Уроцит®-К
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Уроцит®-К
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Босап шығуы ұзаққа созылатын таблеткалар, 1080 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 1080.0 мг калий цитраты.
қосымша заттар: карнауб балауызы, магний стеараты.
Сипаттамасы
Пішіні эллипс тәрізді, таблетканың бір жағында «610» және екінші жағында «MISSION» өрнегі бар, қабықсыз, қоңырдан сары түске дейінгі таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Урологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар. Урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа препараттар. Нефроуролитиазды емдеуге арналған препараттар.
АТХ коды G04BС
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдағаннан кейін калий цитраты құрамдас бөліктерге ыдырап кетеді және асқазан-ішек жолдары арқылы сіңеді. Калийдің көп бөлігі асқазанда сіңеді. Калий шығарудың негізгі жолы – бүйрек арқылы. Цитрат асқазан-ішек жолдарынан толық дерлік сіңеді, цитраттың көп бөлігі тотығу метаболизміне ұшырайды, 5% азы несеппен өзгермеген түрде шығарылады. Балауыз негіз калий мен цитраттың таблеткадан босап шығуын баяулатады, босап шығу 30 минутта 35-55%, бір сағатта 50-70% және 3 сағат ішінде 85% кем емес шамада жүреді. Калий цитраты әсерінен несептегі цитраттың құрамы жоғарылайды, несеп рН сілтілік реакция жағына ығысады. Препарат әсері ішу арқылы қабылдағаннан кейін шамамен 1 сағаттан соң басталады және 12 сағатқа созылады. Күніне бірнеше дозаны қабылдағанда несептегі цитрат деңгейінің биологиялық тербелістерін болдырмай, оның құрамын жоғары және тұрақты деңгейде ұстай отырып, шығарылудың ең жоғары шамасына үшінші күнге қарағанда жетеді.
Фармакодинамикасы
Уроцит®-К несептің сілтіленуін тудырады және тас түзетін тұздардың (кальций оксалаты, кальций фосфаты және несеп қышқылы) кристалдануына қолайсыз орта жасайды. Цитрат ионы кальциймен кешен түзе отырып тиісінше кальций оксалаты қалыптасуын және белсенділігін төмендетеді. Несептің рН жоғарылауы еруге бейім ураттар түзуге ықпал етеді. Уроцит®-К несептің сілтілік реакцияларында диссоциацияға тұрақтылығының жоғарылығына байланысты несепте кальций фосфаты түзілуіне аз дәрежеде әсер етеді. Цитрат шығарудың жоғарылауы Уроцит®-К дозасына тікелей тәуелді.
Қолданылуы
- несеп-тас аурулары профилактикасында
- несеп шығару жолдарындағы урат тастарын ерітуге, подаграда, несеп қышқылды диатезде, уратты нефропатияда
- уратты-оксалатты аралас тастарды ерітуге
- қайтадан тас түзілудің профилактикасы үшін (оперативті араласудан соң: дистанциялық литотрипсия (ДЛТ), жанаспалы-лазерлік литотрипсия, литотомия)
- ДЛТ операциясы алдындағы дайындық ретінде
- химия- және радиотерапиядан кейін
Қолдану тәсілі және дозалары
Уроцит®-К-мен емдеудің мақсаты – несептегі цитрат құрамын қалпына келтіру және несеп рН 6.0-7.0 дейін жоғарылату. Басқа тағайындаулар болмаса, емдеу апта бойына тамақ уақытында немесе тамақтан соң, тәулігіне 12 сағат аралықпен 2 таблеткадан басталады.
Содан соң тәулігіне 2 рет 1 таблеткадан қолдануға көшуге болады.
Емнің ұзақтығын дәрігер жеке анықтайды. Таблетканы шайнауға болмайды, оны түгел жұту керек. Уроцит®-К препаратымен емделгенде тұзсыз ем-дәм сақталуы тиіс, суды молынан ішу ұсынылады. Бастапқы дозаның талапқа сайлығын бекіту және жасалған доза коррекциялаудың тиімділігін анықтау үшін әрбір 24 сағат сайын несептің рН деңгейін немесе несептегі цитрат құрамын анықтау қажет.
Бұл көрсеткіштер соңынан әрбір 4 ай сайын анықталып отыруы тиіс. Қан плазмасындағы электролиттер деңгейі (натрий, калий, хлорид, көмір қышқылдар), креатинині, сондай-ақ қан сипатына толық бақылау жасау қажет. Гиперкалиемия дамыған, гематокриттің немесе гемоглобин деңгейінің күрт төмендеуі жағдайында ем тоқтатылуы тиіс.
Жағымсыз әсерлері
- жайсыздық сезімі, құсу, іш өту, ішек перистальтикасының күшеюі, аш ішектің ойық жаралы зақымдануы немесе тарылуы сияқты гастроинтестинальді симптомдар. Уроцит®-К тамақ уақытында қолдану арқылы бұл симптомдарды болдырмауға болады.
Құсу, эпигастрия аумағындағы ауырулар, асқазан-ішек жолдарынан қан кету дамыған жағдайларда препаратты қолдануды дереу тоқтату керек және пациент ішек тесілуі немесе тарылуы бар-жоғын анықтауға зерттеу өтуі тиіс.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- гиперкалиемия
- калий сақтайтын диуретиктер қабылдайтын пациенттер
- несеп шығару жолдарының жедел инфекциясы
- бүйрек функциясының бұзылулары (шумақтық сүзіліс жылдамдығы 0,7 мл/кг/мин аз)
- несептің сілтілік реакцияларындағы фосфатурия
- асқазан ойық жарасы
- асқазан-ішек жолдары өткізуінің бұзылулары бар пациенттер
- қалпына келмейтін сатыдағы қант диабеті
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Уроцит-К триамтеренмен, спиронолактонмен, амилоридпен қоса қабылдаудан абайлау керек.
Іс жүзінде гипотиазидпен қолданудың ең жақсы біріктірілім екені дәлелденген, аллопуринолмен біріктіре қолдану ем тиімділігін бірге жақсарта отырып, аллопуринол дозасының төмендеуіне алып келеді.
Антихолинергиялық дәрілер асқазан-ішек жолдарының калий тұздарымен тітіркенуін күшейтуі мүмкін. Препаратты азық-түлікпен, темекімен бірге қолданғанда өзара әрекеттесуі туралы деректер жоқ.
Айрықша нұсқаулар
Калий шығарылуы бұзылған пациенттерде Уроцит®-К гиперкалиемияға, соның салдарынан жүрек тоқтауына алып келуі мүмкін. Препаратты бүйрек функциясы бұзылған және калий іркілісіне алып келетін кез келген бұзылулары бар пациенттерге қолдануға болмайды. Препаратты қолдану кезінде алкоголь қолданудан бас тарту керек.
Жүктілік және лактация
Жүкті және емшекпен емізетін әйелдерде препарат қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігіне талапқа сай және жақсы бақыланатын зерттеулер жоқ.
Сондықтан жүктілік және лактация кезеңінде препаратты қолдану ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы деректер жоқ.
Артық дозалануы
Гиперкалиемияға бейімділігі жоқ пациенттер, калий тұздарын ұсынылған дозада қолданса, гиперкалиемия сирек жағдайда туындайды.
Симптомдары: гиперкалиемия ЭКГ-дағы өзгерістермен білінеді (Т тісшелерінің ұлғаюы, Р тісшелерінің кішіреюі, SТ аралығының қысқаруы, QТ аралығының ұзаруы). Ауыр жағдайларда: бұлшық еттердің салдануы, жүректің тоқтауы.
Емі: гиперкалиемия жағдайындағы көмек шаралары: рационнан құрамында калий бар азық-түлікті алып тастау; құрамында 10-20 Б/л инсулин бар 10% декстроза ерітіндісін сағатына 300-500 мл-ден вена ішіне енгізу; ацидоз болған жағдайда бикарбонат натрий енгізу қажет; гемодиализ немесе перитонеальді диализ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
100 таблеткадан алғашқы ашылуына бақылауы бар пластик қақпақпен тығындалған, мойнында алюминий төсеуіші бар, тығыздығы жоғары ақ полиэтиленнен жасалған құтыда.
Құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен топтық картон қорапқа салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, тығыз жабылған түпнұсқалық қаптамасында, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші:
Mission Pharmacal Company, San Antonio, TX USA 78230 1355.
Миссион Фармакал компани , Сан-Антонио, штат Техас АҚШ 78230 1355
ТК иесі:
Mission Pharmacal Company, San Antonio, TX USA 78230 1355.
Миссион Фармакал компани , Сан-Антонио, штат Техас АҚШ 78230 1355
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын, дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы.
«Феррер Интернасионал С.А.» компаниясы
Алматы қ. 050050. Мұқанов к-сі 113. 301 кеңсе
Нурахатова Р.М.
e-mail: <gramazanova@ferrer.com>
моб: 87777158891.