Фито - чай стоматологический

МНН: Дуба кора, Календулы лекарственной цветки, Шалфея лекарственного листья
Производитель: Эко-Фарм ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для местного применения при заболеваниях полости рта
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№020948
Период регистрации: 06.11.2014 - 06.11.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Стоматологиялық фито-шай

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Фито-шай 1,5 г

Құрамы

1,5 г препарат құрамында

белсенді заттар: емен қабығы 0,700 г

қырмызыгүл гүлдері 0,500 г

шатыраш жапырақтары 0,300 г

Сипаттамасы

Саңылауының өлшемі 1 мм елеуіш арқылы өтетін ұсақтап ұнтақталған сары-қоңыр түсті ұнтақ. Иісі әлсіз, дәмі өзіне тән, ащылау, тұтқыр.

Фармакотерапиялық тобы

Ауыз қуысы ауруларын емдеуге арналған басқа да дәрілер.

АТХ коды A01AD

Фармакологиялық қасиеттері

Дәрілік шатыраш құрамында витаминдер, фитонцидтер, эфир майлары, алкалоидтар, флавоноидтар, органикалық қышқылдар, шайырлы және иіткіш заттар, табиғи антиоксиданттар бар, айқын қабынуға қарсы, микробқа қарсы, жалпы сергітетін қасиеттерге ие. Қырмызыгүл гүлдерінің құрамында каротиноидтар бар: каротин, рубиксантин, ликопин, цигроксантин, виолоксантин, флавоксантин. Сонымен қатар құрамында сапониндер, шайырлы, ащы және иіткіш заттар, органикалық қышқылдар, ферменттер, аскорбин қышқылы, алкалоидтар, флавоноидтар, эфир майы бар. Бұл белсенді заттар қабынуға қарсы, жараны жазатын, бактерицидті, өт айдайтын, спазмолитикалық қасиеттерге ие.

Емен қабығының құрамында иіткіш заттар, флобафен, эллаг және галл қышқылдары, катехиндер, пектиндер, флавоноидтар, қант, ақуыздар, крахмал бар. Иіткіш заттардың есебінен тіндерді патогенді организмдерден және жергілікті тітіркенуден сақтандырады. Емен қабығының белсенді заттары тұтқыр, қабынуға қарсы, антисептикалық, микробқа қарсы әсерге ие.

Қолданылуы

Кешенді емде

  • ауыз қуысы ауруларында

Дайындау тәсілі және дозалары

1 фильтр-пакетті 100-150мл қайнаған ыстық суда демдеп, 10-15 минут тұндырады. Ауыз қуысын шаю үшін жылы күйінде күніне 3-5 рет 100-200 мл-ден қолданады. Емдеу курсы 10-20 күн.

Жағымсыз әсерлері

Препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Балаларға

Препаратты дәрігердің тағайындауы бойынша қолданады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты дәрігердің тағайындауы бойынша қолданады.

Дайындалған қайнатпаны 1 тәуліктен асырмай салқын жерде сақтау керек. Қолданар алдында шайқау қажет.

Препараттың автокөлікті немесе қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ықпал етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

1.5 г препараттан бір рет қолдануға арналған фильтр-пакетке салады. 20 фильтр-пакеттен медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапта. Нұсқаулық мәтінін тікелей қорапқа жазуға жол беріледі.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада, құрғақ, күн сәулесінен қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«ЭКО-ФАРМ» ЖШС, Қазақстан, Жамбыл филиалы,

Жамбыл облысы, Тараз қ-сы, Төле би даңғылы, 3

Тел/ факс 8(7262) 45-63-12:

E-mail: taraz@ecopharm.kz

Тіркеу куәлігінің иесі

«ЭКО-ФАРМ» ЖШС, Қазақстан, Шымкент қ-сы, 18 ы-а, 54/12

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ЭКО-ФАРМ» ЖШС, Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облысы,

Шымкент қ-сы, 18 ы-а, 54/12

Тел/факс (7252) 55-60-82; 55-60-89

E-mail: office@ecopharm.kz

Прикрепленные файлы

311486741477976651_ru.doc 42.5 кб
987005491477977813_kz.doc 46 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники