ФИТОХОЛ (Киевмедпрепарат)

МНН: Бессмертника песчаного цветки, Календулы лекарственной цветки, Куркумин С3 комплекс, Куркумы длинной масло, Моркови дикой плодов экстракт жидкий, Мяты перечной масло
Производитель: ПАО Киевмедпрепарат
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний желчевыводящих путей
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024009
Информация о регистрации в РК: 30.11.2023 - 30.11.2033

Инструкция

Саудалық атауы

ФИТОХОЛ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың ішінде

белсенді заттар:

Жабайы сәбіз жемістері және тырнақгүл гүлдерінің қою экстрактісі (7.75 – 13.4) : 1, Daucus carota және Calendulaе flos алынған, этанол экстрагенті 70 %, құрғақ затқа шаққанда – 60 мг;

Құмсалаубасы гүлдері құрғақ экстрактісі (40 : 1) Helichrysi arenarii flos алынған, этанол экстрагенті 50 % – 50 мг;

Куркумин С3 кешені (64 - 66) : 1 Curcumae longae rhizomes (ұзын куркума тамырларынан) алынған, этилацетат экстрагенті – 20 мг; Curcumae longae aetheroleii (ұзын куркума майы (турмерон майы) – 5 мг;

Menthae piperitae aetheroleii (бұрыш жалбыз майы) – 7,5 мг;

қосымша заттар ауыр магний карбонаты, лактоза моногидраты, майсана майы, магний алюмометасиликаты (неусилин UFL2), тальк, картоп крахмалы;

желатинді капсула құрамы:

капсула корпусы - титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы (Е 172); желатин;

капсула қақпақшасы - титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы (Е 172), желатин.

Сипаттамасы

Корпусы және сары түсті қақпақшасы бар қатты желатин капсулалар № 0. Капсула ішінде – жасылдау-қоңыр реңді, теңбілдері және спецификалық иісі бар, сарыдан сары –қызғылт түске дейінгі түйіршіктелген ұнтақ және/немесе тығыздалған масса.

Фармакотерапиялық тобы

Ас қорыту жолы және зат алмасу. Бауыр және өт шығару жолдары ауруларын емдеуге арналған препараттар. Өт қалтасы ауруларын емдеуге арналған препараттар. Өт шығару жолдары ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды A05A Х.

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Зерттелмеген.

Фармакодинамикасы

ФИТОХОЛ шығу тегі табиғи көп компонентті дәрі болып табылады, фармакологиялық қасиеті препарат құрамына кіретін биологиялық белсенді заттардың кешенді жиынтық әсерімен шартталған.

ФИТОХОЛ препаратының холеретикалық (өт айдайтын) ықпалы – өт түзілуін стимуляциялау − препараттың келесі компоненттерінің әсерімен шартталған: жабайы сәбіз экстрактісі, тырнақгүл гүлдері экстрактісі, құмсалаубасы гүлдері экстрактісі, ұзын куркума майы, бұрыш жалбыз майы.

ФИТОХОЛ препаратының холекинетикалық әсері – өт шығару жолдары арқылы он екі елі ішектегі өт ағынын жақсарту және өттің тұрып қалуын болдырмау − оның құрамында тырнақгүл гүлдері экстрактісі, құмсалаубасы гүлдері экстрактісі және ұзын куркума майы болуымен шартталған.

ФИТОХОЛ препаратының холеспазмолитикалық әсері – өт шығару түтігінің ауырсынумен болатын түйілулерін жою − жабайы сәбіз экстрактісі және бұрыш жалбыз майы әсеріне байланысты.

ФИТОХОЛ препаратының гепатопротекторлық әсері – бауырдағы метаболизмдік үдерістердің жақсаруына − жабайы сәбіз экстрактісі, тырнақгүл гүлдері экстрактісі, құмсалаубасы гүлдері экстрактісі, ұзын куркума майы, бұрыш жалбыз майы әсеріне байланысты.

Қолданылуы

- созылмалы калькулезді емес холецистит

- өт шығару жолдарының дискинезиясы

- созылмалы гепатит (кешенді ем құрамында).

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке қабылданады. Тәулігіне 1-2 капсуладан 3 рет. Препаратты тамақтың алдында 30 минут бұрын, шайнамай, аз мөлшердегі сумен іше отырып қабылдайды. Ең жоғары тәуліктік дозасы – 6 капсула.

Дозалауды және емдеу курсының ұзақтығын дәрігер аурудың сипатына және барысына қарай жеке анықтайды. Әдетте емдеу курсы 20 күнді құрайды. Емнің қайталау курстарын жүргізу тек дәрігермен келісімнен кейін мүмкін болады.

Жағымсыз әсерлері

Ас қорыту жүйесі тарапынан: жайсыздық және іштің кебуін сезіну, ішектің шұрылдауы, диарея, артқы өтіс аумағындағы қышыну, жүрек айнуы, кекіру.

Орталық жүйке жүйесі тарапынан: бас айналуы, ұйқышылдық, бас ауыруы, басты ауыр сезіну.

Басқа жағымсыз әсерлері: ысыну сезіну, беттің қызаруы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- өт жолдарының обструкциясы

- холангит

- өт қабыну іріңдеуі (эмпиема)

- өт-тас ауруы

- бауыр және өт қабының жедел қабыну аурулары

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі

- несеп шығару жолдарының бітелуі

- бүйректің жедел аурулары

- 6 жасқа дейінгі балалар

- тұқым қуалайтын фруктоза жеткіліксіздігі, Lapp-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қарсы көрсетілімде

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесулері және өзара әрекеттесулердің басқа түрлері белгісіз.

Айрықша нұсқаулар

Өт жолдарының бітелуіне әкелуі мүмкін ауруларда, және бауырдың ауыр ауруларында сақтықпен қолдану керек. Диарея туындағанда немесе іш ауыру жағдайында емді тоқтату керек және дәрігермен кеңесу керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік немесе бала емізу кезеңінде препаратты егер әйел үшін күтілетін пайдасы шарана немесе сәби үшін потенциалды қаупінен астам болса тек дәрігер тағайындауымен ғана қолданады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат автокөлікті басқаруда немесе басқа механизмдермен жұмыс жасағанда реакция жылдамдығына әсер етпейді. Қант диабеті бар науқастарға сақтықпен тағайындау керек.

Артық дозалануы

Қазіргі уақытқа дейін артық дозалану жағдайы тіркелмеген.

Симптомдары: ұсынылғаннан асатын дозаларда ұзақ уақыт қолданғанда жағымсыз реакциялардың күшеюі мүмкін.

Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем; спецификалық антидоты жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден немесе поливинилхлоридті бөгетті (Aclar 2000 типті) үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада10 капсуладан.

Қорапшадағы 3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтармен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Киевмедпрепарат” ЖАҚ

Украина, 01032, Киев қ., Саксаганский к-сі, 139.

Тіркеу куәлігінің иесі

Киевмедпрепарат” ЖАҚ

Қазақтан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):

«Фармамед СҮ» ЖШС

Алматы қ., Ходжанов к-сі, 67 ғимарат, 4а т.е.

Тел.: +7 (727) 344-99-05/06

E-mail: Almaty@pharmamed-arterium.kz

Прикрепленные файлы

ИМП_Фитохол_(сдаем_при_вычитке,_исправл).doc 0.06 кб
ж_каз_фитохол_2019_А.Р_._.doc 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники