Флударабин С.К (лиофилизат)

МНН: Флударабин
Производитель: Государственное научное учреждение «Институт биоорганической химии Национальной академии наук Беларуси»
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Fludarabine
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023103
Информация о регистрации в РК: 13.07.2017 - 13.07.2022
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 34 940.03 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Флударабин С.К.

Халықаралық патенттелмеген атауы

Флударабин

Дәрілік түрі

Вена ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ, 50 мг

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді зат флударабин фосфаты - 50 мг,

қосымша заттар: маннит, натрий гидроксиді 2 М ерітіндісі.

Сипаттамасы

Ақ түсті кеуекті масса, таблеткаға тығыздалған.

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы препараттар. Антиметаболиттер. Пурин аналогтары. Флударабин.

АТХ коды L01BB05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Флударабин фосфаты (2-фтор-ара-АМФ) адам организмінде нуклеозидке (2-фтор-ара-А) дейін тез және толық дефосфорилденеді. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы мардымсыз. Әдеби деректер бойынша, СЛЛ бар науқастарға препараттың стандартты дозасымен 30 минут бойы бір реттік инфузиядан кейін 2-фтор-ара-А плазмада 3,5 - 3,7 мкМ-ге тең ең жоғары концентрациясына инфузияның соңында жетеді. Жылдам болюстік инъекциядан кейін ең жоғары концентрацияның мынадай жартылай шығарылу кезеңдерімен үш фазалы төмендеуі байқалды: бастапқы фазада - 5 минутқа жуық, аралық - 1-2 сағат, және терминальді - 10 сағатқа жуық (сезімталдығы басым әдістерді пайдаланған кезде 2-фтор-ара-А қалдық мөлшерлері плазмада 72 сағат бойы детекцияланды). Осы сияқты кинетика типтік 30 минуттық инфузиядан кейін де байқалды, бұл кезде терминальді жартылай шығарылу кезеңі 8-9 сағатты құрады. 2-фтор-ара-А плазмадағы ең жоғары концентрациясы дозаға тәуелді, ал препараттың ақырғы жартылай шығарылу кезеңінің ұзақтығы енгізілген дозаға тәуелді емес. Препаратты бес рет енгізгеннен кейін инфузия аяқталар сәтте ең жоғары концентрацияның 4,4 - 4,8 мкМ-ге дейін орташа жоғарылағаны анықталады. Емнің бірнеше циклінен кейін 2-фтор-ара-А жиналып қалуы жоққа шығарылуы мүмкін.

2-фтор-ара-А негізінен бүйрекпен (вена ішіне енгізілген дозаның 40-тан 60%-ға дейінгісі) өзгермеген күйде шығарылады (дезаминделген метаболиттің, 2-фтор-ара-гипоксантиннің деңгейлері, адамда іс жүзінде анықталмайды). Тұрақты күйдегі таралу көлемдері ересектердегі зерттеулерде кеңінен ауытқыды, бірақ олардың шамасы жеткілікті дәрежеде жоғары болып (денедегі судың екі есе көлеміне дейін), препараттың тіндермен байланысу мүмкіндігін көрсетті. Плазманың тазаруы және таралу көлемдері дозаға тәуелді болған жоқ. 2-фтор-ара-А шығарылуының сарысудағы креатинин деңгейіне, сондай-ақ оның клиренсіне елеулі тәуелділігі байқалды, бұл бүйрек арқылы бөлінудің препаратты сыртқа шығарудағы маңыздылығын растайды. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде препарат клиренсінің төмендегені байқалды, ол дозаны азайту қажеттілігін айғақтайды.

2-фтор-ара-А лейкемиялық жасушаларға белсенді тасымалданады, онда монофосфатқа, ди- және трифосфатқа дейін рефосфорилденеді. Жасуша ішілік 2-фтор-ара-АТФ флударабин фосфатын қабылдайтын науқастардың шеткері қанынан және қызыл сүйек кемігінен алынған лейкоз жасушаларынан табылды. СЛЛ бар пациенттердің лейкемиялық лимфоциттеріндегі 2-фтор-ара-АТФ ең жоғары деңгейі в/і инфузиядан кейін орта есеппен 3-4 сағат өткен соң байқалды және әртүрлі пациенттерде концентрацияларының елеулі ауытқушылығы болды; ол сондай-ақ препарат дозасының артуына пропорционал түрде ұлғайып, дене беткейіне 20-дан 125 мг/м2 дейін 2-фтор-ара-АМФ дозаларын пайдаланған кезде орта есеппен 33-тен 169 μМ дейін жетті. Лейкемиялық жасушалардағы 2-фтор-ара-АТФ концентрациясы оның плазмадағы концентрациясына қарағанда біршама жоғары, бұл заттың ісік жасушаларында жинақталатынын көрсетеді. 2-фтор-ара-АТФ нысана-жасушалардан жартылай шығарылу кезеңі 15 сағатқа жуық орташа шамамен уақыт жағынан біршама құбылып тұрады.

Фармакодинамикасы

Флударабин С.К. құрамында белсенді зат ретінде флударабин фосфаты бар. адам организмінде флударабин фосфаты (2-фтор-ара-АМФ) сәйкес нуклеозидке, 2-фтор-ара-А дейін жылдам дефосфорилденеді, ол белсенді тасымалдану жолымен жасушаларға ауысып, онда жасуша ішілік дезоксицитидинкиназамен белсенді метаболит болып табылатын трифосфатқа (2-фтор-ара-АТФ) дейін фосфорилденеді. 2-фтор-ара-АТФ негізгі әсері жасушалық рибонуклеотидредуктазаны, альфа, дельта және эпсилон ДНҚ-полимеразаларын, сондай-ақ ДНҚ-праймазаны және ДНҚ-лигазаны тежеу арқылы ДНҚ түзілуін бәсеңдетуге негізделеді, бұл, ең алдымен, белсенді бөлінетін жасушалардың өлуіне әкеледі, дегенмен препарат тыныштықтағы жасушаларға да әсер етеді. Бұдан бөлек, 2-фтор-ара-АТФ РНҚ-полимераза II ішінара тежейді, сол арқылы ақуыз түзілуінің тежелуін туғызып, лейкемиялық лимфоциттерде апоптоз үдерістерінің белсенділігі артады.

Қолданылуы

- сүйек кемігінің жеткілікті қоры бар пациенттерде В-жасушалық созылмалы лимфоцитарлық лейкозды емдеу

Флударабинмен бірінші желідегі препарат ретінде емдеу RAI жүйесі (Binet жүйесі бойынша ‒ С сатыда) бойынша III/IV сатыдағы ауруы өршіген пациенттерде немесе ауру симптомдары немесе аурудың өршу белгілері пациентте байқалған жағдайда RAI жүйесі (Binet жүйесі бойынша ‒ A/B сатыда) бойынша I/II сатыда ғана басталуы тиіс.

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты ересек пациентке вена ішіне білікті дәрігердің бақылауымен арнайы стационар жағдайында тағайындайды.

Ерітінді дайындау. Флударабин С.К. препараты парентеральді қолдану үшін инъекцияға арналған стерильді суды асептикалық қосу жолымен дайындалуы тиіс. Инъекцияға арналған 2 мл сумен сұйылтқаннан кейін қатты брикет 15 сек ішінде немесе одан да тез толығымен еріп кетуі тиіс. 1 мл дайын ерітінді құрамында 25 мг флударабин фосфаты, 25 мг маннитол, сондай-ақ pH 7,7-ге дейін түзету үшін натрий гидроксиді бар. Дайын препарат үшін pH мәні 7,2-ден 8,2 дейін ауытқуы мүмкін.

Ересектер. Препаратты тек қана вена ішіне енгізу табанды түрде ұсынылады. Флударабин С.К. паравеналық енгізуден ауыр дәрежедегі жергілікті жағымсыз реакциялар туындаған бірде-бір жағдай тіркелмегенінен қарамастан, препаратты абайсызда вена ішінен тыс енгізуден аулақ болу керек. Ұсынылатын доза 1 м2 дене беткейіне 25 мг флударабин фосфатын құрайды және әр 28 күнде 5 күн бойы қатарынан күн сайын енгізіледі. Пациенттің дене беткейі ауданына байланысты есептелген қажетті доза шприцке алынады. Болюстік енгізу үшін бұл доза кейіннен 10 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтылады. Баламалы түрде, шприцке алынған қажетті дозаны 100 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтуға және шамамен 30 минут бойы енгізуге болады. Емдеу ұзақтығы емнің тиімділігіне және препараттың жағымдылығына байланысты.

Созылмалы лимфолейкозы (СЛЛ) бар пациенттер препаратты ең жоғары жауапқа жеткенге дейін қабылдауы тиіс (толық немесе ішінара ремиссия, ол әдетте 6 циклден кейін басталады), содан кейін препаратты енгізуді тоқтату керек.

Қатерлілік дәрежесі төмен ходжкиндік емес қатерлі лимфомасы (ХЕҚЛ) бар пациенттерге Флударабин С.К. препаратымен ең жоғары жауапқа (толық немесе ішінара ремиссияға) жеткенге дейін емдеу курсы ұсынылады. Емдеуге деген ең жоғары жауапқа жеткен соң консолидацияланған емнің тағы да екі циклін жүргізу қажеттілігі туралы мәселені қарастыру керек. Қатерлілік дәрежесі төмен ХЕҚЛ бар пациенттерді клиникалық зерттеу кезінде пациенттердің көпшілігі 8 циклден аспайтын емдеуден өтті.

Препарат бір рет пайдалануға ғана арналған. Кез келген пайдаланылмаған өнімді немесе қалдықтарды цитоуытты заттармен жұмыс істеу жөніндегі жергілікті ұйғарым талаптарына сәйкес жою керек.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (1/10)

  • нейтропения, тромбоцитопения және анемия

  • жөтел

  • жүрек айнуы, құсу, диарея

  • қызба, қалтырау, дімкәстік, әлсіздік және қатты қажығыштық

  • салдарлық инфекциялар/оппортунистік инфекциялар (латентті вирустардың, соның ішінде герпес және Эпштейн-Барр вирустарының реактивациясы, үдемелі мультифокальді лейкоэнцефалопатия), пневмония

Жиі ( 1/10 ˂1/100)

  • миелосупрессия

  • анорексия

  • шеткері нейропатия

  • көрудің бұзылуы

  • стоматит, мукозит

  • тері бөртпесі

  • шеткері ісінулер

  • флударабинді алкилдеуші цитоуыттық дәрілерге, топоизомераза тежегіштеріне немесе радиотерапияға дейін, кейін немесе бір мезгілде қабылдаған пациенттердегі миелодиспластикалық синдром (МДС)/жедел миелоидты лейкоз (ЖМЛ)

Жиі емес ( 1/1000 ˂1/100)

  • ісіктің лизисі синдромы, гиперурикемия, гиперфосфатемия, гипокальциемия, метаболизмдік ацидоз, гиперкалиемия, гематурия, уратты кристаллурия, бүйрек функциясының бұзылуы

  • сананың шатасуы

  • өкпе инфильтраттары, пневмонит, өкпе фиброзы, ентігу

  • тромбоцитопения аясында асқазан-ішектік қан кетулер, бауыр және ұйқы безі ферменттері белсенділігінің артуы

  • аутоиммундық гемолиздік анемия, аутоиммундық тромбоцитопения, тромбоцитопениялық пурпура, сулы бөртпе, Эванс синдромы

Сирек ( ˃1/10000 ˂1/1000)

  • коматозды немесе қозу жағдайы, эпилепсия түріндегі ұстамалар

  • көру жүйкесінің невриті, көру нейропатиясы, соқырлық

  • жүрек жеткіліксіздігі, аритмия

  • Стивенс-Джонсон синдромы немесе уытты эпидермалық некролиз (Лайелл синдромы)

  • лимфопролиферативтік бұзылулар (Эпштейн-Барр вирусымен байланысты)

Өте сирек (˂1/10000) және белгісіз (қолда бар деректер баға беру үшін жеткіліксіз)

  • геморрагиялық цистит

Нақты бір жағымсыз құбылыстың атауы үшін MedDRA терминологиясының барынша сәйкес келетіні келтірілген. Синонимдер немесе байланысы бар жағдайлар келтірілмейді, бірақ оларды да ескеру керек. Препаратты қолдануға байланысты жағымсыз құбылыстың терминін келтіру MedDRA, 12.0 нұсқасына негізделген. Әрбір топ аясында жағымсыз реакциялар ауырлығының кему ретімен берілген.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препаратқа немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

  • креатинин клиренсі < 30 мл/мин болатын бүйрек функциясының айқын бұзылулары

  • декомпенсацияланған гемолиздік анемия

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Клиникалық зерттеулерде созылмалы лимфолейкозды (СЛЛ) емдеу үшін препаратты пентостатинмен (дезоксикоформицинмен) бірге қолданған кезде фатальді өкпе токсикозының жоғары пайызы байқалды, ол жағымсыз реакциялардың жол беруге болатын шегінен асып кетті. Осыған қарамастан, Флударабин С.К. препаратын пентостатинмен біріктіріп қолдану ұсынылмайды. Препараттың емдік әсері дипиридамолды және басқа аденозин сіңірілуінің тежегіштерін қабылдаған кезде азаюы мүмкін. Клиникалық зерттеулер мен in vitro тәжірибелердің нәтижелері көрсеткендей, Флударабин С.К. препаратын цитарабинмен біріктіріп қолдану лейкозды жасушалардағы Ara-CTP (цитарабиннің белсенді метаболитінің) жасуша ішілік концентрациясын және жасуша ішілік экспозициясын арттыруы мүмкін. Ara-C плазмадағы концентрациясына және Ara-C элиминация жылдамдығына әсері байқалған жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Флударабин С.К.-мен емдеуді цитоуытты дәрілерді пайдалану тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен жүргізген жөн.

Зерттеулер кезінде жедел лейкозы бар пациенттерге әртүрлі дозаларды енгізе отырып жоғары дозаларды қолданған кезде Флударабин С.К. препаратымен емдеу соқырлықты, команы және өлімді қамтитын күрделі неврологиялық жағымсыз реакциялармен қатар жүрді. Симптомдар соңғы дозаны алған сәттен 21 - 60 күн өткен соң пайда болды. Орталық жүйке жүйесінің осындай ауыр зақымдануы емдеу үшін ұсынылған дозадан төрт есе асып кететін (5-7 күн бойы күніне 96 мг/м2) дозаларды вена ішіне енгізген 36% пациенттерде пайда болды. СЛЛ және қатерлілік дәрежесі төмен ХЕҚЛ емдеу үшін ұсынылған дозаларды енгізген пациенттерде, орталық жүйке жүйесінің ауыр уытты зақымданулары сирек (> 1/10000 - <1/1000) (кома, құрысулар және үрейлі қозу) немесе сирек болды (> 1/1000 - <1/100) (сананың шатасуы). Препаратты постмаркетингтік қолдану негізінде нейроуыттылық жағдайлары туралы хабарланды, олар клиникалық зерттеулер кезінде тіркелген жағдайлардан ертерек немесе кештеу болды. Препаратты ұзақ қолданудың ОЖЖ ықпалы белгісіз. Алайда, кейбір зерттеулерде пациенттер салыстырмалы түрде ұзақ емдеу кезеңі бойында (26 емдеу курсына дейін) ұсынылған дозаға шыдады. Неврологиялық жағымсыз әсерлердің белгілерін анықтау үшін пациенттерді мұқият тексеру керек.

Денсаулық жағдайы әлсіреген пациенттерге Флударабелді сақтықпен және қауіп/пайда арақатынасын мұқият талдағаннан кейін тағайындау қажет. Бұл әсіресе сүйек кемігі функциясының күрделі бұзылуылары (тромбоцитопения, анемия және/немесе гранулоцитопения), иммун тапшылығы немесе анамнезінде шартты-патогенді инфекциядан туындаған ауруы бар пациенттерге қатысты. Шартты-патогенді инфекциядан туындаған аурулардың даму қаупі жоғары пациенттер үшін профилактикалық ем тағайындау мәселесін қарастыру қажет.

Флударабин С.К препаратымен емделген пациенттерде ауыр дәрежедегі миелосупрессия, әсіресе анемия, тромбоцитопения және нейтропения туралы хабарланды. Ауқымды ісіктері бар пациенттердің қатысумен жүргізілген 1-ші фазадағы зерттеуде, гранулоциттердің аз мөлшеріне жетудің орташа уақыты 13 күнді (3-тен 25 күнге дейін) және тромбоциттердікі - 16 күнді құрады (2-ден 32 күнге дейін). Көптеген пациенттерде емдеу басталғанға дейін аурудың салдарынан немесе миелосупресияға ұшыратқан бұған дейінгі емдеудің салдарынан гематологиялық бұзылыстар болды. Кумулятивті миелосупрессия байқалуы мүмкін. Химиялық емнен туындаған миелосупрессия көбінесе қайтымды болса да, флударабин фосфатын енгізу мұқият гематологиялық мониторингті қажет етеді. Препарат әлеуетті айқын уытты жағымсыз реакциясы болуы мүмкін күшті әсер ететін ісікке қарсы дәрі болып табылады. Флударабин С.К препаратымен емделетін пациенттерді гематологиялық және гематологиялық емес уыттылық белгілерін анықтау үшін мұқият тексеру қажет. Анемияның, нейтропенияның және тромбоцитопенияның дамуын анықтау үшін шеткері қанға мезгіл-мезгіл жалпы талдау жүргізу ұсынылады. Ересектерде сүйек кемігі гипоплазиясының немесе аплазиясының бірнеше жағдайлары туралы хабарланды, ол панцитопенияға ұшыратып, кейде өлімге әкеліп соққан. Цитопенияның тіркелген жағдайлардағы клиникалық мәні бар эпизодтарының ұзақтығы 2 айдан 1 жылға дейін жетті. Бұл эпизодтар алдын ала ем алған пациенттерде де, бұрын емделмегендерінде де байқалды.

СЛЛ үдеуі немесе тасымалдануы туралы хабарлар бар (мысалы, Рихтер синдромы). Қан құюға байланысты "трансплантат иесіне қарсы" реакциясы. "Трансплантат иесіне қарсы" реакциясы (құйылған иммунокомпетентті лимфоциттердің "иесінің" организміне реакциясы) Флударабин С.К. препаратымен емделудегі пациенттерге сәулеленбеген қанды құйғаннан кейін байқалды. Бұл реакцияның өліммен аяқталғаны туралы жиі хабарланды. Осыған қарамастан, «трансплантат иесіне қарсы» реакциясының дамуын барынша азайту мақсатында, Флударабел препаратымен емделіп жүрген немесе емделген, қан құюды қажет ететін пациенттерге сәулеленген қанды құю қажет.

Флударабел препаратымен емдеу кезінде немесе емделгеннен кейін осындай диагнозы бар бірнеше пациентте тері обырының уақытша нашарлауы немесе зақымдануының қайталануы жайында белгілі.

Флударабин С.К. препаратын қолдану емдеудің алғашқы аптасында-ақ осындай реакциямен астасуы мүмкін болғандықтан, ісік көлемі үлкен пациенттерде ісік лизисі синдромының даму қаупі бар пациенттерді емдеу кезінде сақтық шараларын қабылдау қажет.

Анамнездегі кез келген аутоиммундық үдерістерге немесе Кумбс реакциясы жағдайына қарамастан, Флударабел препаратымен емдеу кезінде немесе емдегеннен кейін өмірге қауіп төндіретін және кейде өліммен аяқталатын аутоиммундық құбылыстар тіркелді (мысалы, аутоиммундық гемолиздік анемия, аутоиммундық тромбоцитопения, тромбоцитопениялық пурпура, сулы бөртпе, Эванс синдромы). Флударабин С.К. препаратымен әдейі жасалған сынамадан кейін гемолиздік анемия пайда болған пациенттердің көпшілігінде гемолиздік үдерістің қайталануы дамыды. Флударабин С.К. препаратымен емдеу курсын алатын пациенттерге гемолиз белгілерін анықтау үшін мұқият мониторинг жүргізу қажет. Ол анықталған жағдайда емдеуді тоқтатқан жөн. Аутоиммундық гемолиздік анемия пайда болған жағдайда кең таралған емдік шараға қан құю (сәулеленген, жоғарыдан қараңыз) және глюкокортикоидты препараттарды қолдану жатады.

Препаратпен емдеу кезінде және емдеуден кейін тірі вакциналарды егуден аулақ болу қажет.

Флударабин С.К. препаратымен бастапқы емге жауабы байқалған пациенттерді емдеген кезде, осы препаратпен монотерапияда емдеуге тағы да жауап алу ықтималдығы жоғары. Флударабин С.К. препаратымен бастапқы емнен препаратпен емге жауап болмаған жағдайда хлорамбуцил еміне ауысудан тартыну керек, өйткені Флударабин С.К. препаратымен емдеуге төзімді болған пациенттердің көбі, хлорамбуцилмен емге де төзімділік көрсеткен.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер. Организмде 2F-ара-А плазмадағы негізгі метаболитінің жалпы клиренсі креатинин клиренсімен үйлеседі, бұл осы қосылыстың шығарылуы үшін бүйрекпен экскреция жолының маңыздылығын айғақтайды. Бүйрек функциясы төмендеген пациенттер осы тұрғыда қауіп тобын құрады (AUC 2F-apa-A). Бүйрек функциясының бұзылуы бар (креатинин клиренсі 70 мл/мин. төмен) пациенттерге қатысты клиникалық деректердің шектеулі мөлшері бар. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге Флударабин С.К. препаратын сақтықпен енгізу қажет. Ауырлығы орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге (креатинин клиренсі 30 - 70 мл/мин шегіндегі) дозаны 50% дейін азайту керек, және уыттылығын бағалау үшін мұқият гематологиялық мониторинг жүргізу қажет. Егер креатинин клиренсі 30 мл/мин аз болса, Флударабел препаратымен емдеуге болмайды.

Егер креатинин клиренсі <30 мл/мин болса, Флударабин С.К. препаратымен емдеуге болмайды. («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Егде жастағы пациенттер. Флударабел препаратын егде жастағы пациенттерге (>75 жас) қолдану туралы деректер шектеулі болғандықтан, Флударабин С.К. препаратын пациенттердің бұл санатына сақтықпен қолдану керек.

65 жастан асқан пациенттерде креатинин клиренсін өлшеу керек.

Жүктілік және лактация кезеңінде қолдану. Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерді препараттың шаранаға әлеуетті теріс ықпалы жөнінде хабардар ету керек. Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер мен еркектер емделу кезінде және оны тоқтатқаннан кейін кемінде 6 ай бойы контрацепцияның тиімді шараларын міндетті түрде қолдануы тиіс.

Егеуқұйрықтарға жүргізілген клиникаға дейінгі зерттеу нәтижелері флударабин фосфатының және/немесе метаболиттерінің плаценталық бөгет арқылы өтетінін көрсетті.

Егеуқұйрықтар мен үй қояндарында вена ішіне қолданған кездегі эмбриоуыттылығын зерттеу нәтижелері препараттың ұсынылған емдік дозаларда қолданған кездегі эмбрион өліміне әкелетін және тератогендік әсерін көрсетеді. Флударабин С.К. препаратын жүктілерге жүктіліктің бірінші триместрінде қолдану жөнінде өте шектеулі мөлшердегі деректер бар.

Препаратты жүктілік кезінде осындай емдеуге ерекше негіз болмаса қолданбау керек (мысалы, өмірге қауіп төндіретін жағдайлар, емдік әсерді төмендетпейтін баламалы қауіпсіз емнің болмауы, емдемеуге мүмкіндіктің болмауы). Препарат шаранаға теріс әсер етуі мүмкін. Дәрігер оны қолдану мүмкіндігі туралы мәселені, егер осындай емдеудің әлеуетті пайдасы шарана үшін әлеуетті қаупінен асатын болса ғана қарастыруына болады.

Бұл препараттың немесе оның метаболиттерінің әйелдерде емшек сүтіне өтетіндігі белгісіз. Алайда клиникаға дейінгі зерттеу деректері флударабин фосфаты және/немесе оның метаболиттері ананың қанынан сүтке өтетінін айғақтайды.

Емшек еметін жаңа туған нәрестелерде күрделі жағымсыз реакциялар туындауы мүмкін болғандықтан, бұл препаратты емшек емізу кезеңінде қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың автокөлікті немесе басқа механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Флударабин С.К. препараты автокөлікті басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетін төмендетуі мүмкін, өйткені оны қолданған кезде шаршау, әлсіздік, көрудің бұзылуы, сананың шатасуы, үрейлену, қозу және құрысулар сияқты жағымсыз құбылыстар байқалған. Ұйқының ұзақтығы жеткілікті болмауы, препаратқа жеке сезімталдық және дозалануы салдарынан реакция қатты төмендеуі мүмкін.

Препаратты жою және препаратпен басқа да әрекеттер жөніндегі айрықша нұсқаулар

Инфузия үшін ерітінді дайындауды 2 кезеңмен жүргізеді.

Қалпына келтірілген ерітіндіні дайындау

Флударабин С.К. препаратының парентеральді енгізуге арналған ерітіндісін асептикалық жағдайларда инъекцияға арналған суды пайдаланып дайындайды.

Қалпына келтірілген ерітіндіні сұйылту

Қалпына келтірілген ерітіндінің қажетті дозасы (пациенттің дене беткейі ауданына сәйкес есептелген) шприцке алынады.

• Пайдаланар алдында ерітіндіні тексеру

Дайындалған ерітіндіні пайдаланар алдында көзге көрінетін ерімеген бөлшектері жоқ екенін қарап тексереді. Ерітінді мөлдір әрі түссіз, көзге көрінетін ерімеген бөлшектері жоқ болуы тиіс, олай болмаған жағдайда пайдаланылмауы тиіс.

Егер контейнер зақымдалған немесе оның бүтіндігі бұзылған болса, препаратты пайдаланбау керек.

Қолдану және жою

Жүкті әйелдердің Флударабин С.К. препаратымен жұмыс істеуіне тыйым салынған.

Цитостатикалық препараттарды пайдалану жөніндегі жергілікті ұйғарымдардың талаптарына сәйкес тиісті әрекеттер ережесін сақтау қажет. Ерітіндіні дайындау және онымен жұмыс істеу сақтықты талап етеді. Құтының зақымдануы немесе кездейсоқ төгіп алу нәтижесінде препараттың әсерінен қорғану үшін резеңке қолғапты және қорғағыш көзәйнекті пайдаланған жөн.

Ерітінді теріге немесе шырышты қабықтарға жанасқан кезде оларды сумен және сабынмен мұқият жуу керек. Ерітінді көзге тиіп кеткен жағдайда оны мол сумен жуу керек. Препаратты деммен жұтудан аулақ болу қажет.

Артық дозалануы

Флударабин С.К. препаратының үлкен дозаларын қолдану орталық жүйке жүйесінің қайтымсыз зақымдануымен қатар жүрді, ол соқырлыққа, кома және өлімге әкеп соқтырды. Препараттың үлкен дозалары сүйек кемігінің зақымдануы себепті ауыр тромбоцитопения мен нейтропенияның пайда болуына әкелуі мүмкін.

Емі: препарат қабылдауды тоқтату немесе демеуші ем тағайындау. Арнайы антидоты белгісіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50.0 мг белсенді затқа баламалы препарат, резеңке медициналық тығынмен тығыздап жабылған және алюминий қалпақшамен қаусырылған сыйымдылығы 5 мл түссіз шыныдан жасалған құтыларға салынады.Құтыға заттаңбалық қағаздан жасалған өздігінен желімденетін заттаңба жапсырылады.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады немесе 5 құтыдан полиэтилентерефталат үлбірден жасалған төсеуіште медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 20С-ден 80С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Препаратты қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/Қаптаушы

"Беларусь Ұлттық ғылым академиясының биоорганикалық химия институты" мемлекеттік ғылыми мекемесі

Беларусь Республикасы, 220141, Минск қ., Академик В.Ф. Купревич көш., 5 үй, 2 корп.

Тел./факс: (+375 017) 267 87 61

е-mail: info@iboch.bas-net.by

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Гаран С.К.» Лтд

7, Jabotinsky, Ramat Gan, POB, 197, 25220, Israel (Израиль)

тел.: +972-3-6114543, факс: +972-37512601

е-mail: report@sk-pharma.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

ЖК «Өтегенова Б.А.»

Қазақстан, 010000, Астана қ-сы, Рамазан к-сі, 33-9

тел.: +77017076181

е-mail: b.utegenova_ip@mail.ru

Прикрепленные файлы

Флудорабин_С_К_рус.doc 0.1 кб
Флудорабин_С.К_._каз_.doc 0.12 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту