Флуконазол-ТК (50 мг)

МНН: Флуконазол
Производитель: ТК Фарм Актобе ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Fluconazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№020817
Информация о регистрации в РК: 15.02.2018 - 15.02.2023
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)

Инструкция

Саудалық атауы

Флуконазол-СВС

Халықаралық патенттелмеген атауы

Флуконазол

Дәрілік түрі

50.0 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсула құрамында

белсенді зат – 50.0 мг флуконазол,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, аэросил (коллоидты кремнийдің қостотығы), магний стеараты.

қақпақша құрамы: темірдің қара тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171), желатин;

корпус құрамы: титанның қостотығы (Е 171), хинолинді сары (Е104), қан қызыл (Е 124), патенттелген көк (Е131), бриллиантты қара (Е151), желатин.

Сипаттамасы

Корпусы жасыл түсті және қақпақшасы сұр түсті, өлшемі №4, қатты желатинді капсулалар. Капсуланың ішінде – ақ немесе ашық сары реңді ақ түсті ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Зеңге қарсы жүйелік қолдануға арналған дәрілер.

Триазол туындылары. Флуконазол

АТХ коды J02AC01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат жақсы сіңеді, оның биожетімділігі 90%-дан асады. Флуконазолдың 11–12%-ы қан плазмасы ақуыздарымен байланысады. Флуконазол ликворды қоса, организмнің барлық сұйықтығына жақсы өтеді. Терінің мүйізгекті қабатында, эпидермисте, дермада және тер сұйықтығында сарысудағыдан асып түсетін концентрацияға жетеді. Флуконазол терінің мүйізгекті қабатына жиналады, емдеуді аяқтағаннан кейін 6 айдан соң препарат тырнақтардан табылады. Қан плазмасында ең жоғары деңгейіне 0,5–1,5 сағат ішінде жетеді. Жартылай шығарылу кезеңі 30 сағатқа жуықты құрайды, ол препаратты тәулігіне 1 рет немесе бір рет қолдануға мүмкіндік береді. Негізінен бүйректер арқылы бөлініп шығады; 80%-ы несепте өзгермеген күйінде анықталады. Препараттың клиренсі креатинин клиренсіне пропорционалды.

Фармакодинамикасы

Флуконазол-СВС — зеңге қарсы синтетикалық препарат, триазолдар тобы. Беткейлік және жүйелік микоздарды емдеу үшін қолданылады. Флуконазол - СВС зеңді жасушаның 14α-деметилаза ферментінің селективті күшті тежегіші болып табылады, саңырауқұлақ пен зең жарғақшаларының негізгі компоненті – эргостерол синтезін тежейді. Фунгистатикалық әсері бар және көптеген патогенді зеңдерге, мысалы, Candida spp. (C. albicans, С. tropicalis), Cryptococcus neoformans, Coccidioides immitis, Histoplasma capsulatum, Blastomyces dermatitidis, Sporothrix schenkii, Paracoccidioides brasiliensis, сондай-ақ көптеген дерматофиттерге қатысты белсенді. Мыналарға қатысты белсенділігі аз: Aspergillus spp. және Penicillium marneffei. Препаратқа С. krusei, С. glabrato, Fusarium spp. және зигомицеттер төзімді.

Қолданылуы

- жүйелік кандидозда

- диссеминацияланған кандидозда (созылмалы түрлері), соның ішінде нейтропения аясында

- кандидозды жұқпалардың өршіген түрлерінде (ішперде, эндокард, тыныс алу және несеп жолдарының жұқпалары)

- кандидурияда

- ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозында, соның ішінде АИВ жұқтырған емделушілерде немесе иммунитет тапшылығының басқа да түрлерінде

- қатерлі жаңа түзілімдері бар адамдардағы, сондай-ақ цитостатикалық және иимуносупрессиялық дәрілерді қабылдап жүрген емделушілердегі және қарқынды ем бөлімдерінде жатқан емделушілердегі кандидозда

- қынаптық кандидозда (жедел және қайталанатын)

- криптококкозда, криптококкті менингитті және басқа жерлерге (өкпе, тері) орныққан зақымдарды қоса)

- дерматомикоздарда

- тері мен шырышты қабық кандидозында: орофарингеальді, эзофагофарингеальді кандидозда

- табан эпидермофитиясында, тегіс тері дерматомикозы, кебек тәрізді теміреткі және дерматофиттерден туындаған жұқпалар және кандидозды жұқпаларда

- емделушілерде діңгектік қан түзетін жасушаларды трансплантациялау алдында, химия- немесе сәуле емі жүргізілетін, қатерлі жаңа түзілімдері бар емделушілерде кандидоздың алдын алуда және зең ауруларын емдеуге

Қолдану тәсілі және дозалары

Тәуліктік дозасы зеңдік жұқпаның табиғаты мен ауырлығына байланысты және әр адамда жекелей анықталады. Емдеу ұзақтығы клиникалық және микологиялық әсеріне байланысты.

Ересектер

  • криптококктік жұқпаларда алғашқы күні, әдеттегідей, 400 мг (8 капсула) тағайындайды, ал содан кейін емдеуді 200-400 мг (4-8 капсула) дозада тәулігіне бір реттен жалғастырады. Емдеу ұзақтығы әдетте 6-8 аптаны құрайды. ЖИТС-ке шалдыққан науқастарда криптококктік менингиттің қайталануының алдын алу үшін (алғашқы емнің толық курсын аяқтағаннан кейін) Флуконазол-СВС препаратымен емдеуді өте ұзақ уақыт бойы 200 мг (4 капсула) дозада жалғастыруға болады;

  • кандидозды жұқпаларда доза алғашқы тәуліктерде 400 мг (8 капсула), содан кейін тәулігіне 200 мг (4 капсула) құрайды, қажет болған кезде доза тәулігіне 400 мг-ға (8 капсула) дейін арттырылуы мүмкін. Емдеу ұзақтығы клиникалық тиімділігіне байланысты болады;

  • орофарингеальді кандидозда – 7-14 күн бойы немесе қажет болған кезде одан да ұзағырақ уақыт бойы тәулігіне бір рет 0,050 – 150 мг (1-3 капсула). Ауыз қуысының шырышты қабығының атрофиялық кандидозында әдетте 14 күн бойы тәулігіне бір рет 100 мг (2 капсула) доза тағайындайды, шырышты қабықтардың басқа кандидозды жұқпаларында (қынаптық кандидозды қоспағанда) емдеу ұзақтығы 14-30 күн болғанда тиімді доза әдетте 100 мг (2 капсула) құрайды;

  • қынаптық кандидозда және баланитте Флуконазол-СВС препаратын бір рет 150 мг (3 капсула) дозада қабылдайды;

  • иммунитет қызметі төмендеген науқастарда зеңдік жұқпалардың алдын алу үшін, науқас қауіпті топқа жатқан кезде, доза тәулігіне бір рет 100 мг (2 капсула) құрайды;

  • тері жұқпаларында, табан, шап аймағы терісінің микозын қоса, және кандидозды жұқпаларда ұсынылатын доза аптасына бір рет 150 мг (3 капсула) немесе тәулігіне бір рет 100 мг (2 капсула) құрайды. Емдеу ұзақтығы әдетте 2-4 апта, алайда табан микозында ұзағырақ емдеу (6 аптаға дейін) қажет болуы мүмкін. Кебек тәрізді теміреткіде ұсынылатын доза 2-4 апта бойы тәулігіне бір рет 100 мг (2 капсула) құрайды. Онихомикозда аптасына бір рет ұсынылатын доза 150 мг (3 капсула) құрайды. Емдеуді жұқпа жұққан тырнақ алмасқанға дейін (жұқпасы жоқ тырнақ өскенге дейін) жалғастырған жөн.

Егде жастағы емделушілер:

Бүйрек қызметі жеткіліксіздігінің белгілері жоқ болған кезде препаратты әдеттегі дозада қолданады. Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі бар егде жастағы емделушілер үшін бір рет қабылдаған кезде дозаны өзгертудің қажеті жоқ. Қайталап қабылдаған кезде препаратты бастапқы 100-ден 400 мг-ға дейінгі (2-8 капсула) дозада тағайындайды. Осыдан кейін тәуліктік дозаны (креатинин клиренсінің көрсеткіштеріне байланысты) мына кесте бойынша белгілейді:

Креатинин клиренсі, мл/мин Ұсынылатын доза пайызы

> 50

100%

11–50

50%

Үнемі диализ жасалатын науқастар

Әрбір диализден кейін бір доза

Емдеу теріс гемокультура алғаннан кейін немесе ауру көріністері жоғалғаннан кейін кем дегенде 2 апта жалғастырылуға тиіс. Аурудың алғашқы көріністерінде емдеу 7–14 күн бойына, ал иммунитет тапшылығы бар науқастарда 3 аптаға жалғастырылады. Өте ауыр жағдайларда 30 күндік ем жүргізу қажет. Криптококктік менингитті емдеу ұзақтығы — 6–8 апта, дерматомикоздарда — 2–4 апта, табан дерматофитиясында — 6 апта бойы.

Жағымсыз әсерлері

Жиі ( ≥1/100 – <1/10)

  • бас ауыру

  • жүректің айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея

  • сілтілік фосфатаза деңгейінің, аминотрансферазалардың (АЛТ және АСТ) сарысулық деңгейінің жоғарылауы

  • бөртпе

Жиі емес (≥1/1,000 – ≤1/100)

  • ұйқысыздық, ұйқышылдық

  • құрысулар, бас айналу, парестезия, дәмнің өзгеруі

  • вертиго

  • диспепсия, метеоризм, ауыз ішінің құрғауы

  • холестаз, сарғаю, билирубин деңгейінің жоғарылауы

  • қышыну, есекжем, қатты терлеу

  • миалгия

  • шаршау, дімкәстік, әлсіздік, қызба

Сирек ( ≥1/10,000 – ≤1/1,000

  • агранулоцитоз, лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения

  • анафилаксия, ангионевротикалық ісіну

  • гипертриглицеридемия, гиперхолестеринемия, гипокалиемия

  • тремор

  • тахикардия, қарыншалардың жыбырлауы/жыпылықтауы, QT аралығының ұзаруы

  • диспепсия, метеоризм, ауыз ішінің құрғауы

  • гепатоуыттылық, өліммен аяқталатын сирек жағдайларды қоса, бауыр қызметінің жеткіліксіздігі, гепатоцеллюлярлы некроз, гепатит, гепатоцеллюлярлық зақымдар

  • уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, денеге жайылған жедел экзантематозды пустулез, эксфолиативті дерматит, беттің ісінуі, алопеция

ЖИТС немесе обыры бар науқастарда Флуконазолмен және соған ұқсас препараттармен емдеген кезде қан көрсеткіштерінің, бүйрек пен бауыр функцияларының өзгергені байқалды, алайда осы өзгерулердің клиникалық мәні және олардың емдеумен байланысы анықталған жоқ.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- флуконазолға, препараттың басқа да компоненттеріне немесе құрылымы флуконазолға ұқсас азольді заттарға жоғары сезімталдық

- Флуконазол-СВС препаратын тәулігіне 400 мг және одан көп дозаларда бірнеше рет қолдану кезінде терфенадинді бір мезгілде қабылдау

- QT аралығын ұзартатын және CYP3A4 ферменті арқылы метаболизденетін, мысалы, цизаприд, астемизол, эритромицин, пимозид және хинидин сияқты дәрілік препараттармен бір мезгілде қабылдау

- галактоза жақпаушылығы, лактоза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясының сирек тұқым қуалайтын проблемалары бар науқастар, өйткені флуконазол капсуласының құрамында лактоза бар

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Флуконазол-СВС препаратының басқа дәрілік препараттарға ықпалы

Флуконазол-СВС P450 (CYP) 2C9 цитохромы изоферментінің күшті тежегіші және CYP3A4 ферментінің орташа тежегіші болып табылады. Төменде көрсетілген өзара әрекеттесуден басқа, Флуконазол-СВС препаратымен бір мезгілде қолданғанда CYP2C9 және CYP3A4 ферменттерімен метаболизденетін басқа да қосылыстардың плазмалық концентрацияларының жоғарылау қаупі бар. Сондықтан осы біріктірілімдерді пайдаланғанда сақтық танытқан жөн, ал науқастарды мұқият бақылауға алу қажет. Флуконазол-СВС препаратының фермент-тежегіш әсері, жартылай шығарылу кезеңінің ұзақ болуына байланысты, Флуконазол-СВС препаратымен емдеуді тоқтатқаннан кейін 4-5 күн сақталады.

Альфентанил: Флуконазол-СВС препаратымен бір мезгілде емдегенде клиренсінің және таралу көлемінің төмендегені, сондай-ақ альфентанилдің T½ (жартылай шығарылу кезеңі) ұзарғаны байқалады. Әсер етуінің ықтимал механизмі CYP3A4 ферментін Флуконазол-СВС препаратымен тежеу болып табылады. Альфентанил дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Амитриптилин, нортриптилин: Флуконазол-СВС амитриптилиннің және нортриптилиннің әсерін күшейтеді. 5-нортриптилин және/немесе S-амитриптилин біріктірілген емнің басында және бір аптадан кейін өлшенуі мүмкін. Егер қажет болса, амитриптилин/нортриптилиннің дозалары түзетілуі тиіс.

Амфотерицин В: Флуконазол-СВС мен амфотерицин В бір мезгілде қолдану иммунитеті қалыпты және әлсіреген, жұқпа жұқтырған тышқандарда келесі нәтижелерді көрсетті: C. albicans әсерінен болған жүйелік жұқпаларда зеңге қарсы аздаған қосымша әсер, Cryptococcus neoformans әсерінен болған бассүйекішілік жұқпаларда ешқандай өзара әрекеттесулер, A. fumigatus әсерінен болған жүйелік жұқпаларда екі препараттың антагонизмі. Осы зерттеулерде алынған клиникалық тұрғыдан маңызды нәтижелер белгісіз.

Антикоагулянттар: Флуконазол-СВС варфаринмен бір мезгілде қолданғанда протромбинді уақытты (12%) арттырады. Постмаркетингтік зерттеулерде, зеңге қарсы басқа да азольді препараттардағы сияқты, Флуконазол-СВС препаратын варфаринмен бір мезгілде қабылдаған науқастарда протромбинді уақыттың артуымен байланысты қан кету көріністерінің (гематомалар, мұрыннан қан кету, асқазан-ішек жолынан қан кету, гематурия және мелена) болғаны жөнінде мәлімделді. Кумаринді қатардың антикоагулянттарын қабылдап жүрген науқастарда протромбинді уақытты мұқият бақылау қажет. Варфарин дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Азитромицин: Флуконазол-СВС мен азитромицин арасында ешқандай фармакокинетикалық өзара әрекеттесу анықталған жоқ.

Бензодиазепиндер (қысқа әсерлі): мидазоламмен бір мезгілде қолданғанда, Флуконазол-СВС мидазолам концентрациясының елеулі артуына және психомоторлы әсерлерге әкеп соғады. Мидазоламға бұл әсер Флуконазол-СВС препаратын, көктамыр ішіне енгізгеннен гөрі, пероральді түрде қабылдағаннан кейін өте айқынырақ болды. Егер Флуконазол-СВС қабылдап жүрген науқастарға бензодиазепиндермен қатарластыра ем жүргізу қажет болса, бензодиазепиндердің дозасын төмендету, ал науқастарды мұқият бақылауға алу қажет.

Флуконазол-СВС, триазоламның метаболизмі тежелетіндіктен, триазоламның (бір реттік доза) AUC мәнін шамамен 50%-ға, Cmax 20-32%-ға және t½ 25-50%-ға арттырады. Триазолам дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Карбамазепин: Флуконазол-СВС карбамазепиннің метаболизмін тежейді және соңғысының сарысудағы концентрациясын 30%-ға арттырады. Карбамазепиндік уыттылықтың пайда болу қаупі бар. Карбамазепиннің өлшенген концентрациясына/әсеріне қарай, оның дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Кальций өзекшелерінің блокаторлары: кальций өзекшелерінің кейбір антагонистері (нифедипин, исрадипин, амлодипин, верапамил және фелодипин) CYP3A4 ферментімен метаболизденеді. Флуконазол-СВС кальций өзекшелері антагонистерінің жүйелік әсерін едәуір арттыруы мүмкін. Препараттардың жағымсыз әсеріне жиі мониторинг керек.

Флуконазолда кальций өзекшелері антагонистерінің жүйелік әсерінің жоғарылау потенциалы бар. Жағымсыз құбылыстарына жиі мониторинг жасау керек.

Целекоксиб: Флуконазол-СВС препаратымен (тәулігіне 200 мг) және целекоксибпен (200 мг) қатар емдеу кезінде, целекоксибтің Cmax және AUC мәндері тиісінше 68%-ға және 134%-ға артты. Флуконазол-СВС препаратымен біріктірілген целекоксибтің жарты дозасы қажет болуы мүмкін.

Циклоспорин: Флуконазол-СВС циклоспориннің концентрациясын және AUC мәнін едәуір арттырады. Бұл біріктірілім циклоспориннің дозасын, оның концентрациясына байланысты, төмендету арқылы пайдаланылуы мүмкін.

Циклофосфамид: циклофосфамидті және Флуконазол-СВС препаратын біріктіріп емдеу қан сарысуында билирубин және креатинин деңгейінің жоғарылауына әкеледі. Біріктірілім қан сарысуындағы билирубин және креатинин деңгейлерінің арту қаупі пайда болғанша пайдаланылуы мүмкін.

Фентанил: Флуконазол-СВС фентанилдің элиминациясын едәуір кідіртеді. Фентанил концентрациясының жоғарылауы тыныс алу қызметінің жеткіліксіздігіне әкеп соғуы мүмкін.

Галофантрин: Флуконазол-СВС плазмада, CYP3A4-те тежегіш әсеріне байланысты, галофантриннің концентрациясын арттыруы мүмкін.

A-редуктазаның гидроксиметилглутарил-коферментінің (ГМГ-КоA-редуктазаның) тежегіштері: Флуконазол-СВС ГМГ-КоA-редуктазаның CYP3A4 арқылы метаболизденетін, аторвастатин және симвастатин сияқты, немесе CYP2C9 арқылы метаболизденетін, флувастатин сияқты тежегіштерімен бір мезгілде тағайындалған кезде, миопатияның және қаңқа бұлшықеттерінің жедел некрозының (рабдомиолиз) пайда болу қаупі артады. Егер қатар жүргізілетін ем қажет болса, науқас миопатия және рабдомиолиз симптомдарының пайда болуына бақылануы тиіс, сондай-ақ креатинкиназа деңгейіне бақылау жүргізілуі тиіс. ГМГ-КоA-редуктаза тежегіштерін қабылдауды, егер креатинкиназа деңгейінің едәуір жоғарылағаны байқалса, немесе егер миопатия/рабдомиолиздің пайда болғаны анықталса немесе оған күдік бар болса, тоқтатқан жөн.

Лозартан: Флуконазол-СВС лосартанның, Лозартанмен емдеу кезінде ангиотензин ІІ рецепторлары антагонизмінің үлкен бөлігі үшін жауап беретін белсенді метаболитке (Е-31 74) метаболизденуін тежейді. Науқастар артериялық қысымды ұдайы бақылап отыруы тиіс.

Метадон: Флуконазол-СВС қан сарысуында метадонның концентрациясын арттыруы мүмкін. Метадонның дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП): Флуконазол-СВС препаратымен бір мезгілде тағайындағанда, флурбипрофеннің өзімен ғана емдеумен салыстырғанда, флурбипрофеннің Cmax және AUC мәндері, тиісінше, 23%-ға және 81%-ға артады. Осыған ұқсас, Флуконазол-СВС ибупрофеннің рацемиялық қоспасымен бір мезгілде (400 мг) тағайындалғанда, соңғысының өзімен ғана емдеумен салыстырғанда, фармакологиялық тұрғыдан белсенді изомердің [S-(+)-ибупрофен] Cmax және AUC мәндері тиісінше 15%-ға және 82%-ға артты.

Флуконазол-СВС CYP2C9 арқылы метаболизденетін басқа ҚҚСП (мысалы, напроксен, лорноксикам, мелоксикам, диклофенак) жүйелік әсерін күшейтуі мүмкін. ҚҚСП-мен байланысты жағымсыз әсер мен уыттылыққа жиі мониторинг жүргізу керек. ҚҚСП дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Пероральді контрацептивтер: Флуконазол-СВС препаратының 50 мг дозасының гормондар деңгейіне ешқандай елеулі ықпалы байқалған жоқ, сол кезде тәуліктік 200 мг дозадағыдай, этинилэстрадиол мен левоноргестрелдің AUC (концентрация-уақыт қисығы астындағы аудан), тиісінше, 40%-ға және 24%-ға арттырылды. Осылайша, Флуконазол-СВС препаратын осындай дозаларда көп рет қолданудың ұрықтануға қарсы біріктірілген пероральді препараттардың тиімділігіне ықпалын тигізуі екіталай.

Фенитоин: Флуконазол-СВС фенитоиннің бауырлық метаболизмін тежейді. Бір мезгілде қолданғанда, фенитоиннен уыттануға жол бермеу үшін, қан сарысуындағы фенитоин концентрациясы тексерілуі тиіс.

Преднизон: Флуконазол-СВС препаратымен және преднизонмен ұзақ уақыт емделіп жүрген науқастар, Флуконазол-СВС қабылдауды тоқтатқаннан кейін, бүйрекүсті безі қыртысы жеткіліксіздігін анықтау үшін бақылауда болуы тиіс.

Рифабутин: Флуконазол-СВС препаратымен бір мезгілде қолдану қан сарысуында рифабутин деңгейінің 80%-ға дейін жоғарылауына әкеледі. Флуконазол мен рифабутин бір мезгілде тағайындалған науқастарда увеиттің пайда болу жағдайлары жөнінде мәлімделді. Флуконазол-СВС пен рифабутинді бір мезгілде қабылдап жүрген науқастардың жағдайын мұқият бақылау қажет.

Сульфонилмочевина: Флуконазол-СВС сульфонилмочевинаның пероральді препараттарын (мысалы, хлорпропамид, глибенкламид, глипизид, толбутамид) бір мезгілде қабылдағанда сарысудан жартылай шығарылу кезеңін ұзартады. Қан глюкозасын жиі бақылау және сульфонилмочевина дозасын тиісінше азайту керек.

Теофиллин: 200 мг Флуконазол-СВС 14 күн бойы қабылдау теофиллин клиренсінің орташа жылдамдығының 18%-ға төмендеуіне әкеледі. Флуконазол-СВС пен теофиллинді жоғары дозаларда қабылдап жүрген науқастарды, немесе теофиллиннің уытты әсерінің қаупі жоғарылаған науқастарды, теофиллиннің артық дозалану симптомдарын дер кезінде анықтау мақсатында, мұқият қадағалауға алу қажет; олар пайда болған жағдайда емдеуді тиісінше өзгерткен жөн.

А витамині: Бұл біріктірілімді пайдалануға болады, бірақ емделушілер ОЖЖ байланысты жағымсыз әсерлерді анықтау мақсатында бақыланғаны жөн.

Зидовудин: Флуконазол-СВС, пероральді түрде қабылданғанда зидовудин клиренсінің шамамен 45%-ға төмендеуіне байланысты, зидовудиннің Cmax және AUC мәндерін тиісінше 84%-ға және 74%-ға арттырады. Зидовудиннің жартылай шығарылу кезеңі Флуконазол-СВС препаратымен біріктіріп емдегеннен кейін шамамен 128%-ға ұзарады. Осы біріктірілімді қабылдап жүрген науқастар, зидовудинді қабылдаумен байланысты, жағымсыз реакцияларды анықтау мақсатында бақылануы тиіс. Зидовудин дозасын азайту қажет болуы мүмкін.

Тофаситиниб: тофаситинибті CYP3А4 орташа тежелуіне, сонымен қатар CYP2С9 күшті тежелуіне әкелетін дәрілермен (флуконазол) бір мезгілде қабылдағанда әсері жоғарылайды.

Вориконазол (CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 тежегіші): пероральді вориконазолды (1-ші күні әрбір 12 сағат сайын 400 мг, содан кейін 2,5 күн бойы әрбір 12 сағат сайын 200 мг) және пероральді Флуконазол-СВС препаратын (1-ші күні 400 мг, содан кейін 4 күн бойы әрбір 24 сағат сайын 200 мг) бір мезгілде қолдану вориконазол концентрациясының және AUC мәнінің орта есеппен тиісінше 57%-ға (90% C1: 20%, 107%) және 79%-ға (90% CI: 40%, 128%) артуына әкеледі. Вориконазол мен Флуконазола-СВС препаратының кез келген дозасын бір мезгілде тағайындауға кеңес берілмейді.

Флуконазол-СВС препаратының пероральді түрлерінің, оны аспен, циметидинмен, антацидтермен бір мезгілде қабылдағанда, сондай-ақ сүйек кемігін ауыстырып салу үшін денені тотальді сәулелендіруден кейін, өзара әрекеттесуіне жүргізілген зерттеулер бұл факторлардың Флуконазол-СВС препаратының сіңуіне клиникалық тұрғыдан маңызды ықпал етпейтіндігін көрсетеді.

Флуконазол-СВС препаратының басқа дәрілермен өзара әрекеттесуі жөнінде зерттеулер әлі жүргізілген жоқ, бірақ мұндай өзара әрекеттесулер туындауы мүмкін.

Флуконазолдың терфенадинмен және цизапридпен өзара әрекеттесуі олардың қан плазмасындағы концентрациясының артуына әкеледі. Флуконазол-СВС варфаринмен бір мезгілде тағайындалған кезде протромбинді уақытты ұзартуы мүмкін. Флуконазол-СВС пероральді гипогликемизирлеуші дәрілердің (сульфонилмочевина туындыларының) жартылай шығарылу кезеңін ұзартады. Гидрохлоротиазидпен бір мезгілде тағайындаған кезде қан плазмасында флуконазолдың концентрациясы жоғарылайды. Флуконазол қан плазмасында фенитоинның концентрациясын арттырады. Рифампицин флуконазолдың метаболизмін жылдамдатады. Флуконазол-СВС қан плазмасында теофиллиннің концентрациясын арттырады. Флуконазол-СВС қан плазмасында индинавир мен мидазолам концентрациясын арттыруы мүмкін. Цидовудин мен флуконазолды бір мезгілде тағайындау, оның метаболизмін баяулату есебінен, цидовудиннің концентрациясын арттыруы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты бүйрек функциясы бұзылған емделушілерге абайлап тағайындайды.

Сирек жағдайларда Флуконазол-СВС препаратын қолдану, негізінен, қатар жүретін аурулары бар науқастарда бауырдағы уыттық өзгерістермен, соның ішінде өліммен қатар жүрді. Флуконозол-СВС препаратымен байланысты гепатоуыттық әсерлері жағдайында олардың жалпы тәуліктік дозаға, емдеу ұзақтығына, науқастың жынысы мен жасына анық байланыстылығы анықталған жоқ. Флуконазолдың гепатоуыттық әсері әдетте қайтымды болды; емдеуді тоқтатқаннан кейін оның белгілері жоғалады. Флуконазолмен байланысты туындауы мүмкін бауыр зақымдарының клиникалық белгілері пайда болған кезде препарат қабылдауды тоқтатқан жөн.

ЖИТС-ке шалдыққан науқастар көптеген препараттарды қолданған кезде ауыр тері реакцияларының туындауына өте бейім болады. Науқастарда беткейлік зеңді жұқпалар болған жағдайларда флуконазолмен байланысты болуы мүмкін деп саналатын бөртпе пайда болғанда препарат қабылдауды тоқтатқан жөн. Инвазиялық/жүйелік зеңді жұқпалары бар науқастарда бөртпе пайда болған кезде оларды мұқият бақылаған және буллезді зақымдар немесе көп пішінді эритема пайда болған кезде Флуконазол-СВС қабылдауды тоқтатқан жөн.

Флуконазол-СВС ЭКГ-да QT аралығын арттыруы мүмкін. Флуконазол-СВС қолданғанда жүректің органикалық аурулары, электролиттік теңгерімнің бұзылуы және осындай бұзылулардың пайда болуына мүмкіндік беретін қатар жүретін емдер сияқты көптеген қауіпті факторлары бар науқастарда QT аралығының артуы және қарыншалардың жыбырлауы/жыпылықтауы өте сирек байқалды. Сондықтан проаритмиялық жағдайдағы осындай емделушілерге Флуконазол-СВС препаратын абайлап қолданған жөн.

Флуконазол-СВС күшті әсер ететін CYP2C9 тежегіші және орташа әсер ететін CYP3A4 тежегіші болып табылады. CYP2C9 және CYP3A4 арқылы метаболизденетін емдік ауқымы қысқа дәрілермен қатарластыра ем қабылдап, Флуконазолмен емделіп жүрген науқастар тексерілуі тиіс.

Бауыр, жүрек аурулары бар емделушілер Флуконазол-СВС препаратын қолданар алдында дәрігерден кеңес алуы керек.

Флуконазол-СВС препаратын цизапридпен, астемизолмен, рифабутинмен немесе P450 цитохромы жүйесімен метаболизденетін басқа препараттармен бір мезгілде қабылдағанда сақ болу қажет.

Педиатриялық популяция

Балаларда байқалған жағымсыз құбылыс мысалдары мен жағдайлары және қалыптан зертханалық ауытқулар ересектерде байқалған құбылыстарға ұқсас.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде, зеңді жұқпалардың өмір үшін ауыр немесе потенциальді қаупі бар науқастардан басқасында, препаратты қолданбау қажет, олар үшін күтілетін пайдасы ұрыққа төндіретін қаупінен жоғары болса, флуконазол пайдаланылуы мүмкін.

Бала емізу кезінде пайдаланылуы

Флуконазол емшек сүтінде плазмадағыға ұқсас концентрацияларда табылды, демек, бала емізетін аналарға пайдаланбау керек.  

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Флуконазолдің жағымсыз әсерлерін ескеріп, автокөлікті немесе машина құралдарын басқарғанда сақтық танытқан жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүректің айнуы, құсу, диарея, ауыр жағдайларда — құрысулар.

Емі: асқазанды шаю, симптоматикалық ем. Флуконазол негізінен несеппен бірге шығарылады, сондықтан қарқындатылған диурез препараттың шығуын тездетуі мүмкін. 3 сағаттық гемодиализ сеансы плазмадағы Флуконазол деңгейін шамамен 50%-ға төмендетеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

МемСТ 25250-88 бойынша ЭП-73 маркалы поливинилхлоридті үлбірден немесе Мемст 745-2003 лакталған баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 капсуладан.

Пішінді ұяшықты бір қаптама қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге МемСТ 7933-89 бойынша хром-эрзац қосалқы топ тұтынушылар ыдысына арналған картон қорапшаға немесе МемСТ 12303-80 сәйкес картон қорапшаға салынған.

Тұтынушымен келісім бойынша пішінді ұяшықты қаптамаларды қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың тиісті санымен бірге қорапшаға салмай-ақ топтық ыдыста қаптауға болады.

МемСТ 17768-90 сәйкес топтық және тасымалдық ыдыс.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«СВС – Фармация» ЖШС, 030012 Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ-сы, Сәңкібай батыр д-лы, 171 Б

Эл.поштасы: svs-pharmacy@mail.ru

Тұтынушылардан өнім сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«СВС - Фармация» ЖШС,

Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 030012, Ақтөбе қ-сы, Сәңкібай батыр д-лы, 171 Б

Тұрғылықты мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 030030, Ақтөбе қ-сы, Авиақалашық, 14.

Тел 7(7132) 22 77 55, факс: 7(7132) 227755,

Е-mail: svs-pharmacy@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

372018131477976660_ru.doc 107 кб
734493091477977806_kz.doc 142.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники