Упсарин УПСА с витамином С

МНН: Аскорбиновая кислота, Ацетилсалициловая кислота
Производитель: Бристол-Майерс Сквибб
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ацетилсалициловая кислота в комбинации с другими препаратами (исключая психолептики)
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№017683

Инструкция

Саудалық атауы

УПСАРИН УПСА С витамині қосылған

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Көпіршитін таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: ацетилсалицил қышқылы - 330 мг,

аскорбин қышқылы - 200 мг,

қосымша заттар: глицин, лимонның сусыз қышқылы, натрий бензоаты, натрий гидрокарбонаты, повидон.

Сипаттамасы

Шеттері қиғашталған және бөлуге арналған кертігі бар ақ таблеткалар, суда көпіршіген реакциямен ериді.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да анальгетиктер-антипиретиктер. Салицил қышқылы және оның туындылары. Басқа препараттармен біріктірілген ацетилсалицил қышқылы (психолептиктерді қоспағанда).

АТХ коды N02BA51

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ацетилсалицил қышқылы ішу арқылы қолданғанда жылдам сіңіріледі. Плазмадағы ең жоғарғы концентрацияларына 15-40 минут өткен соң жетеді. Ацетилсалицил қышқылы салицил қышқылының белсенді метаболитін түзе отырып, жедел гидролизге ұшырайды. Биожетімділігі дозаға байланысты әрі 500 мг-ден кем доза үшін 60% және 1 г-ден жоғары доза үшін 90% құрайды. Ацетилсалицил қышқылы мен салицил қышқылы барлық тіндерге жылдам таралады. Плацентарлық бөгет арқылы өтеді және ана сүтіне түседі. Салицил қышқылы елеулі дәрежеде плазма ақуыздарымен байланысады (90%). Плазмадан жартылай шығарылу кезеңі ацетилсалицил қышқылы 15-20 минут және салицил қышқылы үшін 2-4 сағат құрайды. Ацетилсалицил қышқылы бауырда елеулі дәрежеде метаболизмге ұшырайды, негізінен несеппен салицил қышқылы және глюкурон конъюгаттары түрінде шығарылады.

Аш ішекке сіңе отырып, аскорбин қышқылы тіндерде (әсіресе бүйрек үсті бездерінде) кең таралады және ішінара жинақталады. Плазма ақуыздарымен байланысуы 25%-ға жуық құрайды. Егер оның организмге түсуі қажетті мөлшерден асып кетсе, артығы несеппен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Ацетилсалицил қышқылы простагландиндердің түзілуін реттейтін ЦОГ 1 және 2 бәсеңдеуімен байланысты ауыруды басатын, ыстықты түсіретін, қабынуға қарсы әсер етеді; тромбоциттердің агрегациясын тежейді.

Аскорбин қышқылы тотығу-тотықсыздандыру үдерістерінің, көмірсу алмасуының, қан ұюының, тіндердің қайта түлеуінің реттелуінде маңызды рөл атқарады, организмнің қарсыласу күшінің артуына ықпал етеді.

Суда ери отырып, УПСАРИН УПСА С витамині қосылған таблеткасы буферлік ерітінді түзеді, ол препаратты қабылдағаннан кейін еріген түрдегі әсер еткіш заттарды демеп, олардың асқазанның қышқылды ортасымен жанасқанда қайта ерімеген қалыпқа көшуін және оның кенерелерінде қатты бөлшектер түрінде шөгуін болғызбайды. Нәтижесінде препараттың мейлінше жылдам және толық сіңуі, сондай-ақ оның ацетилсалицил қышқылының әдеттегі таблеткаларымен салыстырғанда жақсы көтерімділігі қамтамасыз етіледі.

Қолданылуы

Ересектердегі шығу тегі әртүрлі орташа немесе әлсіз айқындалатын ауыру синдромы (бас ауыруы, тіс ауыруы, бас сақинасы, невралгия, кеуделік түбіршектік синдром, бұлшықеттің және буынның ауырулары, етеккір кезіндегі ауыру және басқалар). Суық тиген және басқа инфекциялық-қабыну ауруларында дене температурасының көтерілуінде (ересектерде және 15 жастан асқан балаларда).

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке қабылдауға арналған. Таблетканы үлкен стақандағы суда толық ерітіп, дереу ішу керек.

Бұл шығарылу түрі ересектер мен 15 жастан асқан балаларға арналған.

Балаларда сәбидің дене салмағына қарай белгіленген дозаларды қадағалау керек. Ацетилсалицил қышқылының ұсынылған тәуліктік дозасы шамамен күніне 60 мг/кг құрайды. Тәуліктік дозаны 4 қабылдауға, яғни әр 6 сағат сайын шамамен 15 мг/кг-ге бөледі.

Емдеу ұзақтығы (дәрігердің кеңесінсіз) ауыруды басатын зат түрінде тағайындалғанда 5 күннен аспауға тиіс, ал ыстықты түсіретін дәрі ретінде 3 күн бойы қабылданады.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар – тері бөртпесі, анафилаксиялық реакциялар, бронх түйілуі, Квинке ісінуі

- асқазан-ішектік бұзылыстар – диарея, жүрек айнуы, құсу, эпигастральді аймақтағы ауырулар, тәбеттің төмендеуі; асқазан-ішектік қан кетулер («кофе тұнбасы» тәрізді құсық, қара «май тәріздес» нәжіс), бауыр жеткіліксіздігі

- геморрагиялық синдром (мұрыннан қан кету, қызылиектердің қанағыштығы), қан ұю уақытының ұлғаюы, тромбоцитопения, анемия, лейкопения, қан кету уақытының ұзаруы

- етеккір айналымының ұзаққа созылуы

- Рейе/Рея синдромы (үдемелі энцефалопатия: жүрек айнуы және басылмайтын құсу, тыныс алудың бұзылуы, ұйқышылдық, құрысулар; бауырдың майлы инфильтрациясы, гипераммониемия, АСТ, АЛТ деңгейінің жоғарылауы)

- интерстициальді нефрит, қандағы креатининнің жоғарылауы және гиперкальциемиясы бар преренальді азотемия және жедел бүйрек жеткіліксіздігі, нефроздық синдром

- несеп шығару жүйесі жағынан бұзылыстар (оксалаттық, цистиндік және/немесе ураттық тастардың түзілуі)

- ұйқы бездің инсулярлық аппаратының бәсеңдеуі, глюкозурия, гликоген түзілуінің бәсеңдеуі

Қандай да бір жағымсыз әсерлер көрініс бергенде препаратты қабылдауды дереу тоқтатып, емдеуші дәрігерді хабарландыру қажет.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- ацетилсалицил қышқылына немесе қосымша заттардың қандай да біріне жоғары сезімталдық

- сыртартқыда салицилаттарды немесе соған ұқсас белсенділігі бар заттарды, СҚҚП-ды қабылдау түрткі болған демікпенің болуы

- жүктілік, лактация кезеңі

- асқазанның және он екі ішектің белсенді кезеңдегі ойық жарасы

- сыртартқыдағы асқазан-ішектік қан кету

- геморрагиялық диатездер, геморрагияларға бейімділік, қанағыштықтың жоғарылауы, қан ұюының бұзылуы (гемофилия, Виллебранд ауруы, телеангиоэктазиялар, К витаминінің тапшылығы, тромбоцитопения)

- аптасына 15 мг және одан да көбірек дозадағы метотрексатты қосып қолдану

- бронх демікпесінің, қайталанатын мұрын мен мұрын айналасындағы қойнаулар поллинозының үйлесуі

- ауыр сипатты бауыр, бүйрек және бақыланбайтын жүрек жеткіліксіздігі

- 15 жасқа дейінгі балалық кезең

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ацетилсалицил қышқылы метотрексаттың, пеметрекседтің, тікелей және тікелей емес антикоагулянттар әсерлерінің, стероидтық емес қабынуға қарсы препараттардың, глюкокортикоидтардың, тромболитиктердің және тромбоциттер агрегациясы тежегіштерінің, сульфаниламидтердің, трийодтирониннің, резерпиннің уыттылығын күшейтеді; урикозуриялық препараттардың, гипотензиялық дәрілердің, диуретиктердің, антидепрессанттардың әсерлерін төмендетеді.

Құрамында магний және/немесе алюминий гидрототығы бар антацидтер ацетилсалицил қышқылының сіңуін баяулатады және нашарлатады.

Вальпрой қышқылының препараттарымен, цефалоспориндермен немесе антикоагулянттармен бірге қолданғанда қан кетудің өршу қаупі артады.

Препарат спиронолактонның, фуросемидтің, гипотензиялық және подаграға қарсы дәрілердің несеп қышқылының шығарылуына ықпал ететін әсерін нашарлатады.

Аскорбин қышқылы темір препараттарының ішекте сіңуін жақсартады.

Литий тұздарымен бір мезгілде қолдану плазмадағы литий иондарының концентрациясын арттырады.

Алкогольдің асқазан-ішек жолының шырышты қабығына уыттылық әсерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Басқа препараттармен біріктіргенде артық дозалану қаупінен қашық болу үшін басқа препараттардың құрамында ацетилсалицил қышқылының жоқ екеніне көз жеткізген жөн.

Глюкозо-6-фосфат дегидрогеназаның жеткіліксіздігі жағдайларында гемолиз қатерлілігі себепті ацетилсалицил қышқылын дәрігердің қадағалауымен қабылдау керек.

Ацетилсалицил қышқылының ең төменгі дозаларда көрініс беретін және бірнеше күн бойы сақталатын антитромбоцитарлық әсерін ескере отырып, пациенттерді хирургиялық араласулар кезінде пайда болуы мүмкін қан кету қаупі туралы ескерту қажет.

Препараттың құрамында бір көпіршитін таблеткаға сәйкес 485 мг натрий бар, мұны тұзы төмен емдәмді қатаң ұстанатын пациенттерді емдегенде есепке алған дұрыс.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: құлақтағы шуыл, естудің нашарлауын сезіну, бас ауырулары, вертиго. Кейінірек қызбаның, асқын желдетілудің, кетоздың, респираторлық алкалоздың, метаболизмдік ацидоздың, команың, тамыр жеткіліксіздігінің, тыныс алу жеткіліксіздігінің, айқын гипогликемияның өршуі мүмкін.

Емі: құстыру немесе асқазанды шаю, белсенділендірілген көмір немесе іш жүргізетін дәрілер тағайындау керек. Әріқарай емдеуді арнайы мамандандырылған бөлім жағдайында жүргізген жөн.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Құрамында ылғалжұтқыш бар полиэтилен қақпақшалы полипропилен тубада 10 көпіршитін таблеткадан.

1 тубадан медициналық қолдануы жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Бристол-Майерс Сквибб

979, авеню де Пирене, 47520 Ле Пассаж, Франция

Тіркеу куәлігі иесінің мекенжайы: 3, рю Жозеф Монье, а/ж 325, 92506 Рюэй-Мальмэзон Седекс, Франция.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Дельта Медикел Промоушнз АГ (Швейцария) өкілдігі

050040, Алматы қ., Бостандық ауданы, Байзақов к-сі, 280 үй

Тел./факс +7 (727) 332 20 79

Электронды пошта: PVG@deltamedical.com.ua

 

6

 

Прикрепленные файлы

826728121477976226_ru.doc 63.5 кб
054632261477977473_kz.doc 70.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники