Фозиноприл-ратиофарм

МНН: Фозиноприл
Производитель: Teva Pharmaceutical Industries Limited
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Fosinopril
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021144
Период регистрации: 12.01.2015 - 12.01.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 67.65 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Фозиноприл-ратиофарм

Халықаралық патенттелмеген атауы

Фозиноприл

Дәрілік түрі

20 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар – 20 мг натрий фозиноприлі

қосымша заттар: лактоза сусыз, кросповидон, повидон PVP RK-30, микрокристалды целлюлоза , натрий лаурилсульфаты, глицерил дибегенаты

Сипаттамасы

Капсула пішінді, таблетканың бір жағында «93» және екінші жағында «7223» таңбасы бар, ақ немесе сұрлау-ақ түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Ренин-ангиотензин жүйесіне әсер ететін препараттар. Ангиотензин конвертациялаушы фермент (АКФ) тежегіштері. АКФ тежегіштері.

Фозиноприл.

АТХ коды С09АА09

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Ішке қабылдағаннан кейін фозиноприл асқазан-ішек жолынан сіңеді. Сіңірілуі, орта есеппен, 30-40% құрайды. Сіңірілу дәрежесі ас ішуге байланысты емес, бірақ сіңу жылдамдығы баяу болуы мүмкін. Фозиноприлдің фозиноприлатқа гидролитикалық айналуы көбінесе эстеразалардың әсер етуімен асқазан-ішек жолының және бауырдың шырышты қабығында жүреді. Қан плазмасында ең жоғары концентрациясына жету уақыты шамамен 3 сағат құрайды.

Таралуы

Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы – 95%. Фозиноприлдің таралу көлемі салыстырмалы түрде шағын және қанның жасушалық компоненттерімен болымсыз дәрежеде байланысқан. Гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтпейді.

Метаболизм

Асқазан-ішек жолының шырышты қабығында, атап айтқанда, бауырда фозиноприл фозиноприлатқа дейін гидролизденеді. Фозиноприлді ішу арқылы енгізгеннен кейін 1 сағаттан соң қан плазмасында фозиноприлдің 1%-дан азы өзгермеген күйде қалады, белсенді фозиноприлат ретінде 75% жуығы қатысады, белсенді емес метаболит түрінде 15-20% фозиноприлат глюкурониді қатысады және 5% жуығы фозиноприлаттың белсенді гидрокси- метаболиті түрінде болады.

Шығарылуы

Фозиноприлат организмнен бауыр және бүйрек арқылы тең дәрежеде шығарылады. Соңғы фазаның жартылай шығарылу кезеңі артериялық гипертензиясымен бүйрек және бауыр функциясы қалыпты емделушілерде 11,5 сағат құрайды. Жүрек жеткіліксіздігі бар емделушілердегі жартылай шығарылу кезеңі 14 сағат құрайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі < 80 мл/мин/1.73м2) емделушілерде фозиноприлаттың жалпы клиренсі бүйрек функциясы қалыпты емделушілердегіден шамамен 2 есе төмен, ал сіңуі, биожетімділігі және ақуыздарымен байланысуы байқалымды өзгермеген. Бүйрек арқылы шығарылуының төмендеуі бауыр арқылы шығарылуының жоғарылауымен компенсацияланады.

Бауыр функциясы бұзылған (алкогольді, билиарлы цирроз) емделушілерде

фозиноприлат гидролизінің жылдамдығы төмендеуі мүмкін. Мұндай емделушілер организмінен фозиноприлаттың жалпы клиренсі бүйрек функциясы қалыпты емделушілердегіден 2 есе төмен.

Балалар мен жасөспірімдерде фозиноприлді пайдалану туралы деректер шектеулі.

Фармакодинамикасы

АКФ (ангиотензин конвертациялаушы фермент) тежегіші. Ізашар дәрілерге жатады. Фозиноприлден организмде белсенді метаболит – фозиноприлат түзіледі, ол ангиотензин І-ді тамыр тарылтушы зат – ангиотензин ІІ-ге айналуын бөгейді, бұл вазодилатацияға және альдостерон секрециясының төмендеуіне әкеледі. Гипотензиялық, вазодилатациялық, диуретикалық және калий жинақтаушы әсер көрсетеді. Жалпы шеткергі кедергіні және жүйелік артериялық қысымды төмендетеді. Препарат альдостерон синтезін бәсеңдетеді, тіндік АКФ тежейді. Гипотензиялық әсері тамыр кеңейтетін айқын әсері бар брадикинин метаболизмін бәсеңдетумен де жүзеге асады. Артериялық қысымның (АҚ) төмендеуі айналымдағы қан көлемінің, ми және бүйрек қан ағымының, ішкі ағзалардың, қаңқа бұлшықеттерінің, терінің қанмен қамтылуының, миокардтың рефлекторлы белсенділігінің өзгеруімен қатар жүрмейді. Препараттың гипотензиялық әсері ұзақ уақыт емдегенде сақталады, препаратқа төзімділік дамымайды. Ішке қабылдағаннан кейін гипотензиялық әсері 1 сағат ішінде дамиды, жоғары шегіне 2-6 сағаттан соң жетеді және 24 сағат сақталады. Кейбір емделушілерде қан қысымын оңтайлы төмендету үшін 3-4 апта емделу қажет болуы мүмкін. Жүрек жеткіліксіздігінде фозиноприл симптомдарды және дене жүктемесіне төзімділікті жақсартады және ауруханаға жату жиілігі мен ауырлығын азайтады.

Қолданылуы

- артериялық гипертензияда

- созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде (біріктірілген ем құрамында)

Қолдану тәсілі және дозалары

Фозиноприл-ратиофарм тәулігіне бір рет және шамамен белгілі бір уақытта ішке қабылдану керек.

Артериялық гипертензия

Препаратты монотерапия ретінде немесе гипертензияға қарсы препараттардың басқа кластарымен біріктіріп қолдануға болады.

Несеп айдағыш дәрілермен емдеуден өтпеген, артериялық гипертензиясы бар емделушілерде ұсынылатын бастапқы доза – тәулігіне 1 рет 10 мг фозиноприл. Препараттың кейінгі дозасы АҚ көрсеткіштеріне сәйкес таңдалады. Демеуші дозасы тәулігіне 1 рет 10 мг-40 мг құрайды. Монотерапия кезінде оң әсері болмаса, қосымша диуретиктер тағайындауға болады.

Диуретиктермен емнен өткен артериялық гипертензиясы бар емделушілерде фозиноприлмен емдеуді мұқият дәрігерлік бақылаумен 10 мг дозадан бастау керек.

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеуде фозиноприлдің бастапқы дозасы тәулігіне 1 рет 10 мг құрайды. Әріқарай, препарат дозасын емдік тиімділік динамикасына сәйкес апталық аралықпен 10 мг арттырады. Ең жоғары дозасы тәулігіне 40 мг құрайды. Қосымша диуретик тағайындауға болады.

Бүйрек және бауыр функциясы бұзылған емделушілерге ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне 10 мг құрайды, дегенмен де, сақ болу керек.

Егде жастағы емделушілерге клиникалық тұрғыда қалыпты бауыр және бүйрек функциясында дозаны азайту қажет емес.

Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер белгілейді.

Жағымсыз әсерлері

Жиі ( >1/100-ден <1/10 дейін)

- бас ауыру, бас айналу

- тахикардия

- гипотония, ортостатикалық гипотензия

- стоматит, глоссит

- жөтел

- жүрек айну, құсу, диарея

- терінің бөртуі, Квинке ісінуі, дерматит

- кеуденің ауыруы (кардиологиялық емес сипатта), әлсіздік

- сілтілік фосфатаза, билирубин, лактат-дегидронезаза, трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы

Кейде ( >1/1000-нан <1/100 дейін)

- гемоглобиннің уақытша азаюы, гематокриттің төмендеуі

- тәбеттің кемуі, подагра, гиперкалиемия

- депрессия, сананың шатасуы

- ми инфарктісі, парестезия, ұйқышылдық, инсульт, естен тану, дәм сезудің өзгеруі, тремор, ұйқы бұзылыстары

- көру бұзылыстары

- құлақтың ауыруы, құлақтың шыңылдауы

- стенокардия, миокард инфарктісі, инсульт, жүректің жиі соғуы, жүрек қызметінің тоқтауы, жүрек ырғағының бұзылуы, өткізгіштік бұзылыстары

- гипертензия, шок, транзиторлы ишемия

- ентігу, ринит, синусит, трахеобронхит, диспноэ

- іш қату, ауыздың кеберсуі, метеоризм

- гипергидроз, қышыну, есекжем

- миалгия

- бүйрек функциясының бұзылуы, протеинурия, олигурия

- сексуалдық бұзылыстар

- қызба, шеткергі ісіну, кенеттен өлім, торакальді ауыру

- денеге салмақ қосу

- қан мочевинасының көбеюі, сарысулық креатининнің жоғарылауы

Сирек ( >1/10000-нан <1/1000 дейін)

- уақытша анемия, эозинофилия, лейкопения, лимфаденопатия, нейтропения, тромбоцитопения

- сөйлеудің бұзылуы, есте сақтау бұзылысы, бағдардан жаңылу

- қан кернеу, қан кету, шеткергі тамырлар ауруы

- бронх түйілуі, мұрыннан қан кету, ларингит, пневмония, өкпе іркілісі

- панкреатит, тілдің ісінуі, іштің кебуі, тыныстың тарылуы

- гепатит

- экхимоз

- артрит

- простата функциясының бұзылуы

- аяқ-қолдың біреуіндегі әлсіздік

- гемоглобин деңгейінің мардымсыз жоғарылауы, гипонатриемия

Өте сирек (< 1/10000)

- агранулоцитоз

- ішек бітелісі (ішінара)

- бауыр жеткіліксіздігі

- жедел бүйрек жеткіліксіздігі

Мынадай бір немесе бірнеше симптомдарды қамтуы мүмкін симптомдар кешені жөнінде хабарланды: қызба, васкулит, миалгия, артралгия/артрит, оң антинуклеарлы антиденелер (АНА), эритроциттер шөгу жылдамдығының (ЭШЖ) жоғарылауы, эозинофилия және лейкоцитоз, бөртпе, жарыққа сезімталдық және басқа да дерматологиялық құбылыстар.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевротикалық ісіну (Квинке ісінуі), соның ішінде сыртартқыдағы, басқа АКФ тежегіштерін қабылдаудан кейін

- лактозаны көтере алмаушылық, лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Гипотензиялық дәрілер, диуретиктер, есірткілік анальгетиктер, үш циклды антидепрессанттар, нейролептиктер, жалпы анестезияға арналған дәрілер, алкоголь фозиноприлдің гипотензиялық әсерін күшейтеді, симптоматикалық гипотония дамуы мүмкін. Калий препараттары, құрамында калий бар тұз алмастырғыштар, калий жинақтаушы диуретиктер немесе сарысулық калийді арттыратын басқа да дәрілік препараттар (мысалы, гепарин) гиперкалиемияның даму қаупін арттырады. Литий тұздарымен бір мезгілде қабылдағанда қандағы литий концентрациясы жоғарылауы мүмкін. Препарат сульфонилмочевина туындыларының, инсулиннің гипогликемиялық әсерін, аллопуринолмен, цитостатикалық дәрілік заттармен, иммунодепрессанттармен, прокаинамидпен бір мезгілде қолданғанда лейкопенияның даму қаупін күшейтеді. Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП) және эстрогендер гипотензиялық әсерінің айқындылығын төмендетеді. Антацидтермен бір мезгілде қолданғанда препараттар қабылдау 2 сағаттық аралықтармен бөлінуі тиіс. Фозиноприл-ратиофарм көмірдің сіңірілу әдісі пайдаланылатын сандық анықтау кезінде дигоксиннің сарысулық деңгейлерінің жалған төмен мәндерін туындатуы мүмкін. Оның орнына антиденелермен жабындалған сынауық әдісі пайдаланылатын басқа жинақтарды пайдалануға болады. Қалқанша маңы бездері функциясын анықтауға тестілер өткізуден бірнеше күн бұрын фозиноприл көмегімен емдеу тоқтатылуы тиіс.

Фозиноприл-ратиофармды ацетилсалицил қышқылымен (ұсынылатын дозаларда), тромболитиктермен, бета-блокаторлармен және/немесе нитраттармен бір мезгілде қолдануға болады.

Айрықша нұсқаулар

Фозиноприл-ратиофарм препаратымен емделуге дейін және ем кезінде АҚ, бүйрек функциясын, калий концентрациясын, гемоглобин, креатинин, мочевина мөлшерін, электролиттер концентрациясын және қандағы «бауыр» ферменттерінің белсенділігін бақылау қажет. Препарат қабылдау аясында, әсіресе, нейтропения қаупі жоғарылаған науқастарда: бүйрек функциясы бұзылғанда және дәнекер тіннің жүйелік ауруларында шеткергі қандағы лейкоциттер мөлшерін мезгіл-мезгіл бақылап отыру керек.

Ауыр ағымды артериялық гипертензиясы немесе қатарлас декомпенсацияланған созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар емделушілер Фозиноприл-ратиофарм препаратымен емделуді стационар жағдайларында бастауы тиіс. Митральді клапан стенозы және сол жақ қарыншадан шығу жолының обструкциясы бар емделушілер абайлап қабылдау керек.

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі (РААЖ) күшті белсенділенген, атап айтқанда, реноваскулярлы гипертензиясы, тұздың сарқылуы және/немесе гиповолемиясы, жүрек жеткіліксіздігі немесе ауыр гипертензиясы бар емделушілерге, сондай-ақ диуретиктермен емнен өтетін емделушілерге Фозиноприл-ратиофарм препаратымен емделуді дәрігердің қадағалауымен бастау қажет, өйткені симптоматикалық гипотонияның даму қаупі болуы мүмкін. Артериялық гипотензияның пайда болу ықтималдығын азайту үшін диуретиктерді фозиноприлмен емнің басталуынан 2-3 күн бұрын тоқтату керек.

Артериялық гипотензияның даму қаупінің жоғарылауына орай, тұзы аз немесе тұзсыз емдәмде жүрген емделушілерге препаратты тағайындағанда сақ болу қажет.

Бүйрек функциясы бұзылған жағдайларда препараттың бастапқы дозасын түзету қажет емес. Калий және креатинин деңгейлеріне жүйелі мониторинг ұсынылады.

Сирек жағдайларда бүйрек функциясы бұзылған емделушілерде протеинурияны байқауға болады. Протеинурияның клиникалық мәнді жағдайларында Фозиноприл-ратиофарм (тәулігіне 1 г-ден көп) клиникалық және зертханалық көрсеткіштердің тұрақты мониторингімен пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалаудан кейін ғана тағайындалу керек.

Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде қан плазмасындағы фозиноприл концентрациясының жоғарылау қаупі болуы мүмкін. Сирек жағдайларда кейде өліммен аяқталатын бір сәттік бауыр некрозына ұласатын холестаздық сарғаю болуы мүмкін. Фозиноприл алатын бауыр функциясы бұзылған емделушілерге сарғаю мен бауыр ферменттері ұлғаюының алғашқы белгілері білінгеннен кейін бірден препарат қабылдауды тоқтатып, кейіннен тиісінше емделу қажет.

Басқа АКФ тежегіштерін қолдану кезінде де, фозиноприлді қолданғанда да Квинке ісінуі, еріннің, тілдің, дауыс саңылауының және/немесе көмейдің, аяқ-қолдың ісінуі сияқты аса жоғары сезімталдық реакциялары дамуы мүмкін. Препаратпен емдеу дереу тоқтатылып, тиісті шаралар қабылдану қажет. Аталған симптомдарды антигистаминдік дәрілермен және кортикостероидтармен жою тиімсіз болуы мүмкін екендіктен емделушілерді ұзақ уақыт бойы қадағалау талап етіледі. АКФ тежегіштерін негроидты нәсіл өкілдерінде қолданғанда, қалған нәсіл емделушілерімен салыстырғанда, Квинке ісінуінің даму қаупі артады, бұл ренині төмен артериялық гипертензияның өте жоғары таралуынан болуы мүмкін. Сыртартқысында Квинке ісінуі бар емделушілерде АКФ тежегіштерін қолдану кезінде Квинке ісінуінің даму қаупі артады.

Гидравликалық өткізгіштігі жоғары жарғақшаларды (AN 69) пайдаланумен жүргізілген гемодиализдегі емделушілерді АКФ тежегіштерімен емдегенде анафилактоидтық реакциялардың даму қаупі болуы мүмкін. Емделушілердің осы тобында диализге арналған жарғақшалардың әртүрлі типін пайдалануға немесе гипертонияға қарсы басқа препараттарды қолдануға ерекше көңіл бөлу қажет. Тығыздығы төмен липопротеидпен аферез кезінде АКФ тежегіштерін декстран сульфатымен алатын емделушілерде де анафилактоидтық реакциялардың даму қаупі болуы мүмкін. Аферездің әрбір сеансын бастар алдында Фозиноприл-ратиофарм препаратын қабылдауды тоқтату керек.

Фозиноприл-ратиофарм антибиотиктермен қарқынды емдеуге келмейтін ауыр жұқпалы аурулардың дамуына ұласатын нейтропения, агранулоцитоз, тромбоцитопения және анемияның даму қаупімен байланысты иммунодепрессанттар, аллопуринол, прокаинамид қабылдайтын емделушілерге, тамыр коллагенозіне шалдыққан емделушілерге айрықша сақтықпен қолданылу керек. Емделушілердің осы тобында фозиноприл қолданылғанда қандағы лейкоциттер деңгейін тұрақты бақылау және жұқпалы аурулардың алғашқы симптомдарының білінуін мұқият қадағалау ұсынылады.

Ауқымды операциялық араласудан немесе гипотонияны туындататын дәрілермен анестезиядан кейінгі емделушілерде фозиноприл ренинді босатып шығаруға қатысатын ангиотензин II түзілуін бөгеуі мүмкін. Аталған жағдайда гипотонияны жалпы қан көлемін көбейту арқылы жоюға кеңес беріледі.

АКФ тежегіштерін және калий жинақтаушы диуретиктерді, калий қоспаларын, құрамында калий бар тұз алмастырғыштарын немесе сарысулық калийді арттыратын басқа препараттарды, әсіресе, бүйрек функциясының бұзылуы мен қант диабеті бар емделушілерде бір мезгілде қолданғанда гиперкалиемияның даму қаупі болуы мүмкін. Емделушілердің осы тобында сарысулық калийді әлсін-әлсін бақылау ұсынылады.

Диабетке қарсы ішуге арналған препараттар және инсулин қабылдайтын қант диабетіне шалдыққан емделушілерге Фозиноприл-ратиофарм препаратымен және басқа АКФ тежегіштерімен емделген алғашқы ай ішінде қандағы қант деңгейін мұқият бақылау қажет.

АКФ тежегіштерін қолданғанда емді тоқтатқаннан кейін жоғалатын басылмайтын құрғақ жөтел болуы мүмкін.

Фозиноприл-ратиофарм препаратын, басқа АКФ тежегіштері сияқты литий препараттарымен бірге қолдану ұсынылмайды.

Препаратты сақтықпен қолдану қажет: бүйрек жеткіліксіздігінде; гипонатриемияда (дегидратация, артериялық гипотензия, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі қаупі); қолқа стенозында; бүйрек трансплантациясынан кейінгі жағдайда; десенсибилизацияда; нейтропенияның немесе агранулоцитоздың даму қаупінің арту салдарынан дәнекер тіннің жүйелік ауруларында (соның ішінде жүйелі қызыл жегі, склеродермия); гемодиализде; цереброваскулярлы ауруларда (соның ішінде ми қан айналымының жеткіліксіздігінде); жүректің ишемиялық ауруында; NYHA жіктемесі бойынша III-IV функционалдық класына жататын созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде; қант диабетінде; сүйек кеміктік қан түзілудің бәсеңдеуінде; гиперкалиемияда; егде жастағы емделушілерде; подаграда; тұзды шектейтін емдәм аясында; айналымдағы қан көлемінің азаюымен қатар жүретін жай-күйлерде (соның ішінде диарея, құсу, диуретиктермен алдыңғы емдеу).

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен науқастарда бүйрек жеткіліксіздігі болғанда немесе болмағанда, АКФ тежегіштерімен емдеу олигурияға немесе азотемияға, сирек жағдайларда жедел бүйрек жеткіліксіздігіне және өліммен аяқталуға алып келетін шамадан тыс гипертензияға қарсы әсерді туындатуы мүмкін. Сондықтан созылмалы жүрек жеткіліксіздігін фозиноприлмен емдегенде, әсіресе, емнің алғашқы екі аптасы бойына, сондай-ақ фозиноприл немесе диуретик дозасының кез келген арттырылуында науқастарды мұқият қадағалау қажет.

АКФ тежегіштері жалпы анестезия жасауға қолданылатын препараттардың гипертензияға қарсы әсерін күшейтуі мүмкін. Хирургиялық араласу алдында (стоматологияны қоса) анестезиолог-дәрігерге АКФ тежегіштерінің қолданып жүргенін ескерту қажет.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Диуретиктік дәрілік заттар қабылдайтын науқастарда, әсіресе, препараттың бастапқы дозасынан кейін гипотония мен бас айналу болуы мүмкін екендіктен, көлік құралдарын басқару немесе жоғары зейін қоюды талап ететін кез келген жұмысты орындау кезінде сақтық шарасын қадағалау қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: АҚ айқын төмендеуі, брадикардия, тахикардия, шок, су-электролиттік тепе-теңдіктің бұзылуы, бас айналу, мазасыздық, жөтел, жедел бүйрек жеткіліксіздігі.

Емі: препарат қабылдауды тоқтату, науқасты аяқтарын көтеріңкіреп, «жатқан» қалыпта орналастыру. Емдеу физиологиялық ерітіндіні көктамыр ішіне енгізумен жүзеге асады. Ангиотензин II және/немесе көктамыр ішіне катехоламиндер құюды қарастыруға болады. Артық дозаланудың жеңіл жағдайларында – асқазанды шаю, қабылдағаннан кейін 30 минут ішіндесорбенттер мен натрий сульфатын енгізу және әріқарай симптоматикалық және демеуші ем. Рефракциялық брадикардияда кардиостимулятор қолдану ұсынылады. Тіршілік функцияларын, сарысулық электролиттер мен креатинин деңгейлерін мұқият бақылау қажет.

Шығарылу түрі және қаптамасы

15 таблеткадан мөлдір ПВХ/ПВДХ үлбірінен және алюминий фольгадан немесе мөлдір емес ақ ПВХ/ПВДХ үлбірінен және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

Пішінді ұяшықты 2 қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 0С-ден аспайтын температурада түпнұсқалық қаптамада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші:

«Teva Pharmaceutical Industries Lіmіtеd», Израиль

«Teva Santе» сапа бақылауы, Франция

Тіркеу куәлігінің иесі:

«Teva Pharmaceutical Industries Limited», Израиль

Қаптаушы:

«Teva Operations Poland Sp. z o.o.», Польша

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«ратиофарм Қазақстан» ЖШС

050000 Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 19,

Нұрлы Тау бизнес орталығы 1 Б, 603 кеңсе

Телефон, факс: (727) 311-09-15; 311-07-34

E-mail: teva@teva.co.il

 

Прикрепленные файлы

582592711477976528_ru.doc 102.5 кб
124373431477977686_kz.doc 109 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники