Флударабин С.К (концентрат)

МНН: Флударабин
Производитель: Государственное научное учреждение «Институт биоорганической химии Национальной академии наук Беларуси»
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Fludarabine
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023062
Информация о регистрации в РК: 23.06.2017 - 23.06.2022
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 34 940.03 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Флударабин С.К.

Халықаралық патенттелмеген атауы

Флударабин

Дәрілік түрі

Вена ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат, 50,0 мг/2 мл

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді зат флударабин фосфаты – 50 мг,

қосымша заттар: маннитол, натрий гидроксиді ерітіндісі, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Бөгде бөлшектерден бос, мөлдір түссіз сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы препараттар. Антиметаболиттер. Пурин аналогтары. Флударабин.

АТХ коды L01BB05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Флударабин фосфаты (2-фтор-ара-АМФ) адам организмінде нуклеозидке (2-фтор-ара-А) дейін тез және толық дефосфорилденеді. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы мардымсыз. Әдеби деректер бойынша, СЛЛ бар науқастарға препараттың стандартты дозасымен 30 минут бойы бір реттік инфузиядан кейін 2-фтор-ара-А плазмада 3,5 - 3,7 мкМ-ге тең ең жоғары концентрациясына инфузияның соңында жетеді. Жылдам болюстік инъекциядан кейін ең жоғары концентрацияның мынадай жартылай шығарылу кезеңдерімен үш фазалы төмендеуі байқалды: бастапқы фазада - 5 минутқа жуық, аралық - 1-2 сағат, және терминальді - 10 сағатқа жуық (сезімталдығы басым әдістерді пайдаланған кезде 2-фтор-ара-А қалдық мөлшерлері плазмада 72 сағат бойы детекцияланды). Осы сияқты кинетика типтік 30 минуттық инфузиядан кейін де байқалды, бұл кезде терминальді жартылай шығарылу кезеңі 8-9 сағатты құрады. 2-фтор-ара-А плазмадағы ең жоғары концентрациясы дозаға тәуелді, ал препараттың ақырғы жартылай шығарылу кезеңінің ұзақтығы енгізілген дозаға тәуелді емес. Препаратты бес рет енгізгеннен кейін инфузия аяқталар сәтте ең жоғары концентрацияның 4,4 - 4,8 мкМ-ге дейін орташа жоғарылағаны анықталады. Емнің бірнеше циклінен кейін 2-фтор-ара-А жиналып қалуы жоққа шығарылуы мүмкін.

2-фтор-ара-А негізінен бүйрекпен (вена ішіне енгізілген дозаның 40-тан 60%-ға дейінгісі) өзгермеген күйде шығарылады (дезаминделген метаболиттің, 2-фтор-ара-гипоксантиннің деңгейлері, адамда іс жүзінде анықталмайды). Тұрақты күйдегі таралу көлемдері ересектердегі зерттеулерде кеңінен ауытқыды, бірақ олардың шамасы жеткілікті дәрежеде жоғары болып (денедегі судың екі есе көлеміне дейін), препараттың тіндермен байланысу мүмкіндігін көрсетті. Плазманың тазаруы және таралу көлемдері дозаға тәуелді болған жоқ. 2-фтор-ара-А шығарылуының сарысудағы креатинин деңгейіне, сондай-ақ оның клиренсіне елеулі тәуелділігі байқалды, бұл бүйрек арқылы бөлінудің препаратты сыртқа шығарудағы маңыздылығын растайды. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде препарат клиренсінің төмендегені байқалды, ол дозаны азайту қажеттілігін айғақтайды.

2-фтор-ара-А лейкемиялық жасушаларға белсенді тасымалданады, онда монофосфатқа, ди- және трифосфатқа дейін рефосфорилденеді. Жасуша ішілік 2-фтор-ара-АТФ флударабин фосфатын қабылдайтын науқастардың шеткері қанынан және қызыл сүйек кемігінен алынған лейкоз жасушаларынан табылды. СЛЛ бар пациенттердің лейкемиялық лимфоциттеріндегі 2-фтор-ара-АТФ ең жоғары деңгейі в/і инфузиядан кейін орта есеппен 3-4 сағат өткен соң байқалды және әртүрлі пациенттерде концентрацияларының елеулі ауытқушылығы болды; ол сондай-ақ препарат дозасының артуына пропорционал түрде ұлғайып, дене беткейіне 20-дан 125 мг/м2 дейін 2-фтор-ара-АМФ дозаларын пайдаланған кезде орта есеппен 33-тен 169 μМ дейін жетті. Лейкемиялық жасушалардағы 2-фтор-ара-АТФ концентрациясы оның плазмадағы концентрациясына қарағанда біршама жоғары, бұл заттың ісік жасушаларында жинақталатынын көрсетеді. 2-фтор-ара-АТФ нысана-жасушалардан жартылай шығарылу кезеңі 15 сағатқа жуық орташа шамамен уақыт жағынан біршама құбылып тұрады.

Фармакодинамикасы

Флударабел құрамында белсенді зат ретінде флударабин фосфаты бар. Адам организмінде флударабин фосфаты (2-фтор-ара-АМФ) сәйкес нуклеозидке, 2-фтор-ара-А дейін жылдам дефосфорилденеді, ол белсенді тасымалдану жолымен жасушаларға ауысып, онда жасуша ішілік дезоксицитидинкиназамен белсенді метаболит болып табылатын трифосфатқа (2-фтор-ара-АТФ) дейін фосфорилденеді. 2-фтор-ара-АТФ негізгі әсері жасушалық рибонуклеотидредуктазаны, альфа, дельта және эпсилон ДНҚ-полимеразаларын, сондай-ақ ДНҚ-праймазаны және ДНҚ-лигазаны тежеу арқылы ДНҚ түзілуін бәсеңдетуге негізделеді, бұл, ең алдымен, белсенді бөлінетін жасушалардың өлуіне әкеледі, дегенмен препарат тыныштықтағы жасушаларға да әсер етеді. Бұдан бөлек, 2-фтор-ара-АТФ РНҚ-полимераза II ішінара тежейді, сол арқылы ақуыз түзілуінің тежелуін туғызып, лейкемиялық лимфоциттерде апоптоз үдерістерінің белсенділігі артады.

Қолданылуы

- сүйек кемігінің жеткілікті қоры бар пациенттерде В-жасушалық созылмалы лимфоцитарлық лейкозды емдеу

Флударабинмен бірінші желідегі препарат ретінде емдеу RAI жүйесі (Binet жүйесі бойынша ‒ С сатыда) бойынша III/IV сатыдағы ауруы өршіген пациенттерде немесе ауру симптомдары немесе аурудың өршу белгілері пациентте байқалған жағдайда RAI жүйесі (Binet жүйесі бойынша ‒ A/B сатыда) бойынша I/II сатыда ғана басталуы тиіс.

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты ересектерге вена ішіне білікті дәрігердің бақылауымен арнайы стационар жағдайында тағайындайды.

Вена ішіне енгізу үшін ерітінді дайындау. Пациенттің дене беткейінің ауданына сәйкес есептелген қажетті дозаны шприцпен алады. Болюстік енгізу үшін бұл доза кейіннен 10 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтылады. Баламалы түрде, шприцке алынған қажетті дозаны 100 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтуға және шамамен 30 минут бойы енгізуге болады. Дайындалған ерітіндіні пайдаланар алдында көзге көрінетін ерімеген бөлшектері жоқ екенін қарап тексереді. Ерітінді мөлдір әрі түссіз, көзге көрінетін ерімеген бөлшектері жоқ болуы тиіс, олай болмаған жағдайда пайдаланылмауы тиіс. Егер құты зақымдалған немесе оның бүтіндігі бұзылған болса, препаратты пайдаланбау керек.

Ересектер. Препаратты тек қана вена ішіне енгізу табанды түрде ұсынылады. Флударабелді паравеналық енгізуден ауыр дәрежедегі жергілікті жағымсыз реакциялар туындаған бірде-бір жағдай тіркелмегенінен қарамастан, препаратты абайсызда вена ішінен тыс енгізуден аулақ болу керек. Ұсынылатын доза 1 м2 дене беткейіне 25 мг флударабин фосфатын құрайды және әр 28 күнде 5 күн бойы қатарынан күн сайын енгізіледі. Емдеу ұзақтығы емнің тиімділігіне және препараттың жағымдылығына байланысты.

Созылмалы лимфолейкозы (СЛЛ) бар пациенттер Флударабелді ең жоғары жауапқа жеткенге дейін қабылдауы тиіс (толық немесе ішінара ремиссия, ол әдетте 6 циклден кейін басталады), содан кейін препаратты енгізуді тоқтату керек.

Қатерлілік дәрежесі төмен ходжкиндік емес қатерлі лимфомасы (ХЕҚЛ) бар пациенттерге Флударабел препаратымен ең жоғары жауапқа (толық немесе ішінара ремиссияға) жеткенге дейін емдеу курсы ұсынылады. Емдеуге деген ең жоғары жауапқа жеткен соң консолидацияланған емнің тағы да екі циклін жүргізу қажеттілігі туралы мәселені қарастыру керек. Қатерлілік дәрежесі төмен ХЕҚЛ бар пациенттерді клиникалық зерттеу кезінде пациенттердің көпшілігі 8 циклден аспайтын емдеуден өтті.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (1/10)

  • нейтропения, анемия және тромбоцитопения

  • жөтел

  • құсу, диарея, жүрек айнуы

  • қызба, қатты қажу, әлсіздік

  • инфекциялық ауруларлар/оппортунистік инфекциялар (латентті вирустардың реактивациясы, соның ішінде үдемелі мультифокальді лейкоэнцефалопатия, белдемелік теміреткі (Herpes zoster), Эпштейн-Барр вирусы), пневмония

Жиі ( 1/10 ˂1/100)

  • миелосупрессия

  • анорексия

  • шеткері нейропатия

  • көрудің бұзылуы

  • стоматит, мукозит

  • тері бөртпесі

  • шеткері ісінулер

  • флударабинді алкилдеуші цитоуыттық дәрілерге, топоизомераза тежегіштеріне немесе радиотерапияға дейін, кейін немесе бір мезгілде қабылдаған пациенттердегі миелодиспластикалық синдром (МДС)/жедел миелоидты лейкоз (ЖМЛ)

  • суық тию, дімкәстік

Жиі емес ( 1/1000 ˂1/100)

  • ісіктің лизисі синдромы, гиперурикемия, гиперфосфатемия, гипокальциемия, метаболизмдік ацидоз, гиперкалиемия, гематурия, уратты кристаллурия, бүйрек функциясының бұзылуы

  • сананың шатасуы

  • пневмонияны қоса, өкпе уыттылығы, өкпе фиброзы, ентігу

  • асқазан-ішектік қан кетулер, бауыр және ұйқы безі ферменттері деңгейінің өзгеруі

  • аутоиммундық гемолиздік анемияны, аутоиммундық тромбоцитопенияны, тромбоцитопениялық пурпураны, сулы бөртпені, Эванс синдромын, жүре пайда болған гемофилияны қоса, аутоиммундық аурулар

Сирек ( ˃1/10000 ˂1/1000)

  • кома, құрысулар, үрейлі қозу

  • соқырлық, көру жүйкесінің невриті, көру нейропатиясы

  • жүрек жеткіліксіздігі, аритмия

  • тері обыры, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз (Лайелл синдромы)

  • лимфопролиферативтік бұзылулар (Эпштейн-Барр вирусымен байланысты)

Өте сирек (˂1/10000) және белгісіз (қолда бар деректер баға беру үшін жеткіліксіз)

  • геморрагиялық цистит

  • миға қан құйылу

  • өкпеден қан кету

Нақты бір жағымсыз құбылыстың атауы үшін MedDRA терминологиясының барынша сәйкес келетіні келтірілген. Синонимдер немесе байланысы бар жағдайлар келтірілмейді, бірақ оларды да ескеру керек. Препаратты қолдануға байланысты жағымсыз құбылыстың терминін келтіру MedDRA терминологиясына негізделген.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • флударабин фосфатына немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

  • креатинин клиренсі минутына 30 мл-ден аз болатын бүйрек функциясының бұзылулары

  • декомпенсацияланған гемолиздік анемия

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Клиникалық зерттеулерде созылмалы лимфолейкозды (СЛЛ) емдеу үшін Флударабел препаратын пентостатинмен (дезоксикоформицинмен) бірге қолданған кезде фатальді өкпе токсикозының жоғары пайызы байқалды, ол жағымсыз реакциялардың жол беруге болатын шегінен асып кетті. Осыған қарамастан, Флударабел препаратын пентостатинмен біріктіріп қолдану ұсынылмайды. Препараттың емдік әсері дипиридамолды және басқа аденозин сіңірілуінің тежегіштерін қабылдаған кезде азаюы мүмкін. Клиникалық зерттеулер мен in vitro тәжірибелердің нәтижелері көрсеткендей, Флударабел препаратын цитарабинмен біріктіріп қолдану лейкозды жасушалардағы Ara-CTP (цитарабиннің белсенді метаболитінің) жасуша ішілік концентрациясын және жасуша ішілік экспозициясын арттыруы мүмкін. Ara-C плазмадағы концентрациясына және Ara-C элиминация жылдамдығына әсері байқалған жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Жедел лейкозы бар пациенттерге Флударабелді жоғары дозаларда вена ішіне енгізу соқырлықты, команы және өлімді қамтитын күрделі неврологиялық жағымсыз реакциялармен қатар жүрді. Симптомдар соңғы дозаны алған сәттен 21 - 60 күн өткен соң пайда болды. Орталық жүйке жүйесінің осындай ауыр зақымдануы емдеу үшін ұсынылған дозадан төрт есе асып кететін (5-7 күн бойы күніне 96 мг/м2) дозаларды вена ішіне енгізген 36% пациенттерде пайда болды. СЛЛ және қатерлілік дәрежесі төмен ХЕҚЛ емдеу үшін препаратты ұсынылған дозалар диапазонында қолданған пациенттерде, орталық жүйке жүйесінің ауыр уытты зақымданулары жекелеген жағдайларда (> 1/10000 - <1/1000) (кома, құрысулар және үрейлі қозу) немесе сирек болды (> 1/1000 - <1/100) (сананың шатасуы). Препаратты постмаркетингтік қолдану негізінде нейроуыттылық жағдайлары туралы хабарланды, олар клиникалық зерттеулер кезінде тіркелген жағдайлардан ертерек немесе кештеу болды. Флударабел препаратын ұзақ қолданудың ОЖЖ ықпалы белгісіз. Алайда, кейбір зерттеулерде пациенттер салыстырмалы түрде ұзақ емдеу кезеңі бойында (26 емдеу курсына дейін) ұсынылған дозаға шыдады. Неврологиялық жағымсыз әсерлердің белгілерін анықтау үшін пациенттерді мұқият тексеру керек.

Денсаулық жағдайы әлсіреген пациенттерге Флударабелді сақтықпен және қауіп/пайда арақатынасын мұқият талдағаннан кейін тағайындау қажет. Бұл әсіресе сүйек кемігі функциясының күрделі бұзылуылары (тромбоцитопения, анемия және/немесе гранулоцитопения), иммун тапшылығы немесе анамнезінде шартты-патогенді инфекциядан туындаған ауруы бар пациенттерге қатысты. Шартты-патогенді инфекциядан туындаған аурулардың даму қаупі жоғары пациенттер үшін профилактикалық ем тағайындау мәселесін қарастыру қажет.

Флударабел препаратымен емделген пациенттерде ауыр дәрежедегі миелосупрессия, әсіресе анемия, тромбоцитопения және нейтропения дамығаны туралы хабарланды. Ауқымды ісіктері бар пациенттердің қатысумен жүргізілген 1-ші фазадағы зерттеуде, гранулоциттердің азаюының орташа уақыты 13 күнді (3-тен 25 күнге дейін), тромбоциттердікі - 16 күнді құрады (2-ден 32 күнге дейін). Көптеген пациенттерде емдеу басталғанға дейін аурудың салдарынан немесе миелосупресияға ұшыратқан бұған дейінгі емдеудің салдарынан гематологиялық бұзылыстар болды. Кумулятивті миелосупрессия байқалуы мүмкін. Химиялық емнен туындаған миелосупрессия көбінесе қайтымды болса да, флударабин фосфатын енгізу мұқият гематологиялық мониторингті қажет етеді. Флударабел қолданғанда айқын уытты жағымсыз реакциялармен қатар жүруі мүмкін күшті әсер ететін ісікке қарсы дәрі болып табылады. Флударабел препаратымен емделетін пациенттерді гематологиялық және гематологиялық емес уыттылық белгілерін анықтау үшін мұқият тексеру қажет. Анемияның, нейтропенияның және тромбоцитопенияның даму белгілерін анықтау үшін шеткері қанға мезгіл-мезгіл жалпы талдау жүргізу ұсынылады. Ересек пациенттерде сүйек кемігі гипоплазиясының немесе аплазиясының бірнеше жағдайлары туралы хабарланды, ол панцитопенияға ұшыратып, кейде өлімге әкеліп соққан. Цитопенияның тіркелген жағдайлардағы клиникалық мәні бар эпизодтарының ұзақтығы 2 айдан 1 жылға дейін жетті. Бұл эпизодтар алдын ала ем алған пациенттерде де, бұрын емделмегендерінде де байқалды.

СЛЛ үдеуі немесе тасымалдануы туралы хабарлар бар (мысалы, Рихтер синдромы).

Флударабин фосфатымен ем алған пациенттерде сәулеленбеген қанды құйғаннан кейін трансфузияға байланысты асқынулардың дамитыны байқалған (реципиентке трансфузия түрінде енгізілген иммунокомпетентті лимфоциттерге реакция). Осындай емдеудің салдары ретінде өліммен аяқталу жиілігі жоғары болды. Сондықтан флударабин фосфатымен емделіп жүрген немесе емделген, қан құюды қажет ететін пациенттерге қауіпті барынша азайту үшін, сәулеленген қанды ғана құю қажет.

Флударабел препаратымен емдеу кезінде немесе емделгеннен кейін тері обырының қайтымды уақытша нашарлауы немесе зақымдануының қайталануы, сондай-ақ бірнеше пациентте жаңа ошақтардың пайда болуы жайында белгілі.

Флударабел препаратын қолдану емдеудің алғашқы аптасында-ақ ісік көлемі үлкен пациенттерде ісік лизисі синдромының дамуы мүмкін болғандықтан, осындай асқыну қаупі бар пациенттерді емдеу кезінде сақтық шараларын қабылдау қажет.

Анамнездегі кез келген аутоиммундық үдерістерге немесе Кумбс реакциясы нәтижелеріне қарамастан, Флударабел препаратымен емдеу кезінде немесе емдегеннен кейін өмірге қауіп төндіретін және кейде өліммен аяқталатын аутоиммундық құбылыстар тіркелді (мысалы, аутоиммундық гемолиздік анемия, аутоиммундық тромбоцитопения, тромбоцитопениялық пурпура, сулы бөртпе, Эванс синдромы). Флударабел препаратымен әдейі жасалған сынамадан кейін гемолиздік анемия пайда болған пациенттердің көпшілігінде гемолиздік үдерістің қайталануы дамыды. Флударабел препаратымен емдеу курсын алатын пациенттерге гемолиз белгілерін анықтау үшін мұқият мониторинг жүргізу қажет. Ол анықталған жағдайда емдеуді тоқтатқан жөн. Аутоиммундық гемолиздік анемия пайда болған жағдайда кең таралған емдік шараға (сәулеленген) қан құю және глюкокортикоидты препараттарды қолдану жатады.

Флударабел препаратымен емдеу кезінде және емдеуден кейін тірі вакциналарды егуден аулақ болу қажет.

Флударабел препаратымен бастапқы емге жауабы байқалған пациенттерді емдеген кезде, осы препаратпен монотерапияда емдеуге тағы да жауап алу ықтималдығы жоғары. Флударабел препаратымен бастапқы емнен препаратпен емге жауап болмаған жағдайда хлорамбуцилмен емге ауысудан тартыну керек, өйткені Флударабел препаратының әсеріне төзімді болған пациенттердің көбі, хлорамбуцилмен емге айқаспалы төзімділік көрсеткен.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер. Организмде 2F-ара-А плазмадағы негізгі метаболитінің жалпы клиренсі креатинин клиренсімен үйлеседі, бұл осы қосылыстың шығарылуы үшін бүйрекпен экскреция жолының маңыздылығын айғақтайды. Бүйрек функциясы төмендеген пациенттер осы тұрғыда қауіп тобын құрады (AUC 2F-apa-A). Бүйрек функциясының бұзылуы бар (креатинин клиренсі 70 мл/мин. төмен) пациенттерге препаратты пайдалануға қатысты клиникалық деректердің шектеулі мөлшері бар. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге Флударабел препаратын сақтықпен тағайындау қажет. Ауырлығы орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге (креатинин клиренсі 30 - 70 мл/мин шегіндегі) дозаны 50% дейін азайту керек, және уыттылығын бағалау үшін мұқият гематологиялық мониторинг жүргізу қажет. Егер креатинин клиренсі 30 мл/мин аз болса, Флударабел препаратымен емдеуге болмайды. («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Егде жастағы пациенттер. Флударабел препаратын егде жастағы пациенттерге (>75 жас) қолдану туралы деректер шектеулі болғандықтан, Флударабел препаратын пациенттердің бұл санатына сақтықпен қолдану керек.

65 жастағы және одан асқан пациенттерде емдеуді бастар алдында креатинин клиренсінің деңгейін өлшеу керек.

Жүктілік және лактация кезеңінде қолдану. Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерді препараттың шаранаға әлеуетті теріс ықпалы жөнінде хабардар ету керек. Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер мен еркектер емделу кезінде және оны тоқтатқаннан кейін кемінде 6 ай бойы контрацепцияның тиімді шараларын міндетті түрде қолдануы тиіс.

Егеуқұйрықтарға жүргізілген клиникаға дейінгі зерттеу барысында флударабин фосфатының және/немесе метаболиттерінің плаценталық бөгет арқылы өтетінін көрсетті.

Егеуқұйрықтар мен үй қояндарында вена ішіне қолданған кездегі эмбриоуыттылығын зерттеу нәтижелері препараттың эмбрион өліміне әкелетін және/немесе тератогендік әсерін көрсетеді, бұл ұсынылған емдік дозаларда қолданған кезде адамдарға елеулі қаупі бар екенін айғақтайды. Флударабел препаратын жүктілерге жүктіліктің бірінші триместрінде қолдану жөнінде шектеулі мөлшердегі деректер бар.

Флударабел препаратын жүктілік кезінде осындай емдеуге ерекше негіз болмаса қолданбау керек (мысалы, өмірге қауіп төндіретін жағдайлар, емдік әсерді төмендетпейтін баламалы қауіпсіз емнің болмауы). Препаратты қабылдау шаранаға теріс әсер етуі мүмкін. Дәрігер оны қолдану мүмкіндігі туралы мәселені, егер осындай емдеудің әлеуетті пайдасы шарана үшін әлеуетті қаупінен асатын болса ғана қарастыруына болады.

Препараттың немесе оның метаболиттерінің әйелдерде емшек сүтіне өту қабілеті туралы деректер жоқ. Сонымен қатар, клиникаға дейінгі зерттеу деректері флударабин фосфаты және/немесе оның метаболиттері ананың қанынан сүтке өтетінін айғақтайды.

Емшек еметін жаңа туған нәрестелерде күрделі жағымсыз реакциялар туындауы мүмкін болғандықтан, бұл препаратты емшек емізу кезеңінде қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың автокөлікті немесе басқа механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Флударабел препараты автокөлікті басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетін төмендетуі мүмкін, өйткені оны қолданған кезде шаршау, әлсіздік, көрудің бұзылуы, сананың шатасуы, үрейлену, қозу және құрысулар сияқты жағымсыз құбылыстар байқалған. Ұйқының ұзақтығы жеткілікті болмауы, препаратқа жеке сезімталдық және дозалануы салдарынан реакция жылдамдығы қатты төмендеуі мүмкін.

Ерекше қауіпсіздік шаралары

Флударабел препаратымен кез келген іс-әрекетті медицина қызметкерлері арасындағы жүкті әйелдер жүргізбеуі тиіс. Дұрыс пайдалану және жою жөніндегі белгіленген іс-шараларды қадағалау қажет. Сондай-ақ цитоуытты дәрілік заттарды пайдалану және жоюға қатысты сәйкес нұсқауларды орындау керек. Төгілген препарат немесе оның қалдықтары отқа жағу арқылы ойылуы тиіс. Флударабел препаратының ерітіндісін дайындау және жұмыс істеу кезінде аса сақ болу керек. Құтының зақымдалуынан немесе кез келген басқа да кездейсоқ жағдайда сұйықтық төгілген кезде препараттың теріге тиіп кетпеуі үшін латексті қолғаптарды және қорғағыш көзәйнектерді қолдану ұсынылады. Ерітінді теріге немесе шырышты қабықтарға жанасқан кезде ол жерлерді сабынды сумен мұқият жуу керек. Препарат көзге тиіп кеткен жағдайда, оны көп мөлшердегі сумен жуу керек. Дәрілік заттың тыныс алу жолдарына түсуінен сақтану қажет.

Артық дозалануы

Флударабел препаратының үлкен дозаларын қолдану орталық жүйке жүйесінің қайтымсыз зақымдануымен қатар жүрді, ол соқырлыққа, кома және өлімге әкеп соқтырды. Препараттың үлкен дозалары сүйек кемігінің зақымдануы себепті ауыр тромбоцитопения мен нейтропенияның пайда болуына әкелуі мүмкін.

Емі: препарат қабылдауды тоқтату немесе демеуші ем тағайындау. Арнайы антидоты белгісіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Препарат 50,0 мг/2-ден резеңке медициналық тығынмен тығыздап жабылған және алюминий қалпақшамен қаусырылған сыйымдылығы 10 мл түссіз шыныдан жасалған құтыларда. Құтыға заттаңбалық қағаздан жасалған өздігінен желімденетін заттаңба жапсырылады.

5 немесе 10 құтыдан полиэтилентерефталат үлбірден жасалған төсеуіште медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 20С-ден 80С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

1 жыл

Препаратты қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші /Қаптаушы

"Беларусь Ұлттық ғылым академиясының биоорганикалық химия институты" мемлекеттік ғылыми мекемесі

Беларусь Республикасы, 220141, Минск қ., Академик В.Ф. Купревич к-сі, 5 үй, 2 корпус

Тел./факс: (+375 017) 267 87 61

е-mail: info@iboch.bas-net.by

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Гаран С.К.» Лтд

7, Jabotinsky, Ramat Gan, POB, 197, 25220, Israel (Израиль)

тел.: +972-3-6114543, факс: +972-37512601

е-mail: report@sk-pharma.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

ЖК «Өтегенова Б.А.»

Қазақстан, 010000, Астана қ-сы, Рамазан к-сі, 33-9

тел.: +77017076181

е-mail: b.utegenova_ip@mail.ru

Прикрепленные файлы

Флударабин_(концентрат).doc 0.11 кб
Флудорабин_С.К_._концентрат_каз_.doc 0.12 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту