Фарингомед

Производитель: Материа Медика Холдинг НПФ ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты для лечения заболеваний глотки
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021810
Период регистрации: 19.11.2015 - 19.11.2020

Инструкция

Саудалық атауы

ФАРИНГОМЕД

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Соруға арналған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында:

белсенді заттар: Phytolacca americana (Phytolacca) С24, Atropa belladonna (Вelladonna) С30, Hepar sulfuris С12, Acidum silicicum (Silicea) С12;

қосымша заттар: изомальт, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты, сусыз лимон қышқылы, коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий цикламаты, натрий сахарині.

Сипаттамасы

Тегісцилиндр түріндегі, сызығы мен ойығы бар, ақтан ақ дерлік түске дейінгі таблеткалар. Тегіс жағында сызығы мен MATERIA MEDICA деген жазуы, екінші тегіс жағында FARINGOMED деген жазу бар.

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар.

АТХ коды R02A

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетика

Талдаудың осы заманғы физика-химиялық әдістерінің сезімталдығы (газды сұйық хроматография, тиімділігі жоғары сұйықтық хроматография, хромато-масс-спектрометрия) биологиялық сұйықтықтарда, ағзалар мен тіндерде антиденелердің шамадан тыс аз дозасы құрамын бағалауға мүмкіндік бермейді, сондықтан Фарингомед препаратының фармакокинетикасын зерттеу техникалық тұрғыда мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Ауыру сезімін және қабынуды басатын әсер көрсетеді. Тамақтағы ісінуді, қызаруды, жыбырлауды және ауыру сезімді азайтады, мұрынмен тыныс алуды жеңілдетеді, ЛОР-мүшелері жағынан асқынулардың даму мүмкіндігін төмендетеді.

Қолданылуы

Кешенді емнің құрамында ересектерде және 6 жастан асқан балаларда жұтқыншақтағы қабыну ауруларын емдеу үшін.

Қолдану тәсілі және дозалары

Бір рет қабылдауға бір таблетканы толық ерігенге дейін ауызда ұстау керек.

Аурудың алғашқы белгілері байқалғанда-ақ препаратты қабылдауды бастаған дұрыс.

Препаратты келесі кесте бойынша қабылдау керек: емдеудің алғашқы 2 сағатында – әр сағат сайын 1 таблеткадан, содан соң 1 таблеткадан әр 3-4 сағат сайын, қабылдау тәулігіне 5 таблеткадан көп болмауы тиіс. Емдеу курсы 6 күн, қажет болған кезде курс жалғастырылуы мүмкін.

Препаратпен емдеуді бастағаннан кейін 24 сағат ішінде аурудың айқын симптомдары сақталса дәрігерге қаралу керек.

Жағымсыз әсерлері

- препараттың компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық реакциялары болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

- 6 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Осы уақытқа дейін басқадай дәрілік заттармен үйлесімсіздік жағдайлары анықталған жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінде Фарингомедті қолдану қауіпсіздігі зерттелген жоқ. Препаратты қолдану қажет болған жағдайда қауіп/пайда арақатынасын ескеру керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат автокөлікті жүргізу және қауіпті механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: дәрілік түрдің құрамына кіретін толықтырғыштардың әсерінен диспепсиялық бұзылыстар болуы мүмкін.

Емдеу: симптоматикалық

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминийлі фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан. 1, 2 немесе 5 пішінді ұяшықты қаптама мемлекеттік және орыс тілінде жазылған медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25°С–ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Өндіруші

«МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ,

Ресей, 127473, Мәскеу қ., 3-ші Самотечный қысқа к-сі, 9 үй.

Тел./факс: (495) 684-43-33.

Тіркеу куәлігінің иесі

«МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ, Ресей.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ ҚР өкілдігі

Алматы қ., Сейфуллин к-сі 498, 507 кеңсе.

Тел./факс: 2734713

E-mail: kz@dep.materiamedica.ru

Прикрепленные файлы

097747461477976334_ru.doc 43.5 кб
870491941477977594_kz.doc 20.44 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники