Фликсотид™ 50

МНН: Флутиказон
Производитель: Глаксо Вэллком С.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Fluticasone
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010057
Информация о регистрации в РК: 15.12.2016 - 15.12.2021
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 2 013.51 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Фликсотид™ 50

Фликсотид™ 125

Фликсотид™ 250

Халықаралық патенттелмеген атауы

Флутиказон

Дәрілік түрі

Дозаланған, ингаляцияға арналған аэрозоль, 50, 125 және 250 мкг/доза

Құрамы

Бір дозаның құрамында

белсенді зат - 50 мкг, 125 мкг немесе 250 мкг флутиказон пропионаты бар,

қосымша зат - GR106642X (1,1,1,2-тетрафторэтан немесе HFA 134a, құрамында фреон жоқ)

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік түсті суспензия

Фармакотерапиялық тобы

Тыныс алу жолдарының обструктивтік ауруларын емдеуге арналған препараттар. Тыныс алу жолдарының обструктивтік ауруларын емдеуге арналған басқа да ингаляциялық препараттар. Глюкокортикоидтар. Флутиказон.

АТХ коды R03BA05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі

Препараттың абсолюттік биожетімділігі 10.9 % құрайды.

Жүйелік сіңуі негізінен сіңірілу жылдамдығы біртіндеп азаюмен өкпе арқылы жүреді.

Ингаляциялық дозаның бір бөлігі жұтылады, бірақ препараттың суда ерігіштігінің әлсіздігі және бауыр арқылы алғаш өткен кезде метаболизмінің қарқындылығы салдарынан, оның жүйелік әсері өте төмен, бұл оны ішке қабылдағанда флутиказон биожетімділігінің 1 % болуына соқтырады.

Флутиказон дозасының артуына қарай оның жүйелік экспозициясы дозаға байланысты артады.

Таралуы

Флутиказон пропионатының таралу көлемі үлкен – 300 л-ге жуық. Плазма ақуыздарымен байланысуы 91% құрайды.

Метаболизмі

Флутиказон пропионаты жүйелік қан ағынынан Р450 цитохромы жүйесінің CYP3А4 ферменті қатысуымен карбоксил қышқылының белсенді емес метаболитін түзе отырып, бауырдағы метаболизм жолдарымен жылдам шығарылады.

Флутиказонды және CYP3А4 басқа тежегіштерін бірге қолданғанда флутиказонның жүйелік экспозициясы артуы мүмкіндігіне байланысты сақ болу керек.

Шығарылуы

Флутиказон пропионатының плазмалық клиренсі минутына 1150 мл құрайды. Жартылай шығарылу уақыты - шамамен 8 сағат. Бүйректік клиренсі 0.2%-дан азды құрайды. 5%-дан азы несеппен бірге метаболиттер түрінде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Фликсотид™ препараты бронх демікпесінің симптомдарының айқындығы мен өршуінің азаюына алып келе отырып, ұсынылатын дозаларында өкпе тіндеріне қабынуға қарсы әсер етеді.

Қолданылуы

- ересектер мен балалардағы (ауру барысы жеңіл, орташа және ауыр болатын емделушілерді қоса есептегенде, сондай-ақ жүйелік глюкокортикостероидтарға тәуелді емделушілерде) бронх демікпесінде қабынуға қарсы алдын алу емі үшін

- ұзақ әсер ететін бронходилататорлармен біріктірілімде пайдалануда өкпенің созылмалы обструкциялық ауруында

Қолдану тәсілі және дозалары

Емделушілер емнің профилактикалық табиғаты туралы, сондай-ақ препаратты ұдайы, тіпті ауру симптомдары жоқ болса да, қабылдап тұру қажеттігінен алдын ала хабардар болуы тиіс.

Фликсотид™ препараты, ингаляцияға арналған аэрозоль, дозаланған тек ингаляциялық жолмен енгізуге ғана арналған.

Әрбір алдын ала жазылып берілген доза кемінде екі ингаляция жолымен жеткізіледі деп болжанады.

Демді ішке тартудың координациясы бұзылуы бар емделушілерде спейсер қолданылуы мүмкін.

Егде жастағы адамдарға және бауыр немесе бүйрек аурулары бар емделушілерге дозаны арнайы таңдау талап етілмейді.

Демікпе

Бронх демікпесінде Фликсотид™ препаратының емдік әсері емді бастағаннан кейін 4-7 күннен соң басталады. Бұрын ингаляциялық глюкокортикостероидтарды қабылдамаған емделушілерде препаратты қолдануды бастағаннан кейін 24 сағаттан кейін-ақ жақсару байқалуы мүмкін.

Егер емделуші жылдам әсер ететін бронходилататорлармен емделу тиімсіз деп санаса, немесе оған ингаляция санын әдеттегіден көбірек жасау талап етілсе дәрігерге бұған ерекше мән беру керек.

Ересектер және 16 жастан асқан жасөспірімдер

Ұсынылатын доза тәулігіне 2 рет 100-1000 мкг құрайды.

Препараттың бастапқы дозасы аурудың ауырлық дәрежесіне байланысты:

- ауырлық дәрежесі жеңіл бронх демікпесінде: күніне 2 рет 100-250 мкг,

- ауырлық дәрежесі орташа бронх демікпесінде: күніне 2 рет 250-500 мкг,

- ауырлық дәрежесі ауыр бронх демікпесінде: күніне 2 рет 500-1000 мкг.

Препараттың бастапқы дозасын ауруды бақылауға жеткенше ұлғайтуға немесе емделушінің жеке жауабына қарай ең төменгі тиімді дозаға дейін төмендетуге болады.

Альтернативті түрде, флутиказон пропионатының бастапқы дозасы беклометазон дипропионатының тәуліктік дозасының жартысы ретінде немесе ингаляцияға арналған дозаланған аэрозоль түрінің баламасы ретінде есептелуі мүмкін.

4 жастағы және одан үлкен балаларға

Балаларға бір доза құрамында 50 мкг флутиказон пропионаты бар ингалятор қолдану ұсынылады.

Ұсынылатын доза – тәулігіне 2 рет - 50-200 мкг.

Балалардың көбінде демікпені бақылауға тәулігіне 2 рет 50-100 мкг дозадан қолдана отырып қол жеткізуге болады. Жеткіліксіз бақыланатын демікпесі бар балаларда дозаны тәулігіне 2 рет 200 мкг дейін ұлғайтуға болады.

Старттық доза бала ауруының ауырлығына сәйкес болуы тиіс.

Препараттың бастапқы дозасын ауруды бақылауға қол жеткізгенше ұлғайту немесе емделушінің жеке жауабына қарай ең төменгі тиімді дозасына дейін төмендету мүмкіндігі бар.

1 жастан 4 жасқа дейінгі балаларға

Ұсынылатын доза тәулігіне 2 рет 100 мкг құрайды. Жасы кіші балаларға үлкен жастағы балаларға қарағанда препараттың ингаляциялық енгізуде жетуі қиын болуы салдарынан препараттың жоғарырақ дозалары талап етіледі. Препарат бет перделі спейсер, мысалы «Бебихалер» арқылы ингалятор көмегімен енгізіледі.

Фликсотид™, дозаланған ингаляцияға арналған аэрозоль әсіресе ауыр ағымды бронх демікпесі бар жасы кіші балаларға ұсынылады.

Бронх демікпесін диагностикалау және емдеу емделушіні дәрігердің ұдайы тексеріп отыруымен орындалуы тиіс.

Өкпенің созылмалы обструкциялық аурулары (ӨСОА)

Ересектерге ұзақ әсер етуші бронходилататормен емдеуге қосымша ретінде ұсынылатын доза тәулігіне 2 рет 500 мкг құрайды. Емделушілер оңтайлы нәтижеге қол жеткізу үшін Фликсотид™ препаратын күн сайын қолдануы керектігін, оның үш айдан алты айға дейін құрауы мүмкін екендігін есінде ұстауы тиіс. Егер үшінші және алтыншы айлары арасындағы кезеңде жақсару басталмаса, емдеуші дәрігерге барып қаралу қажет.

ӨСОА-ын емдеген кезде 1 доза құрамында 250 мкг флутиказон бар Фликсотид™250 препаратын пайдалану ұсынылады.

Ингаляторды қолдану жөніндегі нұсқаулық

Ингалятордың бүлінбегенін тексеру

Ингаляторды бірінші қолданар алдында немесе ингаляторды ұзақ қолданбаған үзілістен соң (апта немесе одан көбірек) мүштектің қақпағын оның қабырғасын жеңіл басу жолымен шешіп алып, ингаляторды мұқият сілкіңіз және қондырғының бүлінбегендігіне көз жеткізу үшін, препараттың екі дозасын ауаға бүрку керек. Егер ингалятор суық болса, онда препарат әсері әлсірегені. Ингаляторды, тіпті ол бос болса да тесуге, бөлшектеуге және отқа тастауға болмайды.

Ингаляторды қолдану

1. Мүштектің қақпағын оның қақпағының қабырғасын жеңіл басу жолымен ашу керек.

2. Мүштектің сырты мен ішінің таза екенін тексеріңіз.

3. Ингалятор ішіндегісі біркелкі араласуы үшін ингаляторды күшті сілкілеп шайқау керек.

4 . Ингаляторды, мүштектен төмен, бас бармақпен негізінен ұстап, бас бармақ пен сұқ саусақтың арасына тігінен ұстайды.

5 . Мүмкін болғанша терең дем шығару керек. Мүштекті тіс арасына тістетпей, ерінмен тығыз ұстап тұратын етіп орналастыру керек.

6. Ауыз арқылы терең дем алу керек. Терең дем алуды жалғастыра отырып, дәрілік заттың бүркілуін қамтамасыз ету үшін, ингалятордың жоғарғы жағын қысып басу керек.

7 . Демді кідірте тұрады, ингаляторды ауыздан шығарып алып, ингалятордың жоғарғы жағынан сұқ саусақты алу керек. Демді мүмкін болғанша ұзақ ұстауды жалғастыру керек.

8 . Егер ингаляцияны жалғастыру қажет болса, ингаляторды тігінен ұстап, шамамен жарты минуттай күте тұрған жөн, содан кейін 3-шіден бастап, 7-ші сатыларды қайталау керек.

9. Ингаляциядан кейін ауыз қуысын сумен шайып, оны түкіріп тастау қажет.

10. Мүштек қақпақшасын керек қалпында басып тұрып, сырт еткізіп жабады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

5, 6 және 7 тармақта көрсетілген әрекеттерді орындаған кезде асықпаңыз.

Бүркуді жүргізудің дәл алдында мүмкіндігінше тыныс алуды өте баяу бастау соншалықты маңызды. Бастапқыда айна алдында бірнеше рет жаттығыңыз. Егер ингалятор төбесінен немесе ауыз маңайында «бұлт» пайда болса, бұл ингаляция техникасының дұрыс болмағандығын көрсетеді, сондықтан 2-ші тармақтан бастап әрекеттерді қайталау қажет.

Жасы кіші балаларға ингаляция жүргізу үшін ересектер көмегі керек болады. Баланың демін шығаруын сұраңыз және бала демін ішке тарта бастаған сәтте ингаляторды басыңыз. Баламен бірге біршама жасап жаттығыңыз. Үлкендеу балаларға және қолы әлсіз адамдарға ингаляторды екі қолмен ұстау ұсынылады. Екі сұқ саусақты ингалятордың жоғарғы бөлігіне, екі үлкен саусақты – мүштектің төменгі жағына қойыңыз.

Ингаляторды тазалау

Ингаляторды аптасына кем дегенде бір рет тазалап отырған жөн.

1. Мүштектің қақпақшасын шешіп алыңыз.

2. Металл баллонды пластик құрылғыдан шығармаңыз.

3. Мүштектің ішін және сыртын құрғақ сүрткімен немесе шүберекпен сүртіңіз.

4. Мүштектің қақпақшасын жауып қойыңыз

МЕТАЛЛ БАЛЛОНДЫ СУҒА САЛМАҢЫЗ.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз реакциялар келесі классификацияға сай жиілік бойынша ажыратылады: өте жиі ≥1/10, жиі ≥1/100 - <1/10, жиі емес ≥1/1000 - <1/100, сирек ≥1/10000 - <1/1000, өте сирек <1/10000.

Өте жиі

- ауыздың және жұтқыншақтың шырышты қабығының кандидозы

Жиі

- пневмония (ӨСОА бар емделушілерде)

- дауыстың қарлығуы

- гематомалар

Кейде

- терінің аллергиялық реакциялары

Сирек

  • өңештің кандидозы

Өте сирек

- ангионевротикалық ісіну (негізінен беттің және ауызжұтқыншақтың ісінуі), анафилактикалық реакциялар, диспноэ, бронхтың түйілуі

- Иценко-Кушинг синдромы, кушингоидты симптомдар, бүйрекүсті безінің қыртысы функциясының төмендеуі, сүйек тіндерінің минерализациясы төмендеуі, балаларда бой өсудің іркілуі

- катаракта, глаукома

- үрейлену, ұйқының бұзылуы, мінез-құлықтың өзгеруі, соның ішінде асқын белсенділік және ашушаңдық (негізінен балаларда)

- гипергликемия

- парадоксальді бронх түйілуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық

- 1 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фликсотид™ препаратын ингаляция жолымен енгізген кезде бастапқы өтудегі метаболизм белсенділігі және ішектегі, бауырдағы Р450 3А4 цитохромы жүйесі ферменттері қатысуымен жүретін жүйелік клиренсінің жоғарылығы салдарынан оның қан плазмасындағы концентрациясы өте төмен болады, сондықтан флутиказон пропионатының клиникалық дәрілік заттармен өзара әрекеттесу ықтималдығы аз.

Дені сау еріктілерде дәрілік өзара әрекеттесулерді зерттеу ритонавирдің (Р450 3А4 цитохромының белсенділігі жоғары тежегіші) қан плазмасындағы флутиказон пропионаты құрамын елеулі дәрежеде жоғарылату мүмкіндігін, оның қан сарысуындағы кортизол концентрациясын елеулі төмендетуге алып келетінін көрсетті. Тіркеуден кейінгі қолдану барысында интраназальді немесе ингаляциялық флутиказон пропионатын ритонавирге қоса қабылдап жүрген емделушілерде клиникалық тұрғыдан маңызды дәрілік өзара әрекеттесулер бақыланған, бұл кортикостероидтардың жүйелік әсерін, соның ішінде Иценко-Кушинг синдромын тудырады және бүйрек үсті безі функциясын әлсіретеді. Осылайша, кортикостероидтардың жүйелік жағымсыз әсерлерінің мүмкін болатын қаупі емделушілер үшін потенциалды пайдасынан басым болған жағдайдан басқасында Фликсотид™ пен ритонавирді біріктіріп қолдануға болмайды.

Зерттеулер Р450 3А4 цитохромының басқа тежегіштері, кортизолдың сарысулық концентрациясын елеулі төмендетпей-ақ, Фликсотидтің™ жүйелік әсерін аздап (эритромицин) және орташа (кетоназол) арттыратынын көрсетті. Алайда Р450 3А4 цитохромының белсенді тежегіштерімен (мысалы, кетоназол) біріктіріп тағайындаған кезде, флутиказонның жүйелік әсерінің жоғарылауы мүмкін болғандықтан, сақтық жасау ұсынылады.

Айрықша нұсқаулар

Әсер ету уақыты қысқа ингаляциялық β2-адренорецептор агонистерін қолдану қажеттілігінің артуы аурудың нашарлағанын айғақтайды. Мұндай жағдайларда емделушіні емдеу жоспарын қайта қарастыру ұсынылады.

Бронх демікпесі барысының күрт және үдемелі нашарлауы емделуші өмірі үшін қауіп төндіруі мүмкін, сондықтан бұндай жағдайларда глюкокортикостероидтардың (ГКС) дозасын арттыру мәселесін шұғыл шешу керек. Қауіп тобындағы емделушілерді дем алудың шыңдық жылдамдығын күн сайын мониторингтеу керек. Ингаляциялық глюкокортикостероидтарды қолданғанда дауыс қарлығуы, ауыз және жұтқыншақтың шырышты қабығының кандидозы байқалуы мүмкін. Бұл жай-күйдің дамуын болдырмау үшін ингаляциядан кейін дереу ауызды және тамақты сумен шаю ұсынылады. Флутиказон пропионатымен емді бір уақытта жалғастырғанда жергілікті әсер ететін зеңге қарсы препараттарды қолдануға болады.

Фликсотид™препаратын ұзақ уақыт, әсіресе жоғары дозаларда қолданған кезде жүйелік әсерлер байқалуы мүмкін, алайда олардың дамуының мүмкін екендігі ішу арқылы ГКС қабылдағаннан едәуір төмен. Мүмкін болатын жүйелік әсерлерге Кушинг синдромы, кушингоидты симптомдар, бүйрек үсті безінің функциясы бәсеңсуі, сүйектердің минералдық тығыздығы төмендеуі, балалар мен жасөспірімдерде бой өсуінің іркілуі, катаракта және глаукома жатады.

Сондықтан емдік әсерге қол жеткізген кезде Фликсотид™ препараты дозасы ауру барысын бақылайтын тиімді, барынша төмен дозаға дейін төмендетілуі тиіс.

Ұзақ уақыт ингаляциялық ГКС қабылдап жүрген балалардың өсу динамикасын жүйелі түрде бақылап отыру ұсынылады.

Гормонға тәуелді бронх демікпесі бар науқастарды жүйелік ГКС-тен Фликсотид™ препаратымен ингаляция жасауға көшіру ерекше көңіл бөлуді қажет етеді, өйткені бүйрек үсті безі функциясының қалпына келуіне ұзақ уақыт кетеді. Бүйрек үсті безі қыртысы функциясын жүйелі бақылап отырған және жүйелік ГКС дозасын төмендеткен кезде сақ болған жөн.

Ингаляциялық Фликсотид™ қабылдау аясындағы жүйелік ГКС тоқтатуды біртіндеп жүргізу керек, және емделушілер стресс кезеңінде қосымша ГКС қабылдауды талап етілуі мүмкін екенін көрсететін карточканы өзімен бірге алып жүруі керек.

Қандай да бір шұғыл жағдайларда (хирургиялық араласуларды қоса) адреналдық жауаптың болмауы мүмкіндігін ескеру керек, бұл бірқатар стресс жағдайларында да болуы мүмкін, әсіресе препарттың жоғары дозаларын ұзақ уақыт қабылдайтын емделушілерде.

Емделушілерді жүйелік ГСК қабылдаудан ингаляциялық емдеуге көшірген кезде бұрын жүйелік препараттармен басылған қатар жүретін аллергиялық аурулар (мысалы, аллергиялық ринит, экзема) асқынуы мүмкін. Фликсотид™ препаратымен емдеуді күрт тоқтатуға болмайды.

Қанда глюкоза деңгейінің жоғарылауы жөнінде мәлімдемелер өте сирек, және де флутиказон пропионатын қант диабетіне шалдыққан науқастарға тағайындағанда мұны ескерген жөн.

Өкпе туберкулезінің белсенді немесе белсенді емес түрлері бар емделушілерді ингаляциялық ГКС емдеуде аса сақтық жасау керек.

Реанимациялық шаралар жүргізгенде немесе хирургиялық араласымдар кезінде бүйрек үсті безінің қызметі жеткіліксіздігінің дәрежесін анықтау үшін маманның кеңесі қажет етілуі мүмкін. Бұндай күйзеліс жағдайларында бүйрек үсті безі қызметі жеткіліксіздігінің болуы мүмкін екендігін әрдайым ескерген және қажет болған кезде ГКС-ті қосымша тағайындаған жөн.

Басқа да ингаляциялық препараттарды қолданған жағдайдағы сияқты, дозаны тыныспен алғаннан кейін қырылдың дереу артуы бар парадоксальді бронх түйілуі дамуы мүмкін. Бұл жағдай әсері қысқа жылдам әсер ететін бронходилататорлар қолдану жолымен дереу басылуы тиіс. Фликсотид™ препараты дереу тоқтатылуы тиіс, және емделушілер қажет болса баламалы емге ауыстырылуы тиіс.

Өкпенің созылмалы обструкциялы ауруы бар, флутиказон пропионатын 500 мкг дозада қабылдайтын емделушілерде пневмония жағдайларының ұлғаюы тіркелген. Бұндай емделушілерде пневмонияның клиникалық белгілері мен негізгі аурудың асқынуы жиі сәйкес келуі мүмкін болғандықтан пневмония туындау мүмкіндіктері туралы ескеру керек.

Ингаляторды өз бетінше қолданар алдында, препараттың дозасы өкпеге оңтайлы жететініне көз жеткізу үшін емделушінің техникасын дәрігер тексеруі тиіс.

Жүктілік және лактация кезеңі

Флутиказон пропионатының жүкті әйелдердегі қолданылуы бойынша бақыланатын клиникалық зерттеулер жоқ.

Препарат ана үшін күтілетін пайдасы ұрық үшін ықтимал қаупінен басым болған жағдайларда ғана тағайындалады.

Флутиказон пропионатының адамдағы емшек сүтімен бөлінуі зерттелмеген. Алайда флутиказон пропионатын ұсынылған дозаларда ингаляциялық енгізуден кейін оның қан плазмасындағы концентрациясы төмен болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Ықтималдығы аз.

Артық дозалануы

Симптомдары: препараттың жедел артық дозалануы гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті безі жүйесінің уақытша бәсеңдеуіне алып келуі мүмкін, бүйрек үсті безі қыртысының функциясы бірнеше күн ішінде қалпына келетіндіктен бұл әдетте шұғыл емдеуді талап етпейді.

Препараттың ұсынылғаннан асатын дозасын ұзақ уақыт қабылдауда бүйрек үсті безі қыртысының функциясы елеулі бәсеңсуі мүмкін. Флутиказон пропионатын тәулігіне 1000 мкг дозада бірнеше айлар немесе жылдар бойына қабылдаған балаларда жедел адреналды криз дамығаны туралы өте сирек мәлімдемелер болған. Бұндай емделушілерде гипогликемия, сананың төмен басылуы және құрысулар анықталады. Жедел адреналды криз келесі жай-күйлер аясында дамуы мүмкін: ауыр жарақатта, хирургиялық араласуларда, жұқпаларда, флутиказон пропионаты дозасының күрт төмендеуінде.

Емі: жоғары доза алушы емделушілерді бақылау қажет, және біртіндеп Фликсотид™ препаратының дозасын төмендету керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Дозаланған, ингаляцияға арналған аэрозоль 50 мкг/доза.

120 дозадан препарат бүріккішпен және қорғаныш қақпақпен жабдықталған, дозалаушы пластик құрылғыға салынған, түбі иіліп алюминий құймадан жасалған баллонда.

1 баллоннан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Дозаланған, ингаляцияға арналған аэрозоль 125 мкг/доза және 250 мкг/доза. 60 дозадан (125 мкг/доза үшін) немесе 120 дозадан (250 мкг/доза үшін) препарат бүріккішпен және қорғаныш қақпақпен жабдықталған, дозалаушы пластик құрылғыға салынған, түбі иіліп алюминий құймадан жасалған баллонда.

1 баллоннан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Ингаляторды мұздатып қатыруға болмайды және тікелей түсетін күн сәулесінен қорғау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Глаксо Вэллком С.А., Испания

(Avenida de Extremadura 3, 09400 Aranda de Duero, Burgos)

Тіркеу куәлігінің иесі

Глаксо Вэллком С.А., Испания

(Avenida de Extremadura 3, 09400 Aranda de Duero, Burgos)

Фликсотид ГлаксоСмитКляйн компания тобының сауда белгісі болып табылады.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар)

сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстандағы ГлаксоСмитКляйн Экспорт Лтд өкілдігі

050059, Алматы қ., Фурманов к-сі, 273

Телефон нөмірі: +7 7019908566, +7 727 258 28 92, +7 727 259 09 96

Факс нөмірі: + 7 727 258 28 90

Электрондық поштасы: kaz.med@gsk.com

 

Прикрепленные файлы

216098471477977150_ru.doc 163 кб
495724211477978315_kz.doc 162.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники