Флоксимед (мазь глазная, 0,3%)

МНН: Ципрофлоксацин
Производитель: Е.И.П.И.Ко.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ciprofloxacin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012686
Информация о регистрации в РК: 24.02.2020 - 24.02.2025

Инструкция

Саудалық атауы

Флоксимед

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ципрофлоксацин

Дәрілік түрі

Көзге арналған жақпамай, 0,3 % 5 г

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат - 3,0 мг ципрофлоксацин (ципрофлоксацин гидрохлориді түрінде)

қосымша заттар: хлорбутанол, сусыз ланолин, сары жұмсақ парафин.

Сипаттамасы

Сарғыш-ақ түсті гомогенді жақпамай

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Микробтарға қарсы препараттар. Ципрофлоксацин.

АТХ коды S01АХ13

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Екі көзге де әрбір 2-4 сағат сайын препаратпен инстилляция жасағанда қанда ципрофлоксациннің ең жоғары концентрациясы 5 мг/мл-ден аспайды. Қазіргі таңда көзге инстилляция жасағанда ципрофлоксациннің емшек сүтіне өтетін-өтпейтіні анықталған жоқ, алайда бір реттік 500 мг дозаны per os енгізген кезде оның емшек сүтінен табылатыны белгілі.

Фармакодинамикасы

Флоксимед бактерияларға қарсы (бактерицидтік) әсер береді: ДНҚ-гиразаны бөгейді және ДНҚ репликациясына кедергі жасайды, бактериялардың өсуін және бөлінуін бұзады, айқын морфологиялық өзгерістерді (соның ішінде жасушалық қабырғаның және жарғақшаның) және жасушаның тез өлуін туындатады: өсу және тыныштық кезінде микроорганизмдерге әсер етеді. Флоксимедтің микробтарға қарсы әсер ету өрісі ауқымды, грамтеріс бактерияларға қатысты өте белсенді, анаэробтарға ықпал етуі аз білінеді. Мыналарға әсер етеді: Enterococcus faecalis, Staphylococcus aureus, Staphylococcus epidermidis, Streptococcus pyogenes, Campilobacter jejuni, Citrobacter diversus, Citrobacter freundii, Enterobacter cloaceae, Escherichia coli, Haemophilus influenzae, Haemophilus parainfluenzae, Klebsiella pneumoniae, Morganella morganii, Neisseria gonorrhoeae, Proteus mirabilis, Proteus vulgaris, Providencia rettgeri, Providencia stuartii, Pseudomonas aeruginosa, Salmonella typhi, Serratia marcescens, Shigella flexneri, Shigella sonnei, Staphylococcus haemolyticus, Staphylococcus hominis, Staphylococcus saprophycus, Acinetobacter spp., Aeromonas caviae, Aeromonas hydrophilia, Brucella melitensis, Campylobacter coli, Edwardsiella tarda, Enterodacter aerogenes, Haemophilus ducreyi, Klebsiella oxytoca, Legionella pneumophila, Moraxella (Branhamella) catarrhalis, Neisseria meningitides, Pasteurella multicoda, Salmonella enteridis, Vibrio cholerae, Vibrio parahaemolyticus, Vibrio vulnificus, Yersinia enterocolitica, Chlamydia trachomatis, Vibrio vulnificus, Yersinia enterocolitica, Chlamydia trachomatic (орташа сезімталдық), Mycobacterium tuberculosis (орташа сезімталдық).

Флоксимедке Pseudomonas cepacia штаммдарының көбісі және кейбір Rseudomonas matolphilia кейбір штаммдары, сондай-ақ анаэробтық бактериялардың көбісі, Bacteroides fragilis және Clostridium difficile қоса есептегенде, сезімтал емес.

Қолданылуы

- препаратқа сезімтал бактериялардың әсерінен туындаған көз және оның қосалқыларының әртүрлі мына жұқпалы ауруларын жергілікті емдеуге: жедел және баяу өрбитін конъюнктивиттер, блефаконъюнктивиттер, блефариттер, мөлдір қабықтың гипопионды/гипопионсыз бактериялық ойық жаралары, бактериялық кератиттер және кератоконъюнктивиттер, созылмалы дакриоциститтер және мейбомииттер

- офтальмохирургияда операцияға дейінгі жұқпаның алдын алуға

- операциядан кейінгі жұқпалы асқынуларды емдеуге

- көз алмасының және оның қосалқы аппаратының жарақатынан кейін (бөгде дененің болуымен немесе онсыз) жұқпалы асқынуларды емдеуге және алдын алуға

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты емделушіге тағайындар алдында осы науқаста ауру тудырған микрофлораның оған сезімталдығын анықтап алған дұрыс.

Флоксимед 0,3% көз жақпамайын конъюнктивальді қалтаға (қабақтың артқы беті мен көз алмасының алдыңғы беті арасындағы қуыс) жағады.

Жұқпалардың ауыр түрлерінде көз жақпамайы тәулігіне 3-4 рет пайдаланылады; ауру симптомдарының бәсеңдеуіне қарай қабылдау саны азаюы мүмкін.

Жұқпалардың жеңіл түрлерінде препаратты әдетте тәулігіне 2 рет тағайындайды.

Препараттың ұзағырақтау жанасуын қамтамасыз ету үшін түнге қарай көз тамшы дәрілеріне қосымша көз жақпамайын қолдануға болады.

Жағымсыз әсерлері

Жиі

- аллергиялық реакциялар, қышыну, күйдіру, жеңіл аурушаңдық және конъюнктива гиперемиясы; жүректің айнуы, көзде жайсыздық, қабақ жиегінде қабықшалардың түзілуі

Сирек

- қабақтың ісінуі, жарықтан қорқу, көзден жас ағу, көзде бөгде денелерді сезіну, тамызудан соң бірден ауызда жағымсыз дәмнің пайда болуы, көру өткірлігінің төмендеуі, мөлдір қабықтың ойық жарасы бар науқастарда ақ кристалл преципитаттың пайда болуы, кератит, кератопатия, дақтардың пайда болуы немесе мөлдір қабықтың инфильтрациясы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- ципрофлоксацинге және фторхинолондар тобының басқа препараттарына асқын сезімталдық

- глюкоза-6-фосфатгидрогеназа тапшылығы

- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Флоксимедтің белсенділігі оны бета-лактамдық антибиотиктермен, аминогликозидтермен, ванкомицинмен, клиндамицинмен, метранидазолмен біріктірген кезде артады.

Айрықша нұсқаулар

Флоксимедті тек жергілікті ғана қолдануға болады. Көз тамшы дәрілерін немесе көз жақпамайын қолданғаннан кейін конъюнктивальді гиперемия ұзақ уақытқа созылса немесе өршісе, онда емделушіге препаратты пайдалануды тоқтатуы және дәрігерге қаралуы керектігін ескерткен жөн.

Препаратпен емделу кезінде жұмсақ жанаспалы линзаны кимеуге кеңес беріледі. Қатты жанаспалы линзаларды пайдаланғанда оларды дәрі тамызар алдында алып қойған және препарат инстилляциясынан кейін 15-20 минуттан соң қайтадан киген жөн.

Жүктілік және лактация

Жүкті әйелдерге препаратты қолдануға талапқа сай және жақсы бақыланатын клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ. Препарат жүктілік кезеңінде ұсынылмайды.

Жаңа туған нәрестелерге жағымсыз ықпал етуіне жол бермеу үшін препаратпен емделу кезінде бала емізуді тоқтатқан жөн.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Флоксимед көз тамшы дәрілерін немесе көз жақпамайын қолданғаннан кейін көруі уақытша нашарлаған емделушілерге машинаны жүргізуге немесе күрделі техникамен, станоктармен немесе көздің айқындылығын қажет ететін қандай да болсын басқа күрделі жабдықпен жұмыс жасау ұсынылмайды.

Артық дозалануы

Флоксимед препаратының артық дозалануы жөнінде деректер жоқ.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Бұралатын қақпақшасы бар алюминий сықпаларға препарат 5 г-нан салынған.

1 сықпа медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Cақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сықпаны ашқаннан кейін, қолдану мерзімі бір ай ішінде.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Сауда маркасының және тіркеу куәлігінің иесі «УОРЛД МЕДИЦИН ОФТАЛЬМИКС» компаниясы болып табылады, Ұлыбритания

Өндіруші

Е.И.П.И.Ко., Египет, Тенс ов Рамадан Сити, Бірінші өндірістік Аймақ В1, а/ж 149 Тенс

(«E.I.P.I.CO.» Egypt, Tenth of Ramadan City, First Industrial Area B1, P.O. box: 149 Tenth)

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

“РИН Фарм” ЖШС, Алматы қ., Түріксіб аудан, Сүйінбай даң-лы, 222 б

Тел/факс: 8 972720 529090

Прикрепленные файлы

262065941477976646_ru.doc 56.5 кб
704090881477977796_kz.doc 59.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники