Фарингосепт® (со вкусом лимона)

МНН: Амбазон
Производитель: С.К. Терапия С.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ambazone
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015701
Период регистрации: 21.01.2016 - 21.01.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Фарингосепт®

Халықаралық патеттелмеген атауы

Амбазон

Дәрілік түрі

Соруға арналған 10 мг таблеткалар

Лимон дәмі бар соруға арналған 10 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 10 мг амбазон моногидраты,

қосымша заттар: сахароза, лактоза моногидраты, какао, повидон К30, стеарин қышқылы, ванилин (соруға арналған таблеткалар), лимон хош иістендіргіші (лимон дәмі бар соруға арналған таблеткалар).

-

Сипаттамасы

Соруға арналған таблеткалар: шеттері бүтін, беткейі жайпақ және пигментті, тегіс цилиндр тәрізді қоңыр түсті қатты таблеткалар.

Лимон дәмі бар соруға арналған таблеткалар: шеттері бүтін, беткейі жайпақ және пигментті, бір жақ бетінде «L» әрпі бар, тегіс цилиндр тәрізді қоңыр түсті қатты таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Амбазон

АТХ коды R02AA01

Фармакологиялық қасиеттері

ЛОР-практикада және стоматологияда жергілікті қолдануға арналған антисептикалық дәрі. Бактериостатикалық әсер етеді. Streptococcus haemoliticus, Streptococcus viridans, Pneumococcus қатысты белсенді. Ішектің микрофлорасына әсер етпейді.

Қолданылуы

Ауыз қуысы және көмей жедел инфекциялық-қабыну ауруларын кешенді емдеу құрамында

- гингивитте, стоматитте, ангинада, фарингитте, тонзиллитте

- тонзилэктомиядан және тістің экстракциясынан кейін

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер — тәулігіне 3–5 таблеткадан (30–50 мг).

6-дан 18 жасқа дейінгі балаларға тәулігіне 3 таблетка (30мг) қабылдауға болады. Емдеу курсы – 3-4 күн. Фарингосепт таблеткасын жұтпай, толық ерігенше ауызда ұстап сору керек. Препаратты тамақтанғаннан кейін бірден (15-30 минуттан соң) қолданады, препаратты қабылдағаннан кейін 2-3 сағат бойы тамақ пен судан бас тарта тұру ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

- аса жоғары сезімталдық жағдайларында - қышыну, тері бөртпесі болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- амбазонға немесе препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

- 6 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Фарингосепт® құрамында қант болғандықтан соруға арналған 10 мг таблеткалар (бір таблеткада 729 мг) мен Фарингосепт® лимон дәмі бар соруға арналған таблеткаларын (бір таблеткада 745 мг) қант диабетімен ауыратындарға қолданудан аулақ болу ұсынылады.

Құрамында лактоза болғандықтан (бір таблеткада 150 мг) лактозаны көтере алмайтын науқастарға қолдануға болмайды.

Жүктілік және лактация

Препарат жүктілік және лактация кезінде қолданылуы мүмкін

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған. Егер препаратты кездейсоқ жоғары дозада қабылдаған болса, онда құстырту және асқазанды шаю керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан пішінді ұяшықты қаптамада. 1 немесе 2 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

Соруға арналған таблеткалар, 10 мг – 2 жыл

Лимон дәмі бар соруға арналған таблеткалар, 10 мг – 3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

S.C.TERAPIA S.A., Str. Fabricii, nr 124, Cluj-Napoca 400 632, Румыния

Тіркеу куәлігінің иесі

Sun Pharmaceutical Ind Ltd, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы «Sun Pharmaceutical Ind Ltd» өкілдігі

Алматы қ., Манас к-сі 32А, САТ БО, 602 кеңсе

тел.: 8-800-080-5202

эл. поштасы: regulatory.kz@sunpharma.com

 

Прикрепленные файлы

669682981477976308_ru.doc 43.5 кб
553127801477977553_kz.doc 51.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники