Фито-чай почечный с толокнянки листьями

МНН: Зверобоя продырявленного трава, Календулы лекарственной цветки, Солодки корни (Лакрица деглицирризированная), Толокнянки обыкновенной листья
Производитель: Эко-Фарм ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения урологических заболеваний
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№020949
Период регистрации: 30.10.2014 - 30.10.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Аюқұлақ жапырақтары қосылған бүйрекке арналған фито-шай

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Фито-шай 1,5 г-ден

Құрамы

1,5 г препараттың құрамында

белсенді заттар: шайқурай шөбі 0,450г

аюжидек жапырақтары 0,400г.

қырмызыгүл гүлдері 0,350г

мия тамыры 0,300г.

Сипаттамасы

Диаметрі 1000 мкм електен өтетін сары-қоңыр теңбілдері бар жасылдау-қоңыр түсті ұнтақ. Иісі әлсіз. Дәмі тәттілеу, сәл тұтқыр.

Фармакотерапиялық тобы

Урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар.

ATX коды GO4ВХ

Фармакологиялық қасиеттері

Шайқурай шөбінің құрамында флавоноидтар, каротиноидтар, антрацен туындылары бар. Шайқурай шөбінің белсенді заттары тұтқыр, өт айдайтын, қабынуға қарсы әсер көрсетеді.

Аюжидек шөптерінің құрамында гидрохинонның түзілуімен организмде ұнтақталатын гликозид арбутин (6%), сондай-ақ, органикалық қышқылдар, иіткіш заттар бар. Арбутин гидролизі кезінде организмде түзілетін гидрохиноннің күшті бактерицидтік қасиеттеріне байланысты диуретикалық, антисептикалық әсер көрсетеді және несеппен шығарылады.

Қырмызыгүл гүлдерінің құрамында каротиноидтер: каротин, рубиксантин, ликопин, цигроксантин, виолоксантин, флавоксантин бар. Сонымен қатар, сапониндер, шайырланған, ащы және иіткіш заттар, органикалық қышқылдар, ферменттер, аскорбин қышқылы, алкалоидтар, флавоноидтар, эфир майлары бар. Бұл белсенді заттар қабынуға қарсы, жараны жазатын, бактерицидтік, өт айдайтын, спазмолитикалық қасиеттерге ие.

Мия тамырының құрамында көмірсулар, соның ішінде моно- және полисахаридтер (глюкоза, фруктоза, мальтоза, крахмал, целлюлоза), органикалық қышқылдар, эфир майлары, тритерпеноид глициринделген қышқыл бар. Спазмолитикалық, қабынуға қарсы, жараны жазатын, қақырық түсіретін әсер көрсетеді.

Фито-шайдың дәрілік өсімдіктері құрамына кіретін флавоноидты гликозидтер, эфир майлары, иіткіш заттары, органикалық қышқылдар, витаминдер мен басқа да биологиялық белсенді заттар есебінен қабынуға қарсы, антисептикалық, несеп айдайтын және спазмолитикалық әсер көрсетеді. Несепағардың тегіс бұлшықет түйілулерін басады, организмдегі сулы-тұзды теңгерімді қалпына келтіреді, бүйректен құмның шығарылуына ықпал етеді.

Қолданылуы

Несеп бөлу жүйелері ауруларын кешенді емдеуде:

-пиелитте

-циститте

-несеп-тас ауруында

-простатитте

Қолдану тәсілі және дозалары

1 сүзгі-пакетті 100-150 мл қайнаған сумен демдеп, 10-15 минут тұндырып қояды, жылы күйінде күніне 2-3 рет қабылдау керек. Балаларға 5 жастан бастап 10-15 мл-ден күніне 2 рет. Емдеу курсы 20-30 күн

Жағымсыз әсерлері

Болуы мүмкін:

- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жүктілік, лактация кезеңі

- 5 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Дайын қайнатпаны салқын жерде 1 тәуліктен асырмай сақтау керек. Қолданар алдында шайқау керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

1,5 г препараттан бір рет қолданылатын сүзгі-пакеттерге салынған.

20 сүзгі-пакеттен медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған. Тікелей қорапқа нұсқаулық мәтінін жазуға жол беріледі.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«ЭКО-ФАРМ» ЖШС, Қазақстан, Жамбыл филиалы, Жамбыл облысы, Тараз қ., . Төле би д-лы, 3 Тел/факс 8(7262) 45-63-12 E-mail: taraz@ecopharm.kz

Тіркеу куәлігінің иесі

«ЭКО-ФАРМ» ЖШС, Қазақстан, Шымкент қ., 18мкр, 54/12

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ЭКО-ФАРМ» ЖШС, Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облысы,

Шымкент қ., 18 ы/а, 54/12

Тел/факс 8(7252) 55-60-82; 55-60-89

E-mail: office@ecopharm.kz

 

Прикрепленные файлы

220968061477976661_ru.doc 47 кб
768477351477977814_kz.doc 52.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники