Ферзапин (10 мг)

МНН: Оланзапин
Производитель: Replek Farm Ltd.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Olanzapine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020866
Период регистрации: 13.10.2014 - 13.10.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 863.73 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Ферзапин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Оланзапин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 5 мг, 10 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 5 мг, 10 мг оланзапин,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, кремнийдің коллоидты қостотығы, микрокристалды целлюлоза, кросповидон (В типі), гидроксипропилцеллюлоза, тальк, магний стеараты, OpadryII85G18490 White** қабығы

Сипаттамасы

Екі беті дөңес, дөңгелек пішінді, ақтан сарғыш түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған препараттар. Психотропты препараттар. Нейролептиктер (Антипсихотиктер). Дибензодиазепиндер мен олардың туындылары. Оланзапин.

АТХ коды N05AH03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Пероральді қабылдағаннан кейін оланзапин жақсы сіңіріледі және қан плазмасындағы оның ең жоғарғы концентрациясына 5-8 сағаттан кейін жетеді. Оланзапиннің сіңірілуі ас қабылдауға байланысты емес. Плазмадағы 7-ден 1000 нг/мл-ге дейінгі концентрациясында плазма ақуыздарымен негізінен альбуминмен және 1-қышқылды-гликопротеинмен шамамен 93% оланзапин байланысады.

Оланзапин конъюгациялау және тотығу үдерісі нәтижесінде бауырда метаболизденеді. Айналымдағы негізгі метаболиті 10-N-глюкуронид болып табылады, ол гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтпейді. Р450 цитохромының CYP1A2 және CYP2D6 изоферменттері оланзапиннің N-десметил және 2-гидроксиметил метаболиттерінің түзілуіне қатысады. Р450 цитохромының CYP2D6 изоферментінің белсенділігі оланзапин метаболизмінің деңгейіне әсер етпейді. Препараттың негізгі фармакологиялық белсенділігі бастапқы зат – оланзапинмен байланысты. Оланзапиннің шамамен 57%-ы негізінен метаболиттер түрінде бүйрек арқылы шығарылады.

Оланзапин емшек сүтімен бөлініп шығарылады. Анасында теңдестірілген концентрацияға жеткенде баланың (мг/кг) алатын орташа дозасы анасының (мг/кг) 1,8% оланзапин дозасын құрады.

Оланзапиннің фармакокинетикалық көрсеткіштері шылым шегуге, жынысына және жасына байланысты құбылып отырады (кестені қараңыз).

Емделушілер сипаттамасы

Жартылай шығарылу кезеңі (сағат)

Плазмадағы клиренсі

(л/сағ)

Шылым шекпейтіндер

38,6

18,6

Шылым шегетіндер

30,4

27,7

Әйелдер

36,7

18,9

Ерлер

32,3

27,3

Егде жастағылар (65 жас және одан жоғары)

51,8

17,5

65 жастан төмен

33,8

18,2

Бүйрегі зақымдалған емделушілерде (креатинин клиренсі <10 мл/мин) дені сау адамдармен салыстырғанда орташа жартылай шығарылу кезеңінде (тиісінше 37.7 және 32.4 сағат) немесе плазмалық клиренсте (тиісінше 21.2 және 25.0 л/сағат) елеулі айырмашылық білінбейді.

Бауыр функциясының елеусіз бұзылулары бар шылым шегетін адамдарда бауыр функциясы бұзылмаған шылым шекпейтіндерге (48.8 сағат және тиісінше 14.1 л/сағ) қарағанда оланзапиннің жартылай шығарылу кезеңі көп (39.3 сағ) және клиренсі төмен (18.0 л/сағ).

Оланзапиннің плазмалық клиренсі 65 жастан кіші емделушілермен салыстырғанда егде жастағыларда, ерлермен салыстырғанда әйелдерде және шылым шегетін емделушілермен салыстырғанда шылым шекпейтіндерде төмен. Алайда жастың, жыныстың немесе шылым шегудің креатинин клиренсіне әсер ету шамасы және жартылай ыдырау кезеңі жалпы жекелей аралық вариабельділікпен салыстырғанда аз.

Оланзапин фармакокинетикасы ересек емделушілер мен 13-тен 17 жасқа дейінгі емделушілерде ұқсас. Клиникалық зерттеулерде оланзапиннің орташа әсер етуі жасөспірімдер арасында 27%-ға жоғары болды, бұл аталған топтағы емделушілердің демографиялық ерекшеліктерімен байланысты болуы мүмкін (дене салмағы барынша төмен және шылым шегетін емделушілердің аз саны).

Фармакодинамикасы

Оланзапин антипсихоздық, манияға қарсы және көңіл-күйді тұрақтандырғыш, рецепторлық жүйелердің тұтас қатары бойынша кең фармакологиялық бейін көрсететін зат болып табылады.

Препарат серотонин (5HT2A/2C, 5HT3, 5HT6), дофамин (D1 - D5), мускарин (М1 – М5), гистамин (Н1) рецепторларына, сондай-ақ, адренегриялық жүйенің α1 рецепторларына ұқсастығы жоғары, селективті түрде мезолимбиялық (А10) дофаминергиялық нейрондардың қозғыштығын төмендетеді және сонымен қатар, моторлық функцияларды реттеуге қатысатын стриарлық (А9) жүйке жолдарына елеусіз әсер етеді, каталепсия (моторлық функцияға жағымсыз әсер көрсететін бұзылыстар) туғызатын дозаларға қарағанда төмендеу дозаларда жалтару шартты рефлексін төмендетеді (антипсихоздық белсенділікті сипаттайтын тест). Препарат «анксиолитикалық» тест жүргізген кезде үрейленуге қарсы әсерді күшейтеді, өнімді (сандырақтау, елестеулер және т.б.) және жағымсыз бұзылыстар редукциясын қамтамасыз етеді.

Қолданылуы

- шизофренияны емдеу үшін (препаратқа бастапқы оң әсері бар емделушілерде ұзартылған ем жүргізгенде клиникалық әсерді демеу үшін)

- жедел маниакальді эпизодта (орташадан ауыр айқындылық дәрежесіне дейін)

- биполярлық бұзылыстары бар емделушілерде қайталанатын маниакальді эпизодтардың алдын алуда (егер маниакальді фазаны емдеген кезде препарат тиімді болса)

Қолдану тәсілі және дозалары

Оланзапинді ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады, себебі ас ішу препараттың сіңірілуіне әсер етпейді.

Шизофрения және ұқсас психоздық бұзылыстар. Препараттың ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 10 мг құрайды. Емдік дозалары тәулігіне 5 мг-ден 20 мг-ге дейінгі ауқымда құбылып тұрады. Тәуліктік дозаны науқастың клиникалық жағдайына байланысты жекелей таңдау қажет. Дозаны стандартты тәуліктік 10 мг дозадан арттыруды емделуші тиісті клиникалық тексеруден өткеннен кейін ғана кемінде 24 сағат аралықпен жүргізу ұсынылады. Дозаны біртіндеп азайту Оланзапинді қабылдауды тоқтатқан жағдайда қарастырылуы тиіс.

Биполярлық бұзылыс кезіндегі жедел мания. Ұсынылатын бастапқы дозасы монотерапия ретінде тәулігіне бір рет 15 мг немесе литиймен немесе вальпроатпен біріктірілімде тәулігіне бір рет 10 мг құрайды. Оланзапиннің емдік дозалары тәулігіне 5 мг-ден 20 мг-ге дейінгі ауқымда құбылып тұрады. Тәуліктік дозаны науқастың клиникалық жағдайына байланысты жекелей таңдау қажет. Дозаны стандартты тәуліктік 15 мг дозадан арттыруды емделуші тиісті клиникалық тексеруден өткеннен кейін ғана біртіндеп кемінде 24 сағат аралықпен жүргізу ұсынылады.

Биполярлық бұзылыс кезіндегі демеуші ем. Оланзапинді жедел манияны емдеу үшін қабылдаған емделушілерге сол дозада демеуші емді жалғастыру керек. Емделушілерде ремиссияда ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне бір рет 10 мг құрайды. Ары қарай тәуліктік дозаны науқастың клиникалық жағдайына байланысты жекелей, күніне шамамен 5 мг-ден 20 мг-ге дейінгі аралықта таңдау қажет.

Маниакальді эпизод: Ұсынылатын бастапқы дозасы монотерапия ретінде тәулігіне бір рет 15 мг немесе біріктірілген емде тәулігіне бір рет 10 мг құрайды.

Биполярлық бұзылыс кезінде қайталанудың алдын алу: Ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне бір рет 10 мг құрайды. Оланзапинді маниакальді эпизодты емдеу үшін қабылдаған емделушілерге қайталанудың алдын алу үшін емді сол дозада жалғастыру керек. Жаңадан маниакальді, аралас немесе депрессиялық эпизод туындағанда көңіл-күйді өзгерту симптомдарын емдеу үшін клиникалық көрсеткіштер бойынша қосымша емді тағайындау арқылы емді жалғастыру керек (қажет болғанда дозаны оңтайландыра отырып).

Белгілі топтағы науқастар үшін пероральді қабылдағанда тәуліктік дозаны таңдаудың жалпы ережелері. 65 жастан бастап және одан жоғары емделушілерге немесе ауыр бүйрек жеткіліксіздігін немесе орташа ауырлық дәрежесіндегі бауыр жеткіліксіздігін (бауыр циррозы, Чайлд-Пью шкаласы бойынша А және В класы) қоса басқа да клиникалық қауіп факторлары бар емделушілерге бастапқы дозаны тәулігіне 5 мг-ге дейін төмендету ұсынылады. Дозаны 5 мг-ден жоғары арттыруда сақ болу керек.

Бастапқы дозаны төмендету оланзапин метаболизмін баяулата алатын факторлар (әйел жынысты науқастар, егде жастағы науқастар, шылым шекпейтіндер) біріктірілімі бар емделушілер үшін ұсынылуы мүмкін. Мұндай емделушілерде дозаны арттыру сақтықпен жүзеге асырылуы тиіс.

Препаратты қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы мәліметтер жоқтығына байланысты Оланзапинді 18 жастан кіші емделушілерде қолдану ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

Кездесу жиілігіне байланысты жағымсыз реакциялар келесі градацияға сәйкес орналастырылған: өте жиі (≥10%), жиі (≥1%, <10%), кейде (≥0.1%, <1%), сирек (≥0.01%, <0.1%), өте сирек (<0.01%), жиілігі белгісіз (қолда бар деректерге қарай бағалау мүмкін емес).

Клиникалық зерттеулер деректері бойынша:

жиі

- астения, шаршау, бас айналуы, ортостатикалық гипотония,

- дене салмағының жоғарылауы, тәбеттің жоғарылауы

- пролактин, холестерин, глюкоза және триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы, глюкозурия, эозинофилия, бауыр трансаминазаларының транзиторлық симптомсыз жоғарылауы

-акатизия, паркинсонизм, дискинезия, антихолинергиялық әсерлер, ұйқышылдық

- бөртпе және ісіну.

Посмаркетингтік кезеңде

өте жиі

  • салмақтың артуы (дене салмағының ≥15%)

  • плазмадағы пролактин деңгейінің жоғарылауы

  • ортостатикалық гипотензия

  • ұйқышылдық

  • холестерин деңгейінің жоғарылауы

  • триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы

  • глюкоза деңгейінің жоғарылауы

жиі

  • салмақтың артуы, тәбеттің жоғарылауы, іш қату мен ауыздың құрғауын қоса орташа транзиторлық антихолинергиялық әсерлер

  • эозинофилия, лейкопения (нейтропенияны қоса), бауыр аминотрансферазалары - АЛТ, АСТ транзиторлық асимптоматикалық жоғарылауы (әсіресе емнің бастапқы сатыларында), сілтілік фосфатаза (СФ) деңгейінің жоғарылауы, холестерин деңгейінің жоғарылауы, триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы, глюкоза деңгейінің жоғарылауы, гамма-глутамилтрансфераза деңгейінің жоғарылауы, несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы, глюкозурия

  • бас айналуы, астения, шаршау, қызба, артралгия

  • акатизия, дискинезия

  • паркинсонизм

  • ерлердегі эректильді дисфункция, ерлер мен әйелдерде жыныстық құштарлықтың төмендеуі

  • бөртпе, ісіну (соның ішінде шеткергі)

кейде

  • салмақтың артуы (дене салмағының ≥25%)

  • лейкопения, нейтропения

  • брадикардия, QTc аралығының ұзаруы

  • іш кебу

  • амнезия

  • фотосезімталдық реакциясы

  • мұрыннан қан кету

  • алопеция

  • несепті ұстай алмау, несептің іркілісі

  • креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы, жалпы билирубиннің жоғарылауы

  • аменорея, сүт бездерінің ұлғаюы, әйелдердегі галакторея, гинекомастия/ерлердегі кеуде бездерінің ұлғаюы

сирек

  • гепатит (бауырдың бауыр-жасушалық, холестатикалық немесе аралас зақымдалуын қоса)

  • гипергликемия

  • құлау/ұстамалар

  • бөртпе

өте сирек

  • аллергиялық реакциялар (мысалы, анафилактоидты реакция, ангионевроздық ісіну, қышыну, есекжем)

  • тоқтату симптомдары

  • көктамырлық тромбоэмболия (соның ішінде өкпе артериясының тромбоэмболиясы және терең көктамыр тромбозы)

  • панкреатит

  • тромбоцитопения, гипертриглицеридемия, гиперхолестеринемия

  • сарғаю

  • кейде кетоацидозбен немесе комамен байланысты қант диабетінің туындауы немесе асқынуы ( өлім жағдайын қоса)

  • рабдомиолиз

  • приапизм

жиілігі белгісіз

  • гипотермия

  • құрысулар (сыртартқысында ұстамалар немесе құрысулар дамуының қауіп факторлары болғанда), қатерлі нейролептикалық синдром, дистония (көз алмасының қозғалысын қоса), кешеуілдеген дискинезия, летаргия, көзге көрінетін елестеулер, паркинсонизм симптомдарының күшеюі

  • қарыншалық тахикардия/фибрилляция, кенеттен болатын өлім

  • несеп шығарудың қиындауы, несепті ұстай алмау

- эритема

- пневмония.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

  • жабық бұрышты глаукома даму қаупінің болуы

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препараттың метаболизмі CYP1А2-ге қатысты спецификалық белсенділік көрсететін Р450 цитохромы изоферменттерінің тежегіштері немесе индукторлары әсерімен өзгеруі мүмкін.

Іn vitro зерттеулерінің деректері бойынша Оланзапин Р450 цитохромының төмендегі изоферменттері белсенділігін бәсеңдету үшін өте аз әлеуетке ие: CYP1A2, CYP2C9, CYP2C19, CYP2D6 және CYP3A. Клиникалық сынақтар төмендегі препараттармен емдеу аясында препарат дозасын бір рет енгізу метаболизмді бәсеңдетумен қатар жүрмегенін көрсетті: үш циклді антидепрессанттармен (CYP2D6) (соның ішінде имипраминмен немесе оның метаболиті дезипраминмен (CYP2D6, CYP3A, CYP1A2)), варфаринмен (CYP2C19), теофиллинмен (CYP1A2) немесе диазепаммен (CYP3A4, CYP2C19).

Оланзапин клиренсі шылым шегетін емделушілерде және карбамазепин қабылдайтын науқастарда артады (CYP1А2 белсенділігінің жоғарылауына байланысты). Клиникалық мониторинг жүргізу және қажет болса Оланзапин дозасын арттыру ұсынылады.

CYP1А2 белгілі күшті тежегіштер Оланзапин клиренсін төмендетуі мүмкін. Препарат CYP1А2 белсенділігінің күшті тежегіші болып табылмайды, сондықтан оны қабылдаған кезде теофиллин (негізінен CYP1A2 қатысуымен метаболизденетін) сияқты дәрілік заттардың фармакокинетикасы өзгермейді.

Оланзапинді литий немесе бипериденмен біріктірілімде қолданғанда дәрілік өзара әрекеттесу белгілері анықталған жоқ.

Оланзапин допаминнің тікелей және тікелей емес агонистерінің әсерін әлсіретуі мүмкін.

Оланзапиннің төзімді концентрациясының аясында этанол фармакокинетикасының өзгеруі байқалған жоқ. Алайда этанолды Оланзапинмен бірге қабылдау оланзапиннің фармакологиялық әсерлердің, соның ішінде оның седативтік әсерінің күшеюімен қатар жүруі мүмкін.

Флуоксетин (60 мг бір рет немесе 60 мг күнделікті 8 күн бойы) Оланзапиннің ең жоғарғы концентрациясының орта есеппен 16%-ға артуын және оның клиренсінің орта есеппен 16%-ға төмендеуін туғызады. Флуоксетиннің әсер ету дәрежесі осы көрсеткіштердің жекелей айырмашылықтарының айқындылығынан төмен, сондықтан әдетте флуоксетинмен біріктірілімде Оланзапиннің дозасын өзгерту ұсынылмайды.

Құрамында алюминий немесе магний бар антацидтердің немесе циметидиннің бір реттік дозасы ішке қабылдағанда Оланзапиннің биожетімділігін өзгерткен жоқ. Белсендірілген көмірмен бірге қабылдау ішке қабылдағанда Оланзапиннің биожетімділігін 50 - 60%-ға дейін төмендетеді. Белсендірілген көмірді Оланзапинді қабылдар алдында 2 сағат бұрын немесе 2 сағаттан кейін қабылдау керек.

Флувоксамин, CYP1A2 спецификалық тежегіші Оланзапин клиренсін айтарлықтай төмендетеді. Нәтижесінде флувоксаминді қабылдағанда Оланзапиннің Смах шылым шекпейтін әйелдерде 54%-ға және шылым шегетін ерлерде 77%-ға артады және Оланзапиннің AUC орташа артуы 52% және тиісінше 108% құрайды. Флувоксаминді немесе ципрофлоксацин сияқты кез келген басқа CYP1A2 тежегішін қабылдайтын емделушілерге Оланзапиннің төмендеу бастапқы дозасын тағайындау қажет. CYP1A2 тежегіштерімен ем тағайындаған кезде Оланзапин дозасын төмендету қажет.

Адам бауырының микросомаларын пайдалану арқылы жүргізілген in vitro зерттеулер Оланзапиннің вальпроат глюкурониді түзілу үдерісін елеусіз бәсеңдететінін көрсетті (вальпроат метаболизмінің негізгі жолы). Вальпроат, сондай-ақ, Оланзапин метаболизміне in vitro елеусіз әсер етеді. 2 апта бойы күнделікті 10 мг Оланзапинді in vivo бірге тағайындау плазмадағы вальпроаттың төзімді концентрациясына әсер етпейді. Осылайша, Оланзапинмен бір уақытта тағайындау вальпроат дозасын түзетуді қажет етпейді.

Оланзапинді алкоголь қолданатын немесе орталық жүйке жүйесін тежейтін дәрілік препараттарды қабылдайтын емделушілерге тағайындағанда сақ болу қажет.

Оланзапинді паркинсонизмді емдеуге арналған дәрілік препараттармен бір уақытта тағайындауға, Паркинсон ауруы және деменциясы бар емделушілерге тағайындауға болмайды. Оланзапинді QTc аралығын арттыратын препараттармен бір уақытта тағайындағанда сақ болу қажет.

Айрықша нұсқаулар

Антипсихоздық препараттармен емдеген кезде емделушінің клиникалық жағдайының жақсаруына қол жеткізу бірнеше күннен бастап бірнеше аптаға дейін созылуы мүмкін. Бұл кезеңде емделушілердің жағдайын мұқият бақылап отыру керек.

Мінез-құлықтық бұзылыстар және/немесе деменциямен байланысты психоздар

Өлім жағдайлары мен цереброваскулярлық бұзылулар (инсульт, транзиторлық ишемиялық шабуылдар) даму қаупінің жиілігі артуына байланысты деменциямен және/немесе мінез-құлықтың бұзылуымен байланысты психозы бар егде жастағы емделушілерде препаратты қолдану ұсынылмайды. Өлімнің артуы дозаға немесе Оланзапинмен емдеу ұзақтығына байланысты емес. Осы популяциядағы емделушілер өлімінің артуына қатысты қауіп факторлары 65 жастан жоғары жастағылар, дисфагия, седация, тойып тамақтанбау, организмнің сусыздануы, өкпе патологиясының болуы (пневмония, аспирация) немесе бензодиазепиндерді бір уақытта қолдану болып табылған.

Цереброваскулярлық бұзылулары бар барлық емделушілерде цереброваскулярлық жағымсыз құбылыстар (сыртартқысында цереброваскулярлық жағымсыз құбылыстардың немесе транзиторлық ишемиялық шабуылдың, гипертония, шылым шегудің болуы) дамуының қауіп факторлары, сондай-ақ, қатар жүретін аурулар және/немесе цереброваскулярлық жағымсыз әсерлері бар препараттарды қабылдау болды. 75 жастан жоғары, тамыр деменциясы немесе аралас типтегі деменция Оланзапинмен емдеуде цереброваскулярлық жағымсыз реакциялар дамуының қауіп факторлары болып табылады. Оланзапиннің тиімділігі аталған топтағы емделушілерде зерттелген жоқ.

Паркинсон ауруы. Дофаминдік рецепторлар агонистерін қолданумен туындаған Паркинсон ауруы кезінде психозды емдеу үшін Оланзапинді қолдану ұсынылмайды, себебі паркинсонизм мен елестеулер сиптомдары күшеюі мүмкін. Психоздық симптомдарды емдеу үшін Оланзапинді қолдану тиімділігі бұл жағдайда плацебоны қолданудан артық емес.

Қатерлі нейролептикалық синдром (ҚНС). Оланзапинді қоса кез келген нейролептиктерді қолданған кезде ҚНС дамуы мүмкін, оның клиникалық көрінісіне дене температурасының айтарлықтай жоғарылауы, бұлшықет ригидтілігі, психикалық статустың өзгеруі және вегетативтік бұзылыстар (тахикардия, тамыр соғысының немесе артериялық қысымның тұрақты болмауы, жүрек аритмиясы, қатты терлеу) кіреді. Қосымша белгілері мыналар болуы мүмкін - сарысулық КФК концентрациясының артуы, миоглобинурия (рабдомиолиз симптомы) және жедел бүйрек жеткіліксіздігі. Қатерлі нейролептикалық синдромның клиникалық көріністері немесе аталған синдромның басқа симптомдарынсыз дене температурасының елеулі жоғарылауы Оланзапинді қоса барлық нейролептиктерді тоқтатуды қажет етеді.

Гипергликемия және қант диабеті. Жекелеген жағдайларда Оланзапинді қолданған кезде гипергликемия, қант диабеті, бұрыннан бар диабеттің асқынуы, диабеттік кетоацидоз және диабеттік, соның ішінде өлім жағдайына әкелетін кома дамуы мүмкін. Емделушінің дене салмағының артуы осы жағымсыз әсерлердің дамуына оңтайлы факторы болуы мүмкін. Оланзапинді қоса кез келген антипсихоздық препараттарды қабылдайтын емделушілерге гипергликемия (полидипсия, полиурия, тәбеттің жоғарылауы және әлсіздік) симптомдарының болуына, сондай-ақ, қант диабеті және диабет дамуының қауіп факторлары бар емделушілерге гликемиялық бақылаудың нашарлау белгілерінің болуына мұқият клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады. Емделушілердің дене салмағына мұқият мониторинг жүргізу қажет.

Липидтердің концентрациясының өзгеруі. Оланзапин препаратымен емдеген кезде қан плазмасында липидтер концентрациясының өзгеруін дислипидемиясы бар емделушілерде және липид алмасуы бұзылуы дамуының қауіп факторлары бар емделушілерде бақылап отыру қажет. Кез келген антипсихоздық препараттарды қабылдайтын емделушілерге пайдаланылатын нормативтерге сәйкес құрамында липидтің болуына мұқият клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады.

Антихолинергиялық белсенділік. Оланзапинмен емдеу антихолинергиялық әсердің көрінуімен байланысты жағымсыз реакциялармен қатар жүруі мүмкін. Қатар жүретін аурулары бар емделушілерде Оланзапинді қолданудың клиникалық тәжірибесі шектеулі, сондықтан қуықасты безінің клиникалық маңызды қатерсіз гипертрофиясы, ішектің салданып бітелуі, жабық бұрышты глаукома және басқа да осы тектес жағдайдағы емделушілерде препаратты қабылдаған кезде сақ болу ұсынылады.

Бауыр функциясының бұзылуы. Бауыр трансаминазалары белсенділігінің транзиторлық симптомсыз жоғарылауы (аспартатаминотрансфераза - ACT және аланинаминотрансфераза -АЛТ) препаратпен емдеудің басында жиі байқалды. Бастапқыда жоғары АЛТ және/немесе АСТ белсенділігі бар емделушілерде, бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде, шектеулі функционалды бауыр резерві немесе әлеуетті гепатоуытты препараттармен ем қабылдайтын емделушілерде сақ болу керек. Гепатит (соның ішінде гепатоцеллюлярлық, холестатикалық немесе аралас) дамыған кезде Оланзапинмен емдеуді тоқтату керек.

Нейтропения. Кез келген себеппен, соның ішінде сыртартқысында қатар жүретін аурулармен, сәулемен және химиятерапиямен, сондай-ақ, гиперэозинофилиямен немесе миелопролиферативтік аурулармен байланысты сүйек кемігі функциясын тежеу арқылы нейтропенияны туғызатын дәрілік препараттарды қабылдаумен байланысты лейкоциттер және/немесе нейтрофилдердің аз мөлшері бар емделушілерде сақ болу керек. Нейтропения, әдетте, Оланзапин мен вальпрой қышқылын бір уақытта қолданғанда туындайды.

Тоқтату синдромы. Препаратты қабылдауды күрт тоқтатқанда жекелеген жағдайларда жедел туындайтын симптомдармен қатар жүретін жай-күй дамуы мүмкін: қатты тершеңдік, ұйқысыздық, тремор, мазасыздық, жүрек айнуы мен құсу.

QT аралығы. Кликалық зерттеулер барысында оланзапин қабылдайтын емделушілерде плацебо тобының емделушілерімен салыстырғанда жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан қатар жүретін құбылыстарда елеусіз айырмашылықпен кейде QTc аралығының елеулі ұзарғаны байқалды. Алайда, басқа да антипсихоздық препараттарды қабылдағандағы сияқты Оланзапинді QT аралығын ұзартатын дәрілік препараттармен бір уақытта қолданғанда, әсіресе, егде жастағыларда, туа біткен QT аралығы ұзартылған синдромы бар емделушілерде, іркілісті жүрек жеткіліксіздігінде, миокард гипертрофиясында, гипокалиемияда немесе гипомагниемияда сақ болу керек. Оланзапинмен емдеген кезде электрокардиограмманы ауық-ауық бақылап отыру керек.

Орталық жүйке жүйесіне (ОЖЖ) әсері. Препараттың ОЖЖ-ға әсер ету сипатын ескере отырып, препаратты орталық әсер ететін басқа да дәрілік препараттармен және алкоголмен біріктірілімде сақтықпен қолдану керек. invitro жағдайында оланзапин дофаминді рецепторларға қатысты антагонизм көрсетеді және дофаминнің тікелей және тікелей емес агонистерінің әсерін бәсеңдетуі мүмкін.

Тромбоэмболия. Оланзапинді қабылдаған кезде көктамыр тромбоэмболиясы туындаған жекелеген жағдайлар туралы хабарланған. Бұл оқиғалар арасындағы себеп-салдарлы байланыс анықталған жоқ. Алайда, шизофрениясы бар емделушілерде көктамыр тромбоэмболиясы дамуының қауіп факторымен қатар ұзақ иммобилизация сияқты көктамыр тромбоэмболиясы дамуының басқа да қауіп факторлары болуы мүмкін, бұл қауіп факторларын анықтап, алдын алу шараларын жүргізу қажет.

Естен тану/ұстамалар Оланзапинді сыртартқыларында естен тану/ұстамалары немесе құрысу белсенділігі шегін төмендетуге ықпал ететін қауіп факторлары бар емделушілерде сақтықпен қолдану қажет. Сирек жағдайларда (көпшілігінде сыртартқысында естен тану немесе естен тану туындауының қауіп факторы болған) оланзапин қабылдаған емделушілерде естен тану/ұстамалар туындағаны жөнінде хабарланған.

Кешеуілдеген дискинезия. Ұзақтығы бір жылдан бастап немесе одан аз салыстырмалы зерттеулерде оланзапинмен емдеу дәрі-дәрмектік түзетуді қажет ететін дискинезия дамуымен сенімді түрде сирек орын алды. Алайда, кешеуілдеген дискинезия даму қаупі препаратты ұзағырақ қолданғанда артады. Кешеуілдеген дискинезия белгілері немесе симптомдары пайда болған кезде препарат дозасын төмедету немесе оны тоқтату туралы мәселені қарастыру қажет. Кешеуілдеген дискинезия симптомдары препаратты тоқтатқаннан кейін де уақытша күшеюі немесе көрінуі мүмкін.

Постуральді гипотензия. Клиникалық зерттеулерде сирек жағдайларда егде жастағы емделушілерде постуральді гипотензияның дамуы туралы хабарланған. Басқа да антипсихоздық препараттарды қолданған жағдайлардағы сияқты 65 жастан асқан емделушілерде артериялық қысымды ауық-ауық бақылап отыру қажет.

Кенет жүректен болған өлім (КЖБӨ). Постмаркетингтік бақылаған кезде оланзапин қабылдаған емделушілер арасында кенеттен жүрек ауруынан болатын өлім жағдайлары тіркелген. Ретроспективтік обсервациялық зерттеу деректері бойынша антипсихотиктерді қабылдамаған емделушілер арасында кенеттен болатын өлім жағдайларымен салыстырғанда атиптік нейролептиктерді қабылдаған емделушілерде кенеттен болатын өлім қаупінің ұқсас, дозаға байланысты, екі есеге артуы анықталды.

Лактоза. Оланзапин құрамында лактоза бар. Туа біткен сирек галактоза көтере алмаушылық, Lapp лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы проблемалары бар емделушілерге препаратты қабылдауға болмайды.

Жүктілік және лактация

Жүктілік кезінде қолдану тәжірибесі жеткіліксіз болғандықтан және тиісті клиникалық зерттеулердің болмауына байланысты препаратты жүктілік кезінде тағайындауға болмайды. Препаратты тағайындау қажет болған жағдайда емделуші әйел үшін әлеуетті пайда мен ұрық үшін ықтималды қауіп арақатынасын ескеру керек. Емделушілер Оланзапинмен емдеу кезеңінде жүктіліктің басталуы немесе жоспарлануы туралы емдеуші дәрігерге хабарлау қажеттігі жөнінде ескертілуі тиіс. Оланзапин жүктіліктің үшінші триместрінде әсер еткен жағдайда жаңа туған нәрестелер экстрапирамидті симптомдар және/немесе тоқтату симптомдары сияқты жағымсыз реакциялар даму қаупіне ұшырайды, олар ауырлығына және ұзақтығына байланысты құбылуы мүмкін. Қозу, гипертония, гипотония, тремор, ұйқышылдық, тыныс алу немесе тамақ ішу бұзылыстары даму жағдайлары туралы хабарланған. Демек, мұндай жаңа туған нәрестелер мұқият бақылауда болуы тиіс. Препарат емшек сүтімен бөлініп шығады, осыған орай, Оланзапинмен емдеген кезде бала емізу ұсынылмайды. Лактация кезеңінде препаратты қолдану қажет болғанда бала емізуді тоқтату керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ. Ұйқышылдық және бас айналу сияқты жағымсыз құбылыстардың даму мүмкіндігін ескере отырып, автокөлікті, механикалық құралдарды басқарғанда абай болу керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: тахикардия, қозу/агрессия, дизартрия, түрлі экстрапирамидті бұзылыстар және түрлі ауырлық дәрежеде сананың бұзылуы (седативтік әсерден бастап, комаға дейін), делирий, құрысулар, қатерлі нейролептикалық синдром, тыныс алудың тежелуі, аспирация, артериялық гипертензия немесе гипотензия, аритмия, тыныс алудың және жүректің тоқтауы.

Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмірді тағайындау. Құстыру ұсынылмайды. Симптоматикалық ем, өмір сүруге маңызды ағзалар функциясын бақылау (артериялық гипотонияны, циркуляторлық коллапсты, жүрек ырғағының бұзылуын емдеуді, тыныс алу функциясын демеуді қоса). Эпинефрин, дофамин және бета-агонистік белсенділігі бар басқа да симпатомиметиктерді қолдануға болмайды, себебі бета-адренорецепторларды көтермелеу артериялық гипотонияны қиындатуы мүмкін. Мұқият медициналық бақылау және мониторингілеу емделуші жазылғанға дейін жалғасуы тиіс. Спецификалық у қайтарғы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полиамидті/алюминий фольгасы/поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

3 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Replek Farm Ltd, Скопье, Македония Республикасы

Тіркеу куәлігінің иесі

SPEY MEDICAL Ltd., Лондон, Ұлыбритания.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Cepheus Medical» (Цефей Медикал) ЖШС, 050000, ҚР, Алматы қ., Панфилов к-сі 98, «OLD SQUARE» БО, 807 кеңсе.

тел: +7 (727) 300 69 71, e-mail: cepheusmedical@gmail.com

 

Прикрепленные файлы

862113291477976689_ru.doc 120.5 кб
309089311477977844_kz.doc 149 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники