Фирмаста® Н 150

МНН: Гидрохлоротиазид, Ирбесартан
Производитель: КРКА, д.д., Ново Место
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ирбесартан в комбинации с диуретиками
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021372
Период регистрации: 14.05.2015 - 14.05.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Фирмаста® Н 150

Фирмаста ® Н 300

Фирмаста ® НД 300

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 150 мг/12,5 мг, 300 мг/12,5 мг және

300 мг/25 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

Фирмаста® Н 150

белсенді заттар: 172,21 мг ирбесартан гидрохлориді,

(150 мг ирбесартанға баламалы),

12,50 гидрохлоротиазид

қосымша заттар: маннитол, натрий крахмалының гликоляты, орын басуы төмен гидроксипропилцеллюлоза, тальк, гидроксипропилцеллюлоза, макрогол 6000, гидрогенизделген майсана майы,

үлбірлі қабығы: опадрай II қызғылт (құрамы: ішінара гидролизденген поливинил спирті, титанның қостотығы (Е171), макрогол, тальк, темірдің сары тотығы (Е172), темірдің қызыл тотығы (Е172)

Фирмаста® Н 300

белсенді заттар: 344.43 мг ирбесартан гидрохлориді,

(300 мг ирбесартанға баламалы),

12,50 гидрохлоротиазид

қосымша заттар: маннитол, натрий крахмалының гликоляты, орын басуы төмен гидроксипропилцеллюлоза, тальк, гидроксипропилцеллюлоза, макрогол 6000, гидрогенизделген майсана майы,

үлбірлі қабығы: опадрай II ақ (құрамы: ішінара гидролизденген поливинил спирті, титанның қостотығы (Е171), макрогол, тальк

Фирмаста® НД 300

белсенді заттар: 344.43 мг ирбесартан гидрохлориді,

(300 мг ирбесартанға баламалы),

25 мг гидрохлоротиазид

қосымша заттар: маннитол, натрий крахмалының гликоляты, орын басуы төмен гидроксипропилцеллюлоза, тальк, гидроксипропилцеллюлоза, макрогол 6000, гидрогенизделген майсана майы,

үлбірлі қабығы: опадрай II қызғылт (құрамы: ішінара гидролизденген поливинил спирті, титанның қостотығы (Е171), макрогол, тальк, темірдің сары тотығы (Е172), темірдің қызыл тотығы (Е172)

Сипаттамасы

Бозаң-қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған, сопақша пішінді, екі жақ беті дөңес таблеткалар (150 мг/12,5 мг доза үшін).

Ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, капсула түріндегі, екі жақ беті дөңес таблеткалар (300 мг/12,5 мг доза үшін).

Бозаң-қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған, капсула түріндегі, екі жақ беті дөңес таблеткалар (300 мг/25 мг үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Ренин-ангиотензин жүйесіне ықпалын тигізетін препараттар. Басқа препараттармен біріктірілген ангиотензин II антагонистері. Диуретиктермен біріктірілген ангиотензин II антагонистері. Диуретиктермен біріктірілген ирбесартан.

АТХ коды C09DA04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Гидрохлоротиазид пен ирбесартанды бір мезгілде қолдану препарат компоненттерінің әрқайсысының фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді. Ирбесартан мен гидрохлоротиазид – бұл биологиялық қайта түзілуді керек етпейтін белсенді препараттар. Фирмаста® Н 150, Фирмаста® Н 300 немесе Фирмаста® НД 300 препараттарын пероральді түрде қолданғаннан кейін абсолютті пероральді биожетімділігі ирбесартан және гидрохлоротиазид үшін, сәйкесінше, 60–80% және 50–80% құрайды. Тамақтану биожетімділігіне ықпалын тигізбейді. Қан плазмасында ең жоғары концентрацияға пероральді түрде қабылдаудан кейін ирбесартан 1,5–2 сағаттан соң және гидрохлоротиазид 1-2,5 сағаттан соң жетеді.

Ирбесартанның қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы 96%-ға жуықты құрайды, әрі қан компоненттерімен байланысуы төмен. Ирбесартанның таралу көлемі  53–93 литр. Гидрохлоротиазид қан плазмасы ақуыздарымен 68%-ға байланысады, оның таралу көлемі 0,83–1,14 л/кг құрайды.

Ирбесартанның фармакокинетикасы дозаға байланысты және 10–600 мг дозалар ауқымында пропорционалды. Препараттың 600 мг-ден төмен дозаларда сіңуінің ұлғайғаны байқалды; механизмі анықталған жоқ. Организмнен бүйрек арқылы жалпы шығарылуы, сәйкесінше, 157–176 және 3,0–3,5 мл/мин құрайды. Ирбесартанның ақырғы жартылай шығарылу кезеңі 11–15 сағатты құрайды. Қан плазмасында концентрациялар тұрақты деңгейге тәуліктік дозаны қабылдауды бастағаннан кейін 3 күн ішінде жетеді. Тәуліктік дозаны қайта қабылдаудан кейін қан плазмасында ирбесартанның шектеулі жиналғаны (<20 %) байқалады. Зерттеулер барысында қан плазмасында ирбесартан концентрацияларының өте жоғары деңгейлері артериялық гипертензиясы бар әйел жынысты емделушілерде байқалды. Алайда ирбесартанның жартылай шығарылу кезеңі мен жиналуы арасындағы айырмашылықтар анықталған жоқ. Әйел жынысты емделушілер үшін дозаны түзету қажет емес. AUC және Сmax мәндері де егде жастағы (>65 жас) емделушілерде, жас емделушілерге (18–40 жас) қарағанда, жоғары болды. Алайда жартылай шығарылу кезеңінің ақырғы мәндерінің айтарлықтай айырмашылықтары болған жоқ. Егде жастағы емделушілер үшін дозаны түзету қажет емес. Қан плазмасынан гидрохлоротиазидтің жартылай шығарылу кезеңінің орташа мәні 5–15 сағатты құрайды.

Пероральді немесе көктамыр ішіне қолданудан кейін қан плазмасында өзгермеген ирбесартанның 80–85%-ы айналымда болады. Ирбесартан глюкуронидтермен қосылуының және тотығуының арқасында бауырда метаболизденеді. Оның негізгі метаболиті – ирбесартан глюкурониді (6%-ға жуық).

Ирбесартанның негізінен Р450 CYP2C9 цитохромы ферментімен тотығатыны анықталды; CYP3A4 изоферменті аз ғана ықпал етеді. Ирбесартан және оның метаболиттері бауыр арқылы да, сондай-ақ бүйрек арқылы да бөлініп шығады. Пероральді немесе көктамырішілік қолданудан кейін ирбесартанның 20%-ға жуығы несеппен бірге, қалғаны нәжіспен бірге шығарылады.

Ирбесартан дозасының 2%-дан азы несеппен бірге өзгермеген күйінде шығарылады. Гидрохлоротиазид метаболизденбейді, алайда бүйрек арқылы тез шығарылады. Пероральді түрде қабылданған дозаның ең кемінде 61%-ы өзгермеген күйінде 24 сағаттың ішінде шығарылады. Гидрохлоротиазид плацентарлық бөгет арқылы өтеді, алайда гематоэнцефалдық бөгеттен өте алмайды, және емшек сүтіне бөлініп шығады.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілерде немесе гемодиализдегі емделушілерде, ирбесартанның фармакокинетикасының параметрлерінде айтарлықтай айырмашылық жоқ. Ирбесартан гемодиализ жәрдемімен шығарылмайды. Креатинин клиренсі <20 мл/мин болатын емделушілерде гидрохлоротиазидтің жартылай шығарылу кезеңінің 21 сағатқа дейін артқаны мәлімделді.

Жеңілден орташа дәрежеге дейінгі бауыр циррозы бар емделушілерде ирбесартанның фармакокинетикасының параметрлерінде айтарлықтай айырмашылық жоқ. Бауыр функциясының ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі бар емделушілердің қатысуымен зерттеулер жүргізілген жоқ

Фармакодинамикасы

Ирбесартан/гидрохлоротиазид біріктірілімі – бұл құрамында ангиотензин ІІ рецепторларының антагонисі - ирбесартан және тиазидтік диуретик-гидрохлоротиазид бар препарат. Осы ингредиенттердің біріктірілімі гипертензияға қарсы қосымша әсерге мүмкіндік береді, мұндайда әсер етуші заттардың әрқайсысын бөлек қолданған кездегіге қарағанда, артериялық қысым едәуір төмендейді.

Ирбесартан – күшті әсер ететін, селективті әсері бар ангиотензин ІІ рецепторларының (АT1 қосалқы топ) пероральді белсенді антагонисі. Ол, ангиотензин ІІ көзіне немесе синтезделу тәсіліне қарамай-ақ, АT1 рецептор қамтамасыз ететін барлық ангиотензин ІІ әсерін бөгейді. Ангиотензин ІІ рецепторларының (АТ1) селективтік антагонизмі қан плазмасында рениннің және ангиотензин ІІ-нің жоғарылауына, сондай-ақ қан плазмасында альдостерон концентрациясының төмендеуіне себеп болып табылады. Ирбесартан ұсынылған дозаларда электролит теңгерімі бұзылуының пайда болу қаупі жоқ емделушілерге қолданылғанда қан плазмасындағы калий деңгейіне айтарлықтай ықпалын тигізбейді.

Ирбесартан АКФ ангиотензин-конвертациялаушы фермент (кининаза ІІ-ні) - ангиотензин ІІ генерациялайтын, сондай-ақ брадикининді белсенді емес метаболиттерге трансформациялайтын ферментті баспайды.

Ирбесартан метаболизмдік белсенділенуді қажет етпейді.

Гидрохлоротиазид - тиазидтік диуретик. Тиазидтік диуретиктердің гипертензияға қарсы әсерінің механизмі толық зерттелген жоқ. Тиазидтер бүйрек өзекшелерінде электролиттердің қайталап сіңу механизміне ықпал етіп, натрий мен хлоридтің шамамен бірдей мөлшерде тікелей шығарылуын күшейтеді. Гидрохлоротиазидтің диурездік әсері есебінен қан плазмасының көлемі азаяды, плазма ренинінің белсенділігі және альдостерон секрециясы жоғарылайды, соның салдарынан калий мен бикарбонаттың несеппен бірге шығарылуы артады және қан плазмасындағы калий концентрациясы төмендейді. Ирбесартанды бір мезгілде қолданғанда ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің бөгелуіне байланысты жоғалған калийдің орнын толтыруға беталыс байқалуы мүмкін. Гидрохлоротиазидті қолданған кезде диурез 2 сағаттан соң басталады, ал ең жоғары әсері шамамен 4 сағаттан соң пайда болады, сонда оның әсері шамамен 6–12 сағатқа ұзарады.

Гидрохлоротиазид/ирбесартан біріктірілімі емдік дозалар ауқымында артериялық қысымның дозаға байланысты қосымша төмендеуіне себеп болады. 300 мг доза ирбесартанды ғана қабылдағанда артериялық қысымы талапқа сай бақыланбаған емделушілерде тәулігіне бір рет 12,5 мг гидрохлоротиазидті 300 мг ирбесартанға қосу, плацебо қабылдаған кездегі деректердің түзетілуімен, диастолалық артериялық қысымның (дозаны қабылдағаннан кейін 24 сағатта) әрі қарай 6.1 мм с.б. деңгейіне дейін төмендеуіне әкелді. 300 мг ирбесартанды және 12,5 мг гидрохлоротиазидті біріктіріп қолдану систолалық/диастолалық АҚ-ның 13.6/11.5 мм с.б. төмендеуіне әкелді.

Тәуліктік дозадағы 150 мг ирбесартанды және 12,5 мг гидрохлоротиазидті қолданған кезде ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейінгі артериялық гипертензиясы бар емделушілерде орташа систолалық/диастолалық артериялық қысымның, плацебо қабылдаған кездегі нәтижелер бойынша деректердің түзетілуімен, 12,9/6,9 мм с. б. деңгейіне (қолданғаннан кейін 24 сағаттан соң) төмендеді. Ең жоғары әсерлер 3–6 сағаттан кейін білінеді. Артериялық қысымға амбулаторлық мониторинг жолымен баға бергенде, 150 мг ирбесартанды және 12,5 мг гидрохлоротиазидті тәулігіне бір рет біріктіріп қолдану систолалық/диастолалық АҚ-ның 24 сағат бойы орташа төмендеу мәнінде артериялық қысымның 24 сағат ішінде біртіндеп 15,8/10,0 мм с. б. дейін төмендеуіне әкелді. АҚ-ны амбулаторлық мониторинг жолымен анықтағанда Фирмаста Н 150 мг/12,5 мг әсерінің ең төменнен ең жоғары мәнге ауысуы 100% құрады. Манжет жәрдемімен анықтағанда ең төменнен ең жоғары шектегі мәнге дейінгі әсерлер Фирмаста Н 150 мг/12,5 мг және Фирмаста Н 300 мг/12,5 мг қабылдағанда, сәйкесінше, 68 және 76% құрады. Осы әсерлер 24 сағат бойына ең жоғары мәнге қатысты АҚ шамадан тыс төмендеуінсіз байқалды және тәуліктік бір дозаны қолдану ішінде АҚ қауіпсіз және тиімді төмендеуі болып табылады.

25 мг гидрохлоротиазидті ғана қабылдағанда АҚ бақылауға қол жеткізілмеген емделушілерде, ирбесартанды қосу систолалық/диастолалық АҚ-ның 11,1/7,2 мм с.б. деңгейіне қосымша орташа төмендеуін көріністеді.

Ирбесартанды гидрохлоротиазидпен бірге қабылдағанда артериялық қысымның төмендеу әсері алғашқы дозаны қабылдағаннан кейін көрініс береді және 1-2 сағат бойына созылады, ең жоғары әсерге 6-8 аптадан кейін жетеді. Ирбесартан/гидрохлоротиазид біріктірілімін қолдану әсерінің жылдан астамға созылатыны дәлелденді. Ирбесартан/гидрохлоротиазид біріктіріліміне арнайы зерттеулер жоқ болса да, ирбесартанды да, сонымен қатар гидрохлоротиазидті де қолданғанда артериялық гипертензияның қайта жаңғыруы байқалған жоқ.

Гидрохлоротиазидпен ұзақ емделген кезде жүрек-қантамыр аурулары салдарынан аурушаңдық және өлімге ұшырау қаупі төмендегені анықталды.

Ирбесартан/гидрохлоротиазид біріктірілімін қолдануға реакция жасқа және жынысқа байланысты емес. Артериялық гипертензиясы бар негроидты нәсілдегі емделушілерде ирбесартанмен монотерапияға жауап, ренин-ангиотензин жүйесіне ықпал ететін басқа да дәрілік заттардағы сияқты, едәуір төмен болды. Ирбесартанды және төмен дозадағы гидрохлоротиазидті (мысалы, күніне 12,5 мг) бір мезгілде қолданғанда, негроид нәсілді науқастарда гипертензияға қарсы жауап басқа нәсілді емделушілердегі осындайға ұқсас.

Қолданылуы

- ирбесартанмен немесе гидрохлоротиазидпен монотерапияда артериялық қысымы тиісінше бақыланбаған ересектерде алғашқы артериялық гипертензияны емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер

Ішке қабылдау үшін.

Фирмаста® Н 150, Фирмаста ® Н 300 немесе Фирмаста ® НД 300 препаратын тамақтануға қарамай, тәулігіне бір рет қабылдайды. Дозаны әртүрлі компоненттері бойынша (яғни ирбесартанмен және гидрохлоротиазидпен) титрлеу ұсынылады.

Клиникалық іс-тәжірибеде тіркелген біріктірілімге монотерапиядан ауысуға мүмкін болады:

  • Фирмаста® Н 150 препаратын артериялық қысымы 150 мг доза гидрохлоротиазидпен немесе ирбесартанмен монотерапияда бақылауға келмейтін емделушілердің қабылдауына болады.

  • Фирмаста ® Н 300 препаратын артериялық қысымы 300 мг ирбесартанды немесе Фирмаста® Н 150 препаратын қабылдағанда жеткілікті бақыланбайтын емделушілердің қабылдауына болады.

  • Фирмаста ® НД 300 препаратын артериялық қысымы Фирмаста ® Н 300 препаратын қабылдаған кезде жеткіліксіз бақыланатын емделушілердің қабылдауына болады.

Тәулігіне бір рет 300 мг ирбесартаннан және 25 мг гидрохлоротиазидтен артық дозалар ұсынылмайды. Қажет болғанда гипертензияға қарсы басқа дәрілік заттармен бірге қолдануға болады

Емделушілердің ерекше топтары

Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар (креатинин клиренсі <30 мл/мин) емделушілерге, құрамында гидрохлоротиазид бар болғандықтан, ирбесартан/гидрохлоротиазид біріктірілімін тағайындау ұсынылмайды. Мұндай емделушілерде, тиазидтерді емес, көбіне ілмектік диуретиктерді қолданады. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар, креатинин клиренсі > 30 мл/мин құрайтын емделушілерде дозаны түзету қажет емес.

Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар емделушілерге ирбесартан/гидрохлоротиазид біріктірілімін қолдану ұсынылмайды. Бауыр функциясы бұзылған емделушілерде тиазидтерді абайлап қолданған жөн. Бауыр функциясының ауырлығы жеңіл немесе ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі бар науқастарда дозаны түзету қажет емес.

Егде жастағы емделушілерде дозаны түзету қажет емес.

Балалар мен жасөспірімдерге ирбесартан/гидрохлоротиазид біріктірілімін қолдану ұсынылмайды, өйткені препаратты қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ.

Жағымсыз құбылыстары

Жиі (>1/100 <1/10 дейін)

- қанда мочевина азоты (ҚМА), креатинин және креатинкиназа мөлшерлерінің жоғарылауы, қан плазмасында калий және натрий деңгейлерінің азаюы

- бас айналу

- жүректің айнуы/құсу

- несептің бөлініп шығуының қиындауы

- шаршау

Жиі емес(>1/1 000 <1/100 дейін)

- ортостатикалық гипотензия

- диарея

- қауіп тобындағы емделушілердегі бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің жекелеген жағдайларын қоса, бүйрек функциясының бұзылуы

- аяқ-қолдың ісінуі

- гиперемия

- жыныс функциясының бұзылуы, либидоның өзгеруі

Жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде баға беру мүмкін емес)

- бас ауыру

- құлақтың шыңылдауы

- жөтел

- диспепсия, дисгевзия

- артралгия, миалгия

- гиперкалиемия

- ангионевротикалық ісіну, бөртпе, есекжем сияқты аса жоғары сезімталдық реакциялары жағдайлары

- гепатит, бауыр функциясының бұзылуы

Ирбесартанды монотерапия түрінде қолданғанда тіркелген жағымсыз реакциялар:

Жиі емес (>1/1 000 <1/100 дейін)

- кеуденің ауыруы

Гидрохлоротиазидпен монотерапия түрінде қолданғанда (дәрілік затқа қатысына байланысты емес) тіркелген жағымсыз реакциялар:

Жиілігі белгісіз

- электролиттік теңгерімнің бұзылуы (соның ішінде гипокалиемия және гипонатриемия, гиперурикемия, глюкозоурия, гипергликемия, холестерин және триглицеридтер деңгейлерінің жоғарылауы)

- жүрек ырғағының бұзылуы

- апластикалық анемия, сүйек кемігі қызметінің бәсеңдеуі, нейтропения/агранулоцитоз, гемолитикалық анемия, лейкопения, тромбоцитопения

- бас айналу, вибрациялық сезімталдық, сандырақтау, мазасыздық

- көрудің уақытша тұмандануы, ксантопсия

- тыныс алудың асқыну (пневмонитті және өкпенің ісінуін қоса)

- панкреатит, анорексия, диарея, іш қату, асқазанның шырышты қабығының тітіркенуі, сиаладенит, тәбеттің жоғалуы

- интерстициальді нефрит, бүйрек функциясының бұзылуы

- анафилактикалық реакциялар, уытты эпидермальді некролиз, некроздық ангинит (васкулит, тері васкулиті), қызыл жегіге ұқсас тері реакциялары, қызыл жегінің қайталануы, фотосезімталдық ракциялары, тері бөртпесі, есекжем

- әлсіздік, бұлшықет түйілулері

- постуральді гипотензия

- қызба

- сарғаю (бауырішілік холестаздық сарғаю)

- депрессия, ұйқының бұзылуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді заттарға, қосымша заттардың кез келгеніне немесе сульфонамидтердің басқа туындыларына аса жоғары сезімталдық

- жүктіліктің екінші және үшінші триместрі

- бүйрек функциясының ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <30 мл/мин)

- гипокалиемияның, гиперкальциемияның тұрақты түрі

- бауыр функциясының ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі, бауыр циррозы және холестаз

- қант диабеті немесе шумақтың сүзілу жылдамдығы (ШСЖ) < 60 мл/мин/1,73м2) болатын бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілерде алискиренмен бір мезгілде қолдану

- рефрактерлі гипокалиемия, гипонатриемия, гиперкальциемия (құрамында гидрохлоротиазид бар болғандықтан)

- жүктілік, лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ирбесартан/гидрохлоротиазид біріктірілімі препаратының гипертензияға қарсы әсері гипертензияға қарсы басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолданған кезде күшеюі мүмкін. Ирбесартан мен гидрохлоротиазид (300 мг дейінгі дозадағы ирбесартан/25 мг дейінгі дозадағы гидрохлоротиазид), кальций өзекшелерінің блокаторларын және бета-адреноблокаторды қоса, гипертензияға қарсы басқа препараттармен қауіпсіз қабылданды. Жоғары дозалардағы диуретиктермен бұған дейін емдеу, егер ирбесартанды тиазидтік диуретиктермен бірге немесе онсыз ем жүргізе бастаса және алдымен айналымдағы қан көлемі теңдестірілмесе, айналымдағы қан көлемінің азаюына және артериялық гипотензияның даму қаупіне әкелуі мүмкін.

Литийді және АКФ тежегіштерін бір мезгілде қолдану кезінде қан плазмасындағы литий концентрациясының және уыттылықтың уақытша жоғарылағаны жөнінде мәлімделді. Ирбесартанды қолданған кезде осындай әсерлердің өте сирек жағдайлары жөнінде мәлімдемелер бар. Бұдан басқа, тиазидтер бүйректе литий клиренсін азайтады, сондықтан ирбесертан/гидрохлоротиазид біріктірілімін қолданған кезде литийдің уытты әсері де жоғарылауы мүмкін. Осылайша, литийді және ирбесертан/гидрохлоротиазид біріктірілімін бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Мұндай біріктірілім қажет болған жағдайда қан плазмасындағы литий деңгейіне мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады.

Гидрохлоротиазидтің жәрдемімен калийдің шығарылу әсері ирбесартан есебінен калийдің сақталу қасиетінің арқасында төмендейді. Алайда мұндай әсердің калийдің жоғалуына және гипокалиемияға әкелетін басқа да препараттардың (мысалы, калийді шығаратын басқа диуретиктердің, іш жүргізетін дәрілердің, амфотерициннің, карбеноксолонның, G натрий пенициллинінің) есебінен болуы мүмкін деген болжамдар бар. Және керісінше, ренин-ангиотензин жүйесінің функциясын басатын басқа препараттарды қолдану тәжірибесіне сүйенсек, калий жинақтаушы диуретиктерді, калий қоспаларын, сондай-ақ құрамында калий бар тұз алмастырғыштарды немесе қан плазмасындағы калий деңгейін арттыруға қабілетті басқа препараттарды (мысалы, натрий гепарині) бір мезгілде қабылдау қан плазмасындағы калий деңгейінің жоғарылауына әкеп соғуы мүмкін. Осындай қауіпке бейім емделушілерде қан плазмасындағы калий концентрацияларына тиісінше бақылау жүргізу ұсынылады.

Ирбесертан/гидрохлоротиазид біріктірілімін қан плазмасындағы калий деңгейі бұзылған кезде уыттылығы жоғарылайтын дәрілік препараттармен (мысалы, оймақгүл гликозидтері, аритмияға қарсы препараттар) бір мезгілде қолданғанда қан плазмасындағы калий деңгейіне мезгіл-мезгіл мониторинг жасауды жүзеге асыру ұсынылады.

Ангиотензин ІІ антагонистерін қабынуға қарсы стероиды емес препараттармен (яғни ЦОГ-2 селективтік тежегіштерімен, ацетилсалицил қышқылымен (>3 г/тәул.) және селективтік емес ҚҚСП) бірге қолданғанда гипертензияға қарсы әсерінің азайғаны білінуі мүмкін.

АКФ тежегіштері қабылдаған кездегідей, ангиотензин ІІ антагонистерін ҚҚСП-пен бір мезгілде қолдану салдарынан, әсіресе бүйрек функциясы алдын ала жағымсыз күйде болған емделушілерде, бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігін және қан плазмасындағы калий деңгейінің жоғарылауын қоса, бүйрек функциясының нашарлау қаупі жоғарлауы мүмкін. Мұндай біріктірілімді әсіресе егде жастағы емделушілерге сақтықпен қолданған жөн. Емделушілер сұйықтықтың қажетті мөлшерін пайдалануы тиіс және осындай біріктірілген емді бастағаннан кейін бүйрек функциясына мониторинг жүргізген, сондай-ақ оны келешекте де мезгіл-мезгіл жүзеге асырған жөн.

Ирбесартанның өзара әрекеттесуілері жөнінде қосымша ақпарат

Клиникалық зерттеулерде гидрохлоротиазид ирбесартанның фармакокинетикасын бұзған жоқ. Ирбесартан негізінен CYP2C9 жәрдемімен және ішінара глюкуронидация есебінен метаболизденеді. Ирбесартанды CYP2C9 жәрдемімен метаболизденетін препарат – варфаринмен бір мезгілде қолданғанда айтарлықтай фармакокинетикалық немесе фармакодинамикалық өзара әрекеттесу байқалған жоқ. Мұндай рифампицин сияқты CYP2C9 индукторларының ирбесартанның фармакокинетикасына ықпалы зерттелген жоқ. Ирбесартанды бір мезгілде қолдану салдарынан дигоксиннің фармакокинетикасы өзгерген жоқ.

Гидрохлоротиазидтің өзара әрекеттесулері жөнінде қосымша ақпарат

Этил спирті: ортостатиалық гипотензия пайда болуы мүмкін.Диабетке қарсы дәрілік препараттар (ішке қабылданатын дәрілер, және инсулиндер): диабетке қарсы препараттың дозасын түзету қажет болады.

Колестираминдік және колестиполдық шайырлар: аниондық алмасатын шайырлар бар болған жағдайда гидрохлоротиазидтің сіңуі бұзылады. Ифирмакомбиді одан ең кемінде бір сағат бұрын немесе олардан кейін төрт сағаттан соң қабылдаған жөн.

Кортикостероидтар, АКТГ: электролиттер көлемі азаяды, әсіресе гипокалиемия күшеюі мүмкін.

Оймақгүл гликозидтері: тиазид-индукцияланған гипокалиемия немесе гипомагниемия оймақгүл гликозидтерімен индукцияланған жүрек аритмияларының дамуына мүмкіндік береді.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар: қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қолдану кейбір емделушілерде тиазидтік диуретиктердің диуретикалық, натрийуретикалық және гипертензияға қарсы әсерлерін төмендетуі мүмкін.

Прессорлық аминдер (мысалы, норадреналин): прессорлық аминдердің әсері әлсірейді, бірақ оларды қолдануды жоққа шығаратындай соншалықты емес.

Деполяризацияланбайтын миорелаксанттар (мысалы, тубокурарин): деполяризацияланбайтын миорелаксанттардың әсері гидрохлоротиазидпен күшеюі мүмкін.

Подаграны емдеуге арналған препараттар: подаграны емдеу үшін препараттар дозасын түзету қажеттілігі туындауы мүмкін, өйткені гидрохлоротиазид қан плазмасында несеп қышқылының деңгейін арттыруы мүмкін. Пробенецидтің немесе сульфинпиразонның дозасын арттыру қажет. Тиазидтік диуретиктерді бірге қолданғанда алопуринолға сезімталдық реакцияларының жоғарылау жағдайлары артуы мүмкін.

Кальций тұздары: тиазидтік диуретиктер қан плазмасындағы кальций деңгейін, оның шығарылуының азаюына байланысты, арттыруы мүмкін. Құрамында кальций бар қоспаларды, немесе кальцийді шығармайтын препараттарды (мысалы, D витаминімен емдеу) тағайындау қажет болғанда қан плазмасындағы кальций деңгейін бақылау және кальций дозасын тиісінше таңдау қажет.

Карбамазепин: карбамазепин мен гидрохлоротиазидті бір мезгілде қолдану симптоматикалық гипонатриемияның даму қаупін туындатады. Оны қолдану кезінде электролиттердің мөлшерін бақылау қажет. Мүмкіндік болса, диуретиктердің басқа класын қолданған жөн.

Бета-блокаторлардың және диазоксидтің гипергликемиялық әсері тиазидтермен күшеюі мүмкін;

Антихолинергиялық дәрілер (мысалы, атропин, бипериден) тиазидтік түрдегі диуретиктердің биожетімділігін асқазан-ішек жолының қимылдау белсенділігін және асқазанның босау жылдамдығын төмендету жолымен арттыруы мүмкін.

Тиазидтер амантадин әсерінен туындаған жағымсыз әсерлер қаупін арттыруы мүмкін.

Тиазидтер бүйректер арқылы цитоуыттық препараттардың (мысалы, циклофосфамидтің, метотрексаттың) бөлініп шығуын азайтуы және сүйек кемігі функциясының тежелу әсерін күшейтуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Артериялық гипотензия айналымдағы қан көлемі (АҚК) төмен емделушілер:

Ирбесартан/гидрохлоротиазид біріктірілімі төмен қысымның пайда болу қаупінің басқа факторлары жоқ артериялық гипертензиясы бар емделушілерде артериялық қысымның симптоматикалық төмендеуімен сирек астасады. Симптоматикалық артериялық гипотензия диуретиктермен қарқындатылған ем, аспен тұзды пайдалануды шектеу, диарея немесе құсу салдарынан қан көлемі және/немесе онда натрий мөлшері азайған емделушілерде пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайлар ирбесартан/гидрохлоротиазид біріктірілімімен емдеуді бастағанға дейін жойылуы тиіс.

Бүйрек артерияларының стенозы — реноваскулярлық гипертензия

Емделушілерде бүйрек артерияларының екі жақты стенозын немесе функциясын атқарып тұрған жалғыз ғана бүйрек артериясының стенозын АКФ тежегіштерімен немесе ангиотензин ІІ рецепторлары антагонистерімен емдеген жағдайда артериялық гипотензияның ауыр түрлерінің және бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің пайда болу қаупі бар.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі және бүйректерді трансплантациялау

Ирбесартан/гидрохлоротиазид біріктірілімін бүйрек функциясы бұзылған емделушілерде қолданған кезде қан плазмасындағы кальций, креатинин және несеп қышқылы мөлшерлеріне мезгіл-мезгіл мониторинг жасау ұсынылады.

Ирбесартан/гидрохлоротиазид біріктірілімін бүйрегі трансплантациясы бар емделушілерде қолдану тәжірибесі жоқ.

Ирбесартан/гидрохлоротиазид біріктірілімін бүйрек функциясының ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі <30 мл/мин) емделушілерге қолданбаған жөн. Бүйрек функциясы бұзылған науқастарда тиазидтік диуретиктерді қабылдаудан болған азотемия пайда болуы мүмкін. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар, креатинин клиренсі > 30 мл/мин болатын емделушілерде дозаны түзету қажет емес. Алайда, бүйрек функциясының жеңіл және орташа дәрежедегі жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі >30 мл/мин, бірақ <60 мл/мин) емделушілерде дозасы бекітілген мұндай біріктірілімді абайлап қолданған жөн.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі

Тиазидтерді бауыр функциясының бұзылуы немесе бауырдың үдемелі ауруы бар емделушілерде абайлап қолданған жөн, өйткені су-электролиттік теңгерімнің азғантай өзгерулері бауырлық команың пайда болуын жылдамдатуы мүмкін. Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілерде ирбесартан/гидрохлоротиазид біріктірілімін қолданудың клиникалық тәжірибесі жоқ.

Аортальді және митральді клапандар стенозы, обструктивтік гипертрофиялық кардиомиопатия

Қантамырларды кеңейтетін басқа дәрілерді қолданған кездегідей, аортальді немесе митральді клапандардың стенозы, обструкциялық гипертропиялық кардиомиопатиясы бар емделушілерге препаратты аса сақтықпен қолданған жөн.

Алғашқы альдостеронизм

Алғашқы альдостеронизмі бар емделушілерде, әдеттегідей, ренин-ангиотензин жүйесін басатын дәрілерді қолданғанда гипотензиялық әсер пайда болмайды. Сондықтан ирбесартан/гидрохлоротиазид біріктірілімін қолдану ұсынылмайды.

Зат алмасуға және эндокриндік жүйеге ықпалы

Тиазидтік диуретиктермен емдеу глюкозаға толеранттылықтың бұзылуына әкеп соғуы мүмкін. Қант диабеті бар емделушілерде инсулиннің немесе гипогликемиялық препараттардың дозаларын түзету қажет болуы мүмкін. Тиазидтік диуретиктермен емдеу кезінде жасырын түрдегі қант диабетінің белгілері көрініс беруі мүмкін.

Холестерин және триглицеридтер деңгейлерінің жоғарылауы тиазидтік диуретиктерді қолданумен байланысты; алайда, ирбесартан /гидрохлоротиазид біріктірілімінің құрамында болатын 12,5 мг дозада қабылдаған кезде, ең төмен әсерінің болғаны немесе мұндайдың болмағаны жөнінде мәлімделді.

Тиазидтік диуретиктермен ем қабылдап жүрген кейбір емделушілерде гиперурикемия немесе подагра белгілері пайда болуы мүмкін.

Электролиттік теңгерімнің бұзылуы

Диуретиктерді қабылдап жүрген барлық емделушілердегі сияқты, белгілі бір тиісті уақыт аралығынан кейін қан плазмасындағы электролиттер деңгейін мезгіл-мезгіл бақылап отыру қажет.

Гидрохлоротиазидті қоса, тиазидтер сұйықтық немесе электролиттер теңгерімінің бұзылуын (гипокалиемия, гипонатриемия және гипохлоремиялық алкалоз) туындатуы мүмкін. Организмде сұйықтық немесе электролиттер теңгерімінің бұзылуын алдын ала ескертетін симптомдары – бұл ауыз ішінің құрғауы, шөлдеу, әлсіздік, сылбырлық, ұйқышылдық, мазасыздық, бұлшықеттердің ауыруы немесе құрысуы, бұлшықет әлсіздігі, артериялық гипотензия, олигурия, тахикардия және асқазан-ішек жолының жүректің айнуы немесе құсу сияқты бұзылыстары.

Тиазидтік диуретиктерді қолданған кезде гипокалиемияның дамуы мүмкін болса да, ирбесартанмен қатар емдеу диуретиктерді қабылдау әсерінен болған гипокалиемияны әлсіретуге бейім. Гипокалиемияның даму қаупіне бауыр циррозы немесе қарқындатылған диурезі бар емделушілер, сондай-ақ ішке электролиттердің тиісті мөлшерін қабылдап жүрген, және бір мезгілде кортикостероидтарды немесе АКТГ қабылдап жүрген емделушілер жоғары дәрежеде бейім болады. Және керісінше, гиперкалиемия ирбесартан/гидрохлоротиазид біріктірілімінің құрамында ирбесартан бар болғандықтан, әсіресе бүйрек функциясының жеткіліксіздігінде және/немесе жүрек функциясының жеткіліксіздігінде, сондай-ақ қант диабетінде пайда болуы мүмкін.

Қауіп тобындағы емделушілерде қан сарысуында калий деңгейіне тиісінше бақылауды жүзеге асыру ұсынылады. Ирбесартан/гидрохлоротиазид біріктірілімін және калий жинақтаушы диуретиктерді, калий қоспаларын немесе құрамында калий бар тұз алмастырғыштарды бір мезгілде абайлап қолданған жөн.

Ирбесартан диуретиктерді қолдану салдарынан гипонатриемияның пайда болуын әлсіретуі немесе жол бермеуі мүмкін екендігіне дәлелдер жоқ.

Хлоридтердің тапшылығы әдетте жеңіл түрде және, әдеттегідей, емдеуді керек етпейді.

Тиазидтер кальцийдің несеппен бірге шығарылуын азайтуы, сондай-ақ кальцийдің алмасуында белгілі бір бұзылыстар жоқ болғанда қан плазмасындағы кальций деңгейін уақытша және аз ғана жоғарылатуы мүмкін. Айқын гиперкальциемия гиперпаратиреоздың жасырын түрін айғақтауы мүмкін. Қалқанша маңы безінің функциясына талдау жүргізер алдында тиазидтер қабылдауды тоқтату қажет.

Тиазидтер магнийдің несеппен бірге шығарылуын арттырады, бұл гипомагниемияның пайда болуына әкелуі мүмкін.

Литий

Литийді және ирбесартан/гидрохлоротиазид біріктірілімін бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Допингке қарсы бақылау

Осы дәрілік заттың құрамындағы гидрохлоротиазид допингке қарсы бақылау жасағанда оң талдамалық нәтиже беруі мүмкін.

Жалпы

Қантамырлар тонусы және бүйрек функциясы ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенділігіне тәуелді емделушілерде (мысалы, жүрек функциясының ауыр дәрежедегі іркілген жеткіліксіздігі немесе, бүйрек артерияларының стенозын қоса, бастапқы сатыдағы бүйрек аурулары бар емделушілерде) АКФ тежегіштерімен немесе жүйеге ықпал ететін ангиотензин ІІ рецепторларының антагонистерімен емдеу жедел артериялық гипотензиямен, азотемиямен, олигуриямен немесе сирек жағдайларда бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігімен байланысты. Гипотензивтік дәрілерді қолданған кездегі сияқты, ишемиялық кардиопатиясы немесе ишемиялық жүрек-қантамыр аурулары бар емделушілерде артериялық қысымның шамадан тыс төмендеуі миокард инфарктісіне немесе инсультке әкеп соғуы мүмкін.

Гидрохлоротиазидке жоғары сезімталдық реакциялары сыртартқысында аллергиясы бар немесе жоқ және бронх демікпесі бар емделушілерде пайда болуы мүмкін, бірақ олар алғашқысында үлкен дәрежеде пайда болады.

Тиазидтік диуретиктерді қолданған кезде жүйелік қызыл жегінің өршуі немесе белсенділенуі жөнінде мәлімделді.

Тиазидтік диуретиктерді қолданған кезде фотосезімталдық реакциялары жөнінде мәлімделді. Емдеу кезінде фотосезімталдық реакциялары пайда болғанда оны тоқтату ұсынылады. Егер диуретиктерді қайта қолдану қажет болса, онда дененің ашық жерлерін күн сәулелерінің түсуінен немесе ультракүлгін сәулелер ауқымында жасанды сәулеленуден қорғау ұсынылады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезеңінде ангиотензин ІІ рецепторларының антагонистерін қолдануға болмайды. Егер ангиотензин ІІ рецепторларының антагонистерін қолдана отырып емдеуді ұзарту қажет болмаған жағдайда, жүктілікті жоспарлап жүрген емделушілерді жүктілік кезінде қолдану қауіпсіздігінің бейіні анықталған гипертензияға қарсы препараттармен баламалы емдеуге ауыстыру қажет. Жүктілік анықталған жағдайда ангиотензин ІІ рецепторларының антагонистерін қолдануды дереу тоқтату, және қажет болғанда, баламалы емді бастау қажет.

Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Артериялық гипертензияны емдеу кезінде ұйқышылдықтың немесе қажудың пайда болатынын көлік құралын басқарғанда немесе механизмдермен жұмыс жасағанда ескеру қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: ирбесартанмен артық дозаланудың көп таралған симптомдары – артериялық гипотензия мен тахикардия, брадикардия да болуы мүмкін

Гидрохлоротиазидпен артық дозалану электролиттердің шығарылуымен (гипокалиемиямен, гипохлоремиямен, гипонатриемиямен) және қарқындатылған диурездің салдарынан болатын сусызданумен байланысты. Артық дозаланудың өте көп таралған белгілері және симптомдары: жүректің айнуы және ұйқышылдық. Гипокалиемия оймақгүл гликозидтерін немесе аритмияға қарсы препараттарды бір мезгілде қолданғанда бұлшықеттердің түйілуіне және/немесе жүрек аритмияларының күшеюіне әкеледі.

Емі – Ирбесартан/гидрохлоротиазид біріктірілімінің артық дозалануын емдеу жөнінде арнайы ақпарат жоқ. Емделушіні мұқият тексеру керек, симптоматикалық, демеуші ем жүргізіледі.

Емдеу препаратты қолданудан бері өткен кезеңге және симптомдардың ауырлығына байланысты. Ұсынылатын шаралар – құстыру және/немесе асқазанды шаю. Артық дозаланған кезде сондай-ақ белсендірілген көмір де жәрдемдесуі мүмкін. Қан плазмасындағы электролиттер мен креатинин деңгейлерін жиі бақылау қажет. Артериялық гипотензия пайда болғанда емделушіні жатқызып, оған тұзды ерітінділерді қолдану керек, организмдегі сұйықтық көлемін арттырған жөн

Ирбесартан гемодиализ арқылы шығарылмайды. Гидрохлортиазидтің гемодиализбен шығарылу дәрежесі анықталған жоқ.

Шығарылу түрі

Ламинацияланған полиамидтік/ алюминий/ поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

Пішінді ұяшықты 2 немесе 3 қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында 30ºС-ден аспайтын температурада, ылғалдан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

КРКА, д.д. Ново место, Словения

Шмарьешка 6, 8501 Ново место, Словения

Тіркеу куәлігінің иесі

КРКА, д.д., Ново место, Словения

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«КРКА Қазақстан» ЖШС, ҚР, 050059, Алматы қ., Әл-Фараби д-лы 19,

1 б корпус, 2-ші қабат, 207 кеңсе

тел.: +7 (727) 311 08 09

факс: +7 (727) 311 08 12

info.kz@krka.biz

Прикрепленные файлы

635884991477976542_ru.doc 167 кб
836748411477977716_kz.doc 204 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники