Фламмэгис®

МНН: Инфликсимаб
Производитель: СЕЛЛТРИОН, Инк.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Infliximab
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020035
Информация о регистрации в РК: 26.07.2018 - 26.07.2023
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 132 747.8 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Фламмэгис®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Инфликсимаб

Дәрілік түрі

Көктамыр ішіне енгізілетін ерітінді дайындау үшін концентрат дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ, 100 мг

Құрамы

100мг препараттың құрамында

белсенді зат: 16,43 мг инфликсимаб бар,

қосымша заттар: сахароза, натрий дигидрофосфат моногидраты, динатрий гидрофосфат дигидраты, полисорбат- 80

Сипаттамасы

Лиофилизацияланған ақ ұнтақ

Фармакотерапиялық тобы

Иммунодепрессанттар. Альфа (TNF-α) ісік некрозы факторының тежегіштері. Инфликсимаб.

АТХ коды L04AB02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Шорбуынданған спондилитпен пациенттердің қатысуымен клиникалық зерттеулер нәтижесі бойынша, эталонды препаратпен салыстырғанда тепе-тең күйде препаратты қабылдағаннан кейін қан плазмасындағы концентрациясы шыңының Cmax ss арақатынасы 101,47% құрады және сәйкесінше «концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданы AUCτ 104,10% құрайды.

Ревматоидты артритпен зардап шегетін пациенттердің қатысуымен зерттеудің нәтижелері фармакокинетикасының эквиваленттілігінің зерттеу нәтижелерін дәлелдейді, сондай-ақ зерттеу барысында Фламмэгис препаратына және эталонды препаратқа тән Cmin және Cmax көрсеткіштерінің ұқсастығын көрсетеді.

Тепе-теңдік жағдайында таралу көлемі (Vd) енгізілген дозаға байланысты емес, ол инфликсимабтың негізінен қантамыры арнасында таралуын көрсетеді. Фармакокинетикасының уақытқа байланыстылығы анықталған жоқ. Инфликсимабтың шығарылу жолдары сипатталған жоқ. Өзгермеген инфликсимаб несепте табылған жоқ. Ревматоидты артритпен пациенттерде жасы мен дене салмағына байланысты клиренсі немесе таралу көлемінің айтарлықтай өзгешелігі анықталған жоқ.

3, 5, және 10 мг/кг бір реттік дозаларын енгізгенде орташа Cmax сәйкесінше 77, 118 және 277 мкг/мл құрады. Жартылай шығарылуының орташа ақырғы кезеңі дозаның аталған диапазонында қабылдағанда 8-ден 9,5 күнге дейін ауытқуда болды. Көптеген пациенттердің қан сарысуында ұсынылған дозаны бір рет енгізгеннен кейін, инфликсимаб кем дегенде, 8 апта бойы анықталды.

Фармакодинамикасы

Фламмэгис химерлік моноклональді антидене (МКА) болып табылады, олар еритін, сондай-ақ ісік некрозының альфа – факторының (TNF-α) жарғақша арқылы түрлерімен бос, жоғары аффинді байланысады, лимфотоксин-α (TNF-β) бейтараптандырмайды.

In vivo инфликсимаб адам TNF-α мен тез тұрақты кешендер түзеді, бұл кезде TNF-α биобелсенділігінің төмендеуі жүреді.

Ревматоидты артритпен пациенттердің буындарында TNF-α жоғары мөлшері анықталған, ол аурудың жоғары белсенділігімен өзара байланысты. Ревматоидты артритте Фламмэгисті қолдану сіңірдің зақымданған жерлерінің қабыну жасушаларымен инфильтрациясын, сондай-ақ жасушалық адгезияның молекула-медиаторларының экспрессиясын төмендетті, хемотаксис және тіндердің деградациясын тежеді. Фламмэгиспен емделгеннен кейін пациенттерде интерлейкин-6 (ИЛ-6) және С-реактивті ақуыздың (СРБ) қансарысулық деңгейлерінің төмендеуі байқалған; бастапқы төмен гемоглобинмен пациенттерде аталған көрсеткіштің жоғарылауы байқалған. Псориазбен пациенттерде Фламмэгиспен емделгенде эпидермальді қабынудың азаюы, псориаздық түйіндақтарда кератиноциттердің дифференцияциясының қалпына келуі байқалған. Псориаздық артритпен пациенттерде қысқа уақыт қолданғанда Фламмэгис синовиальді қабатта және псориаздық үдеріспен зақымданған теріде Т-лимфоциттердің мөлшері мен қантамырларын азайтты.

Фламмэгис препараты мен эталонды препараттың арасында айтарлықтай айырмашылық байқалған жоқ. Фламмэгис тобындағы [60,9% (184/302)] және эталонды топтағы [58,6% (178/304)] пациенттердің тең бөлігі 30 аптаға қарай, ревматологтардың американдық коллегиясының (ACR20) 20%-ға жақсару критерийіне сай клиникалық жауапқа қол жеткізді.

Қолданылуы

- метотрексатты қоса, ауру-модификациялайтын ревматизге қарсы препараттардың (АМРҚП) тиімділігі жеткіліксіз болғанда жоғары белсенділікпен ревматоидты артритте

- метотрексатпен және басқа да АМРҚП бұрын емделмеген, ауыр үдемелі ағыммен ревматоидты артритте

- стандартты емге жеткіліксіз жауаппен ересектердегі ауыр дәрежедегі белсенді фазадағы шорбуынданған спондилитте.

- ересектер мен 6 жастан асқан балалардағы орташа және ауыр дәрежедегі ауырлықтағы Крон ауруында глюкокортикостероид және/немесе иммуносупрессантты қоса, емдеудің толық және баламалы курсының тиімсіздігінде, аталған сызба жақпаған жағдайда немесе оны қолдануға қарсы көрсетілімдер болғанда.

- ересектердегі Крон ауруының жыланкөздік түрінде

- белсенді түрдегі спецификалық ойықжаралы колитте, глюкокортикостероид және 6-меркаптопурин немесе азатиопринді қамтитын стандартты емнің тиімсіздігінде, аталған сызба жақпаған жағдайда немесе оны қолдануға қарсы көрсетілімдер болғанда.

- белсенді түрдегі псориаздық артритте

- ересектердегі орташа және ауыр дәрежедегі түйіндақтық псориазда циклоспорин, метотрексат немесе фототерапияны қоса жүйелі емнің басқа әдістері тиімсіздігінде, жақпаған жағдайда немесе қарсы көрсетілімдер болғанда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ем биологиялық препараттармен емдеуде тәжірибесі бар, жоғары санаттағы дәрігердің бақылауымен жүргізілуі керек.

Фламмэгис ересек пациенттерге (18 жастан асқан) көктамыр ішіне енгізуге арналған.

Ревматоидты артрит

Препарат дене салмағына 3 мг/кг дозада көктамырішілік инфузия арқылы енгізіледі. Препаратты сызба бойынша 0-2-6-ші аптада және ары қарай 8 апталық аралықпен енгізеді.

Фламмэгис метотрексатпен біріктірілімде тағайындалады.

Ересектер мен 6 жастан асқан балалардағы белсенділігі жоғары орташа және ауыр дәрежедегі ауырлықтағы Крон ауруында

Препарат көктамырішілік инфузия арқылы 5 мг/кг дозада 0-2-6-шы апта режимінде енгізіледі және ары қарай демеуші ем 8 апта аралықпен енгізіледі. Демеуші емге клиникалық жауап жеткіліксіз болғанда доза 10 мг/кг дейін жоғарылатуы мүмкін.

Ересектердегі Крон ауруының жыланкөздік түрінде

Препарат көктамырішілік инфузия арқылы 5 мг/кг дозада 0-2-6-шы апта сызбасы бойынша енгізіледі. Егер Фламмэгистің 3 дозасын енгізгеннен кейін клиникалық оң әсер болмаса, онда Фламмэгиспен емді тоқтатады.

Емге жауап беретін пациенттерде, емді жалғастыру үшін препаратты енгізудің келесі баламалы сызбасы қолданылуы керек:

• препаратты 5 мг/кг дозада әрбір 8 аптада қосымша енгізу немесе

• препаратты ауру симптомдары жаңғырған жағдайда дене салмағына 5 мг/кг дозада әрбір 8 аптада қайтадан тағайындау.

Крон ауруының симптомдарының клиникалық біліністері қайталанған жағдайда препаратты қайта тағайындау тәжірибесі шектелген, баламалы емдік шешімдері жөнінде «пайда/қауіп» арақатынасын салыстыру деректері жеткіліксіз.

Спецификалық емес ойық жаралы колит

Препарат тікелей көктамырішілік инфузия арқылы 5 мг/кг дозада емнің 0-2-6-шы аптасы режимінде және ары қарай 8 апта аралықпен енгізіледі.

Шорбуынданған спондилит

Препарат көктамырішілік инфузия арқылы 5 мг/кг дозада емнің 0-2-6-шы аптасы режимінде және ары қарай 8 апта аралықпен енгізіледі.

Псориаздық артрит

Препарат көктамырішілік инфузия арқылы 5 мг/кг дозада емнің 0-2-6-шы аптасы режимінде және ары қарай 8 апта аралықпен енгізіледі.

Псориаз

Препарат көктамырішілік инфузия арқылы 5 мг/кг дозада емнің 0-2-6-шы аптасы режимінде және ары қарай 8 апта аралықпен енгізіледі Ревматоидты артритте қайталап тағайындау

Аурудың клиникалық білінулері қайталанған жағдайда, Фламмэгис соңғы инфузиядан кейін 16 аптаға дейінгі кезеңде қайта тағайындалуы мүмкін.

Шорбуынданған спондилитте қайталап тағайындау

Бұл ауруларда Фламмэгисті қайталап қолдану қажеттігінде препаратты әрбір 6-8 аптада енгізу ұсынылады.

Егде пациенттер (65 жастан асқан)

Егде пациенттердің қатысуымен арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ. Клиникалық зерттеулерде клиренс көрсеткіштері мен таралу көлемінің жасына сай айтарлықтай айырмашылығы байқалған жоқ. Дозаны түзетудің қажеті жоқ.

Бүйрек/бауыр функциясының бұзылуы

Фламмэгис препаратын пациенттердің осы тобында қолдану зерттелген жоқ. Дозалануына қатысты қандай-да болмасын нұсқаулар болған жоқ.

Енгізу тәсілі

Фламмэгисті 2 сағат ішінде көктамыр ішіне енгізеді. Инфузиядан кейін пациенттер жедел инфузиялық реакцияларға қатысты кемінде 1-2 сағат бойы бақылауда болуы керек. Инфузиялық реакциялар пайда болған жағдайда тиісті препараттарды (адреналин, антигистаминді препараттар, кортикостероидтар) енгізілуі және ауа өткізгіш пайдаланылуы керек. Кейбір жағдайларда антигистаминді препараттар, гидрокортизон және/немесе парацетамолды қоса премедикация жүргізу керек, ал инфузиялық реакциялар қаупін әсіресе, олар алдында дамыған болса, төмендету үшін барынша баяу инфузия жасалады.

Инфузиялық ерітіндіні дайындау

  • Дозаны, Фламмэгис (әр құтыда 100 мг инфликсимаб бар) құтыларының қажетті санын және еріткіш көлемін есептеңіз.

  • Әр құтының ішіндегісін 21-ші (0,8 мм) немесе төмен калибрдегі инесімен еккішті пайдаланып инъекцияға арналған 10 мл суда ерітіңіз. Еріткішті енгізер алдында құтыдан пластик қақпағын ашыңыз және тығынды 70% спиртпен сүртіңіз. Еккіштің инесін құтыға резеңке тығынның ортасы арқылы енгізіңіз, су ағынын құтының қабырғасына бағыттаңыз. Еріткішті абайлап лиофилизацияланған ұнтақ ерігенге дейін құтыны айналдыра отырып араластырыңыз. Ұзақ және қатты шайқамаңыз. СІЛКУГЕ БОЛМАЙДЫ! Еріткенде көбік пайда болуы мүмкін. Ерітіндіні 5 минутқа қойып қойыңыз. Алынған ерітінді түссіз немесе әлсіз сары түсті және бұлыңғырланатын болуы керек. Онда жартылай мөлдір бөлшектердің аздаған мөлшері болуы мүмкін, өйткені инфликсимаб ақуыз болып табылады. Мөлдір емес бөлшектері бар ерітінді немесе түсі өзгерген ерітіндіні қолдануға болмайды.

  • Фламмэгис ерітіндісінің дайындалған дозасының жалпы көлемін 0,9% натрий хлоридінің инъекцияға арналған ерітіндісімен 250 мл жеткізіңіз. Ол үшін, ішінде 250 мл 0,9% натрий хлориді бар, шыны құтыдан немесе инфузиялық қаптан дайындалған Фламмэгис ерітіндісінің (инъекцияға арналған суда) көлеміне сәйкес келетін көлемді алады. Содан кейін Фламмэгистің бұрын дайындалған ерітіндісін 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісі бар құтыға немесе инфузиялық қапқа баяу қосады және абайлап араластырады.

  • Препаратта консервант жоқ болғандықтан, инфузиялық ерітіндіні енгізуді оны ерітіп және сұйылтқаннан кейін 3 сағаттан кешіктірмей және мүмкіндігінше тезірек бастау керек. Егер еріту және сұйылту қатаң асептикалық жағдайларда жүргізілсе, ерітіндіні 2-8°С температурада сақтағанда оны 24 сағат ішінде қолдануға болады.

  • Фламмэгисті басқа дәрілік заттармен бірге бір инфузиялық жүйемен енгізуге болмайды.

  • Инфузиялық ерітінді енгізер алдында көзбен қарап тексерілуі керек. Мөлдір емес бөлшектер, бөгде жүзінділер болған жағдайда және түсі өзгерген жағдайда ерітіндіні қолдануға болмайды.

  • Инфузиялық ерітіндінің пайдаланылмаған бөлігін ары қарай қолдануға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі(≥ 1/10)

- бас ауыруы

- жоғары тыныс алу жолдарының инфекциялары, синусит

- жүректің айнуы, іштің ауыруы

- вирусты инфекция (грипп, герпес)

- инфузиялық реакциялар

Жиі (>1/100, <1/10)

- бас айналуы, гипестезия, парестезии

- шаршағыштық, «құйылу» сезімі

- тахикардия, жүректің қағуы

- кеуде қуысының ауыруы, әлсіздік, қызба, енгізу орнындағы реакциялар

- жүрек айнуы, іштің ауыруы, диспепсия, гастроэзофагеальді рефлюкс, іш қату, диарея

- бауыр трансаминазалары деңгейінің жоғарылауы

- вирусты инфекция (грипп, герпес)

- жоғары тыныс алу жолдарының инфекциялары (бронхит, пневмония), синусит, ентігу, мұрыннан қан кету

- псориаздың пайда болуы немесе асқынуы, іріңді түрін қосқанда (негізінен қол мен аяқ терілері), есекжем, бөртпе, қышыма, гипергидроз, терінің құрғақтығы, терінің шығу тегі зеңдік инфекциялары

- конъюнктивит

Жиі емес (>1/1 000, <1/100)

- мазасыздық, апатия, депрессия, ашушаңдық, сананың шатасуы, амнезия, ұйқышылдық, ұйқысыздық

- арқаның ауыруы, миалгиялар, артралгиялар

- эндофтальмит, кератоконьюнктивит, периорбитальді ісіну, теріскен

- респираторлы жол тарапынан аллергиялық реакциялар, қызылжегіге ұқсас синдром, анафилактикалық реакциялар

- абсцесс, целлюлит, кандидоз

- сепсистік бактериялық инфекция, туберкулез, жүйелі микоз,

- дерматомикоз/онихомикоз, экзема/себорея, буллезді бөртпе, фурункулез, гиперкератоз, розацеа, сүйелдер, тері пигментациясының бұзылуы, алопеция

- гипертензия, гипотензия

- экхимоз/гематома, петехиялар, мұрыннан қан кету

- ыстықты сезіну, қалтырау

- тромбофлебит, қантамырларының түйілуі, қан айналымының жеткіліксіздігі, шеткергі қанайналымының бұзылуы

- анемия, лейкопения, лимфоаденопатия, лимфоцитоз, лимфопения,

нейтропения, тромбоцитопения

- демиелинизациялайтын аурулардың асқынуы (жайылған склероз)

- бронхтүйілуі, плеврит, өкпенің ісінуі

- асқазан-өңештік рефлюкс, хейлит, дивертикулит, іш қату

- бауыр функциясының бұзылуы, холецистит

- несеп шығару жолдарының инфекциялары, пиелонефрит

- инъекция орнындағы реакция, ісіну, ауыру синдромы, жараның баяу жазылуы

- вагинит

- гранулематозды зақымдану

- инфликсимабқа антиденелердің түзілуі, комплемент компоненттері санының өзгеруі

Сирек (>1/10 000, <1/1 000)

- цианоз, синкопе, аритмия, брадикардия, тахикардия, жүрек жеткіліксіздігінің нашарлауы

- менингит

- плевральді жалқық

- асқазан-ішектік қан кету, ішек перфорациясы, ішектің тарылуы

- гепатит

- саркоидозға ұқсайтын реакция

Постмаркетингтік бақылау

Сирек (< 1/10,000)

- пневмоцистті пневмония, туберкулез (оның ішінде милиарлы туберкулез және өкпеден тыс орналасқан туберкулез), атипиялы микобактериялармен туындаған протозойлы және басқа да оппортунистік инфекциялар

- гистоплазмоз, кокцидиоидомикоз, криптококкоз, аспергиллез, листериоз, кандидоз, сальмонеллез

- орталық жүйке жүйесінің демиелинизацияланған зақымдануының дамуы (жайылған склероз және ретробульбарлы неврит)

- шеткергі жүйке жүйесінің демиелинизацияланған зақымдануының дамуы (Гийен-Барре синдромы, созылмалы қабыну демиелинизацияланған полинейропатия, көпошақты моторлы нейропатия)

- жансыздану және шаншу сезімі, құрысулар, нейропатиялар, көлденең миелит

- панцитопения, гемолитикалық анемия, идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура, агранулоцитоз

- Стивенс-Джонсон синдромы, анафилактикалық шок, уытты эпидермальді некролиз, мультиформалы эритема

- гепатоциттердің зақымдануы, В гепатиті реактивациясы, сарғаю, аутоиммунды гепатит, бауыр жеткіліксіздігі, гепатолиенальді Т-жасушалық лимфома

- панкреатит

- васкулит

- псориаз, бірінші рет анықталған пустулезді псориазды қоса, негізінен алақан-табандық орналасумен

- перикардиальді жалқық

Өте сирек(< 1/10,000)

- қысқа мерзім көре алмай қалу

- миокардиальді ишемия/ миокард инфарктісі (Фламмэгис инфузиясынан кейін алғашқы 2 сағат ішінде)

- өкпенің интерстициальді аурулары, өкпе фиброзы/интерстициальді пневмонитті қоса)

Инфузиялық реакциялар

Инфузиялық реакциялар (инфузия кезінде немесе инфузиядан кейін 1 – 2 сағат ішінде пайда болатын кез келген жағымсыз әсерлер) - шамамен инфликсимаб қабылдаған 20% пациенттер инфузиялық реакцияны сезінді, шамамен 3 % пациенттер инфузиялық реакциялар себебінен емді тоқтатты, әйтсе де барлық пациенттердің дәрі-дәрмектік ем көмегімен немесе онсыз жағдайлары жақсарған.

Фламмэгисті қайталап қабылдағаннан кейінгі инфузиялық реакциялар

Ревматоидті артритпен пациенттерде Фламмэгисті емдегі үзілістен кейін қайталап қабылдау, үнемі демеуші емнің режимімен салыстырғанда, инфузиялық реакциялардың пайда болуының жоғары жиілігіне әкелді

Симптомдары ентігу, беттің ісінуі, есекжем және гипотензияны қамтиды. Емделудің барлық жағдайларында белгілері мен симптомдарын толық қайтарғанша Фламмэгиспен емдеу тоқтатылды/және немесе басқа ем тағайындалды.

Постмаркетингтік бақылаудағы баяулатылған типті жоғары сезімталдық реакциялары

- қызбамен және /немесе бөртпемен миалгиялар және/немесе артралгиялар

- қышыну, бет, ерін, қолдың ісінуі, дисфагия, есекжем

- жұтқыншақтың қабынуы және/немесе бас ауыруы

Антиденелер

Кейбір пациенттерде инфликсимабқа антиденелер өндірілуі мүмкін, ол инфузиялық реакциялар жиілігін жоғарылатады (шамамен 2-3 рет). Бір мезгілде иммунодепрессанттарды қабылдау антиденелер өндірілуін төмендетеді және инфузиялық реакциялар жиілігін азайтады.

Инфекциялар

Фламмэгис қабылдаған 35 % пациентте инфекция дамыған. Пневмония секілді күрделі инфекциялардың дамуына қатысты деректер, Фламмэгис қабылдаған 5 % пациентте хабарланған.

Қатерлі жаңа түзілімдер

Қатерлі жаңа түзілімдердің пайда болуы немесе қайталану жағдайлары байқалған. Фламмэгиспен ем жүргізілген пациенттерде лимфомалардың даму жиілігі осы аурудың жалпы халықтан күтілген даму жиілігінен жоғары болды. Ревматоидты артритпен пациенттер, әсіресе аурудың жоғары белсенділікпен түрлерімен пациенттерде және/немесе иммунодепрессивті емді ұзақ қабылдағанда тіпті TNF-бөгейтін ем болмаған жағдайда да, лимфоманың дамуының жоғары қаупіне бейім болып келеді (бірнеше рет). Қатерлі жаңа түзілімдердің басқа түрлерінің жиілігі (лимфомалар емес) күтілген жиіліктен аспады.

Жүрек жеткіліксіздігі

Орташа немесе ауыр дәрежедегі жүрек-қантамыры жеткіліксіздігімен пациенттерде Фламмэгиспен емделу аясында, әсіресе 10 мг/кг жоғары дозаны қабылдағанда, жүрек-қантамыры жеткіліксіздігінің нашарлауымен өлімнің көбеюі байқалған. Сондай-ақ Фламмэгисті қабылдау аясында қосымша факторлардың барында немесе олар болмаған жағдайларда жүрек-қантамыр жеткіліксіздігінің нашарлауы жағдайлары хабарланған. Одан басқа, алғаш рет анықталған жүрек-қантамыры жеткіліксіздігі туралы оның ішінде бұрын жүрек-қантамыры жүйесінің аурулары болмаған пациенттерде сирек хабарлар түскен. Бұл пациенттердің кейбіреуі 50 жасқа дейін болған.

Антиядерлік антиденелер (ANA)/ екіспиральді ДНҚ антиденелер (dsDNA)

Шамамен инфликсимаб қабылдаған, емге дейін антиядерлік антиденелері (ANA) болмаған пациенттердің жартысында, емделу аясында антиядерлік антиденелердің пайда болуы байқалды. Фламмэгис қабылдаған шамамен 17 % пациенттерде екіспиральді ДНҚ антиденелері (анти-dsDNA) анықтала бастады. Инфликсимаб қабылдаған 57 % пациенттерді қорытынды тексергенде екіспиральді ДНҚ антиденелері анықталған.

Қызылжегіге ұқсас синдромның дамуы туралы хабар жиі емес.

Гепатобилиарлы жүйе тарапынан өзгерістер

Фламмэгис қабылдайтын пациенттерде кейбір жағдайларда аутоиммунды гепатит белгілерімен, сарғаю мен гепатиттің дамуының өте сирек жағдайлары байқалған. Осы құбылыстардың дамуы мен Фламмэгиспен емделудің арасында себеп-салдарлы байланыс анықталмаған.

Фламмэгиспен емделудің аясында пациенттерде бауырдың ауыр зақымдануының дамуынсыз АЛТ және АСТ деңгейінің аздап немесе орташа жоғарылауы байқалған. АЛТ-ның қалыптың жоғары шегінен 5 еседен артық жоғарылауы байқалды. Аминотрансферазалар деңгейінің жоғарылауы (АСТ-ға қарағанда АЛТ жоғары дәрежеде) Фламмэгис қабылдаған пациенттер тобында жиі байқалған. Бұл Фламмэгисті монотерапия ретінде қабылдаған жағдайда да, сондай-ақ оны басқа иммунодепрессанттармен біріктіріп қабылдағанда да байқалған. Көп жағдайларда аминотрансферазалар деңгейінің жоғарылауы қысқа мерзімдік болған, әйтсе де кейбір пациенттерде бұл жоғарылау ұзақ уақытқа созылған. Жалпы алғанда АЛТ және АСТ деңгейілерінің жоғарылауы симптомсыз өткен, бұл кезде осы көрсеткіштердің азаюы немесе бастапқы деңгейге қайтуы Фламмэгиспен емдеудің тоқтауына немесе жалғастырылуына немесе қатар жүретін емнің өзгеруіне байланыссыз жүрген.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- инфликсимабқа, тышқан ақуызына немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- туберкулез

- сепсис

- абсцесстер

- оппортунистік инфекциялар

- орташа және ауыр дәрежедегі жүрек жеткіліксіздігі (NYHA бойынша III, IV класс)

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ревматоидты артритті емдеуде метотрексат және басқа да иммуносупрессанттарды қатар қолдану инфликсимабқа антиденелердің өндірілуін төмендетуі туралы нұсқаулар бар. Фламмэгисті анакинра немесе абатацептпен біріктірілімде қолдануға болмайды.

Фламмэгиспен тірі вакциналарды бір мезгілде қолдануға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Инфузиялық реакциялар және аса жоғары сезімталдық

Фламмэгис анафилактикалық шокты және баяулатылған типтегі жоғары сезімталдық реакциясын қоса, инфузияға байланысты, жедел аллергиялық реакциялардың дамуының себебі болуы мүмкін.

Шокты қоса жедел инфузиялық реакциялар, дереу (секундтар ішінде ) немесе енгізгеннен кейін бірнеше сағаттың ішінде дамуы мүмкін. Сондықтан Фламмэгис қабылдайтын барлық пациенттерді инфузиядан кейін кем дегенде 1 сағаттың ішінде бақылау керек. Жедел инфузиялық реакциялар пайда болған жағдайда енгізуді тоқтату керек. Қажет құралдар (өкпені жасанды желдету аппаратын қоса), содай-ақ дәрілік препараттар (адреналин, антигистаминді және стероидты дәрілер секілді) жеңіл қол жетімді болуы керек. Әлсіз және транзиторлы реакциялардың алдын алу үшін пациенттерге антигистаминді препараттар, гидрокортизон және/немесе парацетамол тағайындалуы мүмкін.

Кейбір пациенттерде инфликсимабқа антиденелер өндірілуі мүмкін, ол инфузиялық реакциялар жиілігін жоғарылатады, олардың кейбіреуі ауыр. Инфликсимабқа антиденелер түзілуі мен емге клиникалық жауаптың ұзақтығының қысқаруы арасында байланыс байқалған. Иммуносупрессанттарды бір мезгілде қабылдау антиденелер өндірілуін азайтып және инфузиялық реакциялар жиілігін азайтады. Иммуносупрессанттарды бір мезгілде қабылдау тиімділігі эпизодты емделген пациенттерде, демеуші емге қарағанда айқынырақ білінеді. Фламмэгиспен емдеуді бастар алдында иммуносупрессанттарды қабылдауды тоқтатқан пациенттерде антиденелер түзілуінің әлеуетті қаупі бар.

Бұл антиденелер қан сарысуында әрдайым табылмайды. Күрделі реакциялар дамығанда симптоматикалық ем тағайындалуы, ал Фламмэгисті қабылдау тоқтатылуы керек.

Фламмэгисті соңғы енгізгеннен кейін 2 – 4 жылдан кейін қайталап емдегенде баяулатылған типті жоғары сезімталдық реакциясы жоғары жиілікте байқалған (25%). Олар қайталап емдеуді бастағаннан кейін, 12 тәулік ішінде, миалгия және/немесе қызбамен және/немесе бөртпемен артралгия дамуымен сипатталған. Кейбір пациенттерде сондай-ақ қышыну, беттің, еріннің, қолдың ісінуі, дисфагия, есекжем типті бөртпе, жұтқыншақтың қабынуы, бас ауыруы дамыған. Пациенттер аталған симптомдар дамыған жағдайда дәрігерге көрінуі керектігі туралы ескертілуі керек. Ұзақ кезеңнен кейін қайтадан ем тағайындалған пациенттер баяулатылған типті жоғары сезімталдық реакциясының пайда болуы мүмкін болғандықтан үнемі бақылауда болуы керек.

Фламмэгисті қайталап қолданғаннан кейінгі инфузиялық реакция.

Емсіз кезеңнен кейін әсіресе 0, 2 және 6 апталарда әсіресе қайталап индукциялық емдеу ретінде, жалпы Фламмэгисті қайталап қабылдаудың қаупі мен пайдасының арақатынасын мұқият талдау керек.

Инфекциялар

Альфа ісігінің некрозы факторы (TNF-α) қабыну медиаторы және жасушалық иммунитеттің модуляторы болып табылады, ол жасушаішілік инфекциялармен күрес үшін қажет. Фламмэгисті сыртартқысында созылмалы немесе рекуррентті инфекциялармен пациенттерді емдеуде сақтықпен қолдану керек.

Фламмэгиспен емдеу кезінде сепсис пен пневмонияны қоса, оппортунистік инфекциялар жағдайлары анықталған, оның ішінде туберкулез, вирусты және басқа инфекциялар бар.

Фламмэгиспен емді бастамас бұрын пациенттер туберкулезді, оның ішінде латентті туберкулезді жоққа шығару үшін мұқият зерттелуі керек. Бастан өткерген туберкулез ауруы туралы деректерді, туберкулезбен науқастанатын аурумен болуы мүмкін жанасуды және алдыңғы немесе қатар жүретін иммуносупрессивті емді қоса мұқият сыртартқы жинау керек. Барлық пациенттерге емді бастағанға дейін, терінің туберкулинді тестісін және кеуде қуысының рентгенографиясын міндетті түрде жасау керек. Манифестті инфекциямен және/немесе абсцесстермен пациенттер Фламмэгиспен емді бастағанға дейін, емделіп алуы керек. Егер белсенді туберкулез диагнозы қойылса емді жүргізуге болмайды. Фламмэгиспен емді бастамас бұрын, латентті туберкулез жағдайында туберкулезге қарсы спецификалық ем жүргізілуі керек. Науқастар Фламмэгиспен емделу кезінде және кейін милиарлы туберкулезді қоса инфекцияларды жоққа шығару үшін дәрігермен бақылануы керек.

Эндемиялық болып табылатын, гистоплазмоз, кокцидоидомикоз немесе бластомикоз секілді инвазивті зеңдік инфекциялармен региондарда тұратын немесе саяхаттаушы пациенттерде Фламмэгис препаратымен емді бастағанға немесе жалғастырғанға дейін пайда/қаупінің арақатынасы мұқият бағалануы керек.

Фламмэгис препаратымен ем алатын ауыр жүйелі аурулармен пациенттер аспергиллез, кандидоз, пневмоцистоз, гистоплазмоз, бластомикоз, кокцидоидомикоз секілді инфекциялардың барына тексерілуі керек. Инвазивті зеңдік инфекциялар жергілікті ғана білінбей, кең таралуы мүмкін. Бұл кезде антиденелер мен антигендердің тестілеу нәтижелері белсенді инфекциямен кейбір пациенттерде теріс болуы мүмкін.

Диагностикалауда зеңге қарсы сәйкес емді ескеру керек. Зеңге қарсы емді тағайындау туралы шешім инвазивті зеңдік инфекцияларды емдеу және диагностикалауда тәжірибесі бар дәрігермен кеңестен кейін қабылдануы керек. Бұл кезде ауыр зеңдік инфекциялар қаупін және зеңге қарсы ем қаупін ескеру керек.

TNF-α бәсеңдеуі қызба секілді инфекциялар симптомын бүркемелеуі мүмкін. Фламмэгиспен емдеуді науқаста ауыр инфекция немесе сепсис дамыған жағдайда тоқтату керек. Фламмэгистің элиминациясы 6 ай бойы жүруі мүмкін болғандықтан, науқас осы кезде дәрігердің бақылануында болуы керек.

Фламмэгиспен емделу кезінде хирургиялық араласудың қауіпсіздігі жеткіліксіз зерттелген. Хирургиялық араласуды қажет ететін пациенттер, инфекцияны жоққа шығару мен сәйкес шаралар қолдану үшін тексерілуі керек.

Фламмэгиспен емделу кезінде немесе емделуден кейін барлық пациенттерді туберкулезге ұқсайтын (мысалы, үнемі жөтелу, дене салмағының азаюы, субфебрилитет) белгілер/симптомдар байқалғанда дәрігердің кеңесінің қажеттігі туралы ескерту керек.

TNF-α тежегіштерін және анакинраны бір мезгілде қолдану

Анакинраны (интерлейкин-1 рецепторларының антагонистерінің рекомбинантты гликозилирленбеген түрі) және этанерсепті (TNF-α тежегіші) қатар қолданғанда, этанерсептпен монотерапиямен салыстырғанда артықшылығы болмағанда клиникалық зерттеулерде күрделі инфекциялар мен нейтропения байқалған. Этанерсепт және анакинрамен біріктірілген ем кезінде байқалатын жағымсыз әсерлерінің сипатына қарай, аталған уыттылық анакинра мен TNF-α басқа тежегішінің біріктірілімінің салдары болуы мүмкін. Сондықтан Фламмэгис пен анакинраның біріктірілімі ұсынылмайды.

TNF тежегіштері мен абатацепті бір мезгілде қолдану.

TNF-α тежегіштері мен абатацепті бір мезгілде қолдану TNF-α бөгейтін препараттары қолданғанда пайда болатындармен салыстырмалы күрделі инфекцияларды қоса, инфекция қаупінің жоғарылауына әкеледі. Бұл кезде клиникалық пайдасы байқалмаған. Осыған байланысты TNF тежегіштері және абатацепті бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

БМАРП ауыстыру (иммуносупрессанттарды)

Бір иммуносупрессантты басқаға ауыстырғанда пациенттер болуы мүмкін инфекцияларды байқауы керек.

Гематологиялық реакциялар

Фламмэгисті қоса, TNF-бөгейтін дәрілік заттарды қолданғанда панцитопения, лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения жағдайлары байқалған. Сыртартқысында немесе қазіргі уақытта цитопенияға бейім пациенттер Фламмэгисті сақтықпен қабылдауы керек.

Вакцинация

Тірі вакциналармен бір мезгілде вакцинацияланудан аулақ болу ұсынылады.

Аутоиммунды үдерістер

анти-TNF-терапиямен туындаған, салыстырмалы TNF-α тапшылығы, генетикалық бейім науқастарда аутоиммунды үдерістер дамуын туындатуы мүмкін. Егер науқаста қызыл жегі синдромына ұқсас симптомдар пайда болса, және осымен бірге қос спиральді ДНҚ -ға антиденелер анықталған жағдайда, емді тоқтату керек.

Неврологиялық әсерлері

Инфликсимабты және TNF-α басқа тежегіштерін қолданғанда көру жүйкесінің невриті, құрысудың бірлі жарымды жағдайлары, клиникалық симптомдардың пайда болуы немесе асқынуы және/немесе жайылған склерозды, көру жүйкесінің невритін қоса демиелинизациялайтын аурулардың радиографиялық белгілері және Гийен-Барре синдромын қоса шеткергі демиелинизациялайтын аурулар байқалған.

Орталық жүйке жүйесінің бұзылыстарының болуымен пациенттерде Фламмэгиспен емдеудің артықшылығы/қаупін мұқият бағалау ұсынылады. Егер осы ауру дамыса Фламмэгиспен емдеуді тоқтату туралы жағдайды қарастыру керек.

Лимфомалар

Көптеген жағдайларда лимфомалардың дамуы бақылау тобындағы пациенттерге қарағанда, TNF-блокаторлар қабылдаған пациенттер арасында байқалған.

Фламмэгиспен ем алатын ревматоидты артритпен, шорбуынданған спондилитпен пациенттерде лимфомалардың пайда болу жиілігі сирек болды.

Ревматоидты артритпен, әсіресе аурудың жоғары белсенділігімен пациенттер және/немесе әрдайым иммуносупрессивті ем қабылдайтын пациенттер, тіпті TNF-бөгейтін емнің болмауында, лимфомалардың дамуына қатысты жоғары қауіп тобында (жалпы популяциямен салыстырғанда бірнеше рет) болуы мүмкін.

Орташа және ауыр дәрежедегі өкпенің созылмалы обструктивті ауруларымен (ӨСОА) Фламмэгис қабылдаған пациенттер тобында қатерлі жаңа түзілімдердің көптеген жағдайлары туралы хабарланған. Сыртартқы деректері бойынша барлық пациенттерде темекіге «құмарлық» байқалды.

Сыртартқысында қатерлі жаңа түзілімдермен TNF- бөгейтін ем қабылдау туралы шешімді немесе қатерлі жаңа түзілімдер дамыған пациенттерде емді жалғастыру туралы шешімді сақтықпен қабылдау керек.

Гепатолиенальді Т-жасушалық лимфома.

Инфликсимабты қоса, TNF-блокаторлармен емделген, пациенттерде гепатолиенальді Т-жасушалық лимфомалар дамуының барлық жағдайлары көбіне жасөспірімдер мен жас ер адамдарда Крон ауруымен немесе ойық жаралы колитпен пациенттерде дамыған. Гепатолиенальді Т-жасушалық лимфомалардың даму жағдайлары азатиоприн немесе 6-меркаптопуринді Фламмэгиспен кешенде қабылдағанда немесе онсыз да байқалған.

Гепатолиенальді Т-жасушалық лимфомалардың дамуының бір де бір жағдайы тек Фламмэгис қабылдаған пациенттерде тіркелмеген. Гепатолиенальді Т-жасушалық лимфоманың дамуы және Фламмэгиспен емнің арасындағы себептік байланыс белгісіз болып отыр.

Жүрек жеткіліксіздігі

Фламмэгисті жеңіл дәрежелегі (NYHA I/II) жүрек жеткіліксіздігімен пациенттерді емдеу үшін сақтықпен қабылдау керек

Гепатобилиарлы жүйе тарапынан өзгерістер

Бауыр функцияның бұзылуы симптомдарымен немесе белгілерімен пациенттерді бауырдың зақымдануына тексеру керек. Егер билирубин және/немесе АЛТ деңгейі қалыптың жоғары шегінен ≥ 5 есе жоғарыласа, Фламмэгисті қабылдауды тоқтату және анықталған өзгерістерді мұқият талдау керек. Пациенттер иммунодепрессанттармен емді бастағанға дейін В гепатиті вирусының барына тексерілуі керек. В гепатиті вирусының созылмалы тасымалдаушысы (мысалы HBsAg-оң), болып табылатын пациенттерде Фламмэгисті қолданғанда В гепатитінің реактивациясы жүрді. Сондықтан Фламмэгиспен емге дейін және емдеу барысында В гепатиті вирусының созылмалы тасымалдаушыларын бақылау және бағалау керек.

қолданылуы

Ревматоидты артритпен егде жастағы адамдардың (65-80 жас) препарат фармакокинетикасында айтарлықтай өзгешеліктер анықталған жоқ. Әйтсе де Фламмэгиспен емдегенде жалпы инфекциялар жиілігі, оның ішінде күрделі инфекциялар 65 жасқа дейінгі пациенттермен салыстырғанда 65 жастағы және одан асқан пациенттерде жоғары екенін ескеру керек. Крон ауруымен, сондай-ақ бауыр және бүйрек ауруларымен пациенттерде Фламмэгиспен емдеуге қатысты арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.

Педиатриялық тәжірибеде қолданылуы

Фламмэгис препаратын қабылдаудың спецификалық емес ойық жаралы колитпен, псориазбен, ювенильді идиопатиялық артритпен, псориаздық артритпен, шорбуынданған спондилитпен, ювенильді ревматоидты артритпен 18 жасқа дейінгі балалардағы тиімділігі мен қауіпсіздігіне қатысты деректер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралдарын жүргізу немесе күрделі техникаларды басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Егер Фламмэгиспен емделу кезінде шаршауды сезінсе пациенттер көлік құралдарын жүргізу және басқа механизмдерді басқарудан бас тарту керек.

Артық дозалануы

Уытты әсерсіз 20 мг/кг жететін бір реттік доза енгізілген. Артық дозаланған жағдайда жағымсыз реакцияларын анықтау мақсатында пациентті бақылау ұсынылып, олар анықталған жағдайда дереу сәйкес симптоматикалық ем тағайындалуы керек .

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Препарат алынатын пластмасса қақпақпен және алюминий қалпақшамен қаусырылған бутилкаучуктан жасалған резеңке тығынмен тығындалған, I класты гидролитикалық түссіз шыны құтыға салынған. 1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

2 ºС-ден 8 °C-ге дейінгі температурада cақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды !

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Препараттың сұйылтылған қалыпта, 2-8°C және 30 ± 2°C температурада / 65 ± 5% салыстырмалы ылғалдықта, 48 сағат бойы химиялық және физикалық тұрақтылықта сақталуы көрсетілген.

Микробиологиялық тұрғыдан. Препаратты ерітілген және сұйылтылғаннан кейін 3 сағат ішінде дереу қолдану керек. Препарат дереу қолданылмаған жағдайда енгізгенге дейін оның уақыты, оның сақталуы және жағдайына қолданушы жауап береді; препаратты 2 - 8°C температурада 24 сағаттан ұзақ сақтауға болмайды.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

СЕЛЛТРИОН, Инк.

20 Академи-ро 51бон-гил, Ёнсу-гу, Инчхон, 406-840, Корея Республикасы

23, Академи-ро, Ёнсу-гу, Инчхон, 406-840, Корея Республикасы

Эксклюзивті жеткізуші және қаптаушы

«ЭГИС Фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ, Будапешт, Венгрия

Тіркеу куәлігінің иесі

Селлтрион Хэлскеа Ко., Лтд,

19, Академи-ро 51 бон-гил, Ёнсу-гу, Инчхон, 406-840, Корея Республикасы

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ЭГИС Фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ ҚР өкілдігі

050060, Алматы қ., Жароков к-сі, 286 Г 

тел: + 7 (727) 247 63 34, + 7 (727) 247 63 33, факс: + 7 (727) 247 61 41, 

e-mail: egis@egis.kz

Прикрепленные файлы

320714481477976848_ru.doc 120 кб
077277441477978006_kz.doc 204 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники