Фаниган ™ Фаст

МНН: Диклофенак
Производитель: Кусум Хелткер Пвт. Лтд.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014609
Период регистрации: 19.11.2014 - 19.11.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

ФанИганТМ Фаст

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған гель

Құрамы

1 грамм гельдің құрамында

белсенді заттар: диклофенак диэтиламин-11,6 мг, бұл

10 мг натрий диклофенагына баламалы

ментол -50 мг

метилсалицилат-100 мг

зығыр майы - 30 мг

қосымша заттар: пропиленгликоль, карбомер 940, динатрий эдетаты, полисорбат 80, натрий гидроксиді, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар ақ түсті біртекті гель

Фармакотерапиялық тобы

Тірек-қимыл аппараты ауруларын жергілікті емдеуге арналған басқа да препараттар. Басқа да препараттар

АТХ коды М02А Х10

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Гель түрінде қолданған кезде диклофенак тікелей диффузиялану жолымен теріастылық шелмай тініне, бұлшықет тініне, буын капсуласына және синовиальдық сұйықтыққа терең өте отырып баяу резорбцияланады. Ұзақ емдегенде немесе үлкен зақымдану аймақтарына жаққанда диклофенак қан плазмасына біртіндеп (теріге жағылған дозаның 3-6 %-ы) өтеді. Гельді 3 күн бойы 2,5 г (10 мг/см2) мөлшерде тәулігіне 3 реттен ұзақ уақыт қолданғаннан кейін диклофенактың тұрақты концентрациялары қан плазасында 20-40 нмоль/л, синовиальді сұйықтықта-370 нмоль/л, синовиальді тінде- 410 нмоль/л құраған. Синовиальді сұйықтықтағы концентрациялары жеткілікті түрде тұрақты, ал қан плазмасындағысы жылдам төмендейді. Диклофенак глюкурон қышқылымен коньюгациялану жолымен бауырда метаболизденеді. Несеппен диклофенактың шамамен 70% жуығы, қалғаны - нәжіспен шығарылады.

Сыртқа қолданған кезде метилсалицилат жылдам сіңіріледі, теріастылық шел қабатына, бұлшықет тіні мен буын капсуласына өтеді және гидролиздене отырып салицил қышқылының анионына айналады.

Фармакодинамикасы

Жергілікті қолданғанда ФаниганТМ Фаст гель ауыруды басатын, қабынуға қарсы және ісінуге қарсы әсер етеді. Буындардың ауыруы мен қабынуын кетіреді, таңертеңгі сіреспе мен буындардың домбығуын азайтады, буындардағы қозғалыс көлемін ұлғайтады.

ФаниганТМ Фаст гельдің әсері оның құрамына кіретін компоненттерге байланысты болады.

Диклофенак ҚҚСП (қабынуға қарсы стероидты емес препараттар) тобына жатады, циклооксигеназаны тежейді, простагландиндердің - қызба, қабыну мен ауырудың генезінде маңызды рөл ойнайтын эндогенді заттардың биосинтезін басады. Диклофенак ауыруды басады, қабынуды жояды.

Ментол суықтық рецепторларының тітіркенуін туындатады. Бұл оны жаққан жердегі қылтамырлар тарылуымен және өткізгіштігінің азаюымен,суықты сезінумен қатар жүреді. Жергілікті аулақтатқыш және орташа айқындықтағы ауыруды басатын әсер етеді, ментолдың сіңірілуі болымсыз. Ментол бауырда метаболизденеді және глюкуронидтер түрінде бүйрекпен және өтпен бөлініп шығады.

Метилсалицилат салицил қышқылының туындысы болып табылады және жергілікті тітіркендіргіш әсерге ие. Тері рецепторларының тітіркенуін туындата отырып, метилсалицилат ауыруды сезінуді азайтады. Бұдан бөлек метилсалицилат простогландиндер синтезін тежейді, бұл ісінуді және қабынған тіндердің инфильтрациялануын азайтады. Жергілікті қолданғанда зақымданбаған тері арқылы қабыну ошағына тереңдей еніп, емдік жоғары концентрацияларды түзеді. Қабынған тіндерде метилсалицилат гидролизденеді және бауырда дегидроксибензой қышқылына метаболизденіп, салицил қышқылының анионына айналады және бүйрекпен шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі 2 сағатты құрайды.

Зығыр дәнінің майы, негізгі компоненті альфа-линолен қышқылы (қанықпаған май қышқылының этил эфирі) болып табылады, қабынуға қарсы әсерге, антиоксидантты қасиеттерге ие, жаққан жердегі қан айналымын жақсартады. Препараттың әсері теріге жаққанан кейін бірнеше минуттан кейін-ақ басталады, ал 20-30 мин өткеннен кейін ең жоғарғы шыңына жетеді. Негізгі клиникалық симптодарының жоғалуы әдетте емдеуді бастағаннан кейін бірінші күндері басталады.

ФаниганТМ Фаст гельдің әсері теріге жаққаннан кейін бірнеше минут өткеннен кейін басталады. 20 - 30 минуттан кейін гельдің әсері ең жоғарғы деңгейге жетеді. Негізгі клиникалық симптодарының жоғалуы әдетте емдеуді бастағаннан кейін бірінші күндері басталады.

Қолданылуы

Тірек-қимыл аппаратының ауырумен және ісінумен қатар жүретін қабынбалы-дегенеративті сипаттағы ауруларын жергілікті емдегенде

- ревматоидты артритте

- шорбуынданатын спондилоартритте (Бехтерев ауруында)

- жедел подагралық, псориаздық және жарақаттан кейінгі артриттерде

- жұмсақ тіндердің ревматикалық зақымдануларында (тендовагинитте, бурситте, миозитте)

- остеоартрозда

- омыртқа жотасының остеохондрозында

- миалгияда, невралгияда, люмбалгияда

- жарақаттарда (соғылуларда, байламдардың, бұлшықеттер мен сіңірлердің созылуларында)

- ауыр дене жүктемелері туындатқан бұлшықет пен буындар ауыруларында

Қолдану тәсілі мен дозалары

Ауыру аймағының көлеміне байланысты 2 – 4 г гельді (4 – 8 см жолақты) тәулігіне 2-3 рет теріге жұқа қабатпен жағып, жеңіл ысқылайды. Орташа тәуліктік доза 10 г гельді құрайды, бұл 100 мг натрий диклофенагын құрайды. Препаратты зақымданбаған теріге жағу, көз бен шырышты қабаттарға тиюін болғызбау керек. Гельді ашық жараларға жағуға болмайды. Емдеу курсының ұзақтығы дәрігердің кеңесінсіз 10 күннен аспауы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- тері бөртпесі, ісіну мен күлбіреуіктердің, папулалардың, қабыршықтардың түзілуі, қызару

- терінің құрғауы

- ашытып күйдіруді немесе шымшылдауды сезіну

- тері қышынуы, есекжем

Жекелеген жағдайларда

- жайылған бөртпенің пайда болуы

- беттің ісінуі түріндегі жоғары сезімталдық реакциясының дамуы (ангионевротикалық ісіну)

- тұншығу

- фотосенсибилизация

ФаниганТМ Фаст гельді терінің ауқымды аймақтарына жаққанда жүйелі жағымсыз әсерлер

- қыжыл, жүрек айнуы, құсу, диарея

- гастралгиялар

- бауыр трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы

- бас ауыруы, бас айналуы

- гематурия

- анафилактикалық шок, тері бөртпесі

- анемия, тромбоцитопения, лейкопения, агранулоцитоз

- қан кету уақытының ұзаруы дамуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- диклофенак пен препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық

- эпидермистің зақымдануы, қолданған аймақтағы ашық жаралар

- ацетилсалицил қышқылын қабылдау аясындағы демікпелік статус

- этиологиясы анықталмаған қан түзілісінің бұзылуы

- асқазан мен 12-елі ішектің асқыну сатысындағы ойық жарасы

- жүктілік пен лактация кезеңі

- 12 жасқа дейінгі балалар (осы жаста препаратты сыртқа қолдану тәжірибесі жеткіліксіз).

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

ФаниганТМ Фаст гелін басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолдануға болады, өйткені осы препарат компоненттерінің олармен, соның ішінде ішу арқылы қабылданған натрий диклофенагымен жүйелі өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Алайда ФаниганТМ Фаст гелін үлкен дозаларда ұзақ қолданғанда диклофенак антикоагулянттардың, глюкокортикостероидтардың, литий препараттарының әсерлерін күшейтетінін, сондай-ақ фуросемид пен тиазидті диуретиктердің әсерін әлсірететінін ескеру қажет. Препарат қан плазмасындағы дикгоксин концентрациясын жоғарылатуы, асқазан-ішек жолына ульцерогенді әсерін күшейте отырып, басқа қабынуға қарсы стероидты емес дәрілердің көтере алушылығын төмендетуі мүмкін.

Құрамында қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер бар бірнеше препаратты бір мезгілде қолданғанда есекжем, қызару, қабыршықтану түріндегі жергілікті тітіркенудің дамуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Қандай да бір жағымсыз құбылыстар пайда болғанда қосымша зерттеу және емге түзету жүргізу қажет.

Бұрын ацетилсалицил қышқылын, басқа салицилаттар мен басқа да қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді жергілікті қолданғанда жоғары сезімталдық реакциясы (демікпе ұстамалары, тері реакциялары немесе вазомоторлы риниттер) байқалған емделушілерде препаратты барлық күтілетін қауіп факторлары мен пайдасын мұқият таразылай отырып, абайлап қолданады.

ФаниганТМ Фаст гельді сыртартқысында асқазан мен он екі елі ішектің пептикалық ойық жарасы, бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылуы, қан айналымының бұзылуы, мұрын шырышты қабығының полипозы бар емделушілерге абайлап қолданады.

Гельді жаққан кезде препарат қалдықтарының шырышты қабықтар мен көзге тиюін болғызбау үшін қолды жуу керек.

Педиатриялық практикада қолданылуы

Препаратты 12 жасқа дейінгі балаларға қолдану қауіпсіздігіне қатысты деректер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе әлеуетті қаупі бар механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Ұсынылатын дозаларда жергілікті қолданғанда препараттың реакция жылдамдығына әсер ету ықтималдығы аз.

Артық дозалануы

Симптомдары: бас ауыруы, құлақтағы шыңыл, көрудің бұзылуы, жүрек айнуы, құсу, диарея, эпигастрий аймағының ауыруы, тыныс алудың бәсеңдеуі, респираторлық алкалоз немесе метаболиялық ацидоз, гипертермия, гипокалиемия, гипергликемия, АҚ жоғарылауы, бүйрек функциясының бұзылуы, құрысулар, бауыр жеткіліксіздігі.

Емі: симптоматикалы. У қайтарғысы белгісіз.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Препарат 30 г-ден немесе 100 г-ден ламинацияланған немесе алюминий сықпада.

1 сықпадан медицинада қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Кусум Хелткер Пвт. Лтд.,

СП 289 (А), РиикоИндл. АреаЧопанки, Бхивади (Радж.), Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

Кусум Хелткер Пвт. Лтд., Үндістан

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнімнің сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Кусум Хелткер Пвт. Лтд.», Үндістан Серіктестігінің ҚР өкілдігі

Алматы қ-сы, Достық д-лы, 117/6

тел/факс: 295-26-50, 295-26-55 

Прикрепленные файлы

019367721477976626_ru.doc 59.5 кб
763850251477977770_kz.doc 70 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники