Фенибут (250 мг)

МНН: Аминофенилмасляной кислоты гидрохлорид (фенибут)
Производитель: Московский эндокринный завод ФГУП
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Фенибут
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023457
Информация о регистрации в РК: 18.01.2023 - 18.01.2033

Инструкция

Саудалық атауы

Фенибут

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар, 250 мг

Құрамы

1 таблетканың құрамында:

белсенді зат аминофенилмай қышқылы гидрохлориді

(фенибут) - 250 мг,

қосымша заттар: лактоза могогидраты, картоп крахмалы, повидон (поливинилпирролидон төменмолекулярлы медициналық), кальций стеараты.

Сипаттамасы

Ақ немесе сәл сарғыш реңді ақ түсті жалпақ цилиндр пішінді сызығы мен ойығы бар таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Психоаналептиктер. Психостимуляторлар және ноотроптар. Психостимуляторлар және басқа ноотроптар. Фенибут

АТХ коды N06ВХ22

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Абсорбциясы жоғары, препарат организмнің барлық тіндеріне және гематоэнцефалдық бөгет арқылы жақсы өтеді (ми тіндеріне препараттың енгізілген дозасының 0,1 % жуығы өтеді, оның ішінде жас және егде жастағыларда айтарлықтай жоғары дәрежеде). Бауыр мен бүйректе біркелкі таралады.

Бауырда метаболизденеді – 80-95 %, метаболиттері фармакологиялық белсенді емес. Жинақталмайды. 3 сағаттан кейін бүйректермен шығарыла бастайды, бұл кезде ми тіндеріндегі концентрациясы төмендемейді және оны мида тағы 6 сағат ішінде анықтауға болады. 5 % жуығы бүйректермен өзгермеген түрінде шығарылады, ішінара өтпен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Ноотропты дәрі, орталық жүйке жүйесінде жүйке импульстарын өткізу арқылы ГАМК (γ-аминомай қышқылы) жеңілдетеді (ГАМК-ергиялық рецепторларға тікелей әсері). Тыныштандыратын әсері белсенділендіретін әсерімен қатар жүреді. Сондай-ақ антиагрегантты, антиоксидантты және кейбір құрысуға қарсы әсерге ие. Оның метаболизмін қалпына келтіру және ми қан айналымына (көлемдік және жүелі жылдамдықты арттырады, қантамырларындағы кедергіні азайтады, микроциркуляцияны жақсартады) әсер етуі есебінен мидың функцияналдық жағдайын жақсартады.

Холино- және адренорецепторларға әсер етпейді. Латентті кезеңді ұзартады және нистагмның ұзақтығы мен айқындығын қысқартады. Вазовегетативті симптомдарды азайтады (оның ішінде бас ауыруы, баста ауырлықты сезіну, ұйқының бұзылуы, ашушаңдық, көңіл күйдің ауытқымалығы). Курспен қабылдағанда физикалық және оймен жұмыс жасау қабілетін арттырады (зейін, жады, сенсорлы-моторлық реакциялар жылдамдығы мен дәлдігі).

Астения біліністерін азайтады (жағдайдың жақсаруы, қызығушылық пен бастамашылықты арттырады (белсенділік білдіруге мотивация)) седация немесе қозусыз.

Үрейлену, ширығу және мазасыздану сезімдерінің азаюына ықпал етеді, ұйқыны қалпына келтіреді.

Егде жастағы адамдарда орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуін туындатпайды, кейіннен бұлшықетті босаңсытатын әсері болмайды деуге болады.

Этанолдың орталық жүйке жүйесіне бәсеңдететін әсерін азайтады.

Қолданылуы

- астениялық және үрейлі-невроздық жағдайларда

- балаларда кекештену, тики және энурезде

- егде жастағы адамдарда ұйқысыздық және түнгі үрейленуде

- Меньер ауруында, бас айналуы, шығу тегі әртүрлі вестибулярлық анализаторлар дисфункциясымен байланысты; кинетоздарда шайқалудың профилактикасы

- алкогольдік абстинентті синдромды емдеуде кешенді ем құрамында.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке тамақтан кейін 2-3 апталық курстармен.

Ересектер және 14 жастан бастап балаларға 250-500 мг күніне 3 рет тағайындайды (ең жоғары тәуліктік дозасы 1500 мг).

8-ден 14 жасқа дейінгі балаларға - 250 мг күніне 3 рет.

Ересектер мен 14 жастан бастап балалардағы бір реттік ең жоғары доза 750 мг, 60 жастан асқандарда - 500 мг, 8-ден 14 жасқа дейіндерде - 250 мг құрайды.

Емдеудің бірінші күндері алкогольдік абстинентті синдромды басу: күндіз 250-500 мг күніне 3 рет және түнге қарай 750 мг, тәуліктік дозаны біртіндеп ересектерге арналған әдеттегідей дозаға дейін төмендету.

Шайқалудың профилактикасы: шамамен шайқалу басталғанға дейін 1 сағат бұрын немесе теңіз ауруының бірінші жеңіл симптомы байқалғанда 250-500 мг бір рет. Фенибуттың шайқалуды басатын әсері препарат дозасын арттырғанда күшейеді. Теңіз ауруының айқын белгілері байқалғанда (құсу және т.б.) фенибутты ішке тіпті 750-1000 мг дозаларда тағайындағанның өзінде тиімділігі аз.

Отогенді лабиринтит және Меньер ауруының асқыну кезінде: 750 мг тәулігіне 3-4 рет, 5-7 күн ішінде, вестибулярлық бұзылыстардың айқындығы төмендегенде – тәулігіне 3 рет 250-500 мг-дан 5-7 күн ішінде және содан кейін – 250 мг-ден тәулігіне 1 рет 5 күн ішінде. Аурудың жеңіл ағымында –250 мг-ден тәулігіне 2 рет 5-7 күн ішінде, кейіннен дозаны тәулігіне 1 рет 7-10 күн ішінде 250 мг дейін төмендетумен.

Астениялық жағдай: ішке, тәулігіне 40-80 мг, жекелеген жағдайларда – тәулігіне 200-300 мг 1-1,5 ай ішінде.

Депрессивті жағдайлар егде жастағы – күніне 2-3 рет, тәулігіне 40-200 мг-ден 1,5-3 ай ішінде .

Жағымсыз әсерлері

- ашуланшақтық

- қозу

- үрейлену

- бас айналуы

- бас ауыруы

- ұйқышылдық

- жүрек айнуы (алғаш қабылдауда)

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- лактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы немесе глюкозо-галактоза мальабсорбциясы секілді сирек тұқым қуалайтын аурулармен пациенттерге препаратты қабылдауға болмайды

- 8 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ұйықтататын, есірткілік анальгетиктер, нейролептиктер, паркинсонға қарсы және эпилепсияға қарсы дәрілер әсерін ұзартады және күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Асқазан-ішек жолының эрозиялық ойық жаралы зақымдануында, бауыр жеткіліксіздігінде сақтықпен қолдану керек.

Ұзақ уақыт қолданғанда бауыр функциясы мен шеткері қан көрсеткіштерін қадағалау керек. Зейінді жұмылдыруды талап ететін әлеуетті қауіпті қызмет түрлерімен айналысудан бас тартқан жөн.

Фенибутты біртіндеп тоқтату керек. Препаратты қабылдауды тоқтату сызбасын пациенттің жағдайына және емдеу курсында ұсынылған дозаларына қарай емдеуші дәрігер анықтайды. Әдетте, Фенибутты қабылдауды 1-2 апта ішінде дозаны біртіндеп төмендете отырып тоқтатады.

Педиатрияда қолданылуы

8 жасқа дейінгі балаларға.

Жүктілік және лактация кезеңінде

Сақтықпен. Егер анасы үшін пайдасы бала үшін әлеуетті қауіптен жоғары болса қолдануға болады (дәрігермен кеңесу керек).

Артық дозалануы

Симптомдары: қатты ұйқышылдық, жүрек айнуы, құсу, бауырдың майлы дистрофиясы (7000 мг артық қабылдау), эозинофилия, артериялық қысымның төмендеуі, бүйрек функциясының бұзылуы.

Емі: асқазанды шаю, белсенділендірілген көмір қабылдау және симптоматикалық ем жүргізу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

250 мг таблеткалар.

10 таблеткадан пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдануы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Мәскеу эндокринді зауыты» Федеральді мемлекеттік унитарлы кәсіпорны

Ресей, Мәскеу қ-сы, 109052, Новохохловская к-сі, 25 үй,

тел./факс (495) 678-00-50, 911-42-10.

e-mail: mez@endopharm.ru

Өндірістің мекенжайы: Ресей, 109052, Мәскеу қ-сы, Новохохловская к-сі, 25 үй, 1 құр.,2 құр.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Мәскеу эндокринді зауыты» Федеральді мемлекеттік унитарлы кәсіпорны

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі қадағалуға жауапты ұйымның мекенжайы:

«Нестеренко Н.А.» ЖК, Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ-сы, Мұқанов к-сі, 104 үй,

тел.: +7 7273271602, +7 7077862629, +7 7058887587, факс +7 72796659,

e-mail: pharm_vigilance@mail.ru., ip_n_nesterenko@list.ru.

Прикрепленные файлы

фенибут_250_рус.doc 0.05 кб
Фенибут_250_каз.doc 0.08 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники