Фемостон ® 2/10

МНН: Дидрогестерон, Эстрадиол
Производитель: Эбботт Байолоджикалз Б.В.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Дидрогестерон и эстроген
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013597
Информация о регистрации в РК: 24.12.2018 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Фемостон® 2/10

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Кірпіш-қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында

белсенді зат: 2.06 мг эстрадиол гемигидраты

(2.00 мг эстрадиолға баламалы),

қосымша заттар: лактоза моногидраты, гипромеллоза (НРМС 2910), жүгері крахмалы, коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы, магний стеараты,

қабық құрамы: Opadry® ОY-6957 қызғылт: гипромеллоза (НРМС 2910), тальк, титанның қостотығы (Е171), макрогол 400, темірдің (III) қызыл тотығы (Е172), темірдің (III) қара тотығы (Е172), темірдің (III) сары тотығы (Е172).

Cары түсті үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 2.06 мг эстрадиол гемигидраты (2.00 мг эстрадиолға баламалы), 10 мг дидрогестерон,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, гипромеллоза (НРМС 2910), жүгері крахмалы, коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы, магний стеараты,

қабық құрамы: Opadry® ОY-02В2264 сары: гипромеллоза (НРМС 2910), тальк, титанның қостотығы (Е171), макрогол 400, темірдің (III) сары тотығы (Е172).

Сипаттамасы

Құрамында 2 мг эстрадиол бар таблеткалар

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, бір жағында «379» таңбасы бар, кірпіш-қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Құрамында 2 мг эстрадиол және 10 мг дидрогестерон бар таблеткалар

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, бір жағында «379» таңбасы бар, cары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жыныс гормондары және жыныс жүйесінің модуляторлары. Біріктірілген прогестагендер және эстрогендер. Бірізді «күнтізбелік» қабылдауға арналған прогестагендер мен эстрогендер. Дидрогестерон және эстрогендер.

АТХ коды G03FВ08

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Эстрадиол

Сіңірілуі. Эстрадиолдың сіңуі бөлшектерінің өлшеміне байланысты: нашар сіңірілетін кристалды эстрадиолдан ерекшелігі, микрондалған эстрадиол асқазан-ішек жолынан оңай сіңеді. Төменде көп рет қабылдағаннан кейінгі 2 мг эстрадиол дозасына арналған эстрадиол (Е2), эстрон (Е1) мен эстрон сульфатының (Е1S) фармакокинетикалық параметрлерінің орташа мәндері кестеде берілген:

Эстрадиол 2 мг

 

Е2

Е1

Е1S

Cmax

103.7 (48.2) (pg/ml)

622.2 (263.6) (pg/ml)

25.9 (16.4) (ng/ml)

Сmin

48 (30) (pg/ml)

270 (138) (pg/ml)

6.1 (6.3) (ng/ml)

Cav

68 (31) (pg/ml)

429 (191) (pg/ml)

13.9 (10.0) (ng/ml)

AUC0-24

1619 (733) (pg.h/ml)

10209 (4561) (pg.h/ml)

307.3 (224.1) (ng.h/ml)

Таралуы. Эстрогендерді байланыспаған немесе байланысқан күйде есептеуге болады. Эстрадиолдың шамамен 98-99% дозасы плазма ақуыздарымен, оның шамамен 30-52% альбуминмен және шамамен 46-69% жыныстық гормондарды байланыстырушы глобулинмен (ЖГБГ) байланысады.

Метаболизм. Препаратты ішке қабылдағаннан кейін эстрадиол тез метаболизденеді. Негізгі конъюгацияланбаған және конъюгацияланған метаболиттері – эстрон мен эстрон сульфаты. Бұл метаболиттердің өздері де, эстрадиолға айналғаннан кейін де эстрогендік белсенділік таныта алады. Эстрон сульфаты бауырішілік метаболизмге ұшырайды.

Элиминация. Эстрон мен эстрадиол көбінесе глюкуронидтер түрінде несеппен шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі 10-16 сағат құрайды. Эстрогендер бала емізетін аналарда сүтпен бөлінеді.

Дозаға және уақытқа тәуелділік. Фемостон 2/10 таблеткаларын күнделікті ішке қабылдағанда эстрадиол тұрақты концентрациясына 5 күн қабылдаудан кейін, көбінесе 8-11 күндерге қарай жетеді.

Дидрогестерон

Сіңірілуі. Ішке қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолынан тез сіңеді. Ең жоғары концентрациясына жету уақыты (Tmax) 0.5-тен 2.5 сағатқа дейін. Ішке қабылданған 20 мг доза тұсындағы дидрогестерон абсолютті биожетімділігі (көктамырішілік 7.8 мг салыстырғанда) 28% құрайды.

Дидрогестеронды 10 мг дозада көп рет ішке қабылдағаннан кейінгі дидрогестерон (Д) мен дигидродидрогестеронның (ДГД) фармакокинетикалық параметрлерінің орташа мәндері кестеде берілген:

Дидрогестерон 10 мг

 

Д

ДГД

Cmax (ng/ml)

2.54 (1.80)

62.50 (33.10)

Cmin (ng/ml)

0.13 (0.07)

3.70 (1.67)

Cav (ng/ml)

0.42 (0.25)

13.04 (4.77)

AUC0-t (ng*h/ml)

9.14 (6.43)

311.17 (114.35)

Таралуы. Дидрогестеронның тұрақты концентрациясында көктамыр ішіне енгізу кезіндегі таралу көлемі 1400 л жуық. Дидрогестерон мен ДГД қан плазмасы протеиндерімен 90% астам байланысады.

Метаболизм. Д ішке қабылданғаннан кейін ДГД тез метаболизденеді. Негізгі метаболиті – 20-α-дигидродидрогестерон (ДГД) концентрациясы дозаны қабылдағаннан кейін шамамен 1.5 сағаттан соң жоғарғы шегіне жетеді. Қан плазмасындағы ДГД концентрациясы Д-дан едәуір жоғары. ДГД мен Д AUC (қисық астындағы аудан) және Cmax (ең жоғары концентрациясы) қатынастары, тиісінше, шамамен 40 және 25 құрайды. Д және ДГД жартылай шығарылу кезеңі, тиісінше, орта есеппен 5-7 сағат және 14-17 сағат құрайды. Барлық метаболиттерінің ортақ ерекшелігі ата-аналық 4,6-диен- 3-он қосылысы конфигурациясының өзгермей қалуы және 17-альфа гидроксилденудің болмауы болып табылады. Бұл Д эстрогендік және андрогендік әсерлерінің болмауымен түсіндіріледі

Элиминация. Таңбаланған Д ішке қабылданғаннан кейін орта есеппен 63% дозасы несеппен шығарылады. Плазмасының жалпы клиренсі 6.4 л/мин. 72 сағат өткенде Д толық шығарылады. ДГД көбінесе глюкурон қышқылының конъюгаты түрінде несеппен шығарылады.

Дозаға және уақытқа тәуелділік. 2.5 мг-ден 10 мг дейінгі аралықта бір рет те, көп рет те дозаланғанда фармакокинетикасы дозаға байланысты. Бір реттік және көп реттік дозаларының кинетикасын салыстыру Д және ДГД фармакокинетикасының дозаны қайталап қабылдау нәтижесінде өзгермейтінін көрсетеді. Тұрақты концентрациясына емнің 3 күнінен кейін жетеді.

Фармакодинамикасы

Эстрадиол

Фемостонның 2/10 белсенді ингредиенті – 17-β эстрадиол химиялық және биологиялық тұрғыдан эндогенді адам эстрадиолына сәйкес. Ол менопаузадағы әйелдерде жоғалған эстрогендер өнімдерін алмастырады және эстрогендер тапшылығы симптомдарын жеңілдетеді. Эстрогендер менопауза немесе овариэктомиядан болатын сүйек тіні жоғалуынан сақтандырады.

Дидрогестерон

Ішке қабылдағанда дидрогестерон белсенділігі парентеральді енгізілген прогестерон белсенділігімен салыстырмалы. Эстрогендер эндометрий өсуіне ықпал ететіндіктен, эстрогендерді прогестагендер қоспай қабылдау эндометрий гиперплазиясы мен обыр қатерін жоғарылатады. Прогестагендер қосу жатыры алынбаған әйелдерде эстрогенге байланысты эндометрий гиперплазиясы қатерін едәуір төмендетеді.

Клиникалық зерттеулер нәтижелері бойынша эстрогендер тапшылығы симптомдарын және дисфункциялық жатырлық қан кетулерді емдеудегі Фемостон 2/10 тиімділігі:

Ұзақтығы орта есеппен 5 күнге созылатын тоқтатудан болатын жүйелі қан кетулер 76% әйелде болды. Тоқтатудан болатын қан кетулер, әдетте, орта есеппен циклдың 28-ші күні басталған. Құйылған қан кетулер және/немесе жағынды бөліністер емнің алғашқы үш айы ішінде 23% әйелде және 10-12 айлық ем кезінде 15% әйелде тіркелген. Емнің алғашқы жылы ішінде аменорея (қан кетулердің немесе жағынды бөліністердің болмауы) 21% циклда білінген. Климактериялық симптомдар айқындылығының азаюына емнің алғашқы апталарында қол жеткізілді.

Остеопороздың алдын алу.

Менопаузадағы эстроген тапшылығы сүйектің қайта үлгіленуінің жеделдеуімен және сүйек салмағының кемуімен байланысты. Эстрогендердің сүйек тінінің минералдық тығыздығына ықпалы дозаға тәуелденеді. Қорғаныс емнің бүкіл курсы бойына әрекет етеді. Орын басушы гормональді ем (ОГЕ) тоқтатылған соң сүйек салмағының көлемі ем жүргізілмеген әйелдердегі сүйек салмағының кему жылдамдығына ұқсас жылдамдықпен азаяды. WHI (Women Helath’s Initiative) зеpттeуі және мета-зерттеу нәтижелері ОГЕ (бөлек немесе прогестагенмен біріктіріліп көбінесе дені сау әйелдерге тағайындалған) ағымда пайдаланудың ортан жілік, омыртқа сынуларының және басқа да остеопороздық сынулар қатерін азайтатынын айғақтайды. ОГЕ, сонымен бірге, сүйек тығыздығы төмен және/немесе остеопорозы анықталған әйелдердегі сынуларды болдырмауы мүмкін, алайда бұл жөніндегі деректер шектеулі.

Фемостон 2/10 екі жыл қабылданғаннан кейін омыртқаның бел бөліміндегі сүйек тінінің минералдық тығыздығы (СТМТ) 5.8%±3.8% (орташа мәні±орташа шаршылы ауытқу) артты. Емделу кезінде Фемостон® 2/10 қабылдаған 93.0% әйелде бел бөліміндегі СТМТ бұрынғы деңгейде сақталған немесе жоғарылаған. Фемостон® 2/10, сондай-ақ, ортан жіліктегі СТМТ ықпал етеді. Фемостон 2/10 екі жыл қабылданғаннан кейін СТМТ ортан жілік мойыны аумағында 2.7±4.2%, ортан жілік ұршығы аумағында 3.5±5.0% және Вард үшбұрышында 2.7±6.7% жоғарылаған. Фемостон 2/10 емінен кейін 67%-78% әйелде ортан жіліктің 3 бөлімінде көрсетілген СТМТ өзгеріссіз қалған немесе жоғарылаған.

Қолданылуы

- менопаузадан кейінгі (соңғы етеккірден кейін 6 айдан кем емес) әйелдерде эстрогендер тапшылығынан болатын бұзылыстардың орын басушы гормональді емінде (ОГЕ).

- остеопороздың алдын алу үшін мақұлданған дәрілік заттарды көтере алмаушылықта немесе қолдануға қарсы көрсетілімдерінде менопаузадан кейінгі кезеңдегі сынулар қатері жоғары әйелдерде менопаузадан кейінгі остеопороздың алдын алуда

Қолдану тәсілі және дозалары

Эстроген үздіксіз қабылдауға дозаланған. Прогестаген бірізді қолдануға арналған әр 28 күндік циклдың соңғы 14 күні ішінде қосылады. Емдеу циклдың алғашқы 14 күнінде күн сайын бір қызғылт таблетка қабылдаудан басталады, артынан препаратты 28 күнтізбелік күн ішінде қабылдауға есептелген қаптамадағы нұсқауларға сай, келесі 14 күн ішінде күн сайын бір сары таблетка қабылдаумен жалғастырылады. Фемостон® 2/10 қаптамалар арасында үзіліс жасамастан үздіксіз қабылдану керек.

Әдетте, бірізді біріктірілген ОГЕ Фемостон® 2/10 препаратынан басталады. Әріқарай гормондар дозасын емдеудің клиникалық нәтижелерімен сәйкес әркімде жекеше өзгертуге болады. Үздіксіз немесе циклдық емге арналған басқа препараттан ауысу үшін емделуші әйел 28 күндік циклды аяқтап, артынан Фемостон® 2/10-ға көшу керек. Үзіліссіз біріктірілген емге арналған препараттан ауысқанда емделуші әйел осы препаратты қабылдауды кез келген күні бастай алады.

Егер әйел таблетканы уақытында қабылдауды ұмытса, оны тиісті қабылдау сәтінен бастап 12 сағат ішінде қабылдау керек. Егер 12 сағаттан көп уақыт өтіп кетсе, онда «ұмытылған» таблетканы жойып, келесі таблетканы әдеттегі уақытта қабылдау қажет. Өткізіп алғанның орнын толтыру үшін қосарлы дозасын қабылдауға болмайды. Таблетка қабылдауды өткізіп алу «құйылған» қан кету ықтималдығын арттыруы мүмкін.

Фемостон® 2/10 ас ішуге байланыссыз қабылдана береді.

Егде жастағылар. 65 жастан асқан әйелдерді емдеу тәжірибесі шектеулі.

Балалар және жасөспірімдер. Балалар және жасөспірімдерде Фемостон 2/10 қабылдауға көрсетілімдер жоқ.

Жағымсыз әсерлері

Клиникалық зерттеулерде бәрінен жиі хабарланатын жағымсыз әсерлер – бас ауыру, іштің ауыруы, сүт бездеріндегі ауыру/кернеу, белдің ауыруы.

Келесі жағымсыз әсерлер клиникалық зерттеулерде төменде берілген жиілікте байқалды

Өте жиі (≥ 1/100)

- бас ауыру

- іштің ауыруы

- арқаның ауыруы

- сүт бездерінің ауыруы/кернеуі

Жиі (>1/100, <1/10)

- қынаптық кандидоз

- депрессия, күйгелектену

- бас сақинасы, бас айналу

- жүрек айну, құсу, метеоризм

- терінің аллергиялық реакциялары (соның ішінде бөртпе, есекжем, қышыну)

- етеккірлік бұзылыстар (жағынды бөліністер, жатырдан қан кету, меноррагия, олиго-/аменорея, жүйесіз етеккірлер, дисменорея), кіші жамбастың ауыруы, цервикальді сөлініс

- астениялық жай-күйлер (астения, қажу, жайсыздану), шеткергі ісінулер

- денеге салмақ қосу

Жиі емес (>1/1000, <1/100)

- жатыр миомасы көлемдерінің ұлғаюы

- аса жоғары сезімталдық реакциялары

- либидо өзгерістері

- көктамыр тромбоэмболиясы

- бауыр функциясының кейде сарғаюмен, астениямен және іштің ауыруымен қатар жүретін бұзылуы, өт қабы функциясының бұзылуы

- сүт бездері көлемінің ұлғаюы, етеккір алдындағы синдром

- дене салмағының кемуі

Сирек (>1/10000, <1/1000)

- миокард инфарктісі

- ангионевротикалық ісіну, тамыр пурпурасы

Сүт безі обырының (СБО) қатері

Құрамында эстроген-прогестаген біріктірілген препараттарды 5 жыл бойы және одан көп қабылдаған әйелдерде СБО қаупі 2 есеге дейін жоғары. Құрамында эстроген бар препараттар пайдаланушыларда СБО қатерінің кез келген жоғарылауы біріктірілген препараттар пайдаланушылардағыдан едәуір төмен. Қауіп шамасы емдеу ұзақтығына байланысты.

Рандомизацияланған (WHI – Women Helath’s Initiative) және эпидемиологиялық (MWS – Million Women Study) ірі зерттеу нәтижелері төменде берілген:

MWS (Миллион әйелді зерттеу) – 5 жыл емделуден кейінгі СБО күтілімді қатері.

Жасы

5 жыл бойы ешқашан ОГЕ қабылдамаған 1000 әйелге қосымша жағдайлар саны1

Қауіптер қатынасы және 95% ЗК#

5 жыл бойы ОГЕ қабылдаған 1000 әйелге қосымша жағдайлар саны (95% ЗК)

 

Құрамында эстроген бар препараттар

50-65

9-12

1.2

1-2 (0-3)

 

Эстроген + прогестаген

50-65

9-12

1.7

6 (5-7)

# - қауіптердің жиынтық қатынасы. Бұл шама тұрақты емес, ем ұзақтығының ұзаруына қарай артады.

Ескерту: СБО аурушаңдық Еуропа елдерінде ерекшеленетіндіктен, СБО қосымша жағдайларының саны да пропорционал өзгеріп отырады.

1 – дамыған елдердегі аурушаңдық есебінен.

US WHI study (Әйелдер Денсаулығын Зерттеу Бастамасы) – ОГЕ пайдаланылған 5 жылдан кейінгі СБО қосымша қатері.

Жасы

5 жыл бойына плацебо қабылдаған 1000 әйелге аурушаңдық

Қауіптер қатынасы және 95% ЗК

5 жыл бойы ОГЕ қабылдаған 1000 әйелге қосымша жағдайлар саны (95% ЗК)

 

Құрамында эстроген бар препараттар (конъюгацияланған)

50-79

21

0.8 (0.7-1.0)

-4 (-6 – 0)2

 

Эстроген + прогестаген (медроксипрогестерон ацетаты)*

50-79

17

1.2 (1.0-1.5)

+4 (0 - 9)

* Талдау зерттеуге алынғанша ешқашан ОГЕ қабылдамаған әйелдермен шектелгенде емнің алғапқы 5 жылында қатер жоғарылауы болмаған: 5 жылдан кейін қатер, ешқашан ОГЕ қабылдамағандарға қарағанда, жоғары болды.

2 – СБО қаупінің жоғарылауы анықталмаған жатыры алынған WHI зерттеуіндегі әйелдер тобы.

Эндометрий обыры (ЭО)

Жатыры алынбаған менопаузадан кейінгі әйелдер

ЭО қатері ОГЕ пайдаланбайтын жатыры бар әр 1000 әйелге шамамен 5 жағдайдан келеді. Жатыры бар әйелдерге құрамында тек эстрогендер бар ОГЕ препараттары ұсынылмайды, өйткені бұл ЭО қатерін арттырады. Эстрогендермен монотерапияның ұзақтығына және дозасына қарай, эпидемиологиялық зерттеулер нәтижелері бойынша ЭО қаупінің жоғарылауы 50-65 жастағы әр 1000 әйелге қосымша диагностикаланған жағдайлар 5-тен 55-ке дейін ауытқиды.

Кемінде 12 күндік цикл кезінде эстрогендермен монотерапияға прогестагендер қосу бұл жоғары қатерді едәуір қысқартады. MWS зерттеуінде біріктірілген ОГЕ режимдерін (циклдық немесе үзіліссіз) қолдану эндометрий обыры қатерін арттырмаған (ҚҚ – 1 (0.8 – 1.2)).

Аналық без обыры

Моноэстрогенді және біріктірілген ОГЕ емін ұзақ уақыт қолдану аналық без обырының болымсыз артуымен байланыстырылады. MWS зерттеу нәтижелері бойынша, 5 жыл бойғы ОГЕ тұсында 2500 пайдаланушыға аналық без обырының 1 қосымша жағдайы байқалады.

Көктамыр тромбоэмболиясы қатері

ОГЕ тұсында көктамыр тромбоэмболиясының (КТЭ) салыстырмалы қаупі, яғни терең көктамырлар немесе өкпе артериясы тромбоздары 1.3-3.0 есе жоғарылайды. Мұндай асқыну ОГЕ бірінші жылында аса ықтимал. WHI зерттеу нәтижелері төменде берілген:

WHI study (Әйелдер Денсаулығын Зерттеу Бастамасы) – ОГЕ пайдаланылған 5 жылдан кейінгі КТЭ қосымша қатері.

Жасы

5 жыл бойына плацебо қабылдаған 1000 әйелге аурушаңдық

Қауіптер қатынасы және 95% ЗК

5 жыл бойы ОГЕ қабылдаған 1000 әйелге қосымша жағдайлар саны (95% ЗК)

 

Құрамында тек эстроген бар ішуге арналған препараттар3

50-79

7

1.2 (0.6-2.4)

1 (-3–10)

 

Құрамында эстроген +прогестаген біріктірілген ішуге арналған препараттар

50-79

4

2.3 (1.2-4.3)

5 (1-13)

Ишемиялық жүрек ауруы қатері жасы 60-тан асқан біріктірілген ОГЕ пайдаланушылар тобында аздап жоғары.

Ишемиялық инсульт (ИИ) қатері. Моноэстрогенді және біріктірілген ОГЕ препараттарын қабылдау ишемиялық инсульттің салыстырмалы даму қаупінің 1.5 есеге дейін артуымен байланыстырылады. Геморрагиялық инсульт қатері ОГЕ кезінде жоғарыламайды. Салыстырмалы қауіп жас шамасына немесе ОГЕ ұзақтығына байланысты емес, бірақ бастапқы қатер жасқа көп байланысты екендіктен, қорытындысында инсульт қаупі ОГЕ-дегі әйелдерде жас ұлғаюымен артады.

WHI study (Әйелдер Денсаулығын Зерттеу Бастамасы) – ОГЕ пайдаланылған 5 жылдан кейінгі ИИ4 қосымша қатері

Жасы

5 жыл бойы плацебо қабылдаған 1000 әйелге аурушаңдық

Қауіптер қатынасы және 95% ЗК

5 жыл бойы ОГЕ қабылдаған 1000 әйелге қосымша жағдайлар саны (95% ЗК)

50-79

8

1.3 (1.1-1.6)

3 (1-5)

3-Жатыры алынған әйелдердегі зерттеу

4-Ишемиялық және геморрагиялық инсульт арасында жіктеліс жоқ

Біріктірілген эстроген-прогестаген препараттарын (эстрадиол/ дидрогестеронды қоса) қабылдаумен байланысты белгілі болған басқа да жағымсыз құбылыстар:

- эндометрий обыры, аналық без обыры сияқты эстрогенге тәуелді қатерсіз және қатерлі жаңа түзілімдер

- прогестагенге тәуелді ісік көлемінің ұлғаюы (мысалы, менингиомалар)

- гемолитикалық анемия

- жүйелі қызыл жегі

- гипертриглицеридемия

- деменция ықтималдығы, хорея, эпилепсияның өршуі

- кератоконус күшеюі, жанаспалы линзалар жақпаушылығы

- артериялық тромбоэмболия

- панкреатит (гипертриглицеридемиясы бар әйелдерде)

- мультиформалы түйінді эритема, тамыр пурпурасы, препаратты тоқтатқаннан кейін қалуы мүмкін хлоазма немесе мелазма

- балтыр бұлшықеттерінің түйілуі

- несепті ұстай алмау

- сүт безі тінінің фиброзды-кистозды өзгерістері, жатыр мойны эрозиясы

- порфирияның ауырлап кетуі

- қалқанша без гормондары деңгейінің жоғарылауы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • бұрын диагностикаланған немесе күдік тудыратын сүт безінің обыры

  • диагностикаланған немесе күдік тудыратын эстрогенге тәуелді қатерлі ісіктер (мысалы, эндометрий обыры немесе басқалары)

  • диагностикаланған немесе күдік тудыратын простагенге тәуелді жаңа түзілімдер (соның ішінде, менингиома)

  • шығу тегі түсініксіз жыныс жолдарынан қан кетулер

  • бақыланбайтын эндометрий гиперплазиясы

  • қазіргі уақыттағы немесе сыртартқыдағы көктамыр тромбоэмболиясы (терең көктамырлар тромбозы немесе өкпе тамырлары тромбоэмболиясы)

  • диагностикаланған тромбофилиялық бұзылыстар (протеин С, протеин S немесе антитромбин тапшылығы)

  • қазіргі уақыттағы белсенді немесе жуық арада болған артериялық тромбоэмболия (соның ішінде, ишемиялық жүрек ауруы, миокард инфарктісі, ишемиялық инсульт)

  • бауырдың белсенді немесе сыртартқыдағы, бауыр тестілерінің қалпына түсуіне дейінгі аурулары

  • порфирия

  • анықталған немесе жорамалды жүктілік және бала емізу кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

  • препараттың белсенді заттарына немесе қосымша компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дәрілік өзара әрекеттесулеріне қатысты зерттеулер жүргізілмеген.

Дәрігер әйелдің қазіргі уақытта қабылдап жүрген немесе Фемостон 2/10 тағайындалғанша қабылдаған дәрілік препараттары туралы сұрастырып білуі тиіс.

Эстрогендер мен прогестагендер тиімділігі төмендеуі мүмкін:

Бауырдың микросомалық ферменттерін индукциялайтын Р450 цитохромы, мысалы, 2В6, 3А4, 3А5, 3А7 жүйесінің препараттары бір мезгілде қолданылғанда эстрогендер метаболизмі жоғарылауы мүмкін. Оларға құрысуға қарсы (фенобарбитал, карбамазепин, фенитоин) және жұқпаға қарсы (рифампицин, рибавирин, невирапин, эфавиренез) препараттар жатады.

Ритонавир мен нелфинавир CYP450 3A4, A5, A7 қуатты тежегіштері ретінде белгілі болғанымен, керісінше, стероидты гормондармен бір мезгілде қолданылғанда бауыр ферменттерін индукциялайды.

Құрамында шайқурай (Hypericum perforatum) шөбі бар өсімдік тектес дәрілік препараттар CYP450 3A4 бәсеңдету жолымен эстрогендер мен прогестагендер метаболизмін жоғарылатады.

Эстрогендер мен простагендер метаболизмінің жоғарылауы клиникалық тұрғыда етеккірге ұқсас реакция сипатының өзгеруімен және тиімділігінің төмендеуімен көрініс беруі мүмкін.

Эстрогендер басқа дәрілік заттар метаболизмін бұзуы мүмкін:

Эстрогендер өзінен-өзі бәсекелі бәсеңдету арқылы дәрілер метаболизміне қатысатын CYP450 жүйесі энзимдерін тежеуге қабілетті. Бұл, әсіресе, мыналар сияқты емдік көрсетілімдері тар препараттарға қатысты ерекше маңызды:

- такролимус және циклоспорин А (CYP450 3А4, 3А3)

- фентанил (CYP450 3А4)

- теофиллин (CYP450 1А2).

Клиникалық тұрғыда бұл осы заттардың плазмадағы деңгейінің уыттылыққа дейін жоғарылауымен көрініс бере алады. Осылайша, емделуші әйелдерді ұзаққа созылатын уақыт кезеңі бойына мұқият бақылау және такролимус, фентанил, теофиллин және циклоспорин А дозаларын азайту қажет болуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

ОГЕ менопауза симптомдары әйелдің тіршілік сапасына елеулі ықпал ететін жағдайларда тағайындалады. Барлық емделуші әйелдерге, кем дегенде, жылына бір рет қауіптер мен артықшылықтарды мұқият бағалау қажет. Күтілетін артықшылықтары болжамды қауіптерден елеулі асып кеткенше Фемостон 2/10 қабылдау жалғасады.

Мерзімінен бұрын болған менопаузаны емдеу кезінде ОГЕ-мен байланысты қауіптерге қатысты деректер шектеулі. Жас әйелдердегі төмен абсолютті қауіпке орай, олар үшін артықшылықтар мен қатерлер арақатынасы үлкендеу жастағы әйелдерге қарағанда аса жайлы болуы мүмкін.

Медициналық тексеру және бақылау.

ОГЕ бастау немесе қайта жаңғырту алдында толық медициналық және отбасылық сыртартқы жинастыру қажет. Медициналық тексеру (сүт бездері мен кіші жамбас ағзаларын тексеруді қоса) болжамды қарсы көрсетілімдері мен сақтану шараларын қадағалауды талап ететін жай-күйлерді анықтау мақсатында жүргізіледі. Фемостон® 2/10 препаратымен емделу кезінде динамикалық бақылау ұсынылады, зерттеу жиілігі мен сипаты әркімге жеке белгіленеді. Емделуші әйелдер сүт бездеріндегі барлық өзгерістер жөнінде біліп отыруы тиіс, олар туралы емдеуші дәрігерге шұғыл хабарлауы тиіс. Арнайы зерттеулер, маммографияны қоса, клиникалық көрсетілімдерін ескерумен қабылданған скрининг нормаларына сәйкес жүргізіледі.

Бақылау талап етілетін жай-күйлер

Фемостон® 2/10-мен емделу кезінде, егер оларда төменде аталған жай-күйлер орын алса немесе бұрын болса, емделуші әйелдер дәрігердің мұқият қадағалауында болуы тиіс:

- жатыр миомасы немесе эндометриоз

- тромбоэмболия немесе оны дамытатын қауіп факторлары

- эстрогенге тәуелді ісіктердің қауіп факторлары мысалы, туыстығы 1 дәрежедегі туысқандардағы сүт безі обыры

- артериялық гипертензия

- бауыр аурулары (гепатоцеллюлярлы аденома)

- ангиопатиясы бар немесе онсыз қант диабеті

- өт-тас ауруы

- бас сақинасы немесе (ауыр) бас ауыру

- жүйелі қызыл жегі

- сыртартқыдағы эндометрий гиперплазиясы

- эпилепсия

- бронх демікпесі

- отосклероз.

Мұны осы жай-күйлердің айқындылығы жүктілік немесе осының алдындағы гормональді ем кезінде күшейе түскен емделуші әйелдерге қолдануға болады. Фемостон® 2/10-мен емделгенде бұл жай-күйлердің жаңғыруы немесе едәуір айқындала түсуі мүмкін екенін ескеру қажет.

Емді дереу тоқтату себептері.

Фемостон® 2/10 қабылдау қарсы көрсетілімдер анықталғанда және мына жағдайларда тоқтатылу керек:

- сарғаю немесе бауыр функциясының бұзылуы

- артериялық қысымның елeулі көтерілуі

- бас сақинасына ұқсас бас ауырудың пайда болуы

- жүктілік

Эндометрий гиперплазиясы және обыры.

Эстрогендерді ұзақ уақыт қабылдағанда эндометрий гиперплазиясы мен обырының қатері артады. Моноэстрогенді ОГЕ препараттарын пайдаланушылар арасында эндометрий обыры қаупінің, пайдаланбайтындармен салыстырғанда, эстроген дозасы мен емдеу ұзақтығына қарай 2-ден 12 есеге дейін жоғарылауы білінеді. Эстроген қабылдауды тоқтатқан соң да қатер 10 жыл бойына жоғары күйде қалады.

28 күндік цикл барысында кемінде 12 күн прогестагендер қосу немесе біріктірілген препарат қабылдау осы қауіпті жатыры алынбаған әйелдерде едәуір азайтады.

Емнің бастапқы бірнеше айында кейде құйылған қан кету және жағынды қан кету байқалады. Фемостон 2/10 қабылдау кезіндегі құйылған қан кету немесе жағынды қан кету кезінде немесе емді тоқтатқаннан кейін себебін анықтау үшін тексеру жүргізу қажет. Ол қатерлі үдерісті жоққа шығаруға арналған эндометрий биопсиясын қамтуы мүмкін.

Сүт безі обыры (СБО).

Клиникалық және фармако-эпидемиологиялық зерттеулер нәтижелерінің қазіргізамандық деректеріне сай, ОГЕ үшін біріктірілген препараттар және, мүмкін, моноэстрогенді препараттар қабылдайтын әйелдерде СБО қаупі жоғары, әрі бұл шама ем ұзақтығына байланысты.

Құрамында эстроген+прогестаген біріктірілген препараттар

Рандомизацияланған плацебо-бақыланатын WHI зерттеуі және фармако- эпидемиологиялық зерттеулер ОГЕ үшін біріктірілген препараттар қабылдайтын әйелдерде СБО қатерінің артуын көрсетті, ол ем басталғаннан кейін 3 жылдан соң көрініс береді.

Құрамында эстроген бар препараттармен монотерапия

WHI зерттеуінде құрамында тек эстроген бар препараттар пайдаланған жатыры алынған әйелдерде СБО қатерінің жоғарылауы анықталмаған. Обсервациялық зерттеулерде біріктірілген препараттар қабылдаған әйелдердегіден көп төмен СБО қаупінің болымсыз жоғарылауы хабарланады.

СБО қатерінің артуы емнің алғашқы бірнеше жылында байқалады, бірақ емді тоқтатқаннан кейін бірнеше жыл (көп дегенде 5 жыл) ішінде бастапқы деңгейіне оралады. ОГЕ үшін біріктірілген препараттар қабылдағанда маммографиялық бейнелену тығыздығы артады, бұл СБО рентгенологиялық диагностикасына теріс ықпал етуі мүмкін.

Аналық без обыры

Аналық без обырына шалдығу, СБО қарағанда, біршама сирек. Моноэстрогенді препаратты ұзақ уақыт қолдану (ең кемі 5-10 жыл) аналық без обыры қаупінің аздап жоғарылауымен байланыстырылады. WHI қамтылатын кейбір зерттеулер біріктірілген ОГЕ препараттарын ұзақ уақыт пайдалану дәл осындай немесе біршама аз қауіппен байланысты деп жорамалдауға мүмкіндік береді.

Көктамыр тромбоэмболиясы.

ОГЕ көктамыр тромбоэмболиясының (КТЭ), яғни терең көктамырлар тромбозы мен өкпе тромбоэмболиясының 1.3-3 есе салыстырмалы даму қаупінің артуымен астасады. Осындай асқыну ықтималдығы, кейінгілеріне қарағанда, емнің бірінші жылында жоғары.

Сыртартқысында КТЭ бар немесе тромбофилиялық жай-күйлері диагностикаланған емделуші әйелдерде КТЭ қатері жоғары, ал ОГЕ бұл қауіпті арттыруы мүмкін. Сондықтан ОГЕ емделуші әйелдердің осы тобында қарсы көрсетілімді.

КТЭ бойынша қауіп факторларына: эстрогендер пайдалану, егде жас, ауқымды хирургиялық операциялар, ұзаққа созылатын иммобилизация, ауыр дәрежелі семіздік (ДСИ 30 кг/м2 аса), жүктілік және босанудан кейінгі кезең, жүйелі қызыл жегі және обыр жатады. Қазіргі таңда көктамырлардың варикозды кеңеюінің КТЭ қауіп факторларына қатысы туралы бірыңғай пікір жоқ.

Емделуші әйелдерде операциядан кейінгі кезеңде КТЭ болдырмау шараларын қабылдау қажет. Операциядан кейін ұзаққа созылатын иммобилизация болжанатын жағдайларда, әсіресе, құрсақ қуысы ағзаларына немесе аяққа жасалатын ортопедиялық операцияларда Фемостон 2/10 қабылдауды, мүмкіндігінше, 4-6 апта бұрын тоқтату керек. Емдеуді қозғалыс белсенділігі толық қалпына келгеннен кейін ғана жаңғыртуға болады.

Сыртартқысында КТЭ жоқ, бірақ туыстығы бірінші дәрежедегі туысқандарының сыртартқысында жас кездерінде КТЭ болған әйелдер тромбофилия тұрғысынан тексерілуі тиіс. Бұл орайда скрининг кезінде қан ұю патологиясының барлық түрлері бірдей анықтала бермейтінін ескеру және әйелге ескерту керек. Егер отбасы мүшелерінде тромбофилиялық ақау (мысалы, антитромбин, протеин S немесе протеин С тапшылығы немесе ақаулар бірігуі) анықталса, ОГЕ қолдануға болмайды.

Антикоагулянтты ем қабылдайтын осы қауіп тобындағы емделуші әйелдерге ОГЕ тағайындау қауіптері мен артықшылықтары арақатынасын мұқият бағалау талап етіледі.

Егер КТЭ Фемостон 2/10 қабылдау аясында дамыса, емді тоқтата тұру керек. Емделуші әйел болжамды КТЭ симптомдарының алғашқылары (аяқтардың ауырсынулы ісінуі, кеуденің кенеттен ауыруы, ентігу) пайда болғанда емдеуші дәрігерге дереу қаралу керектігін білуі тиіс.

Ишемиялық жүрек ауруы (ИЖА).

Рандомизацияланған клиникалық зерттеулерде ИЖА бар немесе онсыз әйелдерді миокард инфарктісінің дамуынан қорғайтын ОГЕ (тек эстрогендермен немесе прогестагендермен біріктірілімде) пайдасына дәлелдер алынбаған.

Құрамында эстроген+прогестаген біріктірілген препараттар

ОГЕ үшін біріктірілген препараттармен емделу кезеңінде ИЖА салыстырмалы қатері болымсыз жоғарылайды. ИЖА абсолютті даму қатері едәуір шамада жасқа байланысты екендіктен, біріктірілген ОГЕ препараттарын алатын әйелдердегі ИЖА қосымша жағдайлар жиілігі менопауза басталуына жақын жастағы дені сау әйелдер тобында өте төмен және жас ұлғаюымен артады.

Құрамында эстроген бар препараттармен монотерапия

Рандомизацияланған зерттеулер деректері бойынша, монотерапияда эстрогендер алатын жатыры алынған әйелдерде ИЖА қаупі жоғарыламайды.

Ишемиялық инсульт.

ОГЕ үшін біріктірілген препараттармен ОГЕ кезінде дені сау әйелдерде ишемиялық инсульт қаупі 1.5 есе артады. Салыстырмалы қатер жас шамасына немесе менопауза өтіліне байланысты емес. Алайда ишемиялық инсульт қаупінің жасқа байланысты екені белгілі, сондықтан ОГЕ қабылдайтын әйелдерде инсульт қаупі жас ұлғаюымен артады.

Басқа да жай-күйлер

Эстрогендер сұйықтық іркіліcіне ықпал етеді, сондықтан жүрек немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар емделуші әйелдер мұқият қадағалауды қажет етеді.

Гипертриглицеридемиясы бар әйелдер ОГЕ кезінде мұқият қадағалауды қажет етеді, өйткені эстрогендер қабылдаған осындай ахуалдағы әйелдерде панкреатит дамуына әкелген қан плазмасындағы триглицеридтердің елеулі жоғарылауы жөнінде сирек хабарламалар бар.

Эстрогендер тиреоид-байланыстырушы глобулин (TBG) деңгейін арттырады, бұл йод ақуызымен байланысқан Т4 немесе Т3 деңгейімен өлшенетін айналымдағы тиреоидты гормонның жалпы деңгейін жоғарылатады. Бос күйдегі Т4 және Т3 деңгейлері өзгермейді.

Басқа байланыстырушы протеиндер, мысалы, кортикоид-байланыстырғыш глобулин, жыныс гормондарын байланыстыратын глобулин деңгейлері жоғарылауы мүмкін, бұл айналымдағы кортикостероидты және жыныс гормондары деңгейін тиісінше арттырады. Бос немесе биологиялық белсенді гормондар концентрациялары өзгермейді. Сонымен бірге, плазманың басқа протеиндерінің (ангиотензин/ренин субстраты, -1-антитрипсин, церулоплазмин) деңгейлері жоғарылуы мүмкін.

ОГЕ когнитивтік функцияны жақсартпайды. ОГЕ бастаған жасы 65-тен асқан әйелдерде деменция қатері болуы мүмкін.

Сирек тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылуы бар науқастар Фемостон® 2/10 қабылдамауы тиіс.

Фемостон® 2/10 ұрықтануға қарсы дәрі емес.

Жүктілік және лактация

Жүктілік кезінде Фемостон® 2/10 қолдану көрсетілмеген. Егер Фемостон® 2/10 қабылдау аясында жүктілік басталса, емді дереу тоқтату керек. Бала емізу кезеңінде Фемостон® 2/10 қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлік және қозғалмалы механизмдер басқару кезінде сақтық шарасын қадағалау қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: Эстрадиол мен дидрогестеронның уыттылығы төмен дәрежеде. Жүрек айну, құсу, сүт бездерінің ауырсынуы, бас ауыру, іштің ауыруы, ұйқышылдық/қажу және тоқтатудан болатын қан кету сияқты препараттың жағымсыз әсерлері күшеюі мүмкін.

Емі: симптоматикалық. Спецификалық ем қажет болу ықтималдығы аз. Арнайы у қайтарғысы жоқ. Осы ақпарат балаларға қатысты да қолдануға болады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

28 таблеткадан (құрамында 2 мг эстрадиол бар кірпіш-қызғылт түсті 14 таблетка және құрамында 2 мг эстрадиол мен 10 мг дидрогестерон бар сары түсті 14 таблетка) поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

30С-ден аспайтын температурада сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Эбботт Байолоджикалз Б.В.

Си.Джей. ван Хоутенлаан, 36, НЛ-1381, СП Веесп, Нидерланды

Тіркеу куәлігінің иесі

Эбботт Хелскеа Продактс Б.В., Нидерланды

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «Абботт Лабораториз СА» өкілдігі

Достық д-лы 117/6, «Хан Тәңірі-2» бизнес орталығы, 050059, Алматы қ., Қазақстан Республикасы. Тел. +7 727 2447544, +7 727 2447644.

e-mail: pv.kazakhstan@abbott.com

Прикрепленные файлы

462272981477976776_ru.doc 172.5 кб
965390371477977935_kz.doc 216 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники