Файберлекс c натуральным вкусом

МНН: Подорожника овального семян оболочка
Производитель: Хербион Пакистан (Пвт) Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Слабительные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012334
Информация о регистрации в РК: 03.06.2014 - 03.06.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Файберлекс табиғи дәммен, жемістер дәмімен және апельсин дәмімен

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған ұнтақ 5,0 г немесе 5,3 г

Құрамы

Бір саше-пакеттің ішінде

белсенді зат – сопақ жолжелкен тұқымының қабығы 5 г,

қосымша заттар: аспартам, жеміс хош иістендіргіші (жеміс дәмді суспензия үшін) немесе апельсинді хош иістендіргіш

(апельсин дәмді суспензия үшін).

Сипаттамасы

Шырыш дәмі бар крем реңдес ақ түсті ұнтақ (табиғи дәмді препарат үшін);

жеміс иісі және шырышты жеміс дәмі бар крем реңдес ақ түсті ұнтақ (жеміс дәмді препарат үшін);

апельсин иісі және шырышты апельсин дәмі бар крем реңдес ақ түсті ұнтақ (апельсин дәмді препарат үшін)

Фармакотерапялық тобы

Іш жүргізгіштер

АТХ коды A06A

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Фармакокинетика бойынша зерттеулер жүргізілмеді.

Фармакодинамикасы

ФАЙБЕРЛЕКС – өсімдік текті препарат, іш жүргізетін, гипохолестеринемиялық және бүркемелейтін әсерге ие.

Файберлекс ішек ішіндегісінің шамадан тыс қоюлануын болдырмай және оның пассажын бір уақытта жеңілдете отырып ішек қызметін қалпына келтіреді және реттейді. Жолжелкен тұқымы қабығының құрамында шырыш бар гидрофильді талшығы су абсорбциясы кезінде ісінеді, бұл ішек ішіндегісінің көлемінің ұлғаюына және консистенциясының жұмсаруына ықпал етеді; ішек перистальтикасын көтермелейді және нәжіс массаларының өтуін жеңілдетеді. Сонымен қоса, ішек бактерияларының массасы өседі, және бактериялық ыдырау өнімдерінің, әсіресе ішек моторикасын реттейтін қысқа тізбекті май қышқылдарының саны ұлғаяды. Қабықта көп мөлшерде шырыштың болуы шырышты қабықтың бүркемеленуіне ықпал етеді, жұмсартатын және қабынуға қарсы әсерге ие.

Полисахаридтер қандағы холестерин деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді, бұған холестериннің ішек абсорбциясының төмендеуі, сонымен қатар өт қышқылдарының ішекте жоғары байланысуы және олардың организмнен шығуы нәтижесінде қол жетеді.

Препарат ас қорытуға және қоректік заттардың сіңірілуіне ықпал етпейді. Ферменттермен бөлшектенбейді, сіңірілмейді және ішекті тітіркендірмейді; іс жүзінде тағамдық құндылығы жоқ және дағдылануды туындатпайды.

Қолданылуы

- жедел және созылмалы іш қатуда

- геморройда, нәжіс консистенциясының жұмсағырақ болғаны дұрыс

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер: 1 саше – пакеттен күніне 2 рет.

Бір саше-пакет ішіндегісін стақанда жылы/суық суда араластырып, ерітіндіні дайын болғаннан кейін 1 минут ішінде ішу керек.

Сосын тағы бір стақан сұйықтықпен ішу керек. Тәулігіне кемінде 1,5 л сұйықтық ішу қажет!

12 жастан асқан балалар: 1 саше – пакеттен күніне 1 рет.

Бір саше-пакет ішіндегісін стақанда жылы/суық суда араластырып, ерітіндіні дайын болғаннан кейін 5 минут ішінде ішу керек. Сосын 100 мл – 200 мл сұйықтықпен ішу қажет. Тәулігіне кемінде 0,5 л - 1,5 л сұйықтық ішу қажет!

Препарат тамақ қабылдауға қатыссыз қабылданады. Емдеу курсы 5-10 күн.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- фенилкетонурия

- асқазан-ішек жолының түйілу жағдайлары

- ішектің бітелуі

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 12 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Файберлекс бір уақытта қабылданатын дәрілік препараттардың абсорбциясын баяулатуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

12 жастан кіші балаларға қолданған жағдайда Файберлексті қабылдау алдында емдеуші дәрігермен кеңесу қажет.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде көрсетілімдер бойынша емдік дозаларда қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ықпал етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 г ұнтақтан үш қабатты алюминий фольгадан жасалған саше – пакетке салынады (табиғи дәмді препарат үшін).

5.3 г ұнтақтан үш қабатты алюминий фольгадан жасалған саше – пакетке салынады (жеміс және апельсин дәмді препараттар үшін).

10 саше – пакеттен мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Хербион Пәкістан Пвт. Лтд.

75400, Пәкістан, Карачи

Коранги өндірістік аймағы, 30/28

Тіркеу куәлігінің иесі

Хербион Пәкістан Пвт. Лтд., Пәкістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Фармация Юниверсал» ЖШС

Алматы қ-сы, Чаплин /Халиуллин к-сі 71/66

Тел: 234-48-53, 234-44-88

Факс: 234-41-77

Е-mail: info.kz@herbion.com

Прикрепленные файлы

353446081477976713_ru.doc 46 кб
527945381477977854_kz.doc 55 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники