Фаниган® дэй
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
ФАНИГАН®ДЭЙ
Халықаралық патенттелмеген атауы
Диклофенак
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған гель (50 мг/г) 30г және 100 г
Құрамы
Бір грамм гельдің құрамында
белсенді зат – 50 мг диклофенак натрий,
қосымша заттар: Гипромеллоза, изопропил спирті, макрогол-7 глицерол кокоат, тазартылған су.
Сипаттамасы
Спирт иісі бар, түссізден сәл сары түске дейінгі мөлдір гель.
Фармакотерапиялық тобы
Сыртқа қолдануға арналған қабынуға қарсы стероидты емес препараттар. Диклофенак.
АТХ коды M02AA15
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
1,5 г гельді сыртқа қолданудан кейін диклофенак сіңірілуінің жылдам басталуын байқауға болады, бұл 30 минуттан соң-ақ плазмадағы деңгейдің шамамен 1 нг/ мл дейін ұлғаюы мен жаққаннан кейін шамамен 24 сағат ішінде 3 нг / мл жуық ең жоғары деңгейіне әкеледі.
Диклофенактың алынған жүйелік концентрациясы диклофенактың баламалы мөлшерін ішу арқылы қолданғаннан кейін жетуіне қарағанда шамамен 50 есе төмен. Жүйелік плазмалық деңгейлер тиімділікке әсер етпейді. Диклофенак іс жүзінде толығымен плазма ақуыздарымен (99% жуық) байланысады. Диклофенак және оның метаболиттері негізінен несеппен шығарылады.
Фармакодинамикасы
Диклофенак натрий қабынуға қарсы стероидты емес препарат (ҚҚСП) болып табылады, сондай-ақ ауыруды басатын қасиеттері бар. Простагландиндер синтезін тежеу оның әсер ету механизмінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Қолданылуы
- Кіші және ортаңғы немесе буын маңы құрылымының қатты терең емес жарақаты кезіндегі ауыру мен қабынуды жергілікті симптоматикалық емдеуде.
Қолдану тәсілі мен дозалары
Фаниган® Дэй гельдің жеткілікті мөлшерін терінің зақымданған бөлігіне немесе дененің зақымданған бөлігіне жағады. Емдеуге жататын бөліктің мөлшеріне (құрамында 40-50 мг диклофенак натрий бар 0,8-1,0 г гель) байланысты тең уақыт аралығымен күніне 3 рет қолдану керек. Гельдің 1,0 г ең жоғары бір реттік дозасы арттырылмауы тиіс. Құрамында 150 мг диклофенак натрий бар ең жоғары тәуліктік доза 3,0 г гельге дейінді құрайды. Фаниган® Дэй гелін теріге жағу қажет. Егер олар емдеуге жататын орын болып табылмайтын болса, осыдан кейін қолды мұқият жуу керек.
Емдеу курсы 7 күннен аспауы тиіс. Егер симптомдарда жақсару болмаса, дәрігерге қаралу қажет.
Жағымсыз әсерлері
Әдетте тері реакциялары туындайды.
Жағымсыз реакциялар (1 кесте) келесі қысқартуларды пайдаланып, бірінші кезекте туындайтын туындау жиілігіне сәйкес жіктеледі: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥ 1/100 <1/10 дейін); сирек (≥ 1/1000 <1/100 дейін); өте сирек (≥ 1/10000 <1/1000 дейін); аса сирек (<1/10000), немесе белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес). Әрбір топтың ішінде жағымсыз әсерлер жиілігі бойынша ауырлығының азаю тәртібімен берілген.
1 кесте
Иммун жүйесінің аурулары |
||
Аса сирек |
Аса жоғары сезімталдық реакциялары (оның ішінде есекжем), ангионевроздық ісіну |
|
Инфекциялық және паразитарлық аурулар |
||
Аса сирек |
Іріңді бөртпе |
|
Респираторлық, төс және көкірекорта аурулары |
||
Аса сирек |
Демікпе |
|
Тері және тері асты шелі аурулары |
||
Жиі |
Бөртпе, экзема, эритема, дерматит (жанаспалы дерматитті қоса), қышыну |
|
Сирек |
Буллезді дерматит |
|
Өте сирек |
Жарыққа сезімталдық реакциялары |
|
Белгісіз |
Қолдану орнындағы реакция, құрғақ тері, күйдіруді сезіну |
Жағымсыз әсерлер ең қысқа қолдану ұзақтығы кезінде ең төмен тиімді дозаның көмегімен азайтылуы мүмкін. Преператтың жалпы бір реттік дозасы ФАНИГАН®ДЭЙ гельдің 1,0 г аспауы тиіс. Дегенмен, ұзақ емдеу кезінде (> үш апта) және / немесе үлкен аумақты өңдегенде (яғни дене беткейі 600 см2 астам) жүйелі жағымсыз реакциялар туындау мүмкіндігі бар. Іштің ауыруы, диспепсия, асқазан ойық жарасы мен бүйрек аурулары сияқты жағымсыз реакциялар туындауы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдық
- жүктілік пен лактация кезеңі
- 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Гельді сыртқа қолданғанда диклофенактың жүйелі сіңуі өте төмен болғандықтан, мұндай өзара әрекеттесулер ықтималдығы аз.
Ацетилсалицил қышқылын немесе басқа да ҚҚСП бір мезгілде қолдану жағымсыз реакциялар жиілігінің артуына әкелуі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Фаниган® Дэй гелі окклюзиялық емес таңғыштармен пайдаланылуы мүмкін, бірақ герметикалық окклюзиялық таңғыштармен пайдаланбаған жөн. Пациенттерге жарыққа сезімталдықтың туындау ықтималдығын төмендеу мақсатында күн сәулесінің шамадан тыс әсер етуі жайында ескертілуі тиіс. Фаниган® Дэй гель аллергиялық реакциялар (іркілумен болуы мүмкін) туындатуы мүмкін. Егер препаратты қолданғаннан кейін теріде бөртпе пайда болса, емдеуді тоқтату керек. Диклофенак натрий гелін пероральді ҚҚСП-мен бір мезгілде қолданудан сақтанған жөн, өйткені жүйелі жағымсыз әсерлерінің туындау жағдайлары артуы мүмкін.
Фаниган® Дэй гель ойық жара ауруының тарихы, бауыр аурулары немесе бүйрек жеткіліксіздігі, геморрагиялық диатез немесе ішектің қабыну аурулары бар пациенттерге сақтықпен пайдаланған жөн, себебі сыртқа қолданғанда ұқсас жағдайларда жағымсыз әсерлер туындаудың бірлі-жарым жағдайлары туралы хабарлар келіп түскен.
Фаниган® Дэй гелін көз бен мұрынның шырышты қабығына жағуға болмайды.
Аллергиялық аурулармен зардап шегетін немесе бронх демікпесі алдыңғы тарихымен немесе ацетилсалицил қышқылына немесе ҚҚСД аллергиясы бар пациенттерде бронх түйілуінің туындауы мүмкін. Гелді демікпе, есекжем немесе жедел ринит ұстамаларына аспирин немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер түрткі болатын созылмалы демікпесімен немесе онсыз пациенттерге сақтықпен пайдаланған жөн.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
ҚҚСП қабылдағанда бас айналуды немесе орталық жүйке жүйесінің басқа да бұзылыстарын сезінген пациенттердің машина жүргізуден немесе пайдаланудан тартына тұрғандары жөн, бірақ мұның Фаниган® Дэй гель сияқты сыртқа арналған препараттарды пайдаланғанда ықтималдығы өте аз.
Артық дозалануы
Сыртқа қолдануда диклофенак жүйелік сіңірілуі төмен болуы арқасында ықтималдығы аз. Алайда жағымсыз әсерлер диклофенак таблеткаларының артық дозалануында байқалатындарға ұқсас, егер Фаниган® Дэй гелін кездейсоқ ішке жұтып қойса, күтуге болады.
Нәтижесі елеулі жүйелі жағымсыз әсерлерге әкелген кездейсоқ жұтылуы жағдайында улануды емдеудің жалпы емдік шаралары қолданылады және қабынуға қарсы стероидты емес препараттар пайдаланылады. Асқазанды шаю мен белсендірілген көмірді пайдалануды әсіресе жұтқаннан кейінгі қысқа уақыт ішінде қарастыру керек.
Емі: Препараттың ықтимал уытты мөлшерін қабылдаудан кейін асқазанды шаю ұсынылады. Белсендірілген көмір қабылдау қажет.
Арнайы у қайтарғысы жоқ. Демеуші ем ұсынылады.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
30 г немесе 100 г препараттан бұрандалы қақпағы бар алюминий сықпаға салынған. 1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Кусум Хелткер Пвт. Лтд.,
СП 289 (А), РиикоИндл. Ареа Чопанки, Бхивади (Радж.), Үндістан
Тіркеу куәлігінің иесі
Кусум Хелткер Пвт. Лтд., Үндістан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Дәрі-Фарм » ЖШС, Қазақстан, Алматы қ., Достық д-лы, 117/6, «Хан Тәңірі» БО, тел/факс: 295-26-50; 295-26-55