Фильтрум®

МНН: Лигнин гидролизный
Производитель: АВВА РУС ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие кишечные адсорбенты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016741
Информация о регистрации в РК: 16.09.2021 - 16.09.2031
Номер регистрации в РБ: 10752/19/22
Информация о регистрации в РБ: 08.10.2019 - 08.10.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Фильтрум®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

400 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат:

гидролизді лигнин (100 % затқа шаққанда) 400 мг;

қосымша заттар: повидон, кальций стеараты, натрий кроскармеллозасы.

Сипаттамасы

Қарақошқыл түсті, сұр-қоңыр теңбілдері бар, екі жағы дөңес капсула тәрізді сызығы бар таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Ішек адсорбенттері. Басқа ішек адсорбенттері.

АТХ коды А07ВС

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Лигнин асқазан-ішек жолында сіңірілмейді, 24 сағат ішінде толығымен ішектен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Фильтрум® – ағаштың құрамдас бөліктерінің гидролиздік өнімдерінен тұратын табиғи энтеросорбент, құрылымдық элементтері фенилпропан және гидроцеллюлоза туындылары болып табылатын лингин полимері.

Жоғарғы дәрежеде сіңіргіш әсерге және спецификалық емес уытсыздандыратын әсерге иеленген.

Ішекте патогендік бактериялармен, бактериялық токсиндермен дәрілік препараттармен, ауыр металлдардың тұздарымен, алкогольмен, аллергендермен, сондай-ақ зат алмасуының кейір өнімдерінің шамадан тыс бөлігімен, оның ішінде билирубин, холестерин, гистамин, серотонин, мочевина, эндогендік токсикоздың пайда болуына жауап беретін басқадай метаболиттермен байланысады және оларды организмнен шығарады.

Қолданылуы

  • дәрілік препараттармен, алкалоидтармен, ауыр металлдардың тұздарымен, алкогольмен жедел улануларда

  • тағамдық токсикоинфекциялар, сальмонеллездер, дизентерия (кешенді ем құрамында)

  • айқын уыттанумен қатар жүретін іріңді-қабынбалы ауруларда

  • гипербилирубинемия және гиперазотемия (бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі)

  • тағамдық және дәрілік аллергия

  • зиянды өндіріс қызметкерлерінде созылмалы уыттанулардың профилактикасында

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерде және 0 айдан бастап балаларға шығу тегі әр түрлі экзогенді және эндогенді уыттану кезінде уытсыздандырғыш зат ретінде. Ішке, 6 жасқа дейінгі балаларға – тамақтанар және басқа дәрілік заттарды қабылдар алдында 1 сағат бұрын алдын ала ұнтақтап және 5-10 мл тазартылған суға еріту керек.

Препарат дозасы жасқа, дене салмағына және аурудың ауырлығына байланысты, 0-ден 6 айға дейінгі балаларға орташа бір реттік доза таблетканың 1/4, күніне 3 рет; 6 айдан 1 жасқа дейінгі балаларға күніне 3 рет – таблетканың 1/2; 1-3 жас – ½-1 таблетка күніне 3 рет; 4-7 жас – 1 таблетка күніне 3-4 рет; 7-12 жас – 1-2 таблетка күніне 3-4 рет; ересектерге – 2-3 таблетка күніне 3-4 рет.

Жедел жағдайларда емнің ұзақтығы 3-5 күн, аллергиялық ауруларда және созылмалы уыттануларда 14-21 күн.

Қайталанған курстар тек қана дәрігердің ұсынысы бойынша жүргізілуі тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- аллергиялық реакциялар

- іштің қатуы

- витаминдердің, кальцийдің сіңірілуінің бұзылуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратты жеке көтере алмаушылық

- асқазан және 12 елі ішек ойық жара ауруының асқынуы, ішек атониясы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Кейбір ішке қабылданатын препараттарды бір мезгілде қолданғанда, олардың емдік әсері төмендеуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Препараттың бөліп қабылданатын ережесін сақтаған кезде басқадай дәрілік препараттармен біріктіріп кешенді ем түрінде қолдануға болады.

Жүктілік және лактация

Қолдануда шектеулер жоқ.

Автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

1 немесе 5 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30о С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамада көрсетілген мерзімнен кейін пайдалануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші/қаптаушы:

«АВВА РУС» ААҚ, Ресей

610044, Киров қ-сы, Луганская к-сі, 53а-үй.

Тел. +7 (8332) 25-12-29.

www.avva.com.ru

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«АВВА РУС» ААҚ, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«AVVA Kazakhstan» ЖШС, Қазақстан Республикасы

050057, Алматы қ-сы, Бухар Жырау к-сі, 66/120-үй, 101-2 кеңсе.

Тел. 8 (727) 274-11-17.

e-mail: info@avva-rus.ru

Прикрепленные файлы

004988461477976247_ru.doc 23 кб
240657611477977510_kz.doc 54.5 кб
10752_19_p.pdf 0.19 кб
10752_19_s.pdf 0.19 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ