсорбция синдромы бар болса да, сонымен бірге тағамдық фолаттар мальабсорбция синдромында нашар сіңіріледі). Плазма ақуыздарымен қарқынды байланысады.

Гематоэнцефалдық және плацентарлық бөгеттер арқылы өтеді және емшек сүтіне енеді. Ең жоғарғы концентрациясына жету уақыты (ТСmax) 30-60 минутты құрайды.

Бауырда жинақталады және тетрагидрофолий қышқылын түзе отырып метаболизденеді (аскорбин қышқылы болғанда, дигидрофолатредуктазаның әсер етуімен).

Бүйрекпен көбінесе метаболиттер түрінде шығарылады; егер қабылданған дозасы фолий қышқылына тәуліктік қажеттілігінен айтарлықтай асып кетсе, онда өзгеріссіз күйде шығарылады.

Гемодиализдің көмегімен шығарылады.

Фармакодинамикасы

В тобының витамині (Вс витамині, В9 витамині) ішек микрофлорасымен синтезделуі мүмкін. Ағзада фолий қышқылы түрлі метаболикалық үдерістерге қатысатын кофермент болып табылатын тетрагидрофолий қышқылына дейін қалпына келеді. Мегалобластардың қалыпты жетілуі және нормобластардың түзілуі үшін қажет.

Аминқышқылдардың (соның ішінде глициннің, метиониннің), нуклеин қышқылдарының, пуриндердің, пиримидиндердің синтезіне, холиннің, гистидиннің алмасуына қатысады.

Қолданылуы

  • фолий тапшылығы анемиясын емдеуде

  • фолий қышқылы гипо - және авитаминозын, оның ішінде тропикалық және тропикалық емес спру

  • толыққанды тамақтанбау

Қолдану тәсілі мен дозалары

Ішке қабылдауға.

Фолий тапшылығы анемиясында: ересектерге бастапқы доза – 1 мг/тәулік (1 таб). Үлкен дозаларды қолданғанда резистенттілік туындауы мүмкін.

Демеуші ем: ересектер үшін – 0,4 мг/тәулік (1/2 таб), жүктіліктегі тәуліктік қабылдануы – 0,4 мг/тәулік (1/2 таб).

Фолий қышқылының гипо - және авитаминозында (авитаминоздың ауырлығына қарай) ересектер үшін – 5 мг/тәулікке дейін (5 таб).

Емдеу курсы 20 – 30 күнді құрайды.

Қатар жүретін алкоголизмде, гемолитикалық анемияда, созылмалы жұқпалы ауруларда, гастроэктомиядан кейін, мальабсорбция синдромында, бауыр жеткіліксіздігінде, бауыр циррозында, стрессте препарат дозасы 5 мг/тәулікке (5 таб) дейін жоғарылауы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, терінің қышынуы, бронх түйілуі, эритема, гипертермия

  • диспепсиялық құбылыстар, іштің ауыруы

  • ұйқысыздық, құрысу дайындығының артуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

  • В12 – тапшылықты анемия

  • сахараза/изомальтаза тапшылығы

  • фруктоза жақпаушылығы

  • глюкозо-галактозды мальабсорбция

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Сақтықпен

Цианокобаламин тапшылығы бар фолий тапшылығында.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Құрысуға қарсы препараттар (соның ішінде фенитоин мен карбамазепин), эстрогендер, пероральді контрацептивтер фолий қышқылына қажеттілікті ұлғайтады.

Антацидтер (соның ішінде кальций, алюминий және магний препараттары), колестирамин, сульфонамидтер (соның ішінде, сульфасалазин) фолий қышқылының сіңірілуін төмендетеді.

Метотрексат, пириметамин, триамтерен, триметоприм дигидрофолатредуктазаны тежейді және фолий қышқылының әсерін төмендетеді (бұл препараттарды қолданатын емделушілерге оның орнына кальций фолинатын тағайындау керек).

Цинк препараттарына қатысты бірыңғай ақпарат жоқ: бір зерттеулер фолаттар цинк сіңуін тежейді десе, екіншісі бұл деректерді жоққа шығарады.

Емдеу уақытында антацидтерді фолий қышқылын қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң қолдану керек, колестираминді фолий қышқылын қабылдардан 4-6 сағат бұрын немесе қабылдағаннан кейін 1 сағаттан соң қолдану керек.

Антибиотиктер плазмадағы фолий қышқылының концентрациясы және эритроциттердің микробиологиялық бағасының нәтижесін қате көрсетуі мүмкіндігін ескеру керек.

Фолий қышқылының үлкен дозаларын қолдануда, сондай-ақ ұзақ уақыт бойы емдеуде В12 (цианокобаламина) витаминінің концентрациясы төмендеуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Фолий қышқылы гиповитаминозының алдын алуда теңгерілімді тамақтану дұрыс болады.

Фолий қышқылына бай тамақтар – көкөністер (салат, шпинат), қызанақтар, сәбіз, жаңа алынған бауыр, бұршақ тұқымдастар, қызылша, жұмыртқа, ірімшік, жаңғақтар, дәнді дақылдар.

Фолий қышқылын В12- тапшылықты, нормоцитарлық және апластикалық анемияны емдеу үшін қолданбайды. В12 тапшылықты анемияда фолий қышқылы, гематологиялық көрсеткіштерді жақсарта отырып, неврологиялық асқынуларды бүркемелейді. В12 тапшылықты анемия бар-жоғы анықталғанша, фолий қышқылын тәулігіне 0,1 мг асатын дозаларда тағайындау ұсынылмайды (мыналардан басқа – жүктілік және лактация кезеңі).

Гемодиализ жүргізілетін емделушілер фолий қышқылының жоғары мөлшерін қажет ететіні ескеру керек.

Жүктілік және лактация кезеңінде қолданылуы

Жүктіліктің бірінші апталарында фолий қышқылының тапшылығы аса қауіпті екенін ескере отырып, бұл витаминді жүктілікке дайындық үдерісінде қолдану ұсынылады, сондай-ақ жүктілікте бала көтеріп жүрудің барлық кезеңі бойына күн сайын 0,4 мг-дан.

Емдік мақсатта дозаны тәулігіне 5 мг дейін ұлғайтуға болады.

Жүктілікке дайындық кезеңінде және сондай-ақ оның үштен бір ширегінде бұрын фолийге тәуелді дамудың ақауымен туылған баласы болған әйелдерге фолий қышқылының жоғары дозалары тағайындалады.

Дозасы мен қауіп дәрежесін өздігінен анықтауға болмайды, оны тек емдеуші дәрігер жүргізуі тиіс.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Препаратты қолдану көлік құралдарын басқару және басқа да жоғары назар аударуды және психомоторлық реакциялардың шапшаңдығын талап ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысу қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Фолий қышқылының 4-5 мг дейінгі дозасы жақсы көтерімді. Жоғарылау дозалары орталық жүйке жүйесі және асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылулар туындатуы мүмкін: жүрек айнуы, құсу, іштің кебуі, метеоризм, сондай-ақ түнгі ұйқының бұзылыстары.

Емі: көп жағдайларда артық дозаланудың симптомдары және салдары жеңіл жойылады. Қажет болғанда емделушілер плазма алмастыратын ерітінділерді көктамырішілік құюды қабылдайды, бұл сұйықтық теңгерімін қалпына келтіреді немесе жағымсыз әсерлерді емдеу үшін дәрілік препараттарды қабылдайды, қажет болғанда фолий қышқылының дозасын төмендетеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

1 мг таблеткалар.

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

5 пішінді ұяшықты қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге тұтынушылар ыдысына арналған картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Марбиофарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

424006, Марий Эл Республикасы, Йошкар-Ола қ., К.Маркс к-сі, 121.

Тел.: (8362) 42-03-12, факс: (8362) 45-00-00

e-mail: marbiopharm@marbiopharm.ru

Тіркеу куәлігінің иесі

«Марбиофарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Марбиофарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

424006, Марий Эл Республикасы, Йошкар-Ола қ., К.Маркс к-сі, 121.

Тел.: (8362) 42-03-12, факс: (8362) 45-00-00

e-mail: marbiopharm@marbiopharm.ru

 

 

Прикрепленные файлы

340805881477976803_ru.doc 57.5 кб
899207431477977981_kz.doc 68.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники