Фасторик™-Н (0,05%)

МНН: Ксилометазолин
Производитель: Плетхико Фармасьютикалз Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Xylometazoline
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№009116
Информация о регистрации в РК: 31.10.2016 - 31.10.2021
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 231.76 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Фасторик™-Н

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ксилометазолин

Дәрілік түрі

0.05 % және 0.1 % мұрынға тамызатын дәрі, 10 мл

Құрамы

10 мл препараттың құрамында

белсенді зат 5 мг/10 мг ксилометазолин гидрохлориді;

қосымша заттар: динатрий гидрофосфат додекагидраты, натрий дигидрофосфат дигидраты, натрий хлориді, динатрий эдетаты, бензалконий хлориді 50% ерітіндісі, тазартылған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Антиконгестанттар және жергілікті қолдануға арналған басқа да мұрынға арналған препараттар. Симпатомиметиктер. Ксилометазолин.

АТХ коды R01AA07

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ксилометазолин ерітіндісін мұрынға дұрыс тамызғанда әдетте жүйелік сіңу болмайды. Қантамырды тарылтатын жергілікті әсері қолданғаннан кейін бірнеше минуттан соң білінеді. Алайда мұрын ішіне дұрыс тамызбау немесе шамадан тыс тамызу препараттың мұрынның шырышты қабығы арқылы аздаған мөлшерде сіңуіне немесе оның жұтылуына әкеп соқтыруы мүмкін.

Фармакодинамикасы

Фасторик™-Н, β-адренорецепторларға ықпалын тигізбей, α2-адренорецепторларды көтермелейтін симпатомиметикалық дәрі болып табылады. Мұрынның шырышты қабығына жергілікті қолданған кезде ксилометазолин тез және ұзақ уақыт қан тамырын тарылтатын әсер береді, ол мұрын секрециясын және мұрынның бітелуін азайтуға әкеледі. Әсері препаратты қолданғаннан кейін 5–10 минуттан соң басталады және 5–6 сағатқа дейін жалғасады.

Қолданылуы

- суық тиюден болған ауруларда, ринитте және синуситте мұрынның бітелуіне және мұрынның шырышты қабығының ісінуіне симптоматикалық ем жүргізуге

- евстахиитте, серозды ортаңғы отитте

- аллергиялық ринит (поллинозды қоса)

- мұрын жолдарына диагностикалық манипуляция жасау үшін науқасты дайындауда.

Қолдану тәсілдері және дозалары

Мұрын ішіне. Ересектер мен 6 жастан асқан балаларға мұрынға арналған тамшыны – әр мұрын жолына 0.1% ерітіндіні 2-3 тамшыдан тәулігіне 2-3 рет (әрбір 8-10 сағат сайын).

2-ден 6 жасқа дейінгі балаларға: әр мұрын жолына 0.05% ерітіндіні 1-2 тамшыдан күніне 1 немесе 2 рет; тәулігіне екі-үш реттен жиі қолданбау керек.

Орташа емдеу курсы 3-5 күн, бірақ 5-7 күннен асырмайды.

Жағымсыз әсерлері

Жиі және/немесе ұзақ қолданған кезде

- мұрын жұтқыншақ шырышты қабығының тітіркенуі және/немесе құрғауы, шымылдатып ашыту, шаншу, тәуелділік, түшкіру, гиперсекреция, мұрын шырышы атрофиясы, созылмалы ринит

Сирек

- мұрын шырышы қабығының ісінуі

- жүрек қағуы, тахикардия, аритмия, артериялық қысымның жоғарылауы

- бас ауыруы, ұйқысыздық

- көрудің нашарлауы

- құсу

- аллергиялық реакциялар (ісіну, бөртпе)

- депрессия (жоғары дозада ұзақ қолданған кезде)

Өте сирек

- инсомния, седация, елестеулер немесе құрысулар (балаларда)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- МАО тежегіштерімен бір мезгілде қабылдау

- артериялық гипертензия, тахикардия

- айқын атеросклероз

- жабықбұрышты глаукома

- феохромоцитома

- атрофиялық ринитте

- гипертироез

- ми қабыршығына транссфеноидальді гипосектомиядан немесе хирургиялық араласулардан кейінгі жай-күй

- 6 жасқа дейінгі балалар (0,1% ерітінді үшін) және 2 жасқа дейінгі балалар (0,05% ерітінді үшін)

Сақтықпен

- порфирия

- ұйқы безі гиперплазиясы

- қант диабеті

- жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фармацевтикалық: емделу кезінде және МАО тежегіштерімен емдеу аяқталғаннан кейін 14 күн бойы ксилометазолинді моноаминооксидаза (МАО) тежегіштерімен бір мезгілде қолданбаған жөн.

Фармакодинамикалық/фармакокинетикалық: жергілікті қолдануға арналған тамшылар мен ішу арқылы қабылданатын препараттармен өзара әрекеттесуі неғайбыл болса да, жекелеген жағдайларда келесі дәрілермен өзара әрекеттесуі мүмкін: фуразолидон, гуанетидин, индометацин, метилдопа, бромокриптин, теофиллин; кола, шай, кофе, шоколад және басқа өнімдер құрамындағы кофеин; трициклды антидепрессанттар: амитриптилин, доксепин, кломипрамин, нортриптилин және басқалар; фенотиазиндер: хлорпромазин, тиоридазин, прохлорперазин.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты тағайындалған тәуліктік дозадан арттыруға болмайды.

Ұзақ уақыт немесе шамадан тыс қолдану мұрынның екінші қайтара бітелуін – «рикошет» синдромын, немесе «дәрі-дәрмектік ринит» деп аталатын синдромды тудыруы мүмкін. Сондықтан емдеуді әдетте 3-5 күн жүргізеді, бірақ ешқашан 5-7 күннен асырмау керек.

Ксилометазолин ұйқысыздық, бас айналуы, тремор, жүрек ырғағының бұзылуы немесе артериялық қысымның жоғарылауы сияқты симтомдарды білінетін адренергиялық затқа сезімтал адамдарда сақтықпен қолданылуы тиіс.

Ксилометазолинді пациенттерде; гипертиреоз, қант диабеті, гипертония, атеросклероз, аневризма, жүректің ишемиялық ауруы, аритмия, тахикардия, феохромоцитомасы бар және простатаның ұлғаюымен байланысты несеп шығару қиындығы бар кезде абайлап және тек дәрігердің тағайындауынан кейін ғана пайдалану керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Ксилометазолинді жүйелі тамыр тарылтқыш әсерінің мүмкіндігіне байланысты жүктілік кезінде пайдалануға болмайды.

Ксилометазолинді емшек емізу кезеңінде дәрігердің тағайындауын сақтаған жағдайда ғана пайдалануға болады.

Сақтық шаралары:

- балаларға және егде жастағыларға: мұрынның бітелуін басатын дәрілерді жергілікті қолданған кезде мұрынның шырышты қабығында, әсіресе онда қабыну болғанда, немесе тамшылар жұтылғанда тез сіңетін болғандықтан, жүйелік әсерлер басталуы мүмкін. Мұндай реакциялар көбіне емшек еметін және жасы кішкентай балаларда, сондай-ақ егде жастағы пациенттерде байқалуы мүмкін.

- бір құтыны басқа адамдардың қолдануы инфекцияның таралуына әкеп соқтыруы мүмкін.

- препарат тек сыртқа қолдануға ғана арналған.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ксилометазолин көлік құралдарын басқару қабілетіне немесе құралдарды пайдалануға ықпал етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі: симптоматикалық емдеу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 мл-ден мөлдір емес пластиктен жасалған сүттей ақ түстес құтыға құйылған.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурда сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Плетхико Фармасьютикалз Лтд

Дхаравара, Калария – 453 001, Индор (М.П.), Үндістан

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Plethico Laboratories Pvt. Ltd.

38, Industrial Estate, Pologround, Indore – 452 015, (M.P.), Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Метабол Қазақстан» ЖШС, 100009, Қарағанды қ-сы, Ермеков к-сі 110/2

тел.+7(212)48-16-44, факс +7(212)48-17-44

электронды поштасы:  metabolcompany@mail.ru

Прикрепленные файлы

Фасторик-Н_рус.doc 0.06 кб
Фасторик-Н_каз.doc 0.06 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту